Жаңа өзен оқиғасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 17:02, реферат

Описание работы

Алматыдағы желтоқсан оқиғалары, Кенес Одағының әр түрлі аймақтарында болып жатқан жанжалдар партия және кенес органдарын ойлантуға, жылдар бойы қордаланып қалған проблемаларды шешудің тәсілдері мен жолдарын іздестіруге мәжбүр етуі тиісті еді. Осындай шешімін таппаған түйіннің бірі Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы ірі толқуға әкеліп соқтырды. Мұнда тұрғын үй алу кезегі, мектепке дейінгі балалар ме-кемелеріне деген кезек өте баяу жылжыды, жастар арасында жұмыссыздық өсті. Осы аймақтың мұнайы мен газын сорып жатқан орталық ведомстволар жергілікті жерде кадрлар даярлаудың орнына, жұмыс қолдарын республикадан тыс жерлерден әкелді. Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысыңда ірі кемшіліктер болды.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………… ..........................3
Оқиға неден басталды және бұны советтік баспасөзде қалай жазды?...4
Көтеріліс аймағы және құрбандар саны....................................................7
Горбачевтің жариялылығы бастықтарды баспасөзге алып шықты........9
Қорытынды..........................................................................................10
Пайдалынған әдебиеттер.....................................................................12

Работа содержит 1 файл

казакстан тарих семестровый 3.docx

— 30.45 Кб (Скачать)

Алматы энергетика және байланыс университеті

Жылу энергетика факультеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

Қазақстан тарих

№ 3 семестрлік жұмыс

Тақырып: Жаңа өзен оқиғасы

38- нұсқа

 

 

 

 

 

 

 

                                                            Орындаған: Тулешов А.

                                                            Тобы: БАУк 12-2

                                                            Сынақ кітапшасы № 121125

                                                            Тексерген: доцент Раджапов А.У.

 

 

 

 

 

 Алматы 2012

 

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………… ..........................3         

Оқиға неден басталды және бұны советтік баспасөзде қалай жазды?...4

Көтеріліс аймағы және құрбандар  саны....................................................7

Горбачевтің жариялылығы  бастықтарды баспасөзге алып шықты........9

Қорытынды..........................................................................................10

Пайдалынған әдебиеттер.....................................................................12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Алматыдағы желтоқсан  оқиғалары, Кенес Одағының әр түрлі  аймақтарында болып жатқан жанжалдар  партия және кенес органдарын ойлантуға, жылдар бойы қордаланып қалған проблемаларды  шешудің тәсілдері мен жолдарын іздестіруге мәжбүр етуі тиісті еді. Осындай шешімін таппаған түйіннің бірі Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы ірі толқуға әкеліп соқтырды. Мұнда тұрғын үй алу кезегі, мектепке дейінгі балалар ме-кемелеріне деген кезек өте баяу жылжыды, жастар арасында жұмыссыздық өсті. Осы аймақтың мұнайы мен газын  сорып жатқан орталық ведомстволар жергілікті жерде кадрлар даярлаудың орнына, жұмыс қолдарын республикадан  тыс жерлерден әкелді. Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету  мекемелерінің жұмысыңда ірі  кемшіліктер болды. Үй бөлуде, азық-түлік  және өнеркәсіп тауарларын бөлгенде әлеуметтік әділеттілік принциптері  жиі бұзылып отырды. Қалаға вахталық әдіспен жұмыс істеуге келгендер  казақ халқының дәстүрлерімен санасқысы  келмеді, оларды дерекілікпен кемсітті. Әлеуметтік жағдайлардың шиеленісуі ұлтаралық  қатынастардағы, әсіресе байырғы  тұрғындар мен Жаңаөзен қаласында  тұратын Кавказ ұлттарының өкілдері арасындағы шиеленіспен астыртын ұштаса бастады. 1989 жылдың маусымында қалада екі жақтан да қан төгілген жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Бұл жанжал құқық қорғау органдары мен арнайы тапсырмалы әскерлердің көмегімен  ғана басылды. Вахтамен жұмыс істейтіндердің көпшілігі қаладан әкетілді. Осындай  оқиғалардан кейін де көптеген проблемалар  шешімін таппай қалды. Басқа да қалалар  мен жұмысшы қалашықтарывда жекелеген  жан-жалдар аз болған жоқ және оның түп-төркіні барлық уақытта әлеуметтік себептерде жатты.

 

 

 

Оқиға неден басталды және бұны советтік баспасөзде қалай жазды?

Жаңаөзен оқиғасы 1989 жылғы 16 маусымда басталды. Үлкен селдің кішкентай  ғана тастан басталатыны сияқты бұл  оқиға да кәдімгі кішкене ғана тұрмыстық төбелестен шықты. 
«Түркістан» газетінде журналист Көлбай Адырбекұлы «Қазақ ісі» атты үлкен ауторлық зерттеу жүргізді. «Түркістан», «Жас Алаш» газеттері жақында жүргізген зерттеулерінде сүйенген сол оқиғаның куәларының айтуынша, ол былай басталған. Кешқұрым Жаңаөзендегі би алаңында жергілікті қазақ және лезгин жігіттерінің арасында жанжал болған. 
Жанжал мынадан шыққан. Лезгин жігіт қазақ қызын биге шақырған. Қыз биге шығудан бас тартқан соң, меселін қайтарған қызды .кавказдық жігіт шапалақпен бір тартқан. Бірақ өзі де дәл сол сәтте жанында тұрған қазақ жігітінен таяқ жеген. Арада 10 минут өткенде жанжал жаппай төбелеске айналып, ұлтаралық сипат алған. 
Жергілікті милиция дереу қимылдап, төбелесті тоқтатуға қажетті шараларды қабылдаған. Осымен барлығы біткендей еді. Алайда, сол түні-ақ қалада ұлттық белгілеріне байланысты топтар құрылып, содан соң олардың арасында қызылшеке төбелес басталған. Бұдан ары қарай оқиғаны ауыздықтау жергілікті тәртіп сақшыларының қолынан келмеді. 
Толқу 17 маусым күні таңертеңгілік бүкіл қаланы шарпыды. Бейберекеттік тез арада жақын аудандарға да жайылды. 
Жалпылай айтқанда, жанжалдың барлық кезеңінде оған 30 мыңдай адам тікелей қатысты. Көтерілісшілерді сол кездері Гурьев облысының құрамына кірген Маңғышлақ тұрғындарының (Маңғышлақ облысы 1988 жылы таратылған) басым көпшілігі қолдады. 
Бұл оқиғалар жайында сол кездегі БАҚ-тарда қалай жазылды? 
Бір кездергі Алматыдағы Желтоқсан оқиғаларындағы сияқты республикадағы бұқаралық ақпарат құралдарының барлығы Жаңаөзендегі толқудың жағымсыз қырларына ғана назар аударды. Халықты мұндай қадамға не итермелегенін түсінгісі келмеді. 
Яғни, шындықты жасырып, біржақты жазды. Төменде «Түркістан» газетінің биылғы жылғы маусым айындағы санында келтірілген, сол кездердегі қазақстандық БАҚ-тардың хабарларынан үзінділер келтіреміз. Мағынасын өзгертпей, еркін қысқартып беріп отырмыз. 
ҚазТАГ агенттігінің 1989 жылғы 20 маусымдағы хабарынан бастаймыз: 
«Маусымның 16-нан 17-не қараған түні Жаңаөзенде бір топ жастар жүгенсіздік әрекетін жасады...Топтасып алған бұзақы элементтер қолдарына таяқ, арматура, тас алып өтіп бара жатқан жүргіншілерге шабуылдап, дүкендерді, әкімшілік ғимараттарды қиратуда... Қалада көлік қозғалысы тоқтатылды, бірқатар сауда-өндіріс кәсіпорындарының жұмысы тоқтатылды. Оқ ататын қаруды пайдалану фактілері тіркелді. Адам шығындары бар...» 
17-18 маусымдағы ҚазТАГ-тың алғашқы хабарларының өзі-ақ Жаңаөзен тұрғындарының ашу-ызасын туғызды. Келесі күні қала орталығына жиналған мыңдаған адам жергілікті биліктен Жаңаөзен қаласы мен сыртқы әлем арасында байланыс орнатып, БАҚ-тарда оқиға жайында шынайы ақпараттар беруді талап етті. 
Тек осыдан кейін ғана Жаңаөзенге көтерілісті басуға арнайы келген Қазақ ССР ішкі істер министрі генерал Г.Князев аккредитациясы бар журналистерге ақпараттарды редакцияларға беруге рұқсат етті. Бірақ, ол ақпараттарда әлі обьективтілік жоқ еді. 
Газеттер негізінен болып жатқан фактілер туралы ғана жазды. Көтерілістің тууына не себеп болғанын талдағысы келмеді. Мысалы, Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газеті 21 маусымда былай деп жазды: 
«...19 маусымда Жаңаөзен қалалық атқару комитетінің алдына мыңдаған адам жиналды. Олардың алдына Қазақ ССР Жоғарғы Советі президиумының төрағасы М.Сағдиев және республиканың өзге де басшылары шығып сөйледі. Сөз сөйлеушілер қала мен оның тұрғындарының әлеуметтік мәселелері шешіледі және осыған қажетті шаралар қабылдануда деді. Бірақ, адамдар оларды тыңдағысы келмеді. 150-200 адамдық топтарға бөлініп алып, жолдарындағының барлығын қиратып, машиналарды өртеп, қала көшелерінде басбұзарлығын жалғастыра берді. 
...Базар маңында жаппай қақтығыс болды. Бес адамға оқ тиіп, жараланды. Милиция мен ОМОН отрядының күшімен шаралар қолданылды. Бірақ тез арада тәртіп орнату мүмкін болмады. 19 адам ауруханаға түсті. Тәртіпсіздікке қатысқан 50 адам ұсталды. Қаладағы өмірлік маңызы бар 13 нысанды ОМОН отрядтары қорғауына алды. 
...Қалада кешкі 9-дан таңғы 6-ға дейін коменданттық сағат енгізілді. Қала коменданты болып Қазақ ССР ішкі істер министрі генерал-лейтенант Г.Князев тағайындалды». 
Көтерілісшілерге қарсы қару қолданылғаны, коменданттық сағаттың енгізілгені, өмірлік маңызы бар нысандардың ОМОН-ның бақылауына алынғаны туралы осы сараң хабарлардың өзінен-ақ жаңаөзендіктердің көтерілісі 19 маусымда қатыгездікпен басылғанын байқауға болады. Алайда, газет одан әрі мынадай бір фактіні жариялайды: 
«...Кеше, 20 маусым күні Мәдениет үйінің алдына мыңға жуық адам жиналды, бірақ оларды жылдам таратып жіберді». 
«Оларды жылдам таратып жіберді» деген сөздің астарында адамдарды қару, сойыл қолданып, қуып таратқанын түсінуге болады. 
Дәл сол облыстық газет 22 маусымда аймақтағы өзге кенттердегі оқиғаларды келтіреді: 
«Одан ары жалғасқан тәртіпсіздіктердің салдарынан қаланың көптеген тұрғындары, әсіресе әйелдер мен балалар Жаңаөзен қаласынан кетіп қалды. Махачкала мен Грозныйға 600-ден аса адам кетті. 
...Маусымның 20-нан 21-не қараған түні Жетібай поселкесі әкімшілік ғимаратының алдына 500-дей адам жиналды. Олар милиция бөлімшесіне қарай жылжып, поселкедегі барлық кавказдықтарды шығарып, кооперативтік нүктелерді жабу туралы талап қойды. Жергілікті билік адамдардан тәртіпсіздікті тоқтатуды талап етті. Тек таңғы сағат 5-ке қарай тәртіп орнатуға мүмкіндік туды. 
...Шамамен осы уақытта көрші Мұнайшы поселкесінде қазақ және кавказдық жастар арасында төбелес болды.Оған екі жақтан 400-дей адам қатысты. Екі адамға оқ тиіп жараланып, төрт адам тұтқындалды. Біршама уақыт өткен соң түрлі жерлерде қайтадан топтар жинала бастады». 
Осындай үлкенді-кішілі толқулар мен қақтығыстар бұдан кейінгі күндері де Маңғышлақтың өзге де көптеген аудандарында болды.

Көтеріліс аймағы және құрбандар  саны

Қанды қақтығыстың тарихын зерттеп  жүрген аздаған зерттеушілер бұл  шынында да нағыз көтеріліс болған еді дейді. Өйткені, түрлі деректер бойынша оған 25-30 мыңдай адам қатысқан. Бұл бір шелек құлпынай үшін шекісіп  қалған екі көршінің төбелесі емес еді. 
Көтеріліс жалыны Маңғышлақтың барлық елді мекендерін шарпыды. Көтерілісті басу үшін жедел түрде Ресейден СССР Ішкі істер министрлігінің «Витязь» арнаулы мақсаттағы милиция тобының әскерлері әкелінді. 
Көтерілісті басу операциясына қатысқан арнаулы мақсаттағы әскердің дәл санын қазір ешкім нақты айта алмайды. Бірақ, оқиғаға куә болғандардың айтуынша, екі мыңдай болғаны анық. Жергілікті және облыстық милициядан да осы шамадағы адамдар қатысқан. 
Көтерілісті басу үшін адам күшімен қоса бронетранспортерлер, танктер, әскери тікұшақтар және басқа да әскери техникалар жұмылдырылды. Билік тек солардың көмегімен төртінші күн дегенде ғана көтерілісті баса алды, ал, халықты толықтай  «тыныштандыруға» тек 22-ші маусымда, яғни, стихиялы бас көтерудің басталуынан бір апта өткен соң ғана қол жеткізді. Бұдан соң да біраз уақытқа дейін әр жерлерде жиылыстар өтті. Олар да әркез бейбіт тарқай қоймайтын. 
Осындай азын-аулақ деректерді саралай отырып, халық көтерілісінің қаншалықты ауқымды болғаны жайында қорытынды жасауға болады. 
Ресми деректер бойынша бес адам опат болып, жүзден аса адам жараланған. Олардың жиырма бірі ауыр жарақаттанған. Жаңаөзенде 19 маусымда енгізілген коменданттық сағат бір айға жалғасты.

Горбачевтің жариялылығы  бастықтарды баспасөзге алып шықты 

21 маусым күні Алматыда орталық  және республикалық бұқаралық  ақпарат құралдары тілшілерінің  қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтті. Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге  байланысты оқиға орнынан енді  ғана келген Қазақ ССР Жоғарғы  Советі президиумының төрағасы  М.Сағдиев, Қазақстан Компартиясы  ОК-нің хатшысы Ө.Жәнібеков, республика  прокуроры Ғ.Елемесов, Қазақ ССР  КГБ-сының төрағасы В.Мирошниктер  сөз сөйлеп, сұрақтарға жауап  берді. 
Партия басшыларының Жаңаөзенге қатысты айтқандарының Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына байланысты КПСС ОК-нің айыптау сөздерінен айырмасы болған жоқ. Бұл горбачевтік жариялылық кезеңі болатын. СССР халық депутаттарының сьезінде пікірталастар қызып жатқан кез. Сондықтан да, провинциалдық советтік Қазақстанда уыстан шықпайтын болса дағы баспасөзбен санасты. Алдымен жоғары дәрежелі шенеуніктер оқиғаның қалай басталғанын баяндап берді. Содан соң 21 маусымдағы оқиға туралы айтты. Олардың журналистерге айтқаны мынаған кеп сайды: 
Тәртіпсіздіктер кезінде қыруар материалдық шығын келтірілген: 50-ден аса сауда және тұрмыстық нысандар зардап шеккен, алты автомобиль өртелген, арақ-шарап дүкені тоналған, көптеген әкімшілік, тұрғын үй ғимараттарының, жатақханалардың терезелері қираған. Бірқатар кәсіпорындар мен мекемелердің жұмыстары біраз уақытқа тоқтап қалған. 
Қала мен қала маңындағы сол күнгі жағдай аса күрделі, көбіне қарама-қайшы деп сипатталған. Толқулар жалғасып, түрлі ұлттардан құралған қарсылас топтар арасындағы жекелеген қақтығыстар болып тұрды. Алайда Жаңаөзенде коменданттық сағаттың енгізілуімен жағдай тұрақтала бастады. Жаңа құрбандар жоқ, қаланың қалыпты жұмыс істеуіне қажетті көлік, өндіріс кәсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру орындары, өмірлік маңызы бар нысандар жұмысқа кіріскен. 
Сөйлеушілер бұл үлкен жанжалдың тууына, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар айтқандай саудада, қоғамдық тамақтандыру орындарында, жалпы алғанда қызмет көрсету саласында «кавказдықтардың жайлап алуы» емес, қаланың инфрақұрылымының қараусыз қалуы себепкер деді. Бұған СССР Мұнай өнеркәсібі министрлігі мен кейбір республикалық мекемелерді кінәлады. 
Жаңаөзенде тұрғын үй, азық-түлік жетіспеген. Жастардың бір бөлігі жұмыспен қамтылмаған. Тұрмыстық қызмет көрсету орындары мен мәдениет мекемелерінің жұмысы тұрақсыз болған, спорттық ғимараттар жетіспеген. Бұған қоса алып-сатарлық қаулап, кооперативтер бағаны аспандатып жіберген, әлеуметтік әділеттілік принциптерін бұзу әдетке айналған. Атап айтқанда, пәтерді кезексіз беру, заңсыз негізде тіркеуге қою әдеттегі құбылыс болған. 
Сөйлегендердің барлығы қаланың дамымай отырғанын, тұрғындарға жұмыс орындарының жетпейтінін айтты. Осының барлығы үшін олар жергілікті басшылық пен Мұнай өнеркәсібі министрлігін кінәлады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта келгенде, 1989 жылы маусымның 16-19-ы күндері Жаңаөзен қаласында кешегі Кеңес үкіметінің шаңырағын шайқалтып кете жаздаған үлкен көтеріліс болды. Бұл көтеріліске бүгінгі күнге дейін лайықты тарихи баға беріле қойған жоқ. Біреулер «1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасы» десе, енді бірі «Жаңаөзен көтерілісі» деп атап жүр. Шындығында мұны оқиға емес, «халық көтерілісі» дегеніміз дұрыс. Оқиға деп әдетте күнделікті болып жатқан тосын жағдайларды атаймыз, мысалы, жол апаты, төбелес, өрт т.б.   
Жаңаөзен көтерілісі Маңғыстау облысын түгелдей шарпыды. Жетібай, Құрық Шетпе, Бейнеу кенттерінде, Қаламқас, Қаражанбас кенорындарында, Форт-Шевченко, Ақтау қалаларында жаңаөзендіктерді қолдаған халық толқуы болып өтті. Бұл толқуға облыс көлемінде 80 мыңға жуық адамдар қатысты. Әскер, тікұшақ, танкілер пайдаланылды. Қан төгілді.   
Халық неге көтерілді? Халықтың бұлайша ашынуына қандай жағдайлар әсер етті? Салдары қандай болды? Жаңаөзен көтерілісінің тарихи маңызы неде?  
Біріншіден, империялық кеңес үкіметі қазақ халқының тілін, дінін, әдет-ғұрпын ұмыттырып, жерінен, рухынан айырып, орыс тілді мәңгүрт халық дайындағысы келді. Сондай тәсілдердің бірі жергілікті қазақ халқын азшылыққа айналдыру үшін жан-жақтан өзге ұлт өкілдерін әкеліп, шұрайлы жерлерге орналастырды. Ол үшін «тыңды игеру» деген желеумен Қазақстанның солтүстік облыстарына миллионнан аса өзге ұлт өкілдерін әкеліп қоныстандырды және сырттан келген басқа ұлттардың өкілдеріне барлық жағдайларын жасады. Тіпті, қазақтың жер-су аттарын ұмыттыру үшін оларды өзгертіп, елді мекендерге келімсектердің қатындарының, тіпті ертіп келген иттерінің аттарына дейін берді. Бұл күндердің күнінде «менің жерім» дейтіндей дәлел қалдырмау үшін керек болды. Маңғыстаудың қасиетті топырағында 60-шы жылдардың басында қара мұнай атқылай бастады. «Осы мұнайды игереміз» деген сылтаумен Маңғыстауға жан-жақтан өзге ұлт өкілдері жаппай келе бастады. 1989 жылғы халық санағы бойынша Жаңаөзен қаласында 58 мың адам болды. Оның 32 мыңы қазақ, 16 мыңы кавказдықтар, 10 мыңы славян ұлт өкілдерінен құралды. Қалада барлық жылы-жұмсақты, майлы-сүбелі жерлер биліктегі шенеуніктерді алдап-арбап, сатып алған кавказдық ұлт өкілдерінің қолында болды. Өндіріс, халыққа қызмет көрсету, құқық қорғау орындарында кавказдық ұлт өкілдерінің саны басым болды. Олар сол кезде Жаңаөзенді «екінші Грозный» деп атады.  
Жергілікті қазақтар екінші сорттағы халыққа айналды. Кез келген мәселені шешудің өзі кавказдықтардың (әсіресе, шешендердің) рұқсатымен жүзеге асып отырды. Кавказдықтар мен қазақ жастарының арасында жиі-жиі төбелестер болып тұрды. Адам өлімі болған кездер де көп болды. Бірақ, жергілікті билік бұл оқиғаларды жоғарғы жақтардан үнемі жасырумен келді. Жергілікті халықтың ашу-ызасы күннен күнге күшейе түсті.  
Көтерілісті ешкім ұйымдастырған жоқ, стихиялы түрде жүрді. Бұл - ұлтаралық қақтығыс түрінде басталған, кеңестік қызыл империяның солақай саясатына қарсы жергілікті қазақтардың өз саяси-экономикалық, әлеуметтік құқықтарын талап етуі болатын. Олар жоғарыда отырған компартия басшыларына өз үндерін естірту үшін көшеге шықты. 
Жаңаөзендегі толқуға 25-30 мыңдай халық қатысты. Бұл жағдай империялық кеңес үкіметінің төбе шашын тік тұрғызды. Мұндай көтерілісті дер кезінде басып жаншып тастау үшін мұздай қаруланып, арнайы дайындықтан өткен төрт мыңдай жазалаушы жасақ (спецназ) түсірілді. Ол аздай екі мыңға жуық ішкі әскер мен милицияны әкелді. Сол кезде Жаңаөзен қаласы соғыс орталығына айналғандай әсер берді. Көшелерде әскери техникалар, БТР-лар, танктер, әуеде әскери тікұшақтар күндіз-түні шыр айналып ұшып жүрды. Олар кез келген сәтте бомбалауға, атқылауға дайын болатын. Қақтығыс негізінен әскерлер мен жергілікті халық арасында өтті. Солдаттардың қару қолданып, халыққа оқ жаудыруы жергілікті адайларды ашындыра түсті. Арнайы жасақпен қақтығыс кезінде 21 қазаққа оқ тиіп, олардың үшеуі қаза тапты.

 

 

Пайдалынған әдебиеттер

1. Қазақстан тарихи ІІІ том Т. 3-Алматы , 2002.

 

 

 


Информация о работе Жаңа өзен оқиғасы