Заңды тұлғаларды тіркеу формалары, түрлері, арнайы салық режимдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 11:37, реферат

Описание работы

Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.

Содержание

1. Заңды тұлға ұғымы
2. Заңды тұлғаларды тіркеу формалары
3. Арнайы салық режимдері

Работа содержит 1 файл

заңды тұлғалар.doc

— 49.50 Кб (Скачать)
 

Евразия академиясы  
 
 
 
 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Заңды  тұлғаларды тіркеу формалары, түрлері, арнайы салық  режимдері» 
 
 
 
 

                Орындаған: Уразгулова И.Б.

                Тексерген: Мекин М.А. 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 

Орал, 2011ж.  

Жоспар 
 

1. Заңды  тұлға ұғымы

2. Заңды  тұлғаларды тіркеу формалары

3. Арнайы  салық режимдері

 

      

      1. Заңды тұлға ұғымы 

      Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару  құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша  жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк  және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен  мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.

      Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары:

      1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде  табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық  ұйым) не мұндай мақсат ретiнде  пайда келтiре алмайтын және  алынған таза табысын қатысушыларына  үлестiрмейтiн (коммерциялық емес  ұйым) ұйым заңды тұлға бола  алады. 

      2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.

      3. Коммерциялық емес ұйым болып  табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.

      Коммерциялық  емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен  өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай  келуiне қарай ғана айналыса алады.

      Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.

      4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра  алады (Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексі 110-бабы).

      5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi 

      2. Заңды тұлғаларды  тіркеу формалары 

      «Заңды  тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» және «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің, Қазақстан Республикасы Діни істер комитетінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарының (бұдан әрі органдар) Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, құрылатын , қайта ұйымдастырылатын және таратылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, соның ішінде діни бірлестіктерді тіркеу жөніндегі қызметін реттейді.

      Мемлекеттік тіркеу субъектілерге заңды тұлға  мәртебесін беру тәсілі болып табылады. Субъектілердің заңды тұлға құқығын  иеленуінің ресми айғағы заңды тұлғалардың  бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне заңды тұлға деректерді енгізу және бизнес-сәйкестендіру (бұдан әрі-БСН) берілген мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі болып табылады. Тіркеу барысында заңды тұлғаны құрудың, филиал мен өкілдікті ашудың мақсатқа сай екендігі назарға алынбайды, оның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін бақылау және оған араласу көзделмейді.

      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік  тіркеу: - заңды тұлғаны құру, қайта  ұйымдастыру және қызметін тоқтату, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктерді құру мен қызметін тоқтату; - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта ұйымдастырылған және өзінің қызметін тоқтатқан заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді есепке алу; - Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу; - заңды тұлғалар , олардың филиалдары мен өкілдіктері туралы ақпаратты (қызмет немесе коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпаратты қоспағанда) монополияға қарсы орган белгілеген тарифтер бойынша өткізу мақсатында жүзеге асырылады. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтер: уәкілетті органның жазбаша рұқсатының негізінде Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің ақпараттық жүйелер деректерін өзектілік жағдайда ұстау мақсатында тіркеуші органдарға;  заңға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдарға;  қылмыс және өзге де құқық бұзушылық үшін жауаптылық белгілеу туралы істерді қарау барысында соттарға;  Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда мәлімет беретін жағдайларын қоспағанда, жария етуге жатпайды.  Жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке немесе заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімінсіз басқа тұлғаға беруге болмайды.  Жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің мемлекеттік дерекқорының құжаттарын немесе өзге де ақпарат жеткізгіштерді жоғалтуға, сол сияқты қызметтік іс-әрекетіне байланысты  аталған ақпаратқа қолжеткізе алатын адамдарды оларды заңсыз өзгертуіне жол берілмейді. Уәкілетті орган Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін қалыптастыруды жүзеге асырады. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу тіркеуші органдардың заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы уәкілетті органға ұсынған деректерін есепке алу және өзектендіру арқылы жасалады. Қаражал қаласының әділет басқармасы 

      Заңды тұлғаларды, олардың  филиалдарын таратылуды тіркеу туралы

      Байғанин  ауданының Әділет басқармасы басқа да функциялармен қоса заңды тұлғаларды және филиалдарды тіркеу және таратылуды тіркеуді жүзеге асырады.Заңды тұлғаларды тарату негіздері ерікті және мәжбүрлеп тарату. Ерікті тарату мүлікті меншіктенушінің қалауымен «шешімі бойынша» жасалады. Мәжбүрлеп тарату сот шешімімен келесі жағдайларда жүргізіледі, яғни банкрот болғанда, заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты, оны тіркеу жарамсыз деп танылған, заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған, тиісті рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметті, не заң құжаттарында тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайларда, соның ішінде заңда белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы туралы жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерімдер туралы декларация немесе оңайлатылған декларация табыс етпеген, заңды тұлғаның кредиторлары, заңды тұлға орналасқан жері бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша болмаған, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған, заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда.

      Тарату  туралы шешімді кім қабылдай деген  заңды сұрақ туындайды. Атап айтқанда, өз еркімен тарату туралы шешімдер мүлікті меншіктенушімен немесе меншік иесі уәкілеттік берген органмен, сондай-ақ құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берген органмен қабылданады, мәжбүрлеп тарату туралы шешімдер сотпен қабылданады, заңды тұлғалардың кейбір түрлері бойынша шешімдер мемлекетпен уәкілеттік берілген тиісті органдармен қабылданады. Ерікті тарату кезінде ҚР Азаматтық кодексінің 50-бабы 1 т. сәйкес, заңды тұлғаның мүлкін меншітенуші немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, тіркеу орны бойынша салық органына дереу жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Заңда тұлғаның таратылуын тіркеу үшін таратуды тіркеу туралы белгіленген үлгідегі арыз, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, мүлікті меншіктенушінің немесе уәкілетті органның шешімі, заңды тұлғаны тарату туралы ақпараттың баспасөз басылымдарында жарияланғанын райтайтын құжат, «Юридическая газета» немесе «Заң» газеттерінде басылған хабарлама шыққан күннен кейін жасалған аралық тарату балансы,, тарату балансы, осы баланстарды бекіту туралы уәкілетті органның шешімі, құрылтай құжаттарының түпнұсқалары, салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама, кеден органдарының берешектерінің жоқтығы туралы анықтамасы, мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат немесе түбіртек тапсырылады. Таратуды мемлекеттік тіркеу, қажетті құжаттарды қосып арызды берген күннен бастап 10 жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізілуі керек.

      Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне таратылғаны туралы жазбаны енгізгеннен  кейін, заңды тұлға тоқтатылған, ал заңды тұлғаны тарату аяқталған болып саналады. Филиалдар мен өкілдіктердің мемлекеттік реестріне сол жазба туралы енгізгеннен бастап филиал мен өкілдік есептен шығарылған болып саналады.

      Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу және қайта тіркеу, заңды тұлғалардың құрылтайшылық құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу

      Тіркеуші  орган:

      1) ХҚКО – заңды тұлғалардың, филиал және өкілдіктерінің құжаттарын қабылдауды және беруді іске асырады.

      2) Аймақтық әділет органдары заңды тұлғалар, филиал және өкілдіктерді мекен-жайы бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады. 

      Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар тізімі

      • Тіркеуші орган бекіткен үлгідегі өтініш;

      • жарғы;

      • бірден артық құрылтайшылар қатарында құрылтайшылық келісім-шарт (қорлар, заңды тұлғалар бірлестігі, мекемелер);

      • заңды тұлғаның өкілетті органының немесе заңды тұлға құрылғаны туралы құрылтайшының шешімі;

      • мекен-жайын растайтын құжат;

      • заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшiн бюджетке алым төлегенiн растайтын құжат немесе түбіртек

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

      1) Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттары қоса тiркелiп өтiнiш берiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.

      2) өзге заңды тұлғаларды мемлекеттiк  тiркеу (қайта тiркеу) және олардың  филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк  тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттары қоса тiркелiп өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс. 
 

      3. Арнайы салық режимдері 

      Арнайы  салық режимдері мынадай қатынастарда қарастырылады:

      1)шағын  бизнес  субъектілері;

      2) шаруа қожалықтары (фермерлік);

      3) заңды тұлғалар -  ауыл шаруашылығы  өнімдерін өндірушілер;

      4) кәсіпкерлік қызметінің жекелеген  түрлері. 

      Бір жолғы талон – төлем көзінен  ұсталатын жеке табыс салығын  қоспағанда, арнайы салық режимін  қолдану құқығын куәландыратын  және жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есептесу дерегін растайтын құжат.

      Патент - арнайы салық режимін қолдану  құқығын куәландыратын құжат.

      Анықталған  арнайы салық режимдерін қолдану  патентінің нысаны өкілетті органмен бекітіледі.

      Патент  жоғалған немесе бүлінген жағдайда салық төлеушінің өтініші бойынша телқұжат беріледі. Бүлінген патентті салық төлеуші салық органына тапсырады.

      Берілген  патенттерді тіркеу салық органдарымен патенттерді тіркеу журналында жүргізіледі.

      Жеке  кәсіпкердің, бір жолғы талонның және патенттің мемлекеттік тіркеуі туралы куәлік бланктері қатаң есептілік бланктері болып табылады және ақша төленбей беріледі. Оларды басқа тұлғаларға беруге тыйым салынады.

      Арнайы  салық режимдерін қолдану шарттары:

      - Бір жолғы талон негізіндегі арнайы салық режимі

      - Патент негізіндегі  арнайы салық режимі

      - Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер 

  1. «Заңды  тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк  тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы.
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкаларын бекіту туралы» 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1660 Қаулысы

Информация о работе Заңды тұлғаларды тіркеу формалары, түрлері, арнайы салық режимдері