Түркі дәуіріндегі Қазақстан Көне Түркі, Түргеш және Қарлұқ қағандықтары кезіндегі мәдениет

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:34, реферат

Описание работы

Туған Республикамыздың тәуелсіздік алғаннан кейін өлкеміздегі сан ғасырлар бойы қожалық еткен, артына бай мұралар қалдырған бабаларымыздың тарихын оқып үйренуге кең жол ашылғаны бәрімізге белгілі. Қазір, ұлттық болмысымызда сезініп , біздің де ертеден келе жатқан халық екенімізді, рухани құндылықтарымызды асқақтата айшықтауда Қазақстан тарихы пәнінің орны ерекше.

Работа содержит 1 файл

kaganat.doc

— 79.00 Кб (Скачать)

    Б.з.д. 2 ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды. Б.з. 2-5 ғғ. Егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжов маңындағы хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Наь-Шанның солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айрылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға сосын Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай кететін; бұл оңтүстік жол деп аталды. Ал солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқар, Мерв арқылы хамаданға, Сирияға баратын.

    11-12 ғғ. Қытайдан шығып Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа қарай өтетін жол жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол 7 ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болып қалды; үшіншіден аса бай түрік қағандары олардың айналасы теңіздің арғы бетінен келген тауарларды көптеп тұтынды.

    7-14 ғғ. Елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған. Жібек жолы Орта Азия арқылы оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келетін сауда жолы 14 ғ. дейін, қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып,тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұолдызы сөнгенге дейін жұмыс істеді.

    Сауда мен тауарлары. Сауданың ең басты жихазы жібек болды. Алтынмен бірге ол халықаралық валюта болған, оны хандар мен елшілерге тарту еткен, жалдамалы әскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен төлеген. Отырардың күміс көмбесі табылды. Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан Исфиджабқа, Сайрамға келеді. Одан Таразға, Құланға, Жаңа қалаға, Суябқа, Барысқан, Алмалық одан Такла-Макан шөлінің солтүстік жиегін айналып, хами мен Тұрфан көгал аймақтарын басып, Дунхуан мен Қытайға жететін болған.

    Дін соқпақтары. Жібек жолымен діни идеялар да кең таралып отырған, ал миссионерлер өз дінін тіпті теңіздің арғы бетіндегі елдерге барып таратқан. Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Қытайға буддизм келген, Сирия мен Ираннан, Аравиядан - христиан діні, сосын барып ислам жеткен. Қытайға буддизм Индиядан Орта Азия мен Қазақстан арқылы барған. Бұл әрекет б.з. бұрынғы 1 ғ. басталған. Шығыс Түркістан мен Қытайға будда дінін таратуда соғдылар, қаңлылар көп еңбек сіңірген.

    Түріктер 6 ғасырдан бастап буддизмнің қатты ықпалын өз бастарынан өткізген. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда буддизм едәуір дәрежеде кең тараған. Будда ескерткіштері Шу алқабының Ақбешім, Қызылөзен, Новопокровск, секілді қала жұрттарынан кездесті: олар ғимараттар, монастырьлар, мүсіншелер, шіркевлер.

    Жібек жолы бойымен, Батыстан Шығысқа қарай жылжып отырып, буддизмнен қалмай христиан діні де тараған.

Х-ХІІ-ғғ. Орта Азия мен  Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар болды. Солардың арасында Жібек жолында маңызды ролі болған қала Исфиджаб/Сайрам/ еді. Ол туралы араб авторы Әл-Макдиси айтады. Қаланың мешіті, рабады/күзеті/, базары, төрт қақпасы бар: Нуджакент, Фархан, Шахраны, Бұхара.

    Сыр бойындағы қала Отырар болды. Ол араб-парсы деректерінде Фараб, одан бұрын Тарбан деп аталған. Тағы бір ірі қала Тараз болды. Ол жазба деректерде 568 жылдан басталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түркі қағаны Дизабұлға берген есебінде Таразда аталады. 630 жыл шамасында қытай саяхатшысы Сюань Цзань Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге /4-4,5 км/ жеткен маңызды сауда орталыпы дейді. Ол 7 ғасырда ҰЖ жолындағы ірі мекенге айналды. Таразда монша, су құбырлары, Айша бибі, Қарахан мазары бар. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында төменгі Барысхан, хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикент, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн сияқты қалалар тізбектеліп жатты. Сондай-ақ Іле өзені алқабында Қойлық, Талхиз, Екіоғыз сияқты қалалар болды.

    11 ғасырда Ясы (Түркістан) Шауғар округы орталығы саналды. Мұнда 12 ғ-дың соңында Ахмед Яссауи мешіті салынды. Сыр бойындағы ірі қала Сығанақ. Қаз-ң солтүстігі мен солт-шығысына баратын керуен жолдары қиылысында орналасқан ол 12 ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталыпы болды. Қазір Сығанақ орнында Сунақ ата жұрты бар.

    10-12 ғғ. Орта Азия мен Қазақстанда тағы жаңа қалалар Қарашоқы, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент пайда болды.

    Мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік дамыды. 9-12 ғғ. Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталғы болды. Мұнда егістік жерлер көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді. Екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етті. Ал сырдағы су жолы Сауран, Сығанақты, және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзгентті сумен қамтамасыз етті. Қол өнер дамыды. Керамикадан ыдыстар жасалынды. Тараздан арыстанды бейнелеген табақша, Отырардан өсімдік ою-өрнегімен әшкейленген құмыра табылды. Қаланың ішкі рыноктарында мыс ақша қолданылды. Сыртық сауда да, қалалар арасындағы саудада жинап сақтауға қолайлы алтын орнына күміс ақша пайдаланылды. 11ғ.дың 1-ж. Қаз-нда Тараз, Исфиджаб қалалларында ақша жасайтын теңге сарайы болды.

    Жазба мәдениеттің дамуы. Түркілерде 7 ғасырда сына жазуын қолданды. Ол жазу ғылымда 17 ғасырдың 20-ж. белгілі болды. Енесей өзендері бойынан табылған бұл жазуды неміс ғалымы Д.Мессершмидт пен оның жанында болған швед офицері И.Страленберг ашты. Скандинавиядан табылған руна жазуларына ұқсас болғандықтан бұл жазуды да руна деп атады. 1889 ж. орыс ғалымы Н.М.Ядринцев Солтүстік Монголияда Орхон өзені аңғарынан да тапты. Тексті дат ғалымы В.Томсен мен орыс ғалымы В.Радлов оқыды. Негізгі ескерткіштерінің табылған жеріне байланысты бұл жазу Орхон-Енисей деп аталынады. Орта Азия мен Қазақстанда руна жазуы ферғаналық (керамикаға түскен ұсақ таңба) және жетісулық (қырғыз және қазақ жерлерінеде табылған) деп екіге бөлінеді. Біртіндеп түркі жазуын араб жазуы ығыстырды. Халықтың тілі түркі тілі болып қалғанымен, оқымыстылар өз еңбектерін араб тілінде жазды.

    Бұл айтылған Ұлы қағанаттар дәуірінен кейін Қазақстан жерінде енді мүлде жаңа дәуір – Оғыз-Қыпшақ кезеңі басталады. Оғыз қыпшақ дәуіріндегі мемлекеттер – Қимақ, Қыпшақ бірлестіктері және Оғыз мемлекеті, сонымен бірге Найман, Керей хандықтары кезінде қазіргі қазақ халқы қалыптаса бастайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

    Халқы мен елінің бүкіл әлемдік процестегі алар орнын, бүгінгі күннің болмысын жете ұғынуға талпынған адамға - өз халқы өмірбаянының беттерін парақтай отырып, өткен заман оқиғалары мен құндылықтарына, өзінің тарихи тегіне зер салып, ой елегінен өткізу қасиеті тән. Бұрынғы ұрпақтардан мирас болған бай мәдени-тарихи мұралардың бірегей саласы түркі дәуірінің тас мүсіндері болып табылады. Ғасырлар қойнауынан жеткен бұл ескерткіштер шын мәнінде ғажайып әсер қалдырады. Бүтін бір халықтар мен мемлекеттердің гүлдену мен құлдырау кезеңдерін бастан өткерген, тарихтың бізге беймәлім жұмбақ сырлары тұнған бұл мұралар қазақ халқы ата-бабаларының өткен өмірінің тілсіз куәгерлері болып қала береді. Қазіргі уақытта түркі дүниесінің тарихы мен мәдениетін зерттеп, оны әлем жұртшылығына мойындату және жаңарту мақсатында едәуір жұмыстар атқарылуда. Бауырлас халықтардың ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері бірлесіп жұмыс жасауда, өзара тәжірибелер алмасып, бұл салада бір біріне қол ұштарын созуда. Мемлекет және үкімет басшылары бас қосып ортақ мақсатқа арналған іс-шараларды жүзеге асыруда. Ал, өзімнің негізгі мақсатым бабаларымыздан бізге жеткен асыл мұраның тарихын таныстыру, оны әрі қарай зерттеу қажеттілігі және келешек ұрпақ үшін сақтау мақсатымен шамам келгенше ғылыми тұрғыда баяндадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

Ә.Марғұлан. «Ұлытау төңірегіндегі  тас мүсіндер» 13бет. «Ежелгі мәдениет куәлары» Алматы.1966ж.

Ә.Марғұлан. «Ұлытау төңірегіндегі  тас мүсіндер» 10бет. «Ежелгі мәдениет куәлары» Алматы. 1966ж.

Аманжолов К.Р. «Түркі халықтарының тарихы» Алматы. «Білім» 2002ж. 166 бет.

Досымбаева А. «Меркі-Жетісу түркілерінің киелі түрі» Тараз. «Сенім» 2002ж. 10 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Түркі дәуіріндегі Қазақстан
    1. Ұлы Түркі қағанаты
    2. Батыс Түркі қағанаты
    3. Түргеш қағанаты
    4. Қарлұқ мемлекеті

     3. Қорытынды


Информация о работе Түркі дәуіріндегі Қазақстан Көне Түркі, Түргеш және Қарлұқ қағандықтары кезіндегі мәдениет