Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:22, реферат
VI-V ғасырларда-ақ (б.ж.с.д) – қытай жібегі басқа елдерге, оның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. Құстың бейнесі кестеленіп тоқылған жібек жамылғы Алтайдағы Пазырық «патша» обаларын қазғанда да табылған. Оның жас шамасы б.ж.с.д. V ғасыр. Жібек маталар мен шашақтар (жүннен жасалған бұйымдарға тігілген) Оңтүстік және Батыс Европа қорымдарын қазғанда да шыққан.
Кіріспе.............................................................................................3
1. Жібек жолы...............................................................................5
2. Жібек жолының бағыттары....................................................11
Қорытынды....................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................19
Яникент шаһарының орны (Жанкент деген атпен белгілі) Қазалы қаласының онша алыс емес жерде.
Х-ХІІ ғасырларда бұл жол бойында бірнеше жаңа қалалар, олардың ішінде әсіресе Сауран, Жент, Асанас және Барчкент бой көтерді. Оғыздармен, қыпшақтармен қызу сауда-саттық жүруі негізінде Сауранның аты шықты.
Жібек жолының негізгі трассасы болған Пенжабқа қайта келейік. Осы жерден керуендер жолшыбай Шараб мен Будухкет үлкен қалалар болды. Будухкетте тіпті ХІ ғасырда теңге-ақша шығаратын сарай жұмыс істеді, сол Шараб шаһары кейінгі Төрткөлтөбе, яғни қазіргі Балықшы селосы болған деген болжам бар.
Талас даласындағы Жібек жолының бойындағы ең үлкен қала Жувикат болған, сол арқылы Таразға жеткен. Бұл VІ ғасырдың өзінде белгілі болған қалалардың бірі. Дәл осы шаһарда түрік қағаны Дизабул 568 жылы Иранға қарсы әскери одақ құрған және жібек саудасы мәселелерін шешу үшін келген Византияның (Юстин ІІ-ның) дипломатиялық елшілік өкілдерін қабылдаған.
Тараз басқа Аргу – Талас, Алтын – Талас-ұлыс, Талас – Ұлыс аттарымен де белгілі болған. «Талас» 8-9 метрлік қоршалған. Мұнда әр қилы елдерден келген көпестер тоқтап, сауда-саттық жасаған. 300 жыл өткен соң да Ибн Хаукаль да: «Тараз – мұсылмандар мен түріктердің сауда орны» деп жазған.
Таразға жақын Хамукат деген қала болған, оны VІ ғасырда Бухарадан келгендер салған. Расында да Хамукат VІ ғасырда болған, оның негізін қалаған Бухараның соғдылары, оларды бастап келген Хамук деген біреу, соның атымен қала Хамукат делінген. Археологтар бұл қаланы іздеп тапты. Ол Жамбыл қаласының маңынан, Талас өзенінің оң жағасынан, Михайловка селосына қарама-қарсы жерден табылды. Оның қираған орны қазір Қостөбе деп аталады.
Таластың бойымен төмен қарай Тараз және Хамукат арқылы Жібек жолынан тармақталған сауда соқпағы қимақтарға баратын. Хакастарға сауда жолы осы арадан тартылды, оларға үш жыл сайын жібек артқан керуен барып тұрды. Ал шекарадағы шаһар Дех-Нуджикестің аты базарымен шыққан еді. Бұл жерден мал және оның өңімдері Тараз бен Испиджаб апарылып тұрды. Таластың бойымен жоғары қарай жол өздерінің күміс өңдіретін кеңіштерімен даңқы шыққан Шельджи, Суе, Күл және Текабкет қалаларына тармақталатын. Текабеттен әрі қарай Ферғанаға жол шығатын.
Жібек жолы сондай-ақ қазіргі Қырғыстанның жерімен де өткен, оның Қалдовар селосынан Фрунзе қаласына дейінгі бөлігінде Күзкент, Харронджуван, Жол деген қалалар болған. Бірқатар мәлімет-деректер бойынша мықты әскери бекініс болған осы Харронджуван, сөз жоқ, Ақсу бекінісі деген атпен белгілі орта ғасырлық қалаға сәйкес келеді.
Навакенттен Жібек жолы Пенджикент немесе Бунджикет арқылы Жетісудың ірі қаласы Суябқа келетін. Бұл қала алма-кезек батыс түріктерінің, түргештердің және карлуктердің астанасы болып тұрды. Ол туралы Х ғасырға дейін қытай және араб саяхатшылары жазып келді де, кенет ол жылнамадан түсіп қалды. Өйткені астана бұрынғы аты Беклиг немесе Семекна болған Баласағұн қаласына ауысады. Баласағұн алдымен қараханидтердің, сонан соң қарақытайлардың астанасы ретінде белгілі, оны кейіннен ХІІІ ғасырда қарақытайлар қиратқан, ХІV ғасырда қала қираған күйінде жатты, оның жартылай құлаған сарайлары мен мешіт-мұнаралары және үлкен, түрлі ескеркіш белгілері бар зират-қорымы ғана бір кезде мұнда қайнаған тіршіліктің болғанын аңғартқандай еді.
Суябтан шыққан Жібек жолы Ыстықкөлдің не оңтүстік жағалауымен, не солтүстік жағалауымен айналып өткен. Оңтүстік бөлігінде керуендер Жоғарғы Барсхан мен Тон қалаларын басып өтетін болған, ал солтүстігінде тоқтап өтетін керуен сарайлар ғана болған. Олардың аты бізге жеткен жоқ. Кейіннен бұл екі жол Бедел асуында түйіскен, жібек жолы ол асуды басып өтіп, Қашқар мен Ақсуға келетін болған. Міне, осы жолмен 1859 жылы Шоқан Уәлиханов атақты Қашқар саяхатынан қайтқан.
Х-ХІІ ғасырларда Жібек жолының бір тармағы бүкіл Іле жазығын оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысынан дейін кесіп өткен.
Ол тармақ Навакенттен басталып Бунджикентке, сонан соң Қастек асуымен Іле Алатауының солтүстік сілемдеріне әкелетін. Жібек жолы көне қалашықтармен өтіп, осы күнгі Талғар қаласының солтүстігінде болған Тальхиза қаласына келген. Шынында да осында Талғар өзенінің оң жағасында таудың етегінде ортағасырлық үлкен қаланың орны бар. Осы Тальхиза (Талғар) көлеміне қарағанда бүкіл Іле жазығының солтүстік бөлігінің астанасы болған. Ал Талғардың транзиттік сауданың ірі орталығы болғанын қазба кезінде табылған заттар айғақтайды.
Жиі табылатын ол заттар: қытайы фарфор кеселер, осы сияқты әдемі өрнектелген мыс табақтар. Олардың дәл ортасында басы адам, қанатты аяқ жағы құйрықты шаян түріндегі сфинкс бейнеленген. Сондай өрнекті беттердің бірінде аңдардың ит пен түлкінің жарысы көрсетілген. ХІІ ғасыр мен ХІІІ ғасырдың басында Иранда жасаған. Мұндай бұйымдар Жібек жолы арқылы Іле сондай-ақ піл сүйегінен жасалған шахмат фигуралары, қытай айналары және Самарқанның құйма керамикасы да болған.
Тальхизде Жібек жолы тармақталып кетеді. Оңтүстік тармағы Ысық, Түрген, Шелек арқылы Ілеге тіреліп, оны Борохуджир ауданында да кесіп өтіп, сол жақ жағалаумен Хоргос арқылы Алмалыққа барады және сол жерде Жібек жолының Ыстықкөл жағынан келетін тармағымен тоғысады. Осы аралықтан археологтар кіші-гірім Ыссық,Түрген, Лавар қалашықтарының және Шелек деген үлкен ескі қаланың орындарын іздестіріп тапты.
Алакөлдің оңтүстік-батыс шетінде қала болғанын, ХІІ ғасырдың саяхатшылары оны аймақтың астанасы деп атағанын да айта кеткен жөн. Ол қазіргі Көктұма селосындағы көне қаланың орнына сәйкес келеді. Бұл ескерткіш мұра кейінгі кезде көл суымен шайылып кеткен.
Қорытынды
Жібек жолынан Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңіріне тармақталатын жолдардың бағыт-бағдары жалпылама осылай. Басында айтылғандай. Жібек жолы әуелі Қытайдан Батыс елдеріне жібек тасымалдауға қызмет етті. Сонан соң бұл жолмен Римде, Византияда, Үндістанда, Иранда, Араб халифатында, кейінірек Европа мен Русьте жасалған бұйымдар тасыла бастады. Таңқаларлық және экзотикалық бұл дүниелердің түрі сан алуан болды. Мирра, ладан, жасмин суы, амбра кардамон, мушат жаңғағы, женьшень, жыланның еті, кілем мен кездеме мата, бояулар мен түрлі минералды шикізаттар, алмас, яшма, янтарь мен орал піл сүйегі, алтын мен күміс құймалары, былғары, теңгелер, садақ пен жебе, қылыш найза тасымалданып отырды.
Жібек жолымен саудагерлер Ферғананың жарамды аттарын, араб пен ниссей сәйгүліктерін, түйелер мен пілдерді, мүйізтұмсық пен арыстан, сілеусін, қарақұйрық, қаршыға мен сұңқарларды, тауыс, тотықұс және түйеқұстарды сатуға алып жүрді.
Осы Жібек жолы арқылы жүзім, сандалы, көкөніс, басқа да мәдени өсімдіктер, түрлі тәтті тағамдар мен қант та ел-елден жетіп тұрды.
Әскери тұтқындары құл ретінде сату, қолөнершілерді, ергежейлілер мен негрлерді сату өріс алды. Жібек жолы мәдениет пен өнердің таралуына да қызмет етті. Сөйтіп рухани байлықтың бірден-бір таратушысы болды.
Орта Азия мен Түркістаннан барған музыканттар мен бишілер, дайрашылар мен даршылар, музыкалық ансамбльдер Қытай императоры мен зиялыларының сарайында өнер көрсетті.
Жібек жолымен діни идеялар да таратылады, сан қилы миссионерлер өз діндерін теңіздің арғы жағына барып та уағыздап көрді. Үндістаннан Шығыс Түркістан, Орта Азия арқылы будда діні, Сирия мен Ираннан христиан діні, содан соң ислам діні келді.
Әрине, бұлармен қатар Жібек жолы түрлі соғыстар мен шабуылды қантөгістердің де жолы болғанын айту керек. Бірақ оның ең басты маңызы елдер мен елдерді жақындастыру, байланыстыру, байыту және өркениетке қызмет етуінде еді.
Пайдаланылған әдебиеттер