Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 19:48, сочинение
Осыдан бірнеше ғасыр бұрын Қозыбасы тауы мен Шу өзені аралығында Керей мен Жәнібек хандар бастаған үш жүздің тайпалары өз хандықтарын құрып, тарих сахнасында «қазақ» деген атау пайда болды. Алтай мен Атырауды, кең байтақ Сарыарқаны мекен еткен, қаны бір түркі тайпалары бір-біріне тез үйреніп, ар мен намысты алға қойған халық болды. Осы заманнан бастап халқымыз талай жаугершілік соғыс күндерін бастан кешкен.
Осыдан бірнеше ғасыр бұрын Қозыбасы тауы мен Шу өзені аралығында Керей мен Жәнібек хандар бастаған үш жүздің тайпалары өз хандықтарын құрып, тарих сахнасында «қазақ» деген атау пайда болды. Алтай мен Атырауды, кең байтақ Сарыарқаны мекен еткен, қаны бір түркі тайпалары бір-біріне тез үйреніп, ар мен намысты алға қойған халық болды. Осы заманнан бастап халқымыз талай жаугершілік соғыс күндерін бастан кешкен. Сонау Тәуке ханның тұсында шығыстан анталап жоңғарлар, оңтүстіктен өзбек, қарақалпақ , солтүстік батыстан башқұрттар, солтүстіктен Сібір казактары тыныш жатқан халыққа күндіз күлкі, түнде ұйқы бермеген. Ел арасында Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Жауғашар, Қарасай сияқты батыр тұлғалар ел басына күн туғанда қалың қолын бастап, бейбіт өмір жолында үлкен рөл атқарған.
Бертін келе XVIII ғасырда Ұлы империяға тәуелді болуы да халқымызға қиыншылықтан көз аштырмады. Халықты қорғаймын деп өзіне бағынышты еткен империяның малдың ізінде жүріп көшпелі өмір салтын ұстанған, момын халыққа көрсеткен қиындықтары да аз емес еді. Алайда қазақ тыныш жатқан момын халық болғанымен, бір-екі шалыс басқан қадамыңды кешірер-ау, бірақ тағы қайталап шамына тиер болсаң қылыштай шауып түсірер айбаты да жетерлік. Сонау сақ заманынан қанына сіңген осы қасиеті халқымыздың тәуелсіздікке деген қадамына жол ашты. Осы кезден бастап ата-бабаларымыз егеменді ел болуды аңсап, ұрпақтарының ешкімге тәуелсіз мемлекетте туып, бейбіт өмір кешсе екен деп армандап кеткен.
Міне, Қазақстанның тарих сахнасынан ойып тұрып орын алып, Тәуелсіз ел болып құрылғанына 20 жыл толып отыр. Қазақстан- бүгінде Еуразияның жүрегінде орналасқан, тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Аз уақыттың ішінде еліміз бізден едәуір уақыт бұрын тәуелсіздіктерін алған мемлекеттерді қуып жетіп, спорт, білім, ғылым, мәдениет, өнер жағынан әлемнің алпауыт елдерімен терезесі теңеле түсуде.Татулық пен бірлікті алға тартқан Елбасымыз көш бастап, Қазақстан бүгінде Орта Азиядағы дамушы елдерден алда келеді. Әлемдік дәрежеде спорттық жарыстарды ұйымдастырып, мықты деген елдердің ұйымына төраға болып, дүние жүзіне аты әйгілі, өзінің қандай ел екенін уақыт өткен сайын дәлелдей түсуде. Тәуелсіздігін алған күннен бастап Қазақстан дамудың жаңа сатысына көтеріліп, талай биік белестерді бағындырып келеді. Өзге елде жалауымыз көк аспанда желбіреп, рухымызды асқақтатар айбынды әнұранымыз шырқалғанда әрбір қазақстандықтың жүрегінде еліне деген мақтаныш сезімі орнайды.
20 жыл бұрынғы қиыншылықты артқа тастап, бейбіт күннің де ақ таңы арайлап атты. Жарқын болашаққа қадам басып келе жатқан халқымыз үшін Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін! «Тәуелсіздік» деген ұғым қазақ халқы үшін қымбат, әрі киелі ұғым болып қала бермек!