Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 23:58, реферат
1848-1849 жылдар аралығындағы революцияның еуропалық дипломатияға әсері. Италиядағы 1848-1849 жылғы революция. Ресейдің Венгрияға интервенциясы. Еуропа жандармы сияқты орыс патшалығы. Ресейдің жаңа сыртқы саяси курсының негізі. 1856 жылғы Париж бейбіт келісімінен кейінгі Англияның, Францияның, Ресейдің дипломатиясы. Қырым жүйесінің қалыптасуы. XIX ғасырдың I жартысындағы қазақ-орыс қарым–қатынастары.
1848 - 1849 жылдар аралығындағы
Ресейдің Венгрияға интервенциясы. Еуропа жандармы сияқты орыс патшалығы. Ресейдің жаңа сыртқы саяси курсының негізі
1849 жылдың көктемінде австриялық
әскерді венгерлік әскердің
Өзінің әскерін Венгрияға
1849 жылдың көктемінде Германия жаңа революциялық бой көтеруді басынан кешірді. 28 наурыз күні Франкфурттық парламент прустық корольге Біріккен Германиямен бірге басшылықта тұруды ұсынды. Баденде, Пфалыдеде және Дрезденде революциялық қақтығыс басталды. Осы жағдайда прустік монархия Германияның жандармы рөлін атқарды.
Король Фридрих - Вильгельм IV жалпыгермандық
конституцияның жобасын кейінге
қалдырды, ал прустік әскер
Наурызда Даниямен қайтадан басталған соғыста прустік әскер Ютландияны жаулап алады. І Николай, Пальмерстон жэне Француздық республиканың үкіметі Германиядағы көтерілісті Пруссияның басуына жақсы қатынаста болды. Патша қайтадан өзінің әскери кемелер эскадрасына Альзен өзені бойымен Данияны қорғау үшін жылжуды бұйырды. Пальмерстон және француздық үкімет те Пруссияға қарсылықтарын
білдірді. Фридрих - Вильгельм IV шегінуге мәжбүр болды. Осылайша, ол Даниямен келісімге отырады және Шлезвиг пен Ютландиядан өзінің әскерін әкетуге келісімін береді.
1856 жылғы Париж бейбіт
келісімінен кейінгі Англияның,
Париж конгресінен кейін, Ресейдің шетел министрлігінің жұмыстары Нессельроденің қолынан князь Александр Михайлович Горчаковтың колына көшеді. Ол өте ақылды, көпті көрген және кең ой - өрісті адам болған. Ол терең білімді болмағанымен, қазіргі заманға жақын Еуропа дипломатиясының тарихын жақсы білді. Мінезі жағынан тәуелсіз адам болды, сол мінезі үшін де оны канцлер Нессельроде онша ұнатпады. Нессельроде мен ІІ Николай қарағанда, Горчаков ІІ Александр тәуелсіз қарым - қатынаста болды. Ол өзінің тағайындалуынан кейін, ІІ Александр берілетін баяндамасына өз саясатының негізі мен өзектілігін көрсетті. Сонымен қатар, бүкіл Еуропаға Ресейдің дипломатиялық рөлі жөнінде циркулярлы хатында да баяндады. Ресей еуропалық жұмыстарға белсенді түрде араласуынан ұстанады; Ресей болашақта достық, қарым - қатынас үшін мемлекетті өзі таңдауына құқылы.
Бір жағынан Ресей француз императо
Француз императорының пиғылы үшін жағдай өте қолайлы болды. Париж бейбіт келісімінен кейін Ресеймен қатынас ай өткен сайын жақсара түсті. 1856 жылы Мәскеуде Александр II таққа отырғызу мерей тойына ІІІ Наполеон өзінің сенімді адамдарының бірі Қырым соғысы кезінде тез арада достасу қажет деген ұсынысты айтқан граф де Морниді жібереді. Бүкіл Успен соборы мен Кремльдегі мерй тойға қатысушыларды Морнидің күймесін собордан алыс қашықтықта тоқтатып койғаны таң қалдырды. Басқа елшілер олай жасамады. Граф де Морни орыс - француздық одақтың өте тиімді екенін айтты. Орыс аристократиясы граф Морниді өте жақсы қабылдады. Трубецкая ханымына үйленгеннен кейін, француз елшісі Мәскеуде де, Петербургте де өз адамы болып саналды. Патша оны қастерлеп, қандай да болмасын уақытта және қандай да болмасын жағдайда қабылдауға дайын болды. Морни Ресейде француз капиталына біраз экономикалық жеңілдіктерге ие болды.
Ресеймен жақындасу ІІІ
1857 - 1862 жылдар
аралығында Қиыр Шығыста,
Сербияда, Черногорияда және дунайлық
княздығындағы патшалық
1858 жылдың 20 шілде айында III Наполеон Сардиния патшалығы Кавурды Помбьер курортына шақырады. Осында император мен Кавур өздерінің дипломатиялық рөлдерін шешіп, келісімдерінің негізін анықтады. III Наполеон Сардина патшалығынан Савойа мен Ницца облыстарын беруді талап етті. Ол үшін III Наполеон Сардинаның патшасы Виктор – Эммануил II одақтасып, Австрияға қарсы соғыс жариялауға келісімін берді. Сонымен қатар, ол австриялықтарды Ломбардия мен Венециядан ығыстырмағанша, шегінбейтіні жайлы айтты. Австрияға қарап түрған осы екі аудан Сардиния патшасының иелігіне кіруі қажет болды. Пломьберлік келіссөздің құпия түрде келісілгендігіне қарамастан, 1858 жылы күзде Австрия қауіпті сезініп, соғысқа дайындала бастады. Франция мен Сардиния патшалығында да үлкен дайындық жүріп жатты. 1859 жылдың 1 қаңтар айында Парижде Тюильрийстік сарайында дипломатиялық корпустың жаңа жыл кеші өтіп жатты. Осы кезде III Наполеон австриялық граф Гюбперннің алдына келіп, келесі сөздерді айтты: «Сіздің үкіметіңіз бен достық қарым - қатынасымыздың әлсіреп бара жатқанына мен өкінемін» деді.
1856 жылғы Париж бейбіт келісімінен кейінгі Франция мен Англияның қарым - қатынасы.
Францияға ең қиын жағдай болып Англиямен қатынас болды. Пальмерстонді Морнидің Мәскеу мен Петербургтегі сәттілігі және 1857 -1858 жылдар аралығындағы Молдова мен Валахиядан жаңа мемлекет Румынияны құру туралы екі елдің, яғни, Франция мен Ресейдің бірігіп жасалынып жатқан қимылдары сескендірді. Пальмерстонды бұл жағдайдың барлығы ашуландырды. Сондықтан, басында ол қорқыту әдісіне жүгінді. Бірақ, бұл әдіс еш нәтижеге әкелмеді. III Наполеон королева Викторияның күйеуі принц Альбертті кездестірген жағдайда оның император екенін жэне Пальмерстонның ешқандай меморандумдар мен ноталарды көрсетпеуі жайлы өзінің дипломаттарына айтқаны туралы хабар берді. Себебі, Пальмерстон оларды дұрыс толтыра алмайды.
1858 жылдың 14 қаңтар айында итальяндық
революционер Феличе Орсини
Тергеу уақытында Орсини және оның серіктестері Англияда қару -жараққа ие болуы жайлы мәлім болды. Француздық наполеондық баспасөзде Англияға қарсы ашулы кампания көтерілді. Нәтижесінде, франциялық империяның «Монитер» атты ресми органында Англияға қарсы француздық императорлық гвардия полковниктерінің қорқыту резолюциясы басылып шықты. Англияда ақсүйектер мен буржуазия алаңдауда болды. Пальмерстон Англиядағы революциялық эмигранттардан сескеніп, парламентке оларға қарсы заң жобасын енгізді. 1858 жылдың 19 ақпан айында Пальмерстонның заң жобасы күйреуін тауып, Пальмерстон отставкаға береді. Оның орнына консерватор лорд болып Дерби сайланды. Ал, шетел істер министрлігінің лорды болыпп Малибери сайланды. Осыдан кейін Еуропаның соғыстың шарасыз екеніне көзі жетеді. Бірақ, бір ғана басты мәселе туындады. Ол Австрияның Сардиния патшалығына өзі соғыс жариялауы қажет болды. Себебі, германдық одақтың конституциясында қорғаныстық соғыс жағдайында Австрия Герман одағынан әскери көмек сұрай алды. Сондықтан, бұл соғысты дипломатиялық көзқарас жағынан австриялықтар бастаулары керек болды.
XIX ғасырдың I жартысындағы қазақ - орыс қарым - қатынастары
1848 - 1849 жылдар аралығындағы
Ағылшын отарлауының экспансионистік талпынысы тек Ауғанстанға ғана бағытталмады, сонымен қатар, ортаазиялық хандықтарға да бағытталды. 1825 жылы Бұхарға ағылшын тыңшылары Муркрофт пен Требек, 1833 жылы Бернс келген болатын. 1824 жылы бірнеше ағылшын тыңшылары саудагер кейпімен Бұхарға кіріп, қүпия түрде қаланың жоспарын түсірген.
1840 жылы ағылшын тыңшылары Аббот пен Шекспир Хиуада болады. Олар ханды орыстарды Хиуаға кіргізбеу жөнінде және орыс әскери экспедициясының дайындалып жатқаны жөнінде азғырады. Хан Абботқа сенбей, оларды өз жерінен қуып жібереді. Аббот пен Шекспирге Англияға Ресей арқылы кетуге мәжбүр болады.
Орталық Азияда ағылшын экспансиясы
орыс экспансиясымен кездесіп түрды. Ағылшын
эскерінің Ауғанстандағы
1835 жылы
прапорщик Виткевич Ресей
1841 жылы Бұхарға инженер майор Бутенов жіберіледі, бірақ, ол эмірдің бұйрығымен ол жерден қуылады.
1842 жылы
подполковник Данилевский
Ақпарат көзі: www.temakosan.net
Информация о работе XIX ғасырдың 40 - 60 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастар