Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 12:30, реферат
Негізгі сұрақтар: Жеке адамның құқықтық мәртебесі. Мемлекет пен құқықтың арақатынасы. Құқықтық мемлекет түсінігі мен қағидалары.. Биліктің бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы. Мемлекет пен жеке адамның өзара жауаптылығы. Қоғам мен мемлекеттің арақатынасы.
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЖЕКЕ АДАМ.
Негізгі сұрақтар: Жеке адамның құқықтық мәртебесі. Мемлекет пен құқықтың арақатынасы. Құқықтық мемлекет түсінігі мен қағидалары.. Биліктің бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы. Мемлекет пен жеке адамның өзара жауаптылығы. Қоғам мен мемлекеттің арақатынасы.
Жеке адамның құқықтық мәртебесі – бұл субъектінің қоғамда заңды түрде бекітілген жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның фактілік (әлеуметтік) мәртебесін, оның қоғамдағы жағдайын белгілейді. Құқықтық мәртебе – бұл субъектілердің конституциямен және заңмен бекітілген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы, сонымен қатар мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың конституциямен және заңмен берілген өкілеттіліктері, сол арқылы олар өздерінің әлеуметтік рөлдерін атқарады және оның құрамы мынадай элементтерден тұрады:
1) Құқықтар мен міндеттер;
2) Заңды мүдделер;
3) Құқық субъектілік;
4) Азаматтық;
5) Заңды жауапкершілік;
6) Құқықтық қағидалар.
Құқықтық
мәртебе жалпы, арнайы және
жеке болып бөлінеді. Мемлекет
және құқық теориясында
Адам құқығы. Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса). "Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады. Адам құқығы — адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық. Адам құқығына мынадай белгілер тән:
Адамның өмір сүруі мен лайықты өмір кешу құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуі ғана жеткілікті. Ал басқаша құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда азамат, жеке адам қасиеттері болуы шарт. Адамның құқы мен бостандығы табиғи және ажыратылмас болып табылады, туғаннан бастап беріледі жөне жоғары құндылық болып табылады. Мемлекеттің міндеті — адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды (өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшелігін сақтау және дамыту) қамтамасыз етуге міндетті.
Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер
Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер бар. Біріншіден, адам құқығы мемлекеттік мойындаудан және заңдық бекітулерден оның кандай да бір мемлекетке қатынасына қарамай тәуелсіз өмір сүреді. Азаматтың құқығы өмір сүріп жаткан мемлекеттің қорғалуында болады. Екіншіден — әлемде көптеген адамдардың азаматтық мәртебесі (азаматтығы жоқ тұлғалар) жок, яғни олар формалді түрде адам құқығының иегері болып табылады, бірақ азаматтық құқығы жок.
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі
Конституциялық-құқықтық мәртебе—Конституциямен өзге де конституциялық-құқықтық нормаларда бекітілген, мемлекет таныған және кепілдікке алған, адам және азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары, зандық мүдделері мен міндеттерінің жиынтығы. Конституциялық мәртебе құрылымына мынадай бөліктер кіреді:
Мәртебе (статус) деген сөз латын тілінен аударғанда ахуал, жағдай деген мағынаны білдіреді.
Құқықтық мәртебенін түрлері
Құқықтық
мәртебенін түрлері: а) азаматтардың жалпы
немесе конституциялық мәртебесі; ә) азаматтардын
кейбір санаттарына арнайы және туғанынан
берілетін мәртебесі; б) жеке адам мәртебесі;
в) жеке және заңды тұлғалардың мәртебесі;
г) шетелдіктердің, азаматтығы жоктардың,босқындардың мәртебе
Құқықтық мемлекет – бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету үшін жағдай туғызатын саяси биліктің егеменді ұйымы. Құқықтық мемлекеттің мәнін түсіну үшін екі аспектіні атап көрсету қажет: мазмұнды және формалды –заңдық жақтары;
“Азаматтық қоғам” түсінігі Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшыл – ғалымдармен тұжырымдалған. Азаматтық қоғамдағы негізгі идея адам идеясы екендігін барлығына дерлік ғалымдар мақұлдайды. Азаматтық қоғам- бұл индивидтер мен олардың топтарының мүдделерін қамтамасыз ететін өнегелі, діни, ұлттық, әлеуметтік – экономикалық, отбасылық қатынастар мен институттардың жиынтығы.