Тәуелсіздік мерекесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 21:11, реферат

Описание работы

Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.

Работа содержит 1 файл

Тәуелсіздік мерекесі.doc

— 88.50 Кб (Скачать)

    Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен Отан алдындағы  адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміз – қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлаған хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген ұлы билер дәстүрлерін; ата-бабаларымыздың халқымызға тән шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан үлесін, батырларымыздың ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын сыртқы жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.

    Алла  Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі турала тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің ұлттық сана-сезімімізді көтереді.

    Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді. Қаша ұрыс салып жүргенде қапы кетті. Ханның басы қанжығада кете барды...

    Ата дініміз ислам болғандықтан, мұсылмандық  сабырлықпен, ұстамдылықпен соғысқан Кенесары жауынгерлері әуелі «Алла» деп, содан кейін «Абылай», «Ақжолтай» деп, өз ерлерінің қадірін бағалай  біліп, ұранға айналдырғаны мәлім. Әруақтарын ұран қылғанда ол есімдерге Алланың ерекше нұры түскенін мойындап, сол арқылы сол кезде қажет рухани күштің әсерін сезінгендері белгілі. Бізге бүгін қажет жігерліктің, батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгіштіктің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда жатыр.

    Ел  басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екні сөзсіз. 

    Айдын шалқар, күміс сулы бұлағым,

    Жасыл –желек ат көрінбес құрағым.

    Мыңғырған мал даласында жайылған,

    Бабалардың  болған сондай тұрағы.

    Бұхар, Қоқан бұл байлыққа қызықты,

    Орыс  патша арам ойлы бұзықты.

    Қорған  салып, жерін алып, қуса өзін,

    Сонда көрген сорлы қазақ шыжықты.

    Қазақта жер қалмады патша алмаған,

    Елін, жерін, малын тегіс жалмаған.

    «Қойға тиген қасқырдай» боп қазақтың,

    Отаршылдық  қыр соңынан қалмаған... 

    Халық басына осындай қиын-қыстау заман  зары туған шақта, қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды.

    Абай, Шоқан, Ыбырай дәуірін қылыштан гөрі қаламның қуатты екенін дәлелдейді. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басын ала  бере тарих сахнасына қазақтың оқығандары шықты. Ол кезде Отанымызда кеңестік кезең орнаған еді. XX ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысында күшейген Сталиндік әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамның тарихи заңдылықтарына қайшы келетін эксперименттер жасағанын бірінші кезекте айтар едік. Олар бүкіл КСРО-ны, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды Бұл эксперименттердің басты бағыттары мынадай болды: ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және соның негізінде байлар мен ауқатты шаруаларды тап ретінде жою; аса тез қарқынмен елді индустрияландыру (бұл шара негізінен колхоздарға зорлап кіргізілген шаруаларды аяусыз қанау есебінен жүргізілді); мәдени-рухани салада, демографиялық саясатта, ұлт мәселесінде жергілікті (ұлт аймақтарындағы) халықтарды орыстандыру; қоғамдық саяси өмірдің негізгі салаларында тек қана комунистік идеологиялық үстемдігін орнату.

    Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар болды.Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді: жаппай отаршылдықтың салдарынан қазақ халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады;қазақ халқы өз жерінде ұлттық азшылыққа айналды...

    Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдар  алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды. Сұлтанмахмұттың «Өлер  жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды. Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арман-ды. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. Алайда, бұл қуаныш ұзаққа бармады. Қазақтың еркіндігінен қорыққан қызыл империя көсемдері алаш туы астына бірікендердің бәрін біртіндеп құртты. Ең алдымен Жүсіпбек Аймауытовты атты. Қалғандарын, қияндағы Шәкәрімнен бастап қаладағы қазақ оқығандарын түгел қырды. Мұстафа Шоқай шетел асты... Алашорда партичсына мүше болғандардан жалғыз Мұхтар Әуезов қана аман қалды... Алаш деген сөзді тарихи санадан өшіру әрекеті басталды. Дүниедегі ең жек көрінішті сөзге айналдыруға тырысушылардың «еңбегі» зая кеткен жоқ. Әлі күнге дейін кейбіреулер алаш дегенде селк ете қалады... Қазақтың өз билігі өз еркінен кеткен соң қара халықты қалай қорлаймыз деп қызыл империя аса қиналған жоқ.

    ... 32-33-тің ашаршылығы қолдан жасалды.

    ... 36-37-нің қырғыны әдейі істелді.

    1937-1938 жылдары яғни, бір жылдың ішінде 125 мың қазақ зиялысы қырылған. Жоғары білімді қазақтың бетке ұстайтын азаматтарының бар кінәсі - көзі ашық болғаны, өз ұлтының намыс-сезімін жақтағандары ғана. Бүгінгі ұлттық сана-сезіміміздің құны осыншама құрбандықпен келгенін есте сақтағанымыз жөн болар еді. Осы асыл азаматтардың үзілген жас, қыршын өмірлері, орындалмаған үміттері, армандары бізге аманат сияқты болып көрінеді.

    «Мен  үшін Отаныма адал солдат болудан  артық бақыт жоқ», - деп Ислам Жеменей айтқандай, Отан қорғау жолында 1941-45 –ші жылдары ең көп қырылған қазақ солдаттары еді. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 196 мың адам қару асынып, майданға аттанды. 700 мың адам еңбек армиясының сапында болды. Соғыстан тек 410 мың Қазақстандық жауынгер ғана оралды.

    Осыншама  нәубеттің ішіндегі ең сұмдығы – 1949 жылдан қазақ халқы атом полигондарының сынағына тасталды. Қазақ қоян құрлы болған жоқ. XX ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ көрген азапты көрген жоқ. Аяулы Отаным - Қазақстан – ядролық қарудың қасіретін әлем бойынша ең көп тартқан ел. Оның талай ғасырға жететін тарихын қозғасақ, бабалардың басынан кешкенін көзге елестетсек, көздің жасын тия алмаспыз. Қазақстан ядролық инфрақұрылымнан құтылуды әлемге айғақ еткен, әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан, еліме тәуелсіздіктің туын желбіреткен елбасы Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз ұшан-теңіз. Атом сынағынан аман өттік, бұл заманға да жеттік. Аяулы Отаным - Қазақстан жерін бабаларымыз ерлікпен қорғап бізге қалдырған, кейінгі ұрпағыма «Асыл мұрам, ал балам» деп айту үшін, бізге тұтас уланбай, жоғалмай, өртенбей, сынбай-жанбай, ауыр азап, қиын-қыстау кезеңдерді бастарынан өткізген екен. Халқымыз сол заманнан бері –ақ, елінің елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай ержүрек, ақылды, шешен де білгір азаматтарының бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан ағамыздың нұрлы шапағатына» ұласып отырғанын көріп отырмыз. Әрбір адам баласын тіршілік етіп, өзін-өзі асырап отырғаны, ұрпағын қалдырып, дамып жатқаны осы Отанның арқасында. Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесінің игілігіне,кір жуып кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббаты оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.

    Мәселен, М. Әуезов «Отан –анам. Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іскер күшім жоқ», дейді. Ал, В.А.Сухомлинский: «Отан - өз бесігің, өз үйің, өз бесігіңді ұмытпа»,- дейді. (4,254 б). К.Г. Паустовский: «Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды.», - дейді. И.С. Тургенев: «Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы - туған жер», - дейді. (5, 489б). Ал, Ж.Ж. Руссо: «Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік туғызған»,- дейді. Ф.М. Достоевский: «Өз Отаныңның мүддесін қорғап, өміріңді құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ», - дейді. (6, 101б). Л.Н. Толстой: «Отан халықтың өткені мен бүгіні және келешегі», - дейді. (3, 287б). Осындай небір ұлағатты, қасиетті сөздер көзі ашық, көкірегі ояу азаматқа рух берері сөзсіз. Қаны қандас, тілі тілдес, дініміз де тіліміз де бірдей бауырлас аға мыз Расул Гамзатов өзінің әкесінде Шамильдей ерлерінің бір хатының сақталғанын айтады. Онда былай деген екен: «Менің таулықтарым! Өздеріңнің жалаң жабайы жартастарыңды сүйіңдер, оны сақтаңдар, ол үшін күресіңдер. Сендердің қылыштарыңның шыңылы менің бейіттегі ұйқымды тәтті қылар». Ал, Отансүйгіштік туралы айтылған ақын тебіреністері де бірінен-бірі асып түседі.  

    «Отанның  намысы үшін оттан қашпа,

    Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа.

    Тайсалма  бар Отанның құрбаны бол,

    Өмірің  орынсыз боп кетпес босқа».

    О, дариға, алтын бесік - туған жер,

    Қадіріңді келсем білмей кеше гөр 

    Отан!

    Қайсар  ар-намысым, жайсаң іңкәр шапғым

    Перзентке жүктеген қорғанысын,

    Сен намыстың ну қалың орманысың.

    Сол үшін шыңнан заңғар атағың

    Тұлғасына табындырған,

    Алыс  жүрсем сабылтып, сағындырған,

    Менің ұлы әкем сенсің, Отаным!  

    – деп Мұхтар Шаханов жырлаған. Қайсар ар-намысты аға ұрпақ кеңес үкіметі жылдарында, атап айтқанда, 1929-1931 жылдары, Қазақстанды күштеп ұжымдастыруға қарсы 370-тен астам көтерілістер мен әртүрлі деңгей мен көлемдегі қарулы қарсылықтар ұйымдастырды, ал, 1917 жылғы Қазан революциясына дейін халқымыз отарлық езгіге қарсы 400-ден астам ктерілістерге шығып, наразылықтар көрсетті. Осындай азаттық күрестің басында халқымыздың ортасынан қайнап шыққан ірі-ірі тұлғалар болды. Солар көрсеткен үлгі, сеппкен ұрық бір ұрпақтан екінші ұрпаққа табиғи түрде ауыса келіп, 1986 жылғы желтоқсанда жаңғыруына әкелді. Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың өлместігін жарқын түрде дәлелдеді.

    1986 жылғы желтоқсанда елде жария  етілген қайта құрудың 20-шы  айы өтіп жатқан-ды. Құқықтық мемлекет  құрамыз дегенге сеніп, Горбачевтік  «сәуір тезистерінің» тың идеяларымен жігерленген қазақ жастары орталықтың бұрынғыша өктемдігіне келіспеушілігін білдіруге митингілер, шерулер өткізіп алаңға шықты. Қылышынан қаны тамып, жарты әлемді билеп тұрған қызыл империя кеңестік коммунистік партия кезеңінде қазақ жастарының ұлттық намысн ту етіп, отаршылдыққа қарсы алғаш жойқын бұлқыныс танытуы Мәскеудегі өктемшіл шовинистердің төбесіне жай түсіргендей әсер етті. Өйткені, уысындағы қол бала іспеттес көптеген ел бұдан «үлгі-өнеге» алып, ол өрт қаулай түссе, халдерінің мүшкілденетінінен қауіптенді. Оны олар алдын-ала сезді де, басқыншылық әрекеттерге, фашистік қатыгездік қадамдарға да көз жұма барды. Әділдіктің салтанат құруын сұраған жалаң қолды бейбіт жандардың тілектеріне құлақ асқысы келмеген озбыр орталық жүйесі жүректері тітіркенбестен мұздай қаруланған әскермен шеруге шыққандарды аяусыз жаншыды, итке талатты, бас-көз жоқ ұрып соқты. Кремльден кесепатты бұйрықтың пәрмені солай аласапыран құбылды.

    Қазақ жастары Алматыда, Талдықорғанда, Ақмолада, Орталық Қазақстанның бірнеше елді мекендерінде тоталитарлық билік жүйесіне қарсы көтеріліп, өкіметке саяси талаптар қойды. Желтоқсан көтерілісі сол кездегі кеңес одағының керегесін шайқалтып, КСРО-дағы ашық демократиялық үрдісінің негізін қалаушы оқиғалардың бірі болды. Белгілі ән-өлеңінде айтылғандай, «желтоқсан гүлді солдырып, нұрды оңдырып, көңілде мұңды із қалдырып» қана қойған жоқ, сонымен бірге және ең маңыздысы – халқымыздың ең алдымен жас буынның ұлттық санасын оятумен, ұлттық намысын көтеруінде болды. Ол еліміздің тәуелсіздік алуының алғышарттарын дайындауға қызмет етті. Қатыгездігі мың батпан солақай саясат орын алған соң, жүздеген еркіндік аңсаған ақ ниетті жас азаматтар алаштың арманын асқақтатып, кеудемсоқтықты көксегендерге ойсырата соққы жасады. Мұндай тегеурінді қарсылықтың болуы тиіс емес деп есптейтін кеудесіне нан піскен КОКП төбе шашы тік тұрып, «бұл нағыз қазақ ұлтшылдығы» деп апыл-ғұпыл баға беріп тастады. Олар үшін, әрине, бұл оп-оңай шаруа. Ал, сонда халық намысын қайда қоймақпыз? Орталық партия комитетіндегілер қазақ жастарының Респубика алаңына шығуын нашақорлардың, маскүнемдердің әрекеті деп жалпақ жұртқа жария етті. Уақыт өте өздері ушықтырып, күш қолданғандықтарын бүркемелегісі де келді. Бұл үлкен оқиғаны тент ектік әрекетке балауы көрсоқырлық еді. Көп ұзамай шындықтың бет пердесі ашылды. Оған көзі жеткен кеңес одағының тізгінін ұстаған серкелер «қазақ ұлтшылдығы» деген КОКП шығарған қаулының, яғни, қазақ халқына жабылған жаланың күшін жоюға мәжбүр болғаны белгілі. Жазықсыз, қиянатпен жоғары оқу орындарынан шығарылған, сотталған сан мыңдаған қыз-жігіттер кейін ресми ақталды. Бірақ, олардың жүректерінде қалған қаяу, сызат-дақ кете қойды ма екен?! Талайы зардабын шегіп, қасіретін тартты. Қаншама өрімдей жасөспірімдер қанаты қайырылса да намысын жерге таптатпай, еңселерін биік ұстады. Бірақ, сырын сыртқа шығармай, шерін тарқата алмай іштен тынды. Заман райы солай болды. 1991-жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Шын бағасын иеленбеген желтоқсан көтерілісін жай оқиға деу қиянат екенін дауыстап айтуға мұршамыз келеді.

    Мұстафа Ататүрік айтқандай, «шынжырларды балқытып, тәжбен тақты күйрететін күшті нұр- ұлттық егемендігімізге қолымыз жетті». 

    Өсер  елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

    Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

    Өздеріңдей  өр намысты жас өркені бар елдің 

Информация о работе Тәуелсіздік мерекесі