XVII ғасырдың екінші жартысындағы Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 18:45, реферат

Описание работы

XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақ қоғамының онсыз да ауыр жағдайын солтүстік-батыстан — башқұрттар мен Еділ қалмақтары, солтүстіктен — Сібір қазақтары, оңтүстіктен Қоқан және Хиуа хандықтары тарапынан төнген қауіп күрделендіре түсті.
Қазақ елінің халықаралық жағдайының шиеленісіне түсуі және ішкі ұлттық тұтастықтың болмауы Әбілқайыр бастаған саяси топтың Ресей империясының үкіметімен жақындасуына жол ашты. Бұл жағдай қазақ қоғамындағы саяси күштердің өзара алауыздығын тереңдете түсті.

Содержание

Мазмұны
1 XVIII ғасырдың екінші жартысындағы патша үкіметінің Кіші жүз бен Орта жүздегі саясаты.
2 Қазақтардың 1773—1775 жылдары Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.
3 1783—1797 жылдардағы Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс.
4 Хандық биліктегі өзгерістер.
5 Пайдаланылған әдебиет

Работа содержит 1 файл

XVII ғасырдың екінші жартысындағы Ресей отаршылдығына қарсы ұлт.docx

— 33.48 Кб (Скачать)

Бұл кезеңде халықаралық жағдайда үлкен өзгеріс болып, француз революциясы Еуропа монархтарын шошытты. Ендігі уақытта патша үкіметінің өзі реформаны сәтсіздікке ұшырады деп тауып, оны шектеуге тырысты. Игельстром қызметтен кетті. Жаңа губернатор А.Пеутлинг тұсында хандық билік қайта орнады. 1791 жылы тамызда Ор қамалына жақын жерде Ералы (1792—1794 жылдары) сұлтан Кіші жүз ханы болып сайланды.

Бұрынғы Неплюевтік режім қайта орнады. Орал қазақ әскерінің бейбіт ауылдарға шапқыншылығы қайта басталып, бұл наразылықтың қайта өрлеуіне әкелді. Сырым Датұлы Бұхар ханы және Хиуа ханы әбілғазы Қайыпұлымен жақындасып, 1792 жылы Ресейге ашық күрес жариялайды. Көтеріліс Кіші жүзді түгел қамтып, Сырым батыр халық көсемі дәрежесіне дейін көтерілді. Көтерілісшілердің 1000 адамдық жасағы Елек бекінісін өртеп жіберді. Қазақтар оны кейіннен «Күйікқала» деп атап кетеді. Көтеріліс партизан соғысы сипатына ие болады.

1794 жылы жазда Ералы хан қайтыс болып, оның орнын Нұралының ұлдарының бірі Есім басты. Қырда билік іс жүзінде рубасыларының қолында болды. Алайда көтерілісшілер 1797 жылы Есім ханды да (1795—1797 жылдары) өлтіреді. Орынбор губернаторы болып қайта келген Игельстром Сырыммен келіссөз жүргізе бастайды. Көтерілісшілерді «тыныштандыру» үшін енді жаңа хан сайланбайтын болды. Кіші жүзді басқару хандық кеңеске берілді. Басшысы болып Айшуақ сұлтан тағайындалды.

1797 жылы халықтың ауыр  жағдайына және сол жылы 8 тамызда  хандық кеңестің құрылуына байланысты  Сырым күресті тоқтатады. Сөйтіп, Кіші жүз қазақтарының арасындағы аздаған үзілістермен 14 жылға созылған азаттық қозғалысы аяқталды.

Ал сұлтандардың бір бөлігі өз беттерімен Қаратай Нұралиевті хан етіп көтерсе, губернатор Игельстром Қаратайды емес, Айшуақты (1797—1805 жылдары) қолдады. Кіші жүз тағы да екі топтың арасындағы күрес сахнасына айналды. Қаратай бастаған сұлтандардың қудалауымен Сырым 1797 жылы Хиуа хандығына өтіп кетеді. Белгілі қайраткердің одан кейінгі өмірі туралы дерек аз, 1802 жылы жат жұртта белгісіз себептерден дүние салады.Көтерілістің басты қозғаушы күші — қарапайым көшпелі малшылар болғанымен, бұл бүкілхалықтық қозғалысқа Нұралы хан ұрпақтары мен оның жақтастарының саясатына наразы сұлтандар (Айшуақ сұлтанның балалары), билер, рубасылар мен батырлар қатысты.

Отаршылдыққа қарсы күрес аясына саяси бағыттары өзара үйлеспейтін әр түрлі әлеуметтік топтар тартылды. Алайда Сырым Датұлы олардың барлығының мүддесін бір арнаға — отаршылдық жүйеге қарсы тоғыстыра білді.

Бірақ Сырым Датұлының  көтерілістің әр кезеңінде өзінің мақсатын озгертіп, Орынбор губернаторымен уақытша келісімге келуі, заңды билеуші ханды тақтан тайдыруы, Есімнің өлтірілуі, өз бетімен күресті тоқтатуы, осының барлығы қозғалыстың шешуші сәттерінде оның көсемнің қайшылыққа толы ұстанымда болғандығын аңғартады.

Көтерілістің жеңілуіне бірқатар жағдайлар әсер етті: олар қазақ қоғамындағы әр түрлі топтардың әсіресе ру арасындағы алауыздық, тіпті Сырымның өз руы байбақты да екіге жарылып, біреуінің Сырым бастаған халық төңірегіне, екіншілерінің Әбілқайыр хан ұрпағы Ералы, Есім төңірегіне топтасуы, Сырымның екі жақты соғыс жүргізуі, патша әкімшілігінің хан кеңесінен қашпай, оны тиімді пайдалана білуі еді.

Қорытынды

Көтерілістің тарихи маңызы зор. Көтерілістің басты талабы —  жер мәселесі ішінара шешілді. Қазақтар Жайық пен Еділ арасындағы жайылымдарды пайдалануға мүмкіндік алды. Жер  тапшылығын уақытша бәсеңдетті. Дәстүрлі билік жүйесі хандық кеңестің қайта  орнауына қол жеткізіп, осы арқылы мемлекеттіліктің соңғы нышандарын сақтап қалды. Тұтастай алғанда, кейбір ішкі қайшылықтарына қарамастан көтеріліс  ұлттық сананың өсуіне септігін тигізді.

Пайдаланылған әдебиет

 Қазақстан тарихы: Аса  маңызды кезеңдері мен ғылыми  мәселелері. Жалпы білім беретін  мектептің қоғамдық – гуманитарлық  бағытындағы 11-сыныбына арналған  оқулық/М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев,  т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ISBN 9965-36-106-1


Информация о работе XVII ғасырдың екінші жартысындағы Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар