Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 13:08, реферат
Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар және ерте мемлекеттік құрылымдар. Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді. Олар қуатты тайпалық одақтар құрған. Сақтардың тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийшілер, сарматтардан тұрған. Оларды гректер скифтер деп атаған.
Қаңлылардың мемлекеттік — саяси дамуы
Қытайдың "Солтүстік патшалықтар тарихында": "Олар үнемі көшіп-қонып жүреді, бір өңірде тұрақтамайды. Хань империясынан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олардың патшасының ата тегі — Үн, арғы тегі Юэчжиден шыққан... Ғұндар олардың тас-талқанын шығарғанда, батысқа ауып, Памир асып кеткен. Содан өз мемлекетін құрған", — деп көрсетеді.
Үйсіндер ғұндардың көмегімен
юэчжилерді Іле — Жетісу өңірін
Қытай елшісі Чжан Цянь біздің заманымызға дейін 138 жыл Орталық Азияны билеп тұрған юэчжилерге келе жатып, қаңлыларға жол-жөнекей соққан екен. Бұл қаңлы мемлекетініңкүшейіп тұрған кезі еді. "...Кезінде кангюй князі өз ұлын Қытай сарайына жіберді, жердің шалғайлығы себепті тым тәкаппарланып кетті. Басқа иеліктер сияқты тәуелді болғысы келмеді... кангюй өміршісі өркөкірек, тіпті елшілерімізге бас имейді. Біздің жіберген адамдарымызды үйсін елшілерінен төменірек отырғызды", — деп хабарлайды.
Бірақ ғұн, үйсін, қаңлы сияқты үш мемлекеттің бір-бірін
жақын тартатындығы, байланыстарын үз
Қаңлылар біздің заманымызға
дейін I ғасырда гүлденді. Өзінің тәуелсіздігін
сақтап, Кытайға аманат ретінде адам жі
Чжи-Чжи Талас өзенінің жоғары ағысына қорған
салдырып, оған каңлы, Ферғана, Бактриялықтарды
шақырды. Қытайға қарсы күресте
Бұл Қытайдың сыртқы саясатына қарама-қайшы келді. Батыс өңірде
үстемдік орнатуға кедергі болып отырған
Чжи-Чжи тәңірқұтының көзін жою кезек
күттірмейтін мәселеге айналды. "Чжи-Чжидің бүгінде
күш-құдіреті, айбаты асқақтап, атағы алысқа
тарады. Үйсін Ферғананы өзіне бағындырғалы
жүр. Егер ол осы екі елді бағындырып алатын
болса, онда қалалықелдерге қауіп төндіреді. Оның үстіне, адамдары сом денелі, батыр, соғыста әбден
шыңдалған. Егер осылай күшейіп кете беретін
болса, Батыс өңірге лаң салуы мүмкін".
Жалпы саны 40 мыңдай біріккен қытай және
үйсін әскерлері Чжи-Чжиға қарсы жорыққа
шықты. Әскердің бір бөлігі оңтүстіктен
Памир арқылы Ферғана бағытын ұстаса,
қалған бөлігі солтүстіктен үйсіндердің
жері арқылы қаңлылардың Ыстықкөл маңындағы
Біздің заманымызға дейін 36
жылы Чжи-Чжи мен Қытай әскерлерінің арасындағы шайқас Талас қорғанында екі күнге созылды. Л. Гумилев: "Бұл шайқасқа римдік легионерлер қaтысты",
— деп көрсетеді. "Ғұндардың бір бөлігі
Батысқа қоныс аударып, Талас өзенінің бойындағы
далаға орын теуіп, парфиялықтармен одақ құрды. Олар ғұндарға көмек көрсету үшін римдік әскери
тұтқындардың жасағын жіберді". Ал қытай
жылнамашысы Чжи-Чжидің соңғы демі таусылғанша
қалай жанқиярлықпен шайқасқанын была
Қаңлылар өз тараптарынан Қытай басқыншылығ
Ғұндар.
Ғұндар. Б.з.б. 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Б.з.д. 4-3 ғғ. Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, б.з.д. 209 жылы бой көтеріп, б.з. 216 ж. дейін дәурен сүрді. Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Модэ) батыр. Б.д.д. 209 жылы Модэ әкесін өлтіріп, таққа ие болады. Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, б.з.д 188 ж. ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)
Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Моде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, б.д.д. 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды. Екінші қоныс аудару б.д. 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Б.з. 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді.Ғұндардың б.з.4 ғ. Шығыс және орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.
Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғ. 30-ж. ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жж. вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.
Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау,егіншілік дамыды. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлев тілі де түркі тілі болған. Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.
Ғұндардың қоғамы. Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген.Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректр ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.
Сарматтар
Сарматтар мен Сақтар 100 б.з.б., тағы да
Парфия көрсетілген.
Мазмұны
1Жалпы мәлімет
2 Археологиялық ескерткіштері
3 Шаруашылығы
4 Зергерлік өнер
Жалпы мәлімет
Сарматтар— көне дәуірде Қазақстанның
батыс өлкелерін, Оңт. Орал алқаптарын
мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа
қарай өтіп, Солт. Қара т. өңірлерін жайлаған
тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”,
“Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің
жазба деректерінен келген және көптеген
тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын
жалпылама ұғым болып табылады. Грек деректерінде
С. б.з.б. 4 ғ-дан, яғни олардың Бат. Қазақстан
мен Оңт. Орал өлкелерінен батысқа қарай
жылжуы басталған кезден бастап кездеседі.
Осы кезде, яғни б.з.б. 339 ж. Қара т. скифтерінің
атақты патшасы Атей өліп, бұдан соң Скифияда
үлкен саяси-экон. дағдарыс қалыптасады.
Ғыл. тұжырымдамалар скифтер мемлекетіндегі
осы қиындықты пайдаланған С-дың шығыстан
жылжыған түрлі топтары үнемі соғыса отырып
скифтерді түпкілікті талқандағанын көрсетеді.
Б.з.б. 2 ғ-ға қарай Қара т. скифтерінің патшалығы
аумағында С. билігі орнайды. Соғыс өнерін
жете меңгерген С. Риммен әскери қақтығыстар
жасап отырды. Император Август тұсында
жасалған Рим әлемінің картасындағы 24
облыстың 9-ыншысы “Сарматия” деп аталған.
Страбонның “Географиясында” (б.з.б. 65
ж. — 25 ж.) языг, роксолан, аорс, сирак сияқты
сармат тайпаларының аты беріледі. Қазіргі
ғалымдар алдыңғы екеуін еур., ал кейінгі
екеуін азиялық Сарматияға жатқызады.
С-дың бұдан кейінгі тарихы да қымғуыт
соғыстар мен жорықтарға толы. Б.з.б. 1 ғ-дың
соңына қарай әуелі Дон маңында, кейінірек
Қара т. өлкелерінде “алан” тайпалық
одағы қалыптасып, көп ұзамай С-дың басқа
да топтарын өзіне қосып алады. Еуропадағы
сармат-аландардың патшалығы бұдан соң
германдық готтардың, түркі тілдес ғұндардың
араласуымен тікелей байланыста дамыды.
4 ғ-дың соңында ғұндар аландарды талқандап,
өздеріне қосып алғаны белгілі. С-дың тарихын,
оларға қатысты түрлі оқиғаларды сараптауда
көне грек, рим деректері басшылыққа алынса,
мұны қосымша нақтылауда, әсіресе тайпалардың
мәдени-шаруашылық мінездемесін жасауда
қазіргі заманның археол. деректері аса
зор рөл атқарады. С-дың иран тілдес топтарға
жататындығы жайлы пікір Еуропа мен Ресей
ғылымында 19 ғ-дың соңына қарай қалыптасты.
Қазіргі ғалымдардың үлкен бір бөлігі
осы ойды қолдаса, енді бір тобы оларды
байырғы түркілермен байланыстырады.
«Сармат» этнонимі ежелгі деректерде
б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді.
Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны
жаулауы басталды Бұл сарматтар Аралдың
оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған.
Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық
туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың
бір тайпасы — роксоландар б.з. 1-ғ. Мидияның
шекарасына жетіп, Риммен соғысқан.
Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мыс. Б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сармат тайпасы) жеңеді.
Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен
шыққандар, сарматтармен туыстас тайпалар)
Қара теңіздің солтүстік өңірінен дейін
жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан
бір шығады
Археологиялық ескерткіштері
Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан
Ембіге дейінгі территорияны алып жатты.
Осы кезде олардың екі
Екінші кезеңде (орта – Суслов мәдениеті)
б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін
қабыр құрылысының түрлері
Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ.
Өлген адамдары іші көмкерілетін тар
қабырларға жерленген.
Шаруашылығы
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.
Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес
болған.
Зергерлік өнер
3-5 ғғ. «полихромдық өнер» дамыды.
Тек алтын қолданылды. Полихромдық
өнерге әшекейлевдің түрлі
Әдебиеттер тізімі:
Информация о работе Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар