Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 08:28, реферат
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мөдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен Алтай өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жөне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстаты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі"терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған.
1 Өмірбаяны
2 Хан тұсындағы сыртқы саясат
3 Абылай хан: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі!»
4 Тарихи жыр
5 Сыртқы сілтемелер
6 Пайдаланған әдебиет
Абылай хан
Абылай (Әбілмансұр)
хан — (1533—1537) билік құрғаны. Абылай
хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ
мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті
мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан,
бергі бабалары қазақ ордасының негізін
салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы
ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай
– Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір
ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады.
Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда
Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті
билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына
барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке
шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып,
қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан
көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр
(кейін қазаққа хан болып Абылай атанған)
«ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім
қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді.
Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп
кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ»
деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет
төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың
айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі
болса керек.
Жоспар
1 Өмірбаяны
2 Хан тұсындағы сыртқы саясат
3 Абылай хан: «Ешқандай Барабы татарларын
естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі!»
4 Тарихи жыр
5 Сыртқы сілтемелер
6 Пайдаланған әдебиет
Өмірбаяны
Төле бидің тәлім-тәрбиесінде
болуы Абылайға зор ықпал жасады.
Қазақ даласының даналығын
Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.
Абылайдың жиырма жасы қай
жылға сәйкес келуіне байланысты,
қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам
айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай қатысқан
алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері,
тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай
жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға
қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайқасына
қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың
1730-33ж. Болған бір ірі шайқасқа қатысқаны
дау тудырмайды. Тарихи деректерден
Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың
арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше
үлкен ұрыстар болғаны белгілі.
1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам
әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі
ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа
тап болады. Абылайдың жиырма жасы
1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол
жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен
майдан болғаны қытай деректерінде
атап көрсетілген. Абылайдың әскери
қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40
жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді.
Осындай жан алысып жан беріскен
соғыстардың бірін Бұқар жырау
«Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп…»
деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың
қанды көйлек жолдастары: Қаракерей
Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ
Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты
Наурызбай т.б. қазақтың белгілі
батырлары тізе қоса қатысады. Бұл
да Абылайдың жауға қарсы қазақ
халқының басын біріктіре білгендігінің
дәлелі болып табылады. Бірте-бірте
ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның
немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың
қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен
ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет
ақылшы аға болып қалып, кеңесші
хан дәрежесімен шектеледі. XVIII ғасырдың
30-жылдарының аяғында Абылай есімі
бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет
ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы
А.И.Левшин: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке
ханның орнына хан сайлаудан бұрын
Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей
хандық билік жүргізген»,- деп жазды.
Ш.Уәлиханов та осы пікірді қолдайды.
Хан тұсындағы сыртқы саясат
1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар
басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді.
1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған
жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі.
Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы
күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының
біріне айналған Абылайдың жау қолына
түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып,
Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге
айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің
атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор
әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып
алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің
шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы
И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан
хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың
үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші
барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте
Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл
жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына
жазған хатында қазақтар мен қалмақтар
бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп
те білдірген. Өмірінің соңғы 15 жылында
Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз
күрес жүргізді. 1765 — 67 ж. А. қолының Қоқан
билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде
Түркістан, Сайрам, Шымкент қ-лары қайтадан
қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым
төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған
қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына
қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы
алаш жұртының санасында «Шаңды жорық»
деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ қалмақтарының
(170 — 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға
қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші
жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып,
Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы
береді. Балқашқа жақындаған кезде А. бастаған
қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға
алды.
Абылай билігінің күшейге
түсуінің жаңа кезеңі 1744ж. Әбілмәмбеттің
Түркістанға көшіп кетуі
Жазба деректерде Абылайдың
шетел басқыншыларына қарсы табанды
соғыс жүргізгендігі айқын
Саяси ахуал тұрақталған
шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне
қол сұққан басқалармен де ымырасыз
күрес жүргізді. 1754-55 және 1764 ж. қырғыздар
Жетісуда біраз ауылдарды шауып,
Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа
батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу
және Шу бойында талқандайды. Осы
себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз
ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің
сол жағасын, Шу бойын тазартады,
қазақ пен қырғыздың
1771 жылы жасы жеткен
Әбілмәмбет хан дүние салды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша
Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты.
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.
Абылай өмір жолын ат үстінде,
жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында
қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы
Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде
Қабырхана мен Ақсарай
Абылай хан: «Ешқандай Барабы татарларын
естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі!»
Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді.
Әрине, бір мақаланың көлемінде Абылай ханның қазақ халқына сіңірген еңбегін толық қамту мүмкін емес. Дегенмен де нақты құжаттарға сүйене отырып, біраз өмір жолына шолу жасап көрелік.
Абылай сұлтан өзінің ақылды, сабырлы мінезі мен адамгершілігінің арқасында тек бір орда емес, үш орданың сыйлы ханы атанды. Әрине, біраз тарихшылар, жазушылар Абылай сұлтанды Әбілмәмбеттің тірі кезінде хан болды дейді. Олай емес. Әбілмәмбет 1765 жылы қайтыс болды. Ол Түркістанның (Қалдан Сереннің қол астында 1743 жылдан), әрі Орта Орданың ханы болып есептелді. Ол өлгеннен кейін оның ұлын сайлады. Шындығында басқару тізгінін Абылайға берді. Қытай жазбаларында оны 1742 жылдан хан болды деуі осыдан. Олар ешқандай құжатқа сүйеніп хан болды деп жүрген жоқ. Халық арасындағы әңгімеге сүйенді.
Ресеймен одақтасудан кейін көп кешікпей Абылай елдің ішкі сыртқы жұмысынан екі жылдай қол үзді. Ол туралы Мәскеу мұрағатынан табылған (қор 122, тізім 1, іс 2) хатқа жүгінейік.
Бұл хатта Абылай сұлтанның Қалдан Сереннің тұтқынында екені жазылыпты. Бірақ қалай қолға түскені жазылмаған. Халықтың айтуы бойынша, жоңғарлардың қолына түсу себебін екі түрлі түсіндіреді. Біріншісі, Қалдан Серен тұтқиылдан Абылайдың ауылына шабуыл жасап, батырларымен қапылыста қолға түсірді десе, екіншісінде, Абылай сұлтан нөкерлерімен аң аулап жүргенде тұтқындалды дейді.
Ал оның тұтқыннан шығуы туралы да екі түрлі жорамал айтады. Біріншісі, Ресейдің елшісі майор Мюллердің Қалдан Серенге апарып берген генерал-губернатор Неплюевтің хатынан кейін босатты десе, екіншілері қазақтың би-батырлары талап етіп босатып алды дейді.
Мен танысқан хаттарға сүйеніп, Абылай ханның тұтқыннан босап шығуына үш түрлі себеп болды деймін. Ең бастысы, Абылайдың өзінің ақылдылығы, тапқырлығы, дипломаттығы. Оны халқының сыйлайтындығы Қалдан Серенді ойландырды. Екінші себеп – шын мәнінде оған арашашы болған беделді би-старшындар. Үшіншісі, Мюллердің де әкелген хаты әсер етті.
1742 жылы 18 мамырдағы Гладышевтің хабарында былай делініпті:
«Қырғыз-қайсақтар
1744 жылғы 23 қаңтардағы Кирилловтың хатында:
«…Абылай сұлтан Қалдан Серенде екі жылдай тұтқында болды. Онымен бірге Жолбарыс сұлтан отырды. Ол Қалдан Серенмен тіл табысты. Осы жылғы күзде оларды (30 қыркүйекте) өз елдеріне жіберді. Тұтқында 35 адам болды. Барлығы да қайтарылды. Өз ұлыстарына аман-есен жетті. Олар тұтқында болған кезде сол жазда қоңтайшыларда көп адамдар шешек ауруымен ауырып, қайтыс болды. Қалдан Серен қайсақтармен бейбітшілікте».
Жоңғарлардың тұтқынынан
келгеннен соң Абылайдың
Абылай хан Орынборға 1740
жылы барғаннан кейін
Информация о работе Түркі мәдениеті: ғаламдық өркениетке қосқан үлесі