Жалайырлар туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 19:33, реферат

Описание работы

Жалайыр — қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, ұлы жүз құрамына енеді. Диқанбай батыр шежіресі (Н.Аристов жазып алған) бойынша, Үйсіннен — Ақсақал (абақ таңбалы), Жансақал (тарақ таңбалы) таратылады. Соңғысынан — жалайыр тарайды. Басқа бір шежіреде Майқы биден тарайтын Жансақал (тарақ таңбалы) мен жалайыр бір адам деп тұжырымдалады. Жалайырдың шын аты Қабылан екен. Аңыз бойынша, жабайы құланның жалын айырып, содан жалайыр атанған. Жалайыр сырманақ, шуманақ, бірманақ болып үшке бөлінеді.

Работа содержит 1 файл

Жалайыр.docx

— 38.21 Кб (Скачать)

Мырза атасы үшке бөлінеді: Әліке (500 үй), Бәйбіше (150 үй), мен Аман (660 үй). Олар дың аға сұлтаны Жайнақ Темірбеков. Қарашапан атасы үш тармақтан  тұрады: Тәңірберген, Баташы мен Қалжамбет (500 үй). Аға сұлтан Тәжі Қанхожин. Ораңты руы екі топ: Жайықбай мен Көкшекөз (300 үй). Аға сұлтан Шынәсіл. Ақбұйым (230 үй) атасының аға сұлтапы Елшін  Құлмамбет ов, Қалпеде (200 үй), аға  сұлтаны Қамбар Аланов, ал өлар қандай атаға бөлінетінін Н. Абра мов  айтпайды. Сыпатай руы алтыға жіктеледі: Ақ марқа, Қара марқа (300 үй), Сау ық (150 үй), Шылымбет (180 үй), Есеней мен Күшік (200 үй). Олардың аға сұлтаны Қамбар Аланов бөлып есептеледі. Арыңтыным  үш атаға бөлінеді: Өтес, Сүтісіңген мен Өміржан (600 үй). Аға сұлт аны  Тілегіүшел Тілеубаев. Байшегір екі  атаға ажырайды: Тыныш пен Жамбет (700 үй). Аға сұлта ны Бақай би. Сиыргпы  руы екі тармаққа тарайды: Сырымбет пен Бәйімбет (800 үй). Аға сұлта  ны Тілеуберді Ескелдин. Балғалы руы  төртке бөлінеді: Құлым (240 үй), Шағыр (80 үй), Өгіз (55 үй) , Нияз-Бараң (55 үй). Аға  сұлтаны Тысыбаев Бөлек би мен  құрметті сұлта н Жиқы Айдаров. Қайшылы  руы (200 үй). Аға сұлтаны Ұйықтүс  Будабаев. Күшік руы төрт тармаққа тарайды: Таз, Жабысңан, Қарасақал мен Маржа (700 үй). Аға сұлтаны Есен Дәулетов. Осылай келіп, Н. Абрамов Жалайырды 12 негізгі атаға бөліп, 13-ата Күшікті кейіннен қосылған деп санайды. Н. Аристов Абрамовпен іле-шала Жалайырдың негізгі 12 атасын санамалап, Күшік оған кейіп келіп, балғалы қо-сылатынын нұсқайды. М. Тынышбаев 12 атаны екі тармақтан Шуманақ пен Сырманақтан қарастырып, Андастың орнына МаңғытайКүшікті атайды, себебі, опың мәлі мдеуінше, Маңғытай Андастың атасы, ал Күшік бұл руға қосылған болып есептеледі. Бұл орайда К үшік руының тегі туралы аңызды айта кету артық емес. Оның тағы бір түрінде Шуманақ Ахметқожаның екі ұлы болыпты: Маңғытай мен Барақ. Маңғытайдан Андас, ал Барақтан Наркелді, одан Қосай мен Қосымбет шығады. Наркелді ерте өліп, оның жетімектері Қосайды Андас, ал Қосымбетті Байшегір бауырына басады. Қосайды Андас «Күшік», Қосымбетті Байшегі р «Арық» деп еркелетеді. Қосымбет кішкентай, әлжу аз, бір жағынан ңартайған Байшегірге қамқор болғандықтан, ол әрқашан «Арығым» деп еркелетеді. Осыған байланысты тағы бір аң ызды айта кеткен жөн. Қосымбеттің ңызы Арғынға күйеуге шығып, ол төркініне Әлмамбет деген баласын жетелей, екіңабат болып оралады. Көп ұзамай ұл бала дүниеге келіп, оны Т ыным ден атайды. Есі кірген Әлмамбет әкесіне кетіп, Тыным нағашыларына сіңіп, Байшегірдің бір а тасы болып кетеді. Кейіннен Арық (Қосымбет) п ен Тынымның ұрпақтары ңосылып, өз алдына жеке Жалайырдың Арыңтыным атасын құрайды. Аңыз бойынша Күшік Андастың тұстасы, сондықтан біз Күшіктің Жалайыр руының 12 атасына кірмейді дегенге күмәнданамыз. Оның үстіне Н. Аристов Жалайыр күшіктерінің ңұрамында ежелгі қырғыздар болғандыңтан, оларды қ арақырғыздардан шықты деп есептейді. Біздің мәлімет берушілеріміздің бәрі бір ауыздан «12 ата Жалайыр» деп мойындай отыра, Жалайыр руының бірінші буынын міндетті түрде 13-ке жеткізеді. Ал, біздің бұл сәйкессіздік себептерін сұраған сауалымызға ешкім тиянақты жауап бере алған жоқ. Әлбетте, біз Жалайыр тегінің аралас шығып, ежелден келе жатқан р у екеніне күмәнданбаймыз. Бұл туралы Рашид ад-Диниің ізінше Аристов те, Аманжолов та атап өтеді. Демек, ең әуелі жалайырлар әлде бір көсем мен күшті рудың бастауымен біріккенде 12 ата болған, ал сонан соң табиғи өсім нәтижесінде әлде бір тайна суырылып шығып, өзінен өзі бірінші буынға қосылады, әйтпесе сырттан әлде біреулер киіп-жарып енсе, ол халық зердесінде қалмай ңоюы да ғажап емес. Бұл орайда, Н. Аристовтың Жалайыр рула рының кейбір аталарының шығуы туралы оның: «Күшік пен Арықтыным ңарақырғызда н шығуы мүмкін, өйткені Күшік пен Арықтың сүйегі ежелгі қараңырғыздар руына жатады. Б ұған қоса, Жалайыр рулары Дулат ішінде де кездесе ді (Саршалар Ботбай руында, Шығыр Жаныстарда, Байшегір Жалайырда, Албандарда Сырымбет пен Қошқар). Андас руындағы Қараңырғыздар (Қырғыздар) олардың құрамына бертініректе енуі де мүмкін. Жалайыр руындағы Сыпатай, Ақмарңа мен Қарамарқа өз есімдерімен Алтайдың Марңакөлін еске салып, олар осы есімді Қарлұқ руының бір ңалдығы ма де ген ойға да түрткі береді; Қарлұқтар Батыс Хантәңіріне оңтүстік-батыс Алтайдан келіп, бұнда Марқа есімін таратуы да мүмкін... Жалпы, Ұлы жүздің Жалайыр тармағы әр түрлі рулардан шығып, бас құраған о дақтың бөлігі, олар бастапқыда Жалайырдың әлдебір көсемінің бастауымеи алғ ашқы кезде Жалайырлардың нағыз өзі аз болғанымен бірігіп, әр түрлі жағдай дың әсерімен күшейіп, мызғымастай тұтасып кетуі мүмкін» деген пікірге ден қойғызады.

Қалай дегенде де Ұлы жүз  руларының ішінде Жалайы р иоқта  ағасы, ең үлкені, құрметтісі және жауынгері  болып есептел еді. Жалайырлардың  жауынгерлігі жайында коптен бері қалыптасқан  «Әзірейіл барда жаным бар  деме, Жалайыр барда малым бар  деме» деген қазақтың халық мәтелі де растайды. Жалайыр руы өкілдерінің  а ғалығы мен құрметтелетінін  Н. Гродеков та қуаттайды. Ол: «Жалайырлар  қазір иоқта ағасы болып есептеледі. Жиын-тойда, табақ тартқанда рулардың үлк ені Жалайыр бар ма деп  сұрайды. Жалайырлар жоқ болса, құрметке Ошақты руы ие болады» деп жазды. Сонымен, әдеби деректер мен қазақ  шежіресіне сәйкес, жалайырлар Сырманақ жә не Шуманақ болып екіге бөлінеді. Аңыздағы Бірманақ пен оның ұрпақтары (Қ осай мен Қосымбет) туралы жоғарыда айтылғандықтан, оған қосыпаларымыз жоқ. С ырманақ тармағы бесеу: Арықтыным (Қосымбет), Байшегір, Сиыршы (Байкөбен), Балғалы мен Қайшылы. Аңыздағы Бәйшегір «Арьгқ» деп атайтын Қосымбеттен Қауыс, Жылкелді, Өміржан, Алтын Базар мен Қытай ұрпақтары өрбиді. Тыным Қосымбеттің жиені, тағдырдың а йдауымен нағашысында қалып, одан Майемген, Етемген мен Сүтемген енші алды. Соңғыдан Омажан мен Тілес, кейіннен Арық пен Тыным ұрпақтары қосылып, Сырманақ ішінде бір р у Арықтыным аталып, ақырында 12 ата Жалайырға еніп кетті. Біздің мәліметіміз бойынша, Байшегірден көп ата бөлінеді: Жиембет, Бекпенбет, Нұрымбет, Тынымбет, Абыс, Қобыс, Мыржық, Итай, Есқара, Ақтеке, Атайбоз, Дәулендабыл, Ақша мен Есімбол. Біз Байшегірден бүкіл алғашңы 14 атаны таратқа нмен, бәлкім, олардың кейбіреуі кейінгі буындар болып кетуі де кәдік. Алайда, олардан басңа салыстыру үшін деректер жоқ болғандықтан, ататек кестесінде бұл әтнонимдерді Байшегірден тараған бірінші ата деп көрсетуге тура келді. Ал, олардың Байшегір руына жататынына күмән жоқ. Сиыршы (жанама аты) руы аталмыш шежіреде Байкөбен деп аталады. Бұл есім халық арасы мен ғылымда кеңінен тарағандықтаы, бұдан былай қарай да осы әтнонимді қолданамыз. Сиыршы алты атаға ажырайды: Сырымбет, Шәлімбет, Жақсымбет, Тоқымбет, Жолымбет, Бәйімбет. Тоқымбеттен әйгілі ақын Бақтыбай Жолбарысұлы (18351903) шықты. Бәйімбеттен Жылгелді мен Ескелді би туды. Балғалы екі атадан тұрады: Құлымбет пен Құлын. Құлымбе ттен алты ұл өпіп-өседі: Шағыр, Дәулетай, Қаракөз, Тоқбай, Өгіз, Ниязбара ң. Құлыннан бес тармақ: Шоқы, Алдаберді, Жарым, Ақжол, Барлы. Өкінгенмен, қолымызда Қайшылы руы туралы әдеби де, зерттеу де деректері жоң (9а қосымшаны қараңыз).

Жалайыр тайпасының Шуманақ  рулық бірлестігі сегіз і рі атаға  айырылады: Андас, Күшік (Қосай), Мырза, Қарашапан, Орақты, Ақ бұйым, Қалпе, Сыпатай. Шуманақтардың ішіндегі ең көбі мен  ірісі Андас руы, ол 10 атаға бөлінеді: Қырғыз, Қалқа, Ақтолымбет, Қаратолымбет, Құттық, Байқара, Жұман, Меңдібай, Алқұлы, Кенже. Қалқа атасынан Дүйсембай, одан Қайдауыл мен Дәрбісәлі. Қайдауылдың 4 ұлы болды: Түрке, Саурық, Аспан, Сайбақ. Дербісәліден де 4 ұл тараған: Балпық би, Салпық, Білдебай, Кешубай. Ел арасында әулие саналатын Балпық бидің  есімі Андас руының жауынгерл  ік ұранына айналады. Ақтолымбет үш атадан тұрады: Қошқар, Шүрек, Төлек. Қошқар өз кезегінде екі тармаққа тарайды: Төлебай мен Құлболды. Шүректен Сәмен  мен Есімбек. Кейінгіден Таймөңке мен  Тәттібай батыр (Абылай ханның заманд асы). Таймөңкеден көп ұрпақ өрбіді: Кембала, Көбес, Айдар, Бектас, Жантас, Бейбіт, Бекқалы, Ералы, Байтас, Байыс, Тоқтауыл, Тоқтамыс, Қылыш, Қарамырза. Тәттібай батырдың үш ұлы болды: Түйте , Қаңтарбай, Қарымбай би, соңғыдан Назарбай, одан Керімқұл (1925 жылы ол 65 жаста болған). Қаратолымбеттен екі бұтақ: Аңңау-Абыз бен Лаулык-Абыз. Құттьгқтан да екі  ата бөлініп шығады: Қарақұс, Саттар. Байқарадан да е кі бұтақ: Андабай  мен Таңат; Жұман атасынан төрт үрім-бұтақ  кетеді: Әйтімбет, Жомарт, Шәкі мен Шүкі. Меңдібайдан Көтен мен Бөрте. Кенжеден, біздің қолымыздағы мәлімет  көрсеткендей, екі бұтаң өрбиді: Арқар мен Құлжа. Қырғыз бен Алңұлы аталарының тегі туралы біздің ңолымызда  әдеби де, зерттеу де деректері  болмады. Күшік (Қосай) руы беске  бөлінеді: Таз, Жабысқақ, Қарасақал, Самбақ, Сары -Бөкенбай. Таздан Байқара Есентүгел. Есентүгелдің төрт ұлы болды: Майқы, Марңа, Бек назар, Асан. Еспенбеттің  бес ұлы атқа қонды: Баба, Досай, Жаманқара, Бақы, Сира қ. Қарасақал бес атаға  айырылады: Дәулет, Бекбау, Ырысымбет, Әділ, Жа рмұқан. СамбақтанМолдас пен  Сүйіндік. Молдастан төрт ата: Қараменде, Сырымбет, Жалаңтөс, Қойгелді. Сүйіндіктен  Байсары, Байтоқ, Өтебай. Орақтыдан  бес тармақ кетеді: Әжіке, Тоқа, Кенже, Кокшекөз, Жайықбай. Әжіке екі атаға: Сауыр мен Көшейге бөлінеді. Көкшекөзден  Өстемір мен ПІынтемір, Жайықбайдан  Қарабай, Алшынбай, Ақша.

Ақбұйым атасы екі атадан тұрады: Құяс пен Сары (9-қосымшаны  қараңыз). Мырзадан Бәйбіше (Бәйдек), Аман, Әліке. Бәйбішеден (Бә йдек)- Тонды, одан Тағайбек, одан Бегім. Бегімнің екі  ұлы болды: Асыр мен Жәнібек. Ас ырдан  Төлебай, Қалыбай, Керік (Сақау). Керіктен Алқазы, одан Телбай, одан Жұмыр, одан Қалжатай, одан Нұрлыбай, одан Қожахмет (мәлімет  беруші 1899 жылы туған). Біздің мәлімет  берушімізден Жалайырға дейін 15 ата. Жәнібектің бес ұлы болған: Сойырғас, Жарылғас, Жайыл мас, Борсық, Мама-Тайыр. Аман Қожаназар, Есберді мен Артық  болып бөлінеді. Со ңғыдан Ораз бен  Жанақ. Қожаназардың ұрпағы көп: Сәбден, Њалыбек, Есенбай, Есенқабыл, Есқара, Есберлі, Дәулетбай, Асан, Тілеубай, Үсен. Әліке  атасы 6 буын: Сүйінішәлі, Қадам, Қожамқұл, Сарыбай , Жиенәлі, Шұңғыр. Сүйінішәліден  екі ұл: Сары мен Амандық; Жиенәліден үшеу: Үшқара, Сарғалдақ, Байгелді; Шұңғырдан  Сатыпалды мен Қараша. Сатыпалдыдан екі бұтақ тарайды: Өмірұзаң пен  Тауасар; ал Қарашадан Маясар, Тақабай, Дуан. Қожахмет Нұрмановтан жазып  алға н қолжазбамызда Мырза руының тегі бүгінге дейін жетеді. Бірақ, б із одан бері 34 атамен шектелдік. Қарашапан  руы 8 ата: Тәңірберген, Боташы, Қалмамбет, Айтңұл, Кен тай, Қуат, Еспен, Дәулет. Соңғыдан Кішкенебай, одан Шәрілдей, одан Мақабай, одан Майсүт, одаи Сапарғали (мәлімет  беруші 1897 ж. туған). Сыпатай руы үш бөлек: Саулық, Шілімбет, Марқа. Шілі мбет атасы үш тарау: Бекбау (Бәйімбет, Майлыбай, Жолдыбай, Шымырбай, Көзайдар) , Есенәлі (Байсейіт-Айдарке, Елмәмбет, Байқара, Едіге) мен Кенже (Байдәуле т, Үзбасар, Бекмырза, Сасық). Марқа руынан үшеу: Өтеп, Есеней, Көшек. Көше ктен Есназар, Ерназар, Маматай. Соңғыдан Есенгелді, Байжігіт, Мәуке. Қалпе руының әтыикалық  құрылымы бойынша әдеби деректерден  де, біздің зерттеуде де ешнәрсе  табылмады.

Жалайырдың рулық жауынгерлік  ұраны жалпы Ұлы жүз бен  Дулатқа тән«Бақтияр» (Гродеков, Аристов), «Бақтияр» мен «Қоблан» (М. Тынышбаев), «Бөрібай» (С. Аманжолов), «Қоблан» (Востров  пен біздің зерттеуімізше). Бұлардан басқа кейб ір аталардың өз ұраны  болған. Сиыршының ұраны«Ескелді» (Ескелді  би есі-мімен), Андаста«Балпық» (Б алпық  би есімімен), Ақбұйым, Сыпатай мен  Қалпеде ортақ ұран «Бекбау». Мырза  мен Арыңтынымның, сонымен қатар  жалпы ру ұраны «Әдіке». Бұндай рулың  ұрандардың жақындығы олардың әлде бір туыстығын танытады. Жалайырдың рулық таңбасы немесе (Гродеков, Аристов пен Аманжоловтың көрсетуіпше), (М. Тынышбаев). Бұл белгілердің түрлері  тарақ таңба делінеді. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында  Жалайыр рула ры Жетісу уәлаятының Верный мен Қапал уездерін қопыстанды, ішінара топтары С ырдария  уәлаятының Шымкент, Әулиеата уездерінде жайлап жүрді. Бұл уездердегі Жалайырлардың  саны әр түрлі дерек-терде өткен  ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында  келтірілгенмен шамалас. Мәселен, Н. Абрамов XIX ғасырдың екінші жартысының басында  Жалайыр лардың рулың құрамы, саны мен қонысы туралы 1867 жылы мақала жариялады. Онда Қапал уезіндегі Жалайырлардың  санын 13 атамен береді. Андас (1550 үй), Мырза1310, Қарашапан 500, Орақты 300, Қайшылы 200, Ақбұйым 230, Қалпе 280, Күшік 700, Сыпатай 830, Арықтыным 660, Байшегір 700, Сиыршы 800, Балғалы 430 үй бәрі 8410 үй. Бұл мәлімет бәлкім дәл  болмас, дегенмен, ру аталарының ара-қатысы жайында жақсы мағлұм ат танытады. Н. Аристов өз еңбегінде басқа  құрылымды келтіреді, онда 1889 жылғы  жалайырлардың сапы айтылады.

Ол бойынша бүкіл Жалайыр 17 000 шаңырақ. Солардың 16 098-і Жетісу уәлаятының Қапал уезінде, қалғандары Сырдария уәлаятының Әулиеата, Шымкент  пен Ташкент уездерінде мекен  еткен. М. Тынышбаев 1917 жылғы Жалайырлардың  санын есептеп, онда Қапал уезінде 120 000 жан, Әулиеата 10 мың, бәрі 130 мың  жаи болғанын тайға таңба басқандай  етіп көрсетеді. XIX ғасырдың екінші жартысы  мен XX ғасырдың басында Жалайыр руының ең көп атасы Андастың қыстаулары үш қонысты алып жатты. 1) Қаратал  Тентек аралығынан бастап Қараталдың Балқаш көліне құяр жеріндегі Аралөткел, Еспай-Төлебай, Жаршаған, Үшмола, Жалғызтораңғы, Ақжал, Тентек, Мақаншы қойнауы; 2) Малайсары мен Желдіқара таулары, Құлөзек, Шөладыр, Ашудасты, Қарасу шатқалдары; 3) Верный уезінің оңтүстік батысындағы Бесмойнақ шатңалы мен Бұғымүйіз жазығы. Аз ата Мырзаның қы стауы әр жерге орналасты. Қауымиың көпшілігі Қаратал, өзенінің оң жағасындағы Қарақөй, Б урақой, Дауылбай мен Қайрақты жоталарында, Сарыбастау, Қызылауыз, Қарашоқы мен Шаңырақ шатқалдарында; басқа бөлік Қаратал өзенінің сол жағасындағы Шөпадыр, Достарболды мен Жоса лы шатқалдарын сағалады. Мырзаның кейбір атасы Сарыкөл жағалауында ңыстады. Мырза руының жалпы ортақ жайлауы қыстаудан қашық емес Дегерес, Сарыжазық қойнауларында еді. Қарашапан қыстаулары Њаратал өзенінің жағасындағы Кеңарал, Көксу өзенінің Шолақ, Желсаз шатқалдарында, сонымен қатар Алатау баурайына кірігіп жатты.

Орақты руының қыстаулары Қаратал өзенінің орта ағысының батысындағы  Жуанқұм мен Жетіжал, Биже өзенінің жоғары жағындағы Ақжал шатқалдарын, сонымен бірге Малайсары тауындағы  Өгіз ұшырған қойнауларын алып жатты. Ақбұ йым руьшың қыстаулары Алтынемел  тауларында, Қызыл мен Тамшыбұлақ, Іленің төменгі тұсындағ ы Шарқат шатқалдарында ірге көтерді. Қалпе  руы Биже мен Тентек өзендеріні ң  сағасында, Баулыбай, Аралқұм, Ақжал, Жаманқұм мен Бестас құмдарын қыстады. Сыпатай  руының біраз қауымы зерттеушілердің  көрсеткеніндей, үш жерде тұрақтады  көпшілік бөлігі Ешкіөлмес, Мүқыр, Лабасы тауларының Бөлекші, Дүңгене, Алтыбай, Киден шатқалдарын қыстаса, басқалары  Алтынемел тауының Ащыбұлақ, Қызылбұлақ шатқалдарын, ақырыпда үшінші топ олардан  солтүстікк е қарай Жертоған, Қарағайлы, Үшөзек қойнауларында қоныс тепті. Арықтыным руының қыстаулары Қаратал  мен Іленің сағаларында, өзендердің екі жағасындағы Қаратал-Қаракөл, Майлыбай, Балқожа, Іленің оң жағындағы  Жиделі, Көкөзек, Құрөзек, Ақсақал, Бозтөбе, Есенқожа, Құрлы шатқалдарында болд ы, ал сонымен бірге кейбір топтар Оңтүстік Балқаш құмын, Бақанас өзенінің құр табанын қыстап жүрді. Байшегір руының көптеген қауымдастығы Арықтынымдықтармен қоңсылас Іле өзені сағасының  екі жағын алып жатты. Қапал мен  Верный уездерінің шекарасы Іле арқылы өткендіктен, Байшегірлер Балқаш көліпің  оңтүстігіндегі байтақ жермен қоса Верный уезінде де тұрып жатты. Байшегір руының көпшілік қауымы Қапал уезінде  Іле өзенінің оң жағасыида қоныстанды. Бұл қауымдастық та үш жерде топтасты: байшегірліктердің шағын қауымдастығы балғалылықтармен бірге Аққаптал шатқалында қыстаса, басқа бір бөлігі Іле  өзенінің оң жағасында Қараөзек, Көкөзек, Күркі жә не басқа шатқалдарда, ал үшіншілер Балқаш көлінің жағасында  Іле сағасындағы құм жиек терінде  өмір сүрді. Көктеу мен күзеулер де қыстаулар маңайында орналасты. Жайлауға оңтүхтікке қар ай ойысты, Балықты, Сарыноқай, Қазыбек, Қоскөл қойнауларына дейін жетіп, жарлы-жақ ыбай жатақтар Іле сағасындағы Балқаш көлінің  бұғаздарында тіршілік етті. Байшегір руыиың егістігі қыстаулар қасындағы  Іледен шыққ ан арық, тоғандар төңірегінде  жатты.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ІІМ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Жалайырлар туралы».

 

 

 

 

 

 

 

Орындаган: _________________

                                                                             Тексерген:__________________

 

 

 

 

Алматы, 2012


Информация о работе Жалайырлар туралы