Жана заман маденитети

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 16:53, реферат

Описание работы

Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше орын алады. «Классика ғасыры» деп аталатын бұл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңін де басынан кешірді. Мүндай әділ бағаның авторлары заманымыздың үлы ойшылдары: О. Шпенглер, Й. Хей-зинга, X. Ортега-и-Гассет және т.б. XIX ғасыр, мәдениеті — бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінін негізінде қалыптасты.

Работа содержит 1 файл

жана заман мадениети.docx

— 20.25 Кб (Скачать)

Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше орын алады. «Классика ғасыры» деп аталатын бұл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңін де басынан кешірді. Мүндай әділ бағаның авторлары заманымыздың үлы ойшылдары: О. Шпенглер, Й. Хей-зинга, X. Ортега-и-Гассет және т.б. XIX ғасыр, мәдениеті — бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінін негізінде қалыптасты. Олар — рационализм, антропоцентризм, сциентизм, еуроцентризм және т.б. болды. Еуропа мәдениетінін тағдырына дәуірдің үш үлы уақиғасы: Англияда-ғы өнеркәсіп төңкерісі, Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін күресі және Үлы Француз революциясы ерек-ше ықпал етті. Дәлірек айтқанда, бүл үлы тарихи уақиғалар еуропалық мәдени бетбүрыстың жүзеге асыру процесін одан әрі жылдамдата түсті. XIX ғасырдың бет-пердесі адамзат тағды-рының өзгерістерге үшырауына тығыз байланысты болды. Өз кезегінде жаңа дүниенің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болды. Олар: демократия, тәжірибелік ғылым және индустрияландыру. Екінші жөне үшінші факторларды бір сөзбен «техника» деп атауға да болады, ал бүл факторлар осыдан екі ғасыр бүрын пайда болды да, XIX ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларына еркін ене бастады. 
Ерекше атап өтетін бір жайт, XX ғ. етек алған «сауықтық мәдениеттің» алғашқы нышандары дәл осы уақытта біліне бас-таған болатын. Өнер туындылары мыңдаған таралыммен жап-пай шығарыла бастады. Әрине, өнер туындыларының халық арасына кеңінен тарауы, халықтың жалпы мәдени дәрежесін арттыруға себепкер болатындығын мүлде жоққа шығаруға бол-мас, бірақ бүл жағдай өнердің дәрежесін төмендетіл, оның қүпия-лық қасиетін жоюға себепкер болғандығын да естен шығармаған жөн. 
 
1. Романтизм 
Осы тарихи кезеңце халық көңілінен шығар нағыз өнердің қажеттігі біліне бастады. Өнер — қоғамдық көңіл-күйдің жаршысы болды. Философия тіліне айнала бастаған өнер адамгершілік пен ізгіліктің қайнар бүлағы, адамның жан-дүниесінің айнасы болды. Өнер — мәдениет саласындағы әрбір өзгерісті терең сезініп, дәуір тынысына сай бейімделе білді. Бүл ой-түжырымдарымызды дәлелдеу үшін, ең бастысы — «өнердің қоғамның соты» рөлін қалай атқарған-дығын толық түсіну үшін тағы да XIX ғ. өнерінің тарихына қысқаша тоқталып өтелік. Бүл ғасырдағы өнердің дамуындағы екі кезеңді ерекше бөліп алып қарастырған жөн сияқты. Бірінші кезең, декаданс («қүлдырау» деген мағынаны береді). XIX ғ. 50 ж. бастап бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін созылады. Осы бір «революциялық дәуірдің» әрбір коғамдық уақиғасы халықтың творчестволық қиялын оятты, өнер саяси-әлеуметтік мазмүнға ие болды. Үлы француз революциясынан қанаттанып, шабыт алған романтизм өз өрісін кеңейте түсті. Романтикалық өнер сол заманның басты идеяларымен байланысты болды. Олардың прогрессивтік идеялары утопиялық социализм идея-ларымен де үштасып жатты. Романтиктер мен утопистердің дәл осындай идеялық бауырластығын қалай түсіндіруге болар екен? Оларды жақындастырған жағдайлар: қоғамдық қүрылысты сы-нау, халық тағдырына ортақтасу, жеңіске жету жолдары мен әдістерінің күңгірттігі және т.б. болды. Тамаша болашақты тіпті болмағанда қиялында жүзеге асыру — романтиктерге тән қасиет екендігін естен шығармаған жөн. Нақты өмір мен қиялдағы өмірді салыстыра қарау да романтикалық өнердің басым жақта-рының бірі болды. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамды сынай отырып, бүл ортадан безіне қашады. Мүндай көңілі толмаушылық қасиет пен болмыстан «қашушылықтың» үш бағыты болды. Біріншісі, табиғат аясына кету, өйткені табиғат адам-ның көңіл-күй күйзелістерінің емшісі, еркіндік пен ізгіліктің идеалы болып есептеледі. Сондықтан да болар романтиктер қалаларды өткір сынға алып, қарапайым ауыл адамдарын ерек-ше дәріптеп, олардың рухани байлығын паш ететін халықтық фольклорды жоғары бағалады. Бүрыннан белгілі экзотикалық елдермен қатар, үлы географиялық ашылымдар барысында ғана белгілі болған елдердің әсем табиғаты — олардың өнер туын-дыларының басты тақырыптарының біріне айналды. (Байрон-ның поэзиясындағы, Делакрудың суреттеріндегі шығыс тақы-рыптары және т.б.)- Ал нақты өмір көріністері болмаған жағ-дайда романтиктер өздерінің таңғажайып қиялдарына еркіндік берді, оған Гоффманның, Геейненің, Ваггнердің фантастикалық шы-ғармалары жатады. 
Екінші бағыт, өзі өмір сүрген ортадан алшақтап, басқа дүниені қиялдауға байланысты болды. Ендігі жерде романтиктер өткен заманды, әсіресе орта ғасырлар кезеңін, оның өмір-салты мен салт-дәстүрлерін (В. Скоттың рыцарьлық романдары, Вагнердің опералары және т.б.), шаруалардың патриархалдық түрмыс-тіршілігін (Ж. Санд, Коллридж) және т.б. өмірлік жағдайларды өз шығармаларының арқауы етті. 
Үшінші бағыт, адамның болмыстан бас тартып, өзінің ішкі жан-дүниесімен арпалысуына байланысты болды. Романтиктер өз шығармаларында бүл дүниенің қарама-қайшылықтарын шындық түрғысынан көрсетуге баса назар аударды (Гоффман мен Гауффтың ертегілері, Т. Жеррико мен Э. Деллакруаның портреттері және т.б.). Жоғарыда айтылған пікірлерімізге сүйене отырып, романтизмнің екі басты идеялық мән-мағынасы бар деген қоры-тынды жасауға болады. Олар: «романтикалык тарихилық» және «индивидуалистік субъектизм». 
Үлттық мәдениеттің қайнар бүлағына зер салу, мәдени қүбылыстарды тарихи түрғыдан алып қарастыру, басқа ха-лықтардың өмірімен танысу кездерінде романтиктер бүл та-рихи процестердің қайталанбайтындығына, өте сирек кездесетініне, олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар екендігіне көз жеткізді. Олай болса «романтикалық тарихилық» — буырқанған революциялық дәуірдің жемісі болып табылады. Романтиктердің көзқарастары бойынша, ақыл-ой немесе адамның санасы арқылы тарихи болашақты, оның бүралаң жолдарын адам болжай алмайды, олай болса таным процесінің басты көздерінің бірі — жүректің үні, интуиция (сезіну) болып табылады. Осыдан келіп романтизмнің «индивидуалистік субъектизм» бағыты келіп туындайды. Оның мән-мағынасы — жат дүниеде адамның өзінің жалғыздығын сезінуі, адам санасында өмірден түңілушілік сезімінің пайда болуы. В. Вейдле «Романтизм дегеніміздің өзі — жалғыздық» деп тегіннен-тегін айтпаған сияқты. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамға көңілдері толмаса да, бостандық пен еркіндік жолындағы күрескер — энтузиастар болды. Ең бастысы олар — халықтың ғасырлар бойғы жинақтаған мол мәдени мүра-ларына сүйенді. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, романтизмнің дамуы әр елдегі қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайларға тығыз байланысты болды. Мысалы, Францияда романтизм буырқанған қоғамдық-саяси өмірдің айнасына ай-налды. Әсіресе, еркіндікті сүю мен патриотизм — француз романтизміне тән басты қасиеттер болды. Ағылшын романтиктері Байрон мен Шеллидің шығармаларында қоғам-дағы жағымсыз қылықтар қатал сынға алынды. 
Саяси бытыраңкылық жағдайында қалыптасқан неміс романтизмінің де өзіне тән ерекшеліктері болды. Бүл дәуірде неміс романтиктері музыка, әдебиет және т.б. өнер салаларын-дағы асқан үздік шығармаларында қоғамдық өмірге сын көзбен қарай отырып, философиялык, эстетикалық түжырымдар, тео-риялар жасады.

Информация о работе Жана заман маденитети