Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 12:02, реферат
Хан өкіметінің патша әкімшілігінің органдарына және ірі жергілікті феодалдық шонжарларға арқа сүйеп барынша күш сала жүргізген саясаты феодалдық және отаршылдық езгінің күрт күшеюіне, шонжарлардың ауылдық-қауымдық жерлерді жаппай тартып алуына әкеліп соқтырды. Осының салдары ретінде бұл саясат шаруашылық өмірдің берекесін кетірді, ауыл ұжымдарының экономикалық күш-қуатын құлдыратты, кедейленген және кедей шаруашылықтар санын көбейтті, халықтың арасында сенімсіздікті күшейтіп, хан өкіметінің беделін күрт түсірді, орныққан тәртіпті өзгертпекші ниеттерді туындатты. Осыдан шаруалар патша үкіметіне қарсы күш жұмылдырды...
Жанқожа
Нұрмұхамедұлының патша үкіметіне қарсы
күресі (1856-1857
жылдар)
Хиуалықтарға және қоқандықтарға қарсы күресте Жанқожа батыр ресейліктермен
уақытша
одақ құруға
мәжбүр
болған
еді. Жанқожа батырдың 1847 жылы Хиуаға қарсы күресін майдаланып қалуға
тырысқан патша үкіметі оны өз жағына тартуға күш салып бақты. Осы мақсатпен оған Шекара комиссиясының
есебінен жыл сайын 200 сом мөлшерінде жалақы төлеп тұру белгіленді. Оған Қарақұм мен Сырдария жағасындағы
Борсыққұм қазақтарының басқарушысы деген лауазымды қызмет
те ұсынылды.
Ресей жоғарғы өкімет билігінің атынан батырға жасауыл деген атақ
та берілді. Бірақ Жанқожа батыр патша үкіметі ұсынған барлық атақ, жалақы, қымбат бағалы сыйлықтардан да біржолата үзілді-кесілді
бас тартты.
Патша үкіметі Жанқожа батырды Кіші жүздің
билеуші-сұлтандарына бағынышты етуге де тырысып
көрді.
Бұл қитұрқы әрекеттер
батырдың патша үкіметінен іргені аулақ
салуына себеп болды. Өйткені оның патшаның қолшоқпар шенеуніктеріне айналған
сұлтандарға
бағынуы
тіпті түсіне де кірмейтін жиіркенішті
нәрсе
болатын.
1856 жылдың желтоқсан айында Сыр бойы қазақтарының
Ресейге қарсы қарулы көтерілісі басталды. Бұған
түрткі
болған
себеп ресейлік солдаттардың жергілікті үш қазақты кірпіш зауытының
пешіне тірідей жағың жіберуі еді. Көтеріліске шыққандардың жалпы саны 3 мың адамға дейін жетті. Көтерілістің орталығы бұрынғы хан ордасы орналасқан
Жаңақала
болды. Көтерілісшілердің басым көпшілік бөлігі жаяу адамдар еді. Олардың қару-жарағы
жер өңдейтін кетпен мен ұзын
сапты шот, сойыл, садақ, найзалардан құралды. Оқ ататын аз ғана мылтықтары бар еді. Жанқожа батыр жедел қимыл жасай алатын бірнеше
топ құрды. Олардың әрқайсысының қатары 150— 200 адамнан тұрды.
Көтерілісшілер
жасағы Қазалы
маңына,
Перовск бекінісіне таяу жерлерге орналастырылды
да, белгі берілген кезде күтпеген жерден бірден лап қойып,
шекара шебіне шабуылға шықты. Дұшпанның адам күші елеулі шығынға ұшырады.
1856 жылғы желтоқсан айының аяқ кезінде Қазалы қамалы қоршауға алынды. Жергілікті тұрғындар
барлық бәленің басы осы қамалда жатыр деп ойлайтын.
1857 жылғы қаңтарда көтерілісшілердің саны 5 мың адамға жетті. Бұларға қарсы Фитингофтың отряды қарсы шабуылға шықты. 300 қазақ, 320 жаяу солдаттан құралған
жазалаушылар отряды зеңбіректер және ракеталы станоктармен қаруланған
болатын. Жазалаушы әскер мен көтерілісшілер арасындағы
шешуші шайқас 1857 жылғы 9 қаңтарда Арықбалық шатқалында өтті. Көтерілісшілерді жігерлендіру үшін
олардың алдында желбірете ақ
ту ұстаған
Жанқожа
батыр келе жатты. Бірақ батырдың нашар қаруланған жасағы от шашқаң зеңбіректің снарядына және мылтықтың калың оғына төтеп бере алмады. Көтерілісшілер қосыны
басып алынды, мал-мүлкі талан-таражға түсті. 20 мың бастан астам малы айдап әкетілді.
Көтерілісшілердің
бытыраңқы топтары Қуаңдарияға қарай шегініп кетті, одан әрі
Бұхара
мен Хиуа асуға мәжбүр болды.
Көтерілістің
жеңілуі
Көтерілістің негізгі күштері жеңілгеннен кейін Жанқожа
батыр Хиуа ханына өтініш жасап, хандықта
тұратын қазақтардан, қарақалпақтардан
және
түрікмендерден әскери
жасақ құрап
беруді сұрады. Ондағы ойы Қазалы қамалына қайтадан шабуыл жасау еді.
Бірақ
Хиуа ханы оның өтінішін қабыл алмады, Жанқожа батырдың күшейіп кетуінен қорықты.
Патша үкіметінің әскери әкімшілігі Жанқожа Нұрмұхамедұлының көзін жою үшін арнаулы жазалаушы әскер
жіберді. 1860 жылы жазалаушы әскер Қызылқұмның ішіндегі Жанқара көлінің басында отырған Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алды. Қанды шайқастың барысында 80-нен асқан
Жанқожа
батыр жазалаушылардың оғынан қаза тапты. Батырдың өмірден өтер
кездегі соңғы сәтін Л. Мейер былай деп суреттейді:
«Қарт
батыр оқ өтпейтін сауытын киіп, қару-жарағын
асынып, үйінен шығып үлгерді. Бірақ аты жоқ екен. Ажалымның жеткен жері осы екен деп,
ол бір төмпешіктің үстіне аспай-саспай шығып
алды да, өз иманын өзі үйіріп, дұға оқи бастады... зулаған оқтар... көпке дейін оның сауытынан өтпей, тайқып ұшып, кері түсіп жатты. Ақырында бір оқ оның мойнына дәл тиіп, қарт батырдың өмірін қиып кетті».
Кузьмин бастаған жазалаушы отряд көтерілісшілердің 164 ауылын ойран сала шауып, аяусыз тонады, үйлерді өртеп, малдың бәрін айдап әкетті. Көтеріліске белсене қатысқандар жазалау шаралары кезінде қаза тапты. Мал-мүлкі түгел тоналған шектілер ашаршылыққа ұшырады. Олардың бір бөлігі Хиуа хандығы жағына өтіп кетті, енді бір бөлігі әскери бекіністерге қайта оралып, аштан қырылып қалмаудың қамын жасады. Жанқожа батырды оның парасаттылығы мен ер жүрек батырлығы үшін орыс әскерилерінің өздері де қатты сыйлайтын. Сыр бойының қазақтары оны қасиетті адам деп санайтын. Халықтың сүйікті ұлы болған оны зор құрметпен жерледі.
Информация о работе Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкіметіне қарсы күресі (1856-1857 жылдар)