Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 17:12, реферат
Жер сілкінісі ойда жоқта келгенін ескерсек, төтенше жағдай кезіндегі өз әрекеттерін алдын-ала жоспарлап қою өте маңызды. Белгілі бір жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін білгенде, өз өмірін сақтап қалу мүмкін. Негізінде, өлім және жер сілкінісі кезіндегі алған жарақаттардың себебі жер асты дүмпуі емес. Өлімдердің көбі ғимараттардың қирауы, сынықтар мен пеш мұржаның және көшедегі жарықтандыру бағананың сынықтары және т.б. сияқты заттардың құлауы нәтижесінде пайда болады.
Түрлі күштегі сейсмикалық көріністер Қазақстан Республикасы аумағында жиі кездеседі. Әрбір жер сілкінісіне мән бермеген жөн.
Үстірттің әлсіз тербелістері (5 баллға дейін) Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және басқа аудандарында жылына бірнеше рет болып, зақым келтірмейді.
Бірақ, егер тербеліс күші бірден немесе бірте-бірте 5-6 баллға дейін жететін жер сілкінісі басталса, - бұл қауіпті нышан. Бұдан кейін оқиғалардың үштен бірінде тербелістер 7 және одан да жоғары баллға дейін жетіп, күштірек болады.
Жер сілкінісі ойда жоқта келгенін ескерсек, төтенше жағдай кезіндегі өз әрекеттерін алдын-ала жоспарлап қою өте маңызды. Белгілі бір жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін білгенде, өз өмірін сақтап қалу мүмкін. Негізінде, өлім және жер сілкінісі кезіндегі алған жарақаттардың себебі жер асты дүмпуі емес. Өлімдердің көбі ғимараттардың қирауы, сынықтар мен пеш мұржаның және көшедегі жарықтандыру бағананың сынықтары және т.б. сияқты заттардың құлауы нәтижесінде пайда болады.
ЖЕР
СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? ҮРЕЙЛЕНБЕҢІЗ!
Ең маңыздысы - сабырлы болып, үрейсіз
әрекет ету. Бірақ жылдам қозғалуыңыз
қажет. Ретсіз іс қимыл жасамағаныңыз
жөн, өйткені осыдан үрей туындайды. Балалар
мен егде адамдардың қамын ойлаңыз (олардың
кейбіреулері жылжуда қиыншылықтарға
тап болуы мүмкін).
ТҰРҒЫН
ЖАЙДА:
газ, су, және жарықты сөндіріңіз;
алдын ала таңдалған орында (іргелі ішкі
қабырғалардың арасы, іргелі ішкі қабырғалардың
бұрыштары, колонна жанындағы және каркас
астындағы орындары) тығылыңыз;
терезеге жақындамаңыз;
есік жақта үрейді туғызбай, лифтіні пайдаланбаңыз.
КӨШЕДЕ:
ғимараттардан алысырақ ашық жерге барыңыз,
үзілген сымдардан абай болыңыз;
ғимараттарға кірмеңіз.
КӨЛІКТЕ:
мүмкіндігінше тез арада ашық жерде тоқтаңыз;
дүмпулер аяқталғанша көліктен шықпай,
орныңыздан қозғалмаңыз;
автобус жүргізушісі есікті ашып қоюы
тиіс.
ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН
КЕЙІН:
сабырлылықты сақтаңыз, зардап шеккендерге
көмектесіңіз;
радиоқабылдағышты қосыңыз, жергілікті
биліктің, азаматтық қорғаныс штабының
нұсқауларын қадағалаңыз;
аса қажеттіліксіз телефонды ұстамаңыз;
зақымдалған ғимараттарға аса қажеттіліксіз
кірмеңіз;
жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киіңіздер,
құтқарушы және басқа шұғыл жұмыстарға
қатысыңыздар.
Жер
сілкінісі кезінде қауіп-қатерді
болдырмау үшін арналған
жалпы ұсынымдар:
жиһаздың ауыр заттары құлайтын жерде
ұйықтауға болмайды. Салмақты ауыр заттарды
еденге немесе қабырғаға шегелеп қою қажет.
Биік сөрелерге
ауыр заттарды қоймаңыз, өйткені олар
құлап адамдарды жарақаттауы мүмкін.
Егер дежер сілкінісі түнде болса шамды
даярлап қою керек.
Төтенше жағдайлар туындағанда жеткілікті
көлемде ішетін сумен тағам болу керек.
Әрбір адам әр түрлі жағдайларда әрекет ету жоспарын өзі жасау керек. Жер сілкінісі кезінде өзі және отбасы мүшелерінің әрекет ету жоспарын анық білу қажет. Және де жер сілкінісі кезінде сабырлылықты сақтаңыздар, лайықты іс жасап, ҮРЕЙГЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!
СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Су
тасқынына қалай
дайындалу керек
Егер де Сіздің аумағыңыз су тасқынынан
жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің
шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге
жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын
жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды
зерделеп, еске сақтаңыз.
Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей
көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар
кенеттен және буырқанып келе жатқан су
тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз.
Қайықтар, салдарды және оларды жасау
үшін құрылыс матеиалдарын сақтау орындарын
еске сақтаңыз. Көшіру кезінде алып шығатын
құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің
тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы
чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды,
қажетті жылы затарды, азық-түлік қорын,
су және дәрі-дәрмекті салыңыз.
Су тасқыны кезінде
қалай әрекет ету керек
Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды
алғаннан кейін күттірместен, белгіленген
тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар
мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік
қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті
аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа
немесе дөңестеу жерлерге барыңыз (шығыңыз).
Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз.
Үйден кетер алдында электр қуаты мен
газды сөндіріңіз, отын жағу пештеріндегі
отты өшіріңіз, ғимараттың сыртындағы
барлық қалқитын заттарды бекітіп қойыңыз
немесе қосымша жайларға орналастырыңыз.
Егер де уақытыңыз болса үйдегі құнды
заттарды шатырға немесе жоғарғы қабаттарға
орналастырыңыз. Есңктер мен терезелерді
жауып, қажет болса және уақыт жеткілікті
болса бірінші қабаттың терезелері мен
есіктерін сыртынан тақтайлармен жабыңыз.
Оған қоса, үнемі апат туралы дабылды беріңіз:
күндіз – жақсы көрінетін шүберекті ағашқа
байлап іліп немесе бұлғау, ал түнде жарықтық
дабылмен және дауыс беру қажет. Құтқарушылар
келген кезде дүрбелең тудырмай, сақтық
шараларын сақтай отырып, жүзу құралдарына
көшіңіз. Құтқарушылардың талаптарын
мүлтіксіз сақтап, жүзу құралдарының шамадан
тыс жүктелуіне жол бермеу керек. Қозғалу
кезінде белгіленген орындардан кетпей,
бортқа отырмаңыз, экипаждың талаптарын
мүлтіксіз орындаңыз. Су басқан ауданнан
тек қана зардап шеккендерге медициналық
көмек қажет болғанда жағдайлар, су деңгейінің
көтерілуінің жалғасуы, жоғарғы қабаттарды
(шатырларды) су басу қаупі болу сияқты
себептер болған кезде ғана өздігінен
кетуге кеңес береді. Бұл кезде сенімді
жүзу құралы болып және қозғалыс бағытын
білу керек. Өздігінен шығу кезінде апат
дабылын беруді тоқтатпау керек. Суда
малтып жүрген және батып жатқан адамдарға
көмек көрсетіңіз.
Егер адам батса
Батып жатқан адамға жүзетін зат лақтырып,
оны сергітіңіз, көмек шақырыңыз. Зардап
шегушіге бару кезінде өзен ағысын ескеріңіз.
Егер батушы адам өзінің іс-әрекеттерін
бақыламаса, оның артынан жүзіп барып,
шашынан ұстап алып, жағалауға сүйреңіз.
Су тасқынынан кейін
қалай әрекет ету керек
Ғимаратқа кірер алдында қандай-да болмаса
бір заттың құлау немесе қопарылу қаупі
бар ма жоқ па тексеріңіз. Жайды желдетіңіз
(жиналып қалған газдан тазарту үшін).
Жайларды толық желдетпейінше және газбен
қамту жүйесінің жарамдығын тексермейінше
электрді қоспаңыз, ашық отты пайдаланбаңыз
және сіріңкені жақпаңыз. Электр өткізгіштердің,
газбен қамту, су және канализация құбырларының
жұмысқа жарамдылығын тексеріңіз. Олардың
мамандардың көмегімен тексеріп жарамдылығына
көз жеткізгенбейінше қолданбаңыз. Жайларды
кептіру үшін есіктер мен терезелерді
ашыңыз, едендегі және қабырғалардағы
кірді жуып, подвалдардағы суды шығарыңыз.
Сумен тікелей жанасқан тамақ өнімдерін
пайдаланбаңыз. Құдықтарды тазартуды
ұйымдастырып ондағы лас суды шығарыңыз.