Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 13:40, шпаргалка
Ежелгі түркі елі, түркі жұрты ұлы тарихи оқиғалардың ортасы әрі күәгері болған. Солай десек те, кеңестік тарихнамада 1917жылғы қазан төңкерісіне дейін қазақ та, түрікмен де, қырғыз да, өзбек те, әзірбайжан да өз тарихында толыққанды мемлекет болған деп, ұлтымызды дәстүрсіз, тамысыз деп, құ тақырда жаралған етіп көрсетуге тырысты.
Қысқаша баяндама
Түркі
тайпаларының түп
тамыры
Бүгінгі конференцияда сөз сөйлеу үшін қарастырған тақырыбым «Түрік тайпаларының түп тамыры». Бұл тақырыпты алудағы мақсатым, Біз тарихымызды, түп тамырымызды, шыққан тегімізді білместен, бүгінгі күнімізді біле алмаймыз. Міне осыған байланысты бүгінгі конференцияға дайындаған қысқаша баяндаманы бастауға рұқсат етүлеріңізді сұранамын.Тақырыпқа байланысты кіріспені айтып өтейін.
Ежелгі түркі елі, түркі жұрты ұлы тарихи оқиғалардың ортасы әрі күәгері болған. Солай десек те, кеңестік тарихнамада 1917жылғы қазан төңкерісіне дейін қазақ та, түрікмен де, қырғыз да, өзбек те, әзірбайжан да өз тарихында толыққанды мемлекет болған деп, ұлтымызды дәстүрсіз, тамысыз деп, құ тақырда жаралған етіп көрсетуге тырысты.
Бірақ түркі елінің ежелгі тарихы біздің заманымыздан бұрыңғы ІІІ ғасырдан, ертедегі хундар империясының құрылу кезеңінен басталады да, біздің заманымыздың ІХ ғасырын қамтиды. Бұл ерте дәуір тарихының өзі-біріңғай археологиялық деректер тарихы ғана емес, көбіне деректер негізіндегі тарих. Демек, біздің заманымыздан бұрыңғы ІІІ ғасыр мен бергі ІХ ғасыр арасындағы хундар, түркілер дәуірі-біздің рухани қазыналарымыз, түркі жұртының мәдениет тарихының деректі көздері. Ал орта ғасырдағы түркілер елі, түркі жұрты Х-ХІV ғасырларда өзінің бай жазба тарихын жасады. Түркілердің этникалық негізі болған тайпалар мен халықтардың және хун, түркі империяларының құрамына кіріп аралас-құралас күн кешкен 20-дан астам түркі жұртының ру тайпаларының аты бізге жетті, олар: печенег, қымақ, қыпшақ, оғыз, иемек, башқұрт, басмыл, қай, ябақу, татар, қырғыз, шігіл, тухси, яғма, ұграқ, шарух, жұмылы, ұйғыр, таңғұт, қидан т.б. Бірақ кеңес заманындағы «пантюркис» деген сойқан сөз «халық жауы» деген мағынада қолданылып, Отан сүйер, ұлт сүйер есіл ерлердің басын жұтқандықтан, ежелгі ел екенімізді ұмытып, Ресейдің қол астындағы «тегі жоқ тексіздер», «жазуы жоқ, сызуы жоқ жабайылар» болып шыға келдік. Бүгінгі күні еліміз тәуелсіздігін алып, ертеңіне сеніммен қол созған шақта, тегін тануға талпынған халқымыздың талабын қанағаттандыру, оның өткенін білуіне көмектесу-тек тарихшы ғалымдардың ғана міндеті емес, елін, жерін, халқын сүйген әрбір зерделі азаматтың бұрышы ...
Түркілер белсене араласқан хун империясы біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырда өмір сүрсе, түркіллердің өздері құрған Түркі империясы бізідің заманымыздың VI ғасырына жатады Одан кейін құылған Моңғол империясы-біздің заманымыздың ХІІІ ғасыры. Бұлардың алғашқы екеуін түркі тектес халықтар құрды, ал моңғол империясын құруда негізгі күш және мемлекеттік тұжырымдама түркілердікі еді. «Хұн империясы ежелгі түркі мемлекеті болып саналады», -дейді белгілі түріктанушы Н.А.Аристов. Оның пікірінше, б.з.б ІІІ ғасырда хундар түркіше сөйлеген.
Хундар біздің заманымыздың үш ғасырдай бұрын аса құдретті күш ретінде әлем тарихының сахнасына шыққан, яғни б.з.б. 207 жылы көшпелі Хун мемлекетінің құрылуы аяқталды. Біздің заманымыздың V ғасырында Шығыс Еуропада бүкіл парсы, роман, герман халытарының үрейін ұшырған Аттила басқарған Хун империясы құрылды. Оған негіз болған тайпалардың бірі түркілер еді. Олардың кейінгі ұрпақтары - қыпшақтар, бұлғарлар, хазарлар, печенегтер, аландар, мадиярлар т.б. бұрынғы түркі тектес халықтар болатын. Хундар дәуірі біздің заманымыздың ІІІ ғасырынан бұрын басталып, б.з. V ғасырына дейін созылды. Хун империясы кезеңінде малға, жерге жеке меншік қалыптасты, өрескел бюрократтық ақпарат қалыптасты. Салық түрлері енгізілді, таптық қоғам мен мемлекетке айналу басталды. Хун империясы ыдырағаннан кейін, Еуразия алқабында Түркі империясы дүниеге келді. VІ ғасырдан ХІІ ғасырға дейін түркілер бірде бірігіп, бірде бөлініп өмір сүрді, бірақ түркі халықтарының бәріне түркі тілі, мәдениеті, дәстүрі ортақ болды.
Түркі елі өзі өмір сүрген 1500 жыл ішінде төрт рет гүлдену-өрлеу, төрт рет дағдарыс-құлдырауды бастан кешірді.
Бірінші өрлеу-біздің заманымыздың VІ ғасырында Еуразияны жайлаған ежелгі түркі тегінен шыққан тайпалардың, халықтардың бірігіп, бірінші түркі қағандығын (империясын, 551-630жылдар) құрған кезі. Бұл империя кең байтақ аумақты-Моңғолияны, Енисейдің шығыс жағын, Байкал жағалауын, ал батысында Қырымға дейін, Оңтүстікте Амударияның бастауына дейін қамтыды.
Түркі елі 679-744 жылдары екінші рет гүлдене бастады. Бұл кезеңде Құтлық (Елтеріс) тоз-тоз болған түркі халқын жинап, 679-683 жылдары қытайлардан Шығыс Түркі қағандығының жерін азат етті. Түркілер қайтадан ілгері елге айналды. Шығыс Түркі қағандығының жері Манчжуриядан Сырдарияға дейін кеңейді, даңқы тағы да жер жарды.
Түркі елінің үшінші рет гүлденуі – экономикалық-саяси, мәдени өрлеуі Х-ХІІ ғасырлардағы қарахандықтар кезінде болды. Қарахан мемлекеті Шығыс Түркістаннан Сырдарияның орта ағысына дейінгі аумақты біріктіріп, түркі тайпаларының мемлекеттік бірлігін нығайтты. Өзіне дейінгі екі Түркі қағандығының мемлекеттік салт-дәстүрлерін жалғастырды. Қарахан мемлекеті кезінде отырықшы және қалалық мәдениет дамыды. ХІ ғасыр соңында Қарахан мемлекетінің құлдырауы байқалады.
Түркі елінің төртінші дағдарыс-құлдырауы орыстардың Ақ Орда ханы Тоқтамыспен одақтасып, 1380 жылы Алтын Орда ханы Мамайды жеңіп, ал 1389 жылы Темірдің Алтын Орда ханы Тоқтамысты талқандауынан басталды, бұл кезең Еуопа, Ресей және Қытаймен бірде дос, бірде қас сипатта 600 жылға созылды.
Адамзат тарихында өшпес із қалдырған үш империя; Хун империясы (б.з.б. ІІ ғасыр), Түркі империясы (б.з.б. VІ ғасыры), Моңғол империясы (ХІІІ ғасыр), туралы сөз болады. Өйткені құнарсыз топыраққа егін шықпайтыны сияқты, халықсыз тарих жоқ, тарихсыз халық жоқ. Моңғол халқы: «Ата-бабасының тарихын білмеген адам ну орманда адасқан маймылмен тең» деп тұжырымдаса, қазақ халқы: «Жеті атасын білмеген - жетесіздің белгісі» деп, ата тарихын білуді меңзейді.
Еуразия құрлығындағы ұлы даланы мекендеген алғашқы адамдар.
Түріктер - Еуразиядағы ең ірі этностардың бірі, оның тарихында маңызды роль атқарған және қазірде сол дәстүрді жалғастырып келе жатқан түркі халықтары. Тарихи аренада түркілер кейінгі кезде – V-VI ғасырда пайда болғанымен, түрік этностарын көне екендігін дәлелдейтін қолда бар археологиялық материалдар толық жеткілікті. Адамзат тарихы дәуірі, мыс (немесе қола) дәуірі, темір дәуірі болып әйгілі үштік жүйеге бөлінеді. Рас бұлайша болу адамзат тарихының жолдарын елестетуге ұрымтал болғанымен, уақыт аясында хронологиялық ретпен саралауда барлық өңірлердің тарихымен бірдей сәйкес келе бермейді. Сондықтанда, бүгінгі тарих ғылымы адам баласының пайда болу, даму кезеңдерін уақыт аясында елестету үшін геологиялық хронологияларға арқа сүйейді. Геологиялық таным Жердің тарихын төрт дәуірге бөледі. Олар: Архей, палезой, мезазой, кайнозой деп аталады. Әр бір заман өз ішінде кезеңдерге, әрбір кезең дәуірлер мен ғасырларға бөлінеді. Кайнозой өз ішінде екі кезеңге бөлінеді. Бірі шамамен 60 миллион жылға созылған геологиялық үштік кезең. Екіншісі шамамен 1 миллион жыл бұрын басталып, бүгінгі күнге дейін жетіп отырған ширектік кезең. Осы ширектік кезеңнің өзі екі дәуірге бөлінеді. Біріншісi- плейстоцен - дүниені мұз басқан дәуір. Екіншісі – голоцен - мұздақтан кейінгі дәуір.
Жер бетін соңғы рет жапқан мұздақтан кейінгі дәуірдің адамын бүгінгі ғылыми пайымдаулар «саналы адам» (хомосапиэнс) деп атап жүр. Қазіргі адамдар тақілеттес осынау саналы адамға бұдан 30-40 мың жыл бұрын өмір сүрген неонтроптар жатады.
Біздің заманымызға
дейінгі ХІІ мыңжылдықтан
Қазақстан тас ғасырында
Адамзат тарихының ең ежелгі сатысы - тас ғасыры. Ол үш кезеңнен тұрады: палеолит-ерте тас дәуірі, мезолит - орта тас дәуірі, неолит-жаңа тас дәуірі. Полеолиттің өзі ерте, орта, кейінгі болып үшке бөлінеді. Қазақстан аумағынан табылған алғашқы адамдар іздері - тастан жасалған еңбек құралдары ертедегі полеолит дәуіріне жатады. Олардың жасы І миллион жылға жуық. Неолит б.з.д. V мыңжылдықпен ІІ мың жылдықтың екінші ширегі аралығын қамтиды. Қазақстанда осы дәуірге жататын 500 ден астам ескерткіштер табылды. Олар: Қаратаудағы Қараүңгір, Батыс Қазақстандағы Құлсары, Солтүстік Қазақстандағы Атбасар, Мақанжар жіне Ботай ескерткіштері т.б.
Қазақстан қола дәуірінде
Қола дәуірінде Қазақстанды, Орта Азияны және Сібірді тегі бір Андронов мәдениетіне жататын туыс тайпалар мекендеді. Алғашқы ескерткіштің табылған жері Сібірдің Оңтүстігіндегі Ачинск қаласы маңындағы Андронова селосиның атына қарай бұл археологиялық мәдениет ғылымда шартты түрде «Андронов мәдениеті» деп аталады. Андронов мәдениеті үш кезеңге бөлінеді: Ерте қола дәуірі - б.з. дейінгі ХVІІ - ХVІ ғ.ғ., орта қола дәуірі - б.з. дейінгі ХV - ХІІ ғ.ғ., кейінгі қола дәуірі б.з.д. ХІІ - VІІІ ғ.ғ. Мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысқан. Көкке, күнге, отқа табынған.
Түркілер дүниесіне жалпы сипаттама (VI-XIII ғ басы)
Біздің заманымыздың VІ ғасырынан бастап моңғол шапқыншылығына дейінгі кезең отандық тарихта «түркі дәуірі» немесе ерте орта ғасырлар деп аталады. Алты ғасырдан астам уақытты қамтитін бұл кезең несімен ерекшеленеді? Бұл кезең біріншіден, Қазақстан тарихындағы күрделі өзгерістермен ерекшеленеді. Бұл кезеңде әлемнің басқа аймақтарындағы (мысалы, Еуропа) сияқты қазақ даласында да феодалдану процесі жүрді. Екіншіден, байырғы халықтың, атап айтқанда қазақ халқының этникалық тегінің қалыптасуы тездей түсті. Үшіншіден, көшпелі шаруашылықпен бірге қала мәдениеті де дамыды, қазірге дейін келіп жеткен әдет - ғұрыптар мен салт дәстүрлер және әлемдік өркениеттің бір бөлігі болып табылатын өзіндік өркениет - көшпелілер өркениеті одан әрі жетілдірілді. Төртіншіден, аталған уақытта Қазақстан аумағында түркі тілдес бір неше мемлекет өмір сүрді. Олардың ұқсас шаруашылығы мен мәдениетімен бірге бірін- бірі толықтыра түскен өзіндік ерекшеліктері де болды. Олар:
Түрік қағандығы (V ғасырдың ортасынан 603 жылға дейін) – Шығыс Кореядан бастап Қара теңізге дейінгі жерлерді қамтыды; Батыс түрік қағандығы (603-704)- Шығыс Түркістан мен қазіргі Қазақстан аумағы және Орта Азияның бір бөлігі; Түркеш қағандығы (704-766)-біріңғай Қазақстан аумағын қамтыған тұңғыш мемлекет; Қарлұқ мемелекеті (766-940); Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғ. басы)-Сырдария бойы, Арал маңы, Батыс Қазақстан; Қимақ мемелекеті (ІХ-ХІ ғ. басы) – Ертістен Еділге дейінгі аумақ; Қарахан мемлекеті (942-1210)- Жетісу, Оңтүстік Қазақстан және Орта Азияның бір бөлігі; Қыпшақ хандығы (ХІ ғ.басы – 1220)- Алтайдан Дунайға дейінгі аумақ.
VI ғасырдан бастап Еуразияның тарих сахнасына шыққан түркі тілдес тайпалар мен халықтар бірте - бірте шығыстан батысқа қарай ағылып жаңа мемлекеттердің пайда болуына және Еуразияның саяси картасын өзгертуге ықпалын тигізді.
Түркі тайпаларының алғашқы мол легі Қазақстан мен Орта Азияның көп бөлігін мекендеп қалса, кейінгі тобы Иран мен Закавказьеге, Қара теңіз жағалауына, ХІ ғасырда оғыздар мен түрікмендер Кіші Азияға қоныс аударды. Осылайша қазіргі түркі тілдес мемлекеттердің- Түркияның, Қазақстанның, Қырғызыстаннның, Өзбекістанның, Түрікменстанның және Әзербайжанның негізі қаланды.
Қазіргі түркі тілдес мемлекеттердің жалпы жер көлемі 11 млн. Шаршы шақырымды құрайды, ал халық саны 160 млн-ға жуықтайды. Яғни түркі тілдес мемлекеттер бүкіл жер құрлығының (Антарктиданы қоса есептегенде) жеті пайыздан астамын, бүкіл халықтың 2,5 пайызын қамтиды. Бұл халықтардың Еуразияның қатал табиғатын, сайын даласы мен құмды шөлдерін икемділікпен тиімді пайдалана білгенін және соған лайықты мәдениетін жасап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізе білгенін де айту әбден орынды.
Қазіргі уақытта түркі дүниесінің тарихы мен мәдениетін зерттеп, оны әлем жұртшылығына мойындату және жаңарту мақсатында едәуір жұмыстар атқарылуда. Бауырлас халықтардың ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері бірлесіп жұмыс жасауда, өзара тәжірибелер алмасып, бұл салада бір біріне қол ұштарын созуда. Мемлекет және үкімет басшылары бас қосып ортақ мақсатқа арналған іс – шараларды жүзеге асыруда.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Түркі халықтарының тарихы, К.Р.Аманжолов, Алматы «Білім», 2002, 2 томдық, 1-том, 3-12 беттер.
2. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін, Очерк, Алматы, 1994, 8-13 беттер.
3. Қазақстан тарихы, М.Б.Мұхамедов, Б.Сырымбетұлы, Алматы, 2010, 36-38 беттер.
4. Қазақстан тарихы, Сейдехан Әлібек, Алматы, 2010, 7-8 беттер.