Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2012 в 15:24, реферат
Төлеген Айберген - қазақ халқының ақыны. Төлеген Айберген (3. 3. 1937 ж. т., Қарақалпақ АССР-і, Қоңырат ауд., "Қоңырат" с- . зы, - 29. 8. 1967, Нүкіс қ.) -ақын. Ташкент пед. ин-тын бітірген (1959). 1959-62 ж. ' Қоңырат ауд-ндағы орта мек-тепте мұғалім, 1962-65 ж. Шымкент обл-ның Сарыағаш ауд-ндағы кешкі жастар I мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанын-дағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. А. өлеңдері респ. баспасөзде 1957жыл-дан жарияланды. Туған жерге деген албырт са-ғыныш пен мелдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 ж. шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта басыл
Төлеген Айберген
Төлеген Айберген - қазақ халқының ақыны. Төлеген Айберген (3. 3. 1937 ж. т., Қарақалпақ АССР-і, Қоңырат ауд., "Қоңырат" с- . зы, - 29. 8. 1967, Нүкіс қ.) -ақын. Ташкент пед. ин-тын бітірген (1959). 1959-62 ж. ' Қоңырат ауд-ндағы орта мек-тепте мұғалім, 1962-65 ж. Шымкент обл-ның Сарыағаш ауд-ндағы кешкі жастар I мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанын-дағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. А. өлеңдері респ. баспасөзде 1957жыл-дан жарияланды. Туған жерге деген албырт са-ғыныш пен мелдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 ж. шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ыррақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965), "Қумдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған рашық едім" (1970), "Ама-нат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдама-лы өлеңдері аударылып басылды. А-тың "Ақ серке", "Ақ жайық", "Жаңғырран Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйл. лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол ту-рапы жазылран "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді.
Айтулы толғауды осы бір жерден үзеріміз үзіп алып, әрі-сәрі күйге түстік. Көз жауын алардай жауһарды сындырып алғандай, соның сіздерге тек бөлшегін ұсынғандай пұшайман болдық. Осы бір жырдағы алабұртқан екпін, тау суындай күркіреген қарқын, бірінен-бірі туындап, сытыла шапшыған бұла сөз толқын, буырқана бұлықсып атқыған сезім серпіні үзуге, іркуге келер емес еді, көнер емес еді. Жыр жүйрік. Апшы қуырған асау ағыс. Аяғына дейін жіберіп, ат басын ағытқан осынау бір тұлпар шабысты тек тамашалай бергің келеді. Тамсана бергің келеді. Ақын үніне үн қосып, сөз шығындап жатқың келмейді. Мың құбыл шұғылалы жыр жауһарларын назарларыңызға бірінен-кейін бірін ұсынып, айберен толғауға үнсіз ден қойып отыра бергің келеді, осынау сұңғыла шабысқа қосыла қол шапаттап отыра бергің келеді. Төрт аяғы тең жорға Төлеген жырларын, шашасына шаң жұқпас ақпа жырларға қара сөзбен түсініктер жазып сипаттап, суреттеп жату — бір әурешілік. Қазақтың арнасы кең жыр дариясына сонау алпысыншы жылдар аяғында бір бүйірден апшып келіп, бір ақжал толқын ұрғаны есте. Төлеген — толқын. Арқырап ақжалданып шиыршық атып келген толқын.