Византия

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 22:31, доклад

Описание работы

Мемлекеттігі жағынан Византия империясы бір адамның шексіз билігіне бағындырылған монархия болды. Барлық өкімет билігі василевстің (византиялық император атағы) колына шоғырланды. Ол өзі жоғарғы сот болды, сыртқы саясатты жүргізді, заңдар шығарды, әскерді басқарды. Оның билігі құдайдың әмірімен берілді деп саналды. Император «құдайдан ғана кіші, құдайдан кейінгі бірден-бір басшы» болды. Жұрт құдайдан кейін императорға табы- натын.

Работа содержит 1 файл

Византия.doc

— 29.00 Кб (Скачать)

Византия

Мемлекеттігі  жағынан Византия империясы бір  адамның шексіз билігіне бағындырылған  монархия болды. Барлық өкімет билігі василевстің (византиялық император  атағы) колына шоғырланды. Ол өзі жоғарғы  сот болды, сыртқы саясатты жүргізді, заңдар шығарды, әскерді басқарды. Оның билігі құдайдың әмірімен берілді деп саналды. Император «құдайдан ғана кіші, құдайдан кейінгі бірден-бір басшы» болды. Жұрт құдайдан кейін императорға табы- натын. Ол Шығысқа тән сән-салтанат құшағында өмір сүрді. Император билігін мұрагерлікпен иелену заң жүзінде бекітілмеді. Сондықтан шамасы келген бүлікші жеңіске жетіп, тақты басып алса, заңды мемлекет басшысы болып шыға келетін.

Византия қоғамында  «димдер» деп аталған саяси партиялардың ықпалы зор болды. Олардың ішінде, әсіресе венеттер («жасылдар») мен прасиндер («көктер») партиялары ерекше оқшауланатын. 532 жылы осы партиялардың басшылығымен болған Ника («жеңу») көтерілісі әрең дегенде басылды.

Мысыр

Мысыр Араб Республикасының  Басы және оның қарулы күштерінің жоғарғы  бас билеушісі президент, “раис” деп аталады. Бұл лауазымды Хосни Мүбарак атқарады.

Парламенттің  бес жылға сайланған 448 депутаты (тағы 10 президент сайлайды) бірдей үлесте шаруалар мен жұмысшылардың  атынан сайланғандар. Билік етуші  Хосни Мүбарак төрағалық ететін Ұлттық-демократиялық партия. Шураның (Парламенттің жоғарғы палатасы) 210 мүшесі кеңесу функциясын атқарады, олардың ішіндегі 57-ін мемлекет басшысы тағайындайды.

1971 жылғы Конституция  – ислам мемлекеттік дін деп  жариялады. Аймақтардың губернаторлары  мен үлкен қалалардың әкімдерін зор өкілеттілік пен жауапкершілік тақты.

Найман мемлекеті 

Найман мемлекетінің хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Белгілі тайпа билеушілері, батыр, қолбасшылары хан кеңесінің құрамына кірді. Хан ұлыс жасағының бас қолбасшысы болды. Ұлыста іс қағаздары жүргізіліп, хан жарлықтары хатқа түсіріліп, оған ханның төрт бұрышты алтын мөрі (таңба) басылған. 12 ғасырдың аяғынан бастап Найман мемлекетінің хандары “Бұйрық”, “Күшлік” деп аталды. Инаныш Білге өлген соң, оның екі ұлы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып, Найман мемлекетін екіге бөлді. Екі иелікке бөлінген ұлыстың әрқайсысы өз алдына дербес әрекет етіп, өзара қырқысты. Бұл ішкі саяси дағдарыс Шыңғыс хан әскери күшінің артуымен тұстас келді. 

Қарақытай мемлекеті

Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады.

Информация о работе Византия