Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 19:13, реферат
Қазіргі Қазақстанның саясаты әлемде бейбітшілік пен конфессиялық келісім, рухани-парасаттылық құндылықтардың жаңа жүйесін орнықтыруға бағытталған. Бұл поликонфессиялық, полиэтникалық жағдай қазақстандық қоғамда өзекті тақырып. Діндер мазмұнындағы сан ғасырлық рухани құндылықтарды білім мен тәлім-тәрбие жүйесіне ендіру, дәстүрлі діндердің ғасырлар бойы жинақтаған жасампаздық тәжірибесін жастарға беру — бүкілхалықтық қажеттілікке айналды.
Қазіргі Қазақстанның саясаты әлемде бейбітшілік пен конфессиялық келісім, рухани-парасаттылық құндылықтардың жаңа жүйесін орнықтыруға бағытталған. Бұл поликонфессиялық, полиэтникалық жағдай қазақстандық қоғамда өзекті тақырып. Діндер мазмұнындағы сан ғасырлық рухани құндылықтарды білім мен тәлім-тәрбие жүйесіне ендіру, дәстүрлі діндердің ғасырлар бойы жинақтаған жасампаздық тәжірибесін жастарға беру — бүкілхалықтық қажеттілікке айналды.
Қазақ халқының әл-Фараби, Қожа Ахмет Иасауи, Абай, Шәкәрім, Ы. Алтынсарин сияқты ойшылдары мен ағартушылары өз еңбектерінде адамның ішкі жан дүниесінің қыр-сырын ұғуда, оның қоршаған табиғи және қоғамдық ортамен үйлесімді дамуында, рухани-адамгершілік биік қасиеттерге ие болуында діннің тәрбиелік әлеуетінің аса мол екендігін ашып көрсетті.
Діни ұғымдардың даму тарихы Қазақстан мәдениетінің дамуына және өркендеуіне едәуір әсерін тигізді. «Дінтану негіздері» бағдарламасының басты мақсаты — жастар бойында жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды қалыптастыру және олардың әлемдегі бейбітшілік пен келісім үшін өзара түсіністікке негізделген қоғам құруға белсенділікпен саналы атсалысуын арттыру.
Міндеттері:
Бағдарламадағы
материалдарды зерделеуде жалғасымдылық,
тарихпен, қоғамдық білім негіздерімен,
әдебиетпен, өнермен пәнаралық
Дінтану — ғылыми пән ретінде. Дін туралы түсінік. Дін жалпыадамзат тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Діннің құрылымы мен қызметі. Діни ұйым түсінігі.
Мифологиялық сананың өзіндік ерекшеліктері. Көне (алғашқы қауымдық) культтар. Алғашқы қауымдық сенімдердің формалары (фетишизм, тотемизм, анимизм, магия). Шаманизм. Политеизм. Оның пайда болу себептері. Ежелгі Египет, Қытай, Греция, Рим елдерінің діни түсініктері. Тәңірлік. Түрік дүниетанымының ерекшеліктері. Культтік тәжірибе мен діни ілім ерекшеліктері. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне әсері. Индуизм және оның негізгі бағыттары.
Конфуциандық, даосизм, синтоизм. Ежелгі Қытайдың философиялық ойы. Конфуцияндық, даосизм және синтоизм ілімдерінің пайда болуы мен дамуы. Діни ілімнің негізгі аспектілері. Иудаизм. Иудаизм діни ілімі және дамуының негізгі этаптары. Қатаң монотеизм. «Ескі Өсиет».
Буддизм. Буддизм ілімі, пайда болуы және таралуы. Буддизмнің негізгі тармақтары. Индуизм (2 сағат).
Христиан діні. Христиан дінінің пайда болуы. Інжіл. Христиан ілімінің негіздері. Христиан дінінің ағымдары (православие, католицизм, протестантизм). Қазіргі замандағы христиан діні (4 сағат).
Ислам. Ислам діні пайда болғанға дейінгі Арабия түбегі халықтарының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері. Құран және ислам ілімі. Мұхаммед — пайғамбар. Сунниттер мен шииттер. Мұсылман салт-жоралары мен ұйғарымдары. Шариғат. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (мазхабтар). Сопылық. Ислам, ғылым және мәдениет. Ислам дініндегі әйел адамдар(8 сағат).
Қазақстандағы ислам. Исламның Қазақстанда таралуы. Исламның білім, ғылым және мәдениеттің дамуына әсері. Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Асан-қайғы және т.б. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы исламның рөлі (XV ғ.). Ислам идеологиясының дамуы. Исламның жазбаша және ауызша халық шығармашылығымен байланысы. Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин. Атеизм, кеңес дәуіріндегі дінді қудалау саясаты. Қазақстандағы ислам мәдениетінің ескерткіштері. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметі (4 сағат).
Қазақстандағы христиан діні. Қазақстандағы православие тарихы. Тәуелсіз Қазақстандағы православие шіркеуі. Қазақстандағы католицизм және протестантизм (2 сағат).
Дәстүрлі емес діни культтардың (секталардың) мәні. Деструктивті культтарды (секталарды) мойындау және олардың іс-әрекеттері. Экстремистік және террористік ұйымдар.
Қазақстан Республикасының дін туралы Заңы. Діни сенім бостандығы түсінігі. Қазіргі Қазақстандағы конфессионалдық жағдай. Қазақстан Республикасы Президентінің әлемде бейбітшілік пен конфессияаралық келісім орнату аясындағы саясаты.
Негізгі әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер: