Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2011 в 23:01, реферат
Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.
Үй кәсібі мен қолөнер дамыды. Өрмек тоқу, тері илеу өнері, қойдың жүнінен шидем, түйенің жүнінен шекпен тоқылды. Ұсақ мал терілерінен тон-шалбар, жарғақ киім жасалды. Ірі қара терілерін илеп, кебіс-мәсі, саптамалар тігілді. Торсық, саба істелді. Киіз басу, текемет, сырмақ жасауға қой жүнін пайдаланды. Мүйізден қасық, түйме, шақша жасады.
Едәуір кең тараған қолөнер ұсталық еді, олар темірден тесе, күрек, балта, шот, орақ, пышақ, қырғыш, таға т.б. жасады. Өндіріс саймандарынан басқа соғыс қару-жарақтарын: қанжар, қылыш, семсер, айбалта, найза, жебе, сүңгілер соқты. Алтын-күміс сияқты асыл металлдардан әшекейлі бұйымдар: білезік, жүзік, сырға, кемер белбеу, ер-тұрман саймандарын жасайтын шеберлер – зергер деп аталды.
Орман тоғайлы жерлерді мекен еткен қазақтар ішінде ағашшылық қолөнері өріс алды.
Қазақтар
көктемде 22-наурызлы күн мен түннің
теңелетін кезеңін «наурыз
XV-XVII
ғасырларда қазақтар арасында
ислам діні тарады. Алайда, ислам
діні еңбекші халық арасында
терең тамыр жойған жоқ. Оған
себеп дүркін-дүркін
XVI-XVII
ғасырларда ауыз әдебиеті кең
өріс алды. Ауыз әдебиетінің асыл
қазыналарын жасаған, оны
Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.
Халық арасында ана тіліндегі жазба әдебиет діни және тарихи мазмұндағы кітап түрінде тарады.
“Тарихи-и Рашиди” – Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. II-жартысы- нан XVI ғ. басына дейінгі тарихы баяндалған шығарма. Бұл шығарма 1541-1546 жылдары жазылған. Оның қолжазбасы екі дәптерден құралған. Бірінші дәптерде Шағатай әулетінің тарихы баяндалады, екіншісінде XV-XVI ғ. Шинжаң өлкесінде, Орталық Азияда, Индия мен Ауғанстанда өткен тарихи оқиғалар баяндалады.Онда қазақ тарихына қатысты құнды деректер бар. XV ғасырырдың ортасында батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, қазақ-қырғыз, өзбек халықтарының қатынасы. Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайы берілген.
Ол еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші. Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында сақталған құжаттарды пайдаланған.
“Жамих ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) – ерте кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі.
XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген қарахандар әулетінің, оғыз-қыпшақ тайпалар одағының дәуірінен бастап 1600 жылға дейінгі тарихы баяндалады.
Әсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар баяндалады.
Қазақ қоныстанған жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ хандығы мен хандардың өмірбаяны, қазақ хандығының заңды ережелері жайында деректер берілген.
“Жамих ат-тауарих” кітабының жазушысы Қадырғали Қосынұлы Жалайыр (1530-1605) Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен “Жалайыр” аталған.
Ол
қазақ хандығының орда-сарайында
ханның ақылшысы және ханзада- лардың
тәрбиешісі болып қызмет істеген. Бұл
еңбек алғаш рет 1854ж. Қазанда жарық
көрген.
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі
Евразия
Академиясы
РЕФЕРАТ
Қазақстан тарих пәні бойынша
тақырыбы:
«XVI-XVII ғасырлардағы
Қазақ хандығы.»
Тексерген аға оқытушы:
Мухамбетчина М.С.
Орал
қаласы 2011 жыл
Негізгі әдебиеттер
1.Қазақстан тарихы. Очерк. 149-174-бб.
2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.
3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
4.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан, 119-146-беттер.
5.Абусейтова
М.Х. Казахское ханство во
6.Левшин А.И. Описание киргиз-казачъих, или киргиз-кайсацких орд и степей. А., 1996.