Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 17:33, реферат
Көтерілістерді қарастыру барысында төмендегі сұрақтарға жауап беріп, жауаптарыңызды конспектілеңіз.
Бөкей ордасының құрылуы қандай оқиғалармен байланысты?
Бөкей ордасының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы не айта аласыз?
И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы басқарған көтерілістің басталуының себептері не?
Көтеріліс барысындағы ірі шайқастар туралы не білесіз?
Көтерілістің жеңілу себептері неде және көтерілістің тарихи маңызы қандай?
№4 бақылау жұмыс.
Тақырып: Қазақстанның Ресейге қосылу барысындағы ұлт-азаттық көтерілістер.
Тапсырма: И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы басқарған Бөкей ордасындағы көтерілісті талқылаңыз.
Көтерілістерді қарастыру барысында төмендегі сұрақтарға жауап беріп, жауаптарыңызды конспектілеңіз.
Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.
Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстіктеКаспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ.аяғында Астархан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2.
Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда жабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Камыс-Самар, Калмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық (Triticum cristatum)өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелерікөріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар, соңғысында әдетте ортасында біреуі ірілеу болады. Енң ірілердің шеңбер диаметрі 30 m шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зертасты кірпіш қалауы бар.
Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік — зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам ресей және шетел зерттеушілері болған.
1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын жасайды.
Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя).
Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпак иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі._ ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің біркатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төмеңгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрды. 1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке карағанда олардың мал саны едәуір болған (70мың түйе, 30мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой). Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін коныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды. Бөкей Нұралыұлы (1804 - 1845жж) - Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі. Саяси күреске ХVIII ғасырдың соңынан араласа бастаған. Өзінің туған ағасы Қаратаймен алакөз болып, кейіннен Айшуақ ханмен де жағаласты. ХIX ғасырдың басында осы Ханның кеңесіне төраға болды, алайда тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді, орыс өкіметіне жағымды болды. Жәңгір жас кезінен білімге құштарлығын байқатты. Астрахан губернаторының үйінде тәрбиеленді. Парсы, орыс, араб тілдерін білді. Сауда-саттыққа қамқорлық жасады. Ресей елінде белгілі қайраткер ретінде бедел мен билікке ие болды.
1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып,1801 ж. наурызыдың 11 былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады:
Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын.
Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады.
1806 ж. мамырыдың 19 Патшалық Үкіметтің арнайы жарлығымен хандықтың территориялық көлемі 6500 мың десятина болып бөлінеді. Жарлықта былай деп көрсетіледі:
Бөкей
сұлтанның қол астындағы
1808 жылы шілденің 17 Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және Орынбор шекара комиссиясының құзырына бағынышты болып бекітіледі.
1812 жылы Александр I патшаның арнайы жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі Қазақ ордасының ханы болып тағайындалады. Бөкейді ақ киізге көтеріп хан сайлау Орал қаласының маңындағы тоғайда өтеді, кейін ол жер «Хан тоғайы» деп аталады.
1815 жылдың мамырыдың 21 Бөкей хан қайтыс болады. Тақ мұрагері Жәңгір жас болғандықтан, хан тағына регент есебінде уақытша сұлтан Шығай Нұралыұлы отырады.
1823 ж. Жәңгір Бөкейұлы хан тағының мұрагері болып танылып, 1824 ж. маусымдың 22 «Хан тоғайында» ақ киізге көтеріліп, хан сайланады.
Бөкей хандығының тарихында Жәңгір ханның билік еткен кезеңі анағұрлым елеулі із қалдырды. Жәңгір ең алдымен қазақтарға ыңғайлы әрі тиімді тұрмыстың үлгісі етіп, 1827 ж. Нарын құмының Жасқұс деген жеріне Хан сарайын салдырады. Жәңгірден үлгі алған би-сұлтандар, кейін қарапайым халық үй тұрғызып, Хан ставкасы саяси-экономикалық маңызға ие орталыққа айналады.
Бөкей
ордасы тарихында маңызды орын алатын
оқиға — Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836—1838 ж
1845 жылы тамыздың 11 Бөкей ордасының саяси, мәдени, экономикалық жағынан дамуына жол бастап, бұл өлкенің басқару ісіне көптеген өзгерістер енгізген ұлы реформатор, қазақ даласының ұлы жаңартушысы Хан Жәңгір Бөкейұлы қайтыс болады.
Хан Жәңгір дүние салғаннан кейін хан тағы Паждар корпусында оқыған Жәңгірдің баласына Сайып-Керейге көшті. Хан дәрежесі берілгенде басқа Жәңгір Бөкейұлының балаларына сияқты тегі Шыңғысхан деп өзгертілді.
1847
ж. Сайып-Керей хан қайтыс болады, Бөкей
ордасындағы хандық басқару құрылымы
жойылып, жаңа әкімшілік — Уақытша Кеңес
құрылады. Сол кездегі болған ірі Исатай-Махамбет , Кенесары
Уақытша Кеңес 1847—1917 жж. аралығында билік жүргізеді, орталықта және жергілікті жерлерде жазбаша іс жүргізу енгізілді. Сонымен бірге, Орда қазынасы пайдасына халыққа салық салудың қатал жүйесі іске асырылды.
1860 ж. Бөкей ордасы 7 әкімшілік бөлікке бөлінеді. Олар: Тарғын, Қалмақ, Нарын, Қамыс-Самар, Талов қисымдары және I, II Теңіз жағалауы округтері. Әрбір әкімшілік бөлікті әкім-правительдер басқарады.
1862 ж. Хан Ставкасында кітапхана ашылады. Кітапхана қорында О. Бальзактың, У. Шекспирдің, В-М. Гюгоның, Т. Шевченконыңкітаптары, сондай-ақ Ресейдің басылымдары болған.
Хан
жәрмеңкесіндегі сауда
1869 ж. 5 адамнан тұратын өрт сөндірушілер командасы және жылжымалы обоз жасақталады.
1870 ж. Ресейден ауарайын бақылайтын аспаптар әкелініп, метеорологиялық станция жұмыс жасайды.
1832 ж. Жәңгірдің бастауымен отырғызылған Орда орманын мемлекет тарапынан қорғау 1890 ж. бастап қолға алынады. 1908 ж. Орда орман шаруашылығы мекемесі жанынан питомниктер жасақталып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде — Нарын қарағайы дүниеге келеді.
Информация о работе Тақырып: Қазақстанның Ресейге қосылу барысындағы ұлт-азаттық көтерілістер