Тәуелсіз Қазақстан мұраттарының Алаш идеяларымен сабақтастығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2012 в 23:41, реферат

Описание работы

Қазақстанға Сталин жендеті Голощекин келгенше Алаш қозғалысы, Алаш орда өкіметі оның серкелері туралы әредік обьективті пікірлер де айтылып отырды. Бұл ретте Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қоғамдық-шығармашылық қызметі туралы М.Дулатов очеркі мен М.Әуезов мақаласын, Мағжан Жұмабаевтың ұлы ақындық сырын ашқан Ж.Аймауытов эссесінің салмағы мен құны, ғылыми және танымдық мәні бүгінде бір мысқал төмендеген жоқ.

Работа содержит 1 файл

Тәуелсіз Қазақстан мұраттарының Алаш идеяларымен сабақтастығы реферат.doc

— 62.00 Кб (Скачать)

     Бұл идеялар қазақ әдебиетінде бұрынна  бар үлгілермен қоса жанрлық формалар арқылы жүзеге асырылып, роман, драма, публицистиканың соны түрлері туды. Әлеи әдебиетінің классикалық шығармалары аударылды. Сөйтіп, әсіресе Абай сабақтарын нысана тұтқан, бұрынғы озық дәстүрлерді жалғастырған жаңа сапалы Алаш ұранды әдебиет тарихымыздағы ерекше кезең болып табылады. 

     Кеңес өкіметі, компартия тап тартысы, саясат шаруашылық саласында ғана емес, ғылым, білім, идеологияның да тізгінін қатал тартып ұстап отырды. Дәлірек айтқанда, марксизм-ленинизм ілімін темір заңға айналдырды, бұра тартқандардың басын шапты, тілін кесті. Орасан зор мақсатты іске асыру үшін арнаулы ұйымдар құрылды (Пролетар жазушылардың ассоциациясы, Жазушылар Одағы), партия, қауіпсіздік комитеттерінде өнер қызметін бақылап, бағыттап, тексеріп, жазалап отыратын арнаулы бөлімдер болды. Бұлар жазушы, әнші-күйші, суретші, композитор, сәулетшілердің жазған-сызған, істеген-жасағанын ғана емес, жүрген-тұрғаны, ішкен-жегені, ымдаған-сөйлегеніне дейін түгел аңдып, жіпке тізіп, біліп отырды. Тап тартысы, орыс үстемдігі, коммунистік мұратқа көлеңке түсіретін  сәл нәрсенің өзі қырқылып, өшіріліп, жойылды. Бұл үшін жоғарыдан қаулы-қарарлар түсірілді, оларды талқылайтын, жан беріп, жан алатын жиналыстар өтті, «күнәһарларға» тас боран жасалды. Кеңестік идеология санасына әбден сіңген, соған ұйыған, Алланы ұмытқан, мұсылмандықтан безген, обал-сауапты, рахым-қайырды білмейтін қаныпезерлер әулеті қалыптасып, олар ел тарихын мансұқтап, отаршылар алдында бас шұлғып, ұлттық игіліктерден безіп шығып, санаткерлер төбесіне әзірейіл қамшысын үйірді.

     Бірнеше репрессия, қызыл қырғыннан кейін  ұлы қайраткер, қаламгерлерінен  айырылып, есеңгіреп қалған, тұла бойын түрме, азап, ажал қорқынышы билеген жазушылар біріне-бірі сенбеді, аяғын аңдып басты, шошынды. Сөйтіп табиғи дарын еңсесі түсіп, қор болып, партия не айт десе соны айтты. Көр-жерді, бір күндік науқанды әуезе етті. Тырнақтай қабілеті жоқ әлдекімдер таудай талант иелеріне уағыз айтты, не жақсы, не жаманды үйретті, арыстанның басына албасты шықты.

     Уақыт өтті. Заман өзгерді. Кешегі бай, кедей, завод, фабрика, колхоз, совхоз, 8 март, 23 февраль, 1 май, Халықтар достығы, Октябрь революциясы, Ленин, коммунист, азамат соғысы, колхоздастыру, индустрияландыру, Отан соғысы, шаруашылықты қалпына келтіру, тың шабуылы, космосты игеру секілді тақырып қуалап, саяси тапсырыспен өнер заңдарын мансұқ етіп, соцреализм талаптарына жауап ретінде жазылған дәмсіз, нәрсіз, өтірік шығармалар бүгінде жер жастанды. Бірақ саптаяққа ас құйып, басынан қарауыл қарап, қаһарлы қылыштан қан тамып отырған қат-қабат қайшылықты заманда зорлық-зомбылық көріп, боздақтары қуғын-сүргінге ұшырап, мерт болғанмен, тірілер тірлігін жасады, қазақтың ұлы сөзі – қазақтың әдебиеті өлген жоқ. 

     ХХ  ғасырдағы қазақ әдебиеті әлемдік  көркемдік тәжірибені меңгерген  дарынды қаламгерлер жасаған, барлық жанрларда дамыған, сұлулық жүйесі қалыптасқан, биік эстетикалық деңгейге көтерілген маманданған өнер екенін тамаша туындыларымен әйгілеп берді. Алаш ұранды әдебиет мұраттары ілгері дамып, жай көзге оп-оңай шалына бермейтін, өнердің ғажайып ұлттық игілік, асыл арна, биік нысаналары көгала толқын іспетті ағыстар талантты қаламгерлер шығармаларында өрістен өріске көтеріліп, жаңа арналар тауып, буы бұрқырап жатты. Саясаттан қашу, тоталитаризм құрығынан құтылу үшін қаламгерлер шыншыл сөз өткізудің сан алуан тәсілін тапты: бүгінгі тақырыптардан кетіп, тарих қойнауына сүңгіді; астарлы, емеурін ой айту амалдарын меңгерді; сөз өнерінің табиғатына жат сарындардан безді. Көкейкесті сырларды бейнелі, суретті, ишара сырлы сөзбен айта білген үздік шығармалар халық махаббатына бөленді, ұлттың рухани игілігіне айналды; еліміздің тұрмыс-салтын, тарихын, мінез-құлқын өзге жұрттарға таныстырды. 

     Алаш  тарихын 1917 жылдан бастау шындыққа келмейді деп білеміз. Тұтастай алғанда қазақ  халқының ұлт-азаттық қозғалысының нақты әрекеттері, әдебиеті мен музыкасындағы  сарын-мотивтер, данагөйлерінің ой тағылымындағы сан ғасырлық рухани қуат 1905 жылы жанартаудай атылды. Бұл әйгілі Қарқаралы құзырхатында (петициясында) көрініс берді. Қазақ елі орыс патшалығына қарағаннан кейінгі әлеуметтік – саяси жағдайға толық баға берілген. Жер-суға, экономикаға, мемелекеттік құрылысқа, мәдениетке, дінге, мектепке қатысты талаптар нақты айтылған. Осы көкейкесті ойлар 1913 жылдан шыға бастаған «Қазақ» газетінің негізгі арнасын құрады, 1917 жылы құрылған Алаш партиясы бағдарламасының жұмыс жүйесіне айналды.

     Алаш  қайраткерлері шоқ жұлдыз іспетті қазақ елінің барлық өлкелерінде туған аса дарынды, жан-жақты таланттар. Олар партиялық ұйымдастыру істерінде, құрылтайлар өткізуде, бағдарлама жасауда, көркем әдебиетте, публицистикада, ғылымда, педагогикада, дипломатияда қатар, тең еңбек ете білді. Партияға мүше болған, ұлт үшін жандарын қиған мыңдаған қатардағы қаракөз тағы бар.

      Алаш  мүшелерін түгелдей қырып тастағанмен, олардың идеялары қазақ халқының санасында, жаужүрек перзенттерінің іс әрекетінде жалғасып жатты. Бұл ретте  Алаштың бас шығармасын тудырған Мұхтар Әуезов, коммунист бола жүріп алаш идеяларын іске асырған Смағұл Садуақасов, Ілияс Омаров, Бауыржан Момышұлы, Ілияс Есенберлин, Ермұхан Бекмаханов, Бейсенбай Кенжебаев, Жұмабек Тәшенов, Өзбекәлі Жәнібеков ерліктері ұмытылмақ емес.  

     Тірі  болсам, хан баласында  қазақтың хақысы бар  еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын.

Әлихан  Бөкейхан


Информация о работе Тәуелсіз Қазақстан мұраттарының Алаш идеяларымен сабақтастығы