Тасмола мәдениетінің зерттелу тарихнамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 14:04, реферат

Описание работы

Орталық Қазақстан жеріндегі кең байтақ жерді ерте темір дәуірінде жерлеу дәстүріндегі өзіне ғана тән ерекшелігімен көзге түсетін тайпалар мекендеген.Бұл тайпалар археологиялық құндылығы зор ескерткіштер қалдырып кеткен.Олардың ,әсіресе,жерлеу орындары көзге түседі.Сарыарқаның батысы мен шығысында,солтүстігі мен оңтүстігінде үлкен төбелер кездеседі.Ғылыми ортада оларды «Мұртты обалар»деп атайды

Работа содержит 1 файл

макала.docx

— 48.82 Кб (Скачать)

                 Тасмола  мәдениетінің зерттелу  тарихнамасы

Орталық  Қазақстан жеріндегі  кең байтақ жерді ерте темір дәуірінде  жерлеу дәстүріндегі өзіне ғана тән  ерекшелігімен көзге түсетін  тайпалар мекендеген.Бұл тайпалар археологиялық құндылығы зор ескерткіштер қалдырып кеткен.Олардың ,әсіресе,жерлеу орындары көзге түседі.Сарыарқаның батысы мен шығысында,солтүстігі мен оңтүстігінде үлкен төбелер кездеседі.Ғылыми ортада оларды «Мұртты обалар»деп атайды. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабірде өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырғаға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.

Бұл жердегі алғашқы зерттеу  жұмыстары Отан соғысынан кейінгі  жылдары Ә.Х.Марғұлан басқарған Орталық  Қазақстан экспедициясының далалық  зерттеу жұмыстарымен басталды.Бірақ,жоспарлы түрдегі ізденістер 1957ж.басталды.Осы жылы М.Қадырбаевтің жетекшілігімен «Ерте көшпелілер дәуірі ескерткіштерін зерттеу»тобы құрылды.Осы экспедиция барысында жинақталған материалды қорытындылай келе Қадырбаев 1966 ж. Сарыарқада сақ заманында гүлденген жаңа археологиялық  мәдениетті жариялап, оны Шідерті бойындағы аса құнды деректер берген Тасмола алқабының атымен байланыстыра, Тасмола мәдениеті деп атады.Қазіргі зерттеушілер Тасмола мәдениетін үлкен тарихи- мәдени аймақ ретінде қарастырады.Оның таралу аймағына Орталық,Солтүстік Қазақстанмен қатар Оңтүстік Орал сырты далаларын енгізеді.

Тасмола мәдениетінің алғашқы сатысының  обаларынан табылған заттар жиынтығы тұрақты болып келеді, ұңғылы, қос  қанатты және үш қалақты жебе ұштары, сабының жоғарғы ұшы кесек  немесе саңырауқұлақ тәріздес қол жылжымас үшін жасалған қаптамасы бар ақинақ-қаңжарлардың айрықша түрі тек осы кезеңге  ғана тән. Түйірлеу мен көмкерудің күрделі  де нәзік әдісімен безендерілген  жаңа зергерлік бұйымдар пайда болды. Археологиялық материалдар Орталық  Қазақстан тайпаларының Тасмола  мәденитетінің бастапқы кезеңінде-ақ темірді қолданғанның көрсетті. Қақтау әдісімен темірден сабы сақиналы және түзу сапты пышақтар, сондай-ақ, айшықтар және жүгеннің бастырмалары соғылды. Екіншісі б.з.б. 5-4 ғ.ғ. Бұл екі сатылардың мәдени белгілері бір біріне жақын, сондықтан  олар бір Тасмола кезеңіне біріктіріледі. Сонымен бірге жерлеу кешендерінде неғұрлым ерте кезде таралған бұйымдар тобы сақталып қалды. Олардың ішінде қыш ыдыстар, тастан жасалған құрбандық  құралдары және қайрақ тастар ерекше көрінеді. Тасмола кезеңінің жерлеу ескерткіштері дөңгеленіп тас- топырақты  үйінді түрінде кездеседі. Олардың  өлшемі: диаметрі 5-15 метрге дейін, биіктігі 1-1,5 метр. Үлкен үйінділер сирек. Оба астында бір қабір болады, олардың негізгі түрлері қарапайым шұңқыр қабірлер, тас жәшіктер лақытты шұңқырлар болып келеді. Мәйіт солтүстікке, солтүстік-батысқа бағытталып жазылған жатқызылған қалпында шалқасынан қойылады. Үшінші сатыға б.з.б. 3-1 ғғ. қамтитын қорғантас типтес ескерткіштер жатады. Бұл саты Тасмола мәдениетінің соңына сәйкес келеді. Алайда, жерлеу ғұрпында тасмолалықтарға тән емес ерекшеліктер пайда болды. Оны Бірлік, Бидайдық, Қорғантас сияқты қорымдардан көруге болады. Оларға ортақ сипат жерленгендерді меридиандық бағытта салу, қабірдің бір бөлігін құрбандыққа шалынатын малдың сүйектеріне арнап қою болып табылады. Кішігірім үйінділер орсыз, қоршаусыз болып келеді. Қабір шұңқырын айнала таспен жиектеу үрдісі кездеседі. Мәйіттің басы солтүстік-шығысқа бағытталып, ұзыннан шалқасынан жатқызылады. Құрал-жабдықтар арасынан темір пышақтар, біздер, қола әшекейлер, моншақтар, түймелер кездеседі [1, 73-75 б].

Тасмола мәдениетінің өзіндік белгісі  «мұртты обалар» деп аталатын ерекше ескерткіштер болып табылады.Мұртты обалардың түрлері көп,бірақ олардың  барлығы дерлік біртұтас сәулет өнері  кешеніне кіреді.Үйілген топырақ  астында өлікті жерлеу үшін қазылған терең сопақша шұңқыры бар  үлкен оба оның негізін құрайды.Үлкен  үйіндіге жақын,әдетте ,шығыс жағынан ,кіші оба салынатын болған.Оның астына ,сол заманғы жердің бетіне ,жанына қыш ыдыс қойылып,ат жерленген.Сонан  соң кіші обадан шығысқа қарай  бағытталып,шет жақтарында дөңгелек тас құрылыстары бар,доға тәрізді  ені 1,5-2м,ұзындығы 20-200м тас тізбектері қаланған.Сөйтіп,мұртты обалар 3құрылыстан тұрады:адам жерленген үлкен оба,әдетте,жылқы  мен қыш ыдыс қойылған кіші оба  және тас тізбегінің қатары.Негізгі  обаға мүрде мен сан алуан  заттар қойылады.Кіші обада қабір  шұңқыры жоқ.Оның үйіндісінің астынан,сол  кездегі жер бетінен әдетте,жылқы  қаңқасы немесе оның жекелеген сүйектері ,ал шығыс жағынан бір қыш ыдыс шығады.[2, 148б].

«Мұртты»обалар  жерлеу орталығынан  тыс, яғни діни-ғұрыптық нысаны ретінде  қарастырылады. Ә.Х.Марғұланның пікірінше  «мұртты» обалар ас беру немесе еске алу  орындарында тұрғызылған ғұрыптық-құрылымдар. Ә.М.Оразбаевтың айтуынша, «мұртты» обалар кешені жылқыны құрбандыққа  шалу ғұрпы мен күнге табыну наным-сенімдеріне  байланысты [3,110-112бб]. Тасмола мәдениетің алғаш ашқан М.Қ.Қадырбаев 1950-60 жылдары  тас тізбекті обалардың ерекшелігіне қатысты басты мәселелерді зерттеді. М.Қ.Қадырбаевтің пікірінше «мұртты» обалар кешенінің шығыс құрылымдары  тек ғұрыпты сипатта болса, тұтас  алып қарағанда, үлкен обада тайпаның беделді кісілер, рубасылар, көсемдер, жерленген. «Мұртты» обалардың түрлері  көп, бірақ олардың барлығы дерлік біртұтас кешенге кіреді. Үйілген  топырақ астында өлікті жерлеу үшін қазылған терең сопақша шұңқыры  бар үлкен оба оның негізін  құрайды. Үлкен үйіндіге жақын, әдетте шығыс жағынан, кіші оба салынатын  болған. Оның астына, сол заманғы  жердің бетіне, жанына қыш ыдыс қойылып, ат жерленген, шығысқа қаратылып, доға тәрізді тас тізбектер қаланған [4. 95б.] Мұртты обалар әлі де дұрыс  зерттелуді қажет ететін сияқты.

Тасмола мәдениеті жоғары дамыған, мүліктік теңсіздігі орнаған, өзіндік  қоғамдық құрылымы дамыған түрінде  сипатталады. Тасмолалықтарда металл өңдеу гүлденіп, экономикасының негізі көшпелі мал шаруашылығы болған.  Археологиялық зерттеулер барысында  алынған деректер бойынша сыртқы әсерлердің (мұның ішінде Қытай, Иран, Грекия, т.б. мәдени ағымдар) барынша  аз, мәдени келбетінің неғұрлым төлтума  сипатта болуы Тасмола мәдениетінің басты ерекшеліктерінің біріне жатады. Ертеден қалыптасқан дәстүрлі пікір  Тасмола мәдениетін Иран тілдес тайпалармен  байланыстырады, сонымен бірге, оны  байырғы түркілерге жатқызатын көзқарастар  бар. Еуразияның басқадай скиф-сақ мәдениеттерінде  ұшыраспайтын ерекше ескерткіштер болып  саналатын “мұртты обалар” семантик. тұрғыдан ортағасырлық түркілердің  тас балбалдар қатары шығысқа  тартылған ғұрыптық қоршауларына біршама  ұқсас.

Соңғы жылдардың кейбір деректеріне  қарағанда ,Тасмола ауқымына бұрынғы  Семей облысының Абай ,Шұбартау жерлері,сондай-ақ,Жарма  өңіріне дейінгі алқаптар да енетін сыңайлы.

Тасмола мәдениетінің ашылғанына  жарты ғасырдан астам уақыт болғанына  қарамастан,М.Қ.Қадырбаевтың сол кезде  қойған міндеттері әлі де болса өзекті.

1980ж.соңынан бастап Орталық Қазақстан  сақ ескерткіштерін Ә.Х.Марғұлан  атындағы Археология Институтының  А.З.Бейсенов жетекшілігіндегі экспедициясы  зерттеуде.Алынып отырған нәтижелердің  ішінде өлкеде көптеп сақ қоныстарының  ашылуы,сондай-ақ,ерекшеліктері ұзақ  уақыт ғылымда белгісіз болып  келген үлкен қорғандарды зерттеу  айрықша маңызды болып отыр.

Тасмола мәдениеті болашақта әлі  көп қызықты мәліметтер беретін ,Қазақстанның танымал ескерткіші болмақ.Мен де болашақта осы іске өз септігімді тигіземін деп ойлаймын.

 

                                  Пайдаланған әдебиеттер

1.Бейсенов А.З. Погребальные  памятники и культово-ритуально  сооружения древних номадов Центрального  Казахстана(7-1вв.до н.э.)1997г.

2.К.М.Байпақов,Ж.Қ.Таймағамбетов   Қазақстан археологиясы 2011ж.

3.Оразбаев А.М.Курган с «усами»  в могильнике Джанайдар как  архитектурный памятник/Культура  древних скотоводов и земледельцев  Казахстана.А.1969г.

4.Кадырбаев М.К. Памятники ранних  качевников ЦентральногоКазахстана/Труды  ИИАЭ,7.1959.

 

 


Информация о работе Тасмола мәдениетінің зерттелу тарихнамасы