Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 19:10, реферат
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған.
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған.
Жібек Жолы географиясы Еуропадан басталып Мысыр, Сомалия, Арабия түбегі, Иран, Ауғанстан, Орталық Азия, Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Java-Индонезия, және Виетнам елдері арқылы, ақыры Қытай келіп жетеді. Жер бетіндегі жолдары қызыл, ал теңіз беті жолдары көк түспен көрсетілген.
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.
«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 km асады.
Ерте кездегі «Жібек жолы» Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас.
7 ғасыры кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ 13 ғасыры дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғасыры басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады:Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты… Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады.Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Сіләм діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.
Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде - Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. X ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжаға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Монғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып, солтүстік-батыста - Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шавгар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба - Ата, Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері.
Орхон ескерткіштері
Орхон ескерткіштері - бұл түрік қағанатының Орхон, Сэлэнгі, Тоғыл дарияларының бойында қалдырған жазу үлгілерінің тарихи-мәдени мұралары болып табылады. Байырғы түріктер бұдан 1200-1500 жыл бұрын түріктік дүниетанымының алтын бағанасы - Бөгү (Тәңірлік) дінін ұстанып, елдік құрып, төр (үкімет) орнатып, тілі мен дінінің, тарихы мен әдебиетінің алтын сандығы - байырғы түрік алфавитін (БТА) жетілдіріп, далалық өмір мен қалалық салтты ұштастыра қалалар тұрғызып, сәулет өнерін шыңдап, өткен аруақтарына арнап мүсін кашап, ұрпағына мол тарихи-мәдени мұралар қалдырды. Байырғы түрік жазба ескерткіштері ұзақ ғасырлар бізге беймәлім болып келген. Бүгінгі күні бұл ғылымда жаңаша сипат алып біздің тарихымыздың мұраларының тереңде жатқанын байырғы түрік ескерткіштері, монғол елінің аймағында табылған. Орталық Азия аймағында орналасқан байырғы түріктердің тарихи-мәдени мұралары ежелгі дәуірден түрік тектес тайпалар мен әр замандағы түрік қағанаттарының автохтонды (тұрғылықты) мекені болған Қазақстан, Монғолия, Шығыс Түркістан, Қытай, Сібір (Алтай, Хакас, Тува), Қырғыз жерінде мол сақталған. Оларды зерттеу XVII ғасырдың 20-жылдарынан басталды. Біздің өткен тарихымызға, Орхон ескерткіштеріне ұшан- теңіз еңбек сіңірген ғалымдар Н. М. Ядринцев, В. В. Радлов, A. О. Гейкель және т.б.
Қорқыт ата ескерткіші
Қорқыт ата (VIII-IX ғ-да Сыр бойында өмір сүрген) - ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыт өз өмірінде үш хан тұсында (Инал, Көл-Еркен, Қаңлықожа) уәзірлік қызмет атқарған. Қорқыт әлеуметтік заң негізін жасап, ата-баба мекенін ұйық деп білу, оны сыртқы жау шабуылынан қорғау, жер- суды белгілі бір тәртіппен пайдалану, т.б. салаларға бөліп қарап, халық арасында туындаған кикілжіңдерді әділ шешіп отырған. Сырдария жағасында 1950 жылға дейін жергілікті халық қобыз атасы Қорқытқа теліген мазар тұрғызған. Қорқыт мазарын 19 ғасырда Ә. А. Диваев пен И. А. Кастенье зерттеді. 19 ғасырдың аяғында Қорқыттың сүйегі басқа жерге көшірілген. Сырдария арнасының ауытқуынан Қорқыт мазарының қалдығы 1960 жылы шайылып кетті. 1980 жылы Қызылорда облысындағы Жосалы ауылынан 18 км жердегі байырғы Қорқыт ата мазары орнынан Қорқыт ата ескерткіші кайта тұрғызылды.
Алаша хан күмбезі
Алаша хан күмбезі - Х-ХІ ғасырлардағы архитектуралық ескерткіш. Қаракеңгір өзенінің оң жағалауында орналасқан. Пішіні төртбұрышты, биіктігі 10 м. Кірпіштер қолдан тоқылған кілем (алаша) өрнегімен қаланған. Алаша хан ел аузындағы аңыз бойынша қазақтардың басшысы, ақылды, батыр, байтақ далада тұңғыш рет ірі мемлекет құрған хан болған.
Ахмет Йасауи кесенесі
Ахмет Йасауи кесенесі - көне архитектуралық ескерткіш. Әуелі Қарахан дәуірінде (XIIғ.) тұрғызылып, оның қираған іргесіне XIV ғасырдың аяқ шені мен XV ғасырдың басында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Бұл кесене Түркістанда түркі халықтарының тәу ететін орталығы болған. Ахмет Йасауи кесенесі - БҰҰ-ның дүниежүзілік ескерткіштері қатарына енгізілді. Бұл кесене - халық өнерінің лағыл маржанын біздің заманымызға дейін жеткізген ғажайып асыл туындылардың бірі. Сонымен бірге Жібек жолы бойында орналасқан Оңтүстік Қазақстан жеріндегі ірі қалалардың атқарған рөлі, көршілес елдермен байланыс жасауға қолайлылығы мен орналасу ерекшелігіне қысқаша мағлұматтар беріледі.
Сарайшық
Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі атақты Сарайджук (Сарайшық) қаласының қираған орны жатыр. Қаланың іргесі XI ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі XIII-XIV ғасырлар аралығы. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында орналаскан. Мұнда салтанатты сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер салынған. Қала Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орынға айналған.
Тараз
Қазіргі Тараз қаласының орнындағы ежелгі қала. Бұл жайындағы алғашқы дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылады, ал 630 ж. Сюань Цзанның жазбасында ірі сауда қаласы ретінде сипатталады. Тараз VII- VIII ғасырда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолдары тоғысатын. X ғасырдағы араб географы әл-Макдиси былай деп жазды: «Тараз - бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала». Тараз қазіргі Тараз қаласының орнында орналасқанын алғаш В. В. Бартольд дәлелдеген. Кейін археологтар М. Е. Массон, A. Н. Бернштам, Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, Т. Н. Сениговалар қаланың көлемін, құрылысын, мәдени қабаттарының калыңдығын анықтады. Соның нәтижесінде Тараздағы өмір б.з. I ғасырда пайда болып, XVI ғасырға дейін өмір сүрген деген қорытынды жасалды.
Отырар
Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен, оның бастапқы тарихы б.з.б. II ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы (Кангюй) мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар (Фараб деп те аталған) Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды. Осы кезеңнен бастап бұл өлкеде сауда- саттық жасау, ғалымдардың «білім қууды көздеген» саяхаттары адамдардың ой-өрісін кеңейтті, өнердің, ғылым мен колөнер кәсіпшілігінің таралуына ықпалын тигізді. Энциклопедист-ғалым әл-Фарабидің осы қаладан шығуы кездейсоқ емес. Отырардың алып жатқан ауданы 200 гектарға жетіп, нағыз Шығыс қаласына айналды. Орта Азия мен Қазақстан қалаларының мәдениеті мен экономикасының дамуын монғол шапқыншылығы тежеді. 1219 жылы күзде монғолдар қаланы қоршап, 6 айдан кейін басып кіріп, халқын қырғынға ұшыратты. Қазіргі кезде қала орны ғана сақталған.
Құлан
Орта ғасырдағы (VII-XII ғ.) шағын қаланың орны. Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы. Қала туралы алғашқы тарихи деректер VII ғасырдан бастап белгілі. Саяхатшылар Ибн Хордадбек, Құдам жолжазбаларында Құлан Тараз қаласының шығысына таман, Ұлы Жібек жолындағы қала деп көрсетіледі. Әл-Макдиси Құланды 10 ғасырда былай сипаттады: «Күмбезді мешіті бар, мықты қоршалған қамал. Бұл үлкен Тараз жолының бойында орналасқан бекіністі қала». 1963—65 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының (ҰҒА) археологиялық экспедициясы ( Қ. А. Ақышев) зерттеп, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы маңындағы төбе-төбе үйінділерді ежелгі Құлан қаласының орны деген қорытындыға келді.
Қойлық
Қаялық Іле алабындағы аса ірі ежелгі қаланың орны (ІХ-ХІІІ ғ.). Қойлық Қарлұқ қағаны - Арыслан ханның ордасы болған. Бұл қала туралы монғол кағаны Мөңкеге жіберілген француз елшісі Вильгельм де Рубрук 1253 жылы жолжазбаларында: «Біз сол жерден бұрын базары болған және оған көптеген көпестер катынап тұрған Қаялық деген үлкен қала таптық» - деп жазады. Қаланың тұрған орны туралы түрліше жорамалдар бар. Қазақстан Республикасы ҰFA археологтары жүргізген соңғы жылдардағы археологиялық зерттеулер қаланың орны қазіргі Алматы облысы Сарқант ауданы Қойлық ауылы маңындағы қираған құрылыстар екенін анықтады.
Саудакент
Орта ғасырлардағы ірі қалалардың бірі. Қаратаудың солтүстік беткейінде қазіргі Байқадам кентінің маңында орналасқан. Ежелгі деректерде ол Сугулхан (X ғ.), кейінірек Сулхан (XIII ғ.) деген атпен белгілі. Саудакент VII-XII ғасырларда Қаратаудың солтүстік бөктері арқылы өтетін керуен жолы бойындағы ірі сауда мен қолөнердің орталығына айналған. ҚазКСР ҒА-ның Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы қазба жұмыстары кезінде 11 мұнаралы дуалмен қоршалған ескі қаланың орнын аршып алған. Қала орнынан табылған құмыралар, қыштан жасалған түрлі ыдыс-аяқтар оның VI-XV ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді.
Қазір Жібек жолының тарихын зерттеу, оны жаңғырту, осы жол бойындағы елдердің саяси, экономикалық, мәдени байланыстарын ұлғайту қайта колға алынып отыр. 1987 жылы ЮНЕСКО-ның бас конференциясының XXIV сессиясы «Ұлы Жібек жолын зерттеудің халықаралық жобасын» қабылдады. Оған Грекия, Португалия, Египет, Италия, Қытай, Индонезия, Монғолия, Оман, Шри Ланка, бұрынғы Кеңестер Одағы қатысты. «Адамды қоршаған орта, жер мен теңіз қорлары», «Мәдениет және болашақ» атты бағдарламалар бекітілді. Осы бағдарламаларды іске асыруға қатысты. 1991 жылы Қазақстанда «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет құрылды. Ұлы Жібек жолы көне дәуірде де, қазір де Еуразия халқы үшін мәдени байланыс, саяси рухани мәселелерді шешуде маңызы үлкен.[2][3]