Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 16:11, реферат
Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар және ерте мемлекеттік құрылымдар. Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді. Олар қуатты тайпалық одақтар құрған. Сақтардың тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийшілер, сарматтардан тұрған. Оларды гректер скифтер деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің "Тарих" деген еңбегінде, 5 томында, географ Страбон "Географиясында" жазып қалдырған.
Ғұндар
Рим империясына қауіп
Шаруашылық-мәдени
типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы.
Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру
басты роль атқарды. Сондай-ақ қой
өсіру, аң аулау,егіншілік дамыды.
Ғұндар
тәңірілік дінді ұстанып, түркі
жазуын тұтынған. Сөйлев тілі де түркі
тілі болған.
Ғұндардың
қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан,
сүйек пен мүйізден, тас пен
саздан, ағаштан, керамикадан жасалды).
Сауда дамығандығын жібек маталар,
айналар, нефриттен істелген бұйымдар
көрсетеді.
Ғұндардың
қоғамы. Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың
белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға
бөлінген.Олардың басында ағамандар тұрған.
Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс
істеген. Әскери тұтқындардан құралған
құлдар да болған. Жазба деректр ғұндар
қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет
те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан
кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында
мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы,
тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы,
алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық
қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.
Сарматтар.
"Сармат" этнонимі ежелгі деректерде
б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді.
Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны
жаулауы басталды Бұл сарматтар Аралдың
оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған.
Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық
туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың
бір тайпасы - роксоландар б.з. 1-ғ. Мидияның
шекарасына жетіп, Риммен соғысқан.
Сарматтар
өздері басып алған елдің саяси
өміріне мықтап араласқан. Мыс. Б.з.д.
2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың
қолбасшысы Диафантпен болған соғыста
роксоландар скифтерге қосылды. Б.з.д.
1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар
оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер
мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының
одақтастары сирактарды (сармат тайпасы)
жеңеді. Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен
шыққандар, сармат тармен туыстас тайпалар)
Қара теңіздің солтүстік өңірінен дейін
жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан
бір шығады
Археологиялық
ескерткіштері. Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар
Доннан Ембіге дейінгі территорияны
алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті
қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті,
және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары
(ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның
қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген
адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан
жатқызып қоятын болған. Екінші кезеңде
(орта -Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан
б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының
түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі
молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер
жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы
қабырға қойылатын антропоморфты - адам
бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына
жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені
белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан
тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер
әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері,
қару-жарақтары ойылып жасалынған.
Кейінгі
сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін,
Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне
дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з.
2-4 ғғ. Өлген адамдары іші көмкерілетін
тар қабырларға жерленген.
Шаруашылығы.
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.
Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған.
Зергерлік өнер. 3-5 ғғ. "полихромдық өнер" дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлевдің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлев, оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды
Информация о работе Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар