Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 11:14, реферат
Алғашқы адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адамнан, екінші – оның тас құралынан тұрды. Археология ғылымы зерттеуді осы тас құралдардан бастайды.
Жерімізде алғашқы адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ә.Х.Марғұлан болды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экспедициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше жерден тас дәуірінің қонысын тапқан. Әсіресе, ғалымның басты бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дәуірінің шақпақ тастан құрал жасайтын шеберхананың орнын табуы.
Сол мезолит кезінде балық аулау тура мақсатты түрде қалыптасады, оны қайық, түрлі ауларды жасау сияқты маңызды жаңалықтардың пайда болғаны дөлелдейді. Мезолит кезінде жануарларды үйгс үйретудің кейбір формалары өріс ала бастауы мүмкін, өйткені ол кезде үй иттерінің таралғаны белгілі.
Сөйтіп, экономикалық түрғыдан да мезолиттің соңғы палеолиттен аң аулау әдістері, оның түрлері, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуы арқылы анық байқалатын көп айырмашылықтары бар.
Неолит кезенінін басталуы б.з.д. 7-мыңжылдықтың екінші жартысына және 6-мыңжылдықтың басына сәйкес келеді. Бұл - тас өңдеу техниканың гулденген кезі. Еңбек күралдарын өндірудегі орасан зор мамандандыру өтіп жатты. Сығып өңдеу техникасын жетілдірумен қатар, тасты өңдеудің жаңа технологиялық әдістері толығынан қалыптасты: жалтыратып өңдеу, бүрғылау және аралау. Тас балталар, шоттар, дәнүккіштер, келі, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентиниттен және де тастың басқа да түрлерінен көптеген әшекейлер - білезік, алкалар дайындау өрбіді.
Шаруашылығы
Неолит кезеңінің ең маңызды белгілерінің бірі - ол табиғаттағы дайын өнімді алу шаруашылығын ауыстырған малшылық пен егіншіліктің пайда болуы еді. Шаруашылықтың осы жаңа түрлерінің пайда болуының адамдар қоғамының дамуында орасан зор маңызы болды, адамның еңбек ету аясын кеңейтті және де оның мінезін сапалы түрде өзгертті.
Адамның мың жылдаған экономикалық даму тарихы ең алдымен осы екі шаруашылықты жетілдіру тарихымен тығыз байланыста болганы айқын.
Неолит кезеңіндегі
Мәдениеті
Осы неолит дәуірінде болашақтагы жаңа деңгейдегі мәдениеттін. яғни дамыған қола дәуірі қогамының бастапқы алғы шарттары немесе негіздері құрылды.
Әдебиетте ежелгі тайпалар шаруашылығындағы осы кезеңдегі түбірлі өзгеріс «неолиттік революция» деген атақ алды. Азық өндіруге көшу, жеуге келетін өсімдіктерді, әсіресе астық тұқымдастарды саналы түрде өсіру, малдарды үйрету, өсіру және сұрыптау адамдардың отты меңгергеннен кейінгі тарихындағы ұлы экономикалық революция болып табылды. Ол адамның өзінің қол астындағы азықтың сенімді және бай көздерін пайдалануына керемет мүмкіндіктерді бере отырып, оның тарапынан тек күш салуды ғана талап ететін мүмкіндікті ашты.
Неолиттік тайпалардың бұл дәуірдегі түрлі мәдени ареалдарында даму деңгейлері біркелкі болған жоқ. Далалық аймақтарда айтарлықтай өзгеріс бола қоймады, - мұнда бұрынғыдай аңшылық және балық аулау тіршіліктің негізгі көзі болып қала берді. Ауа райының континенталдылығы халықтың өсуіне жағдай туғыза алмады, және де мүндағы табиғи қорлар (тамақтың «дайын көздері») халықтың қажетін өтеуге толық жетіп отырды.
Тұрақтар
Неолитте Қазақстан аумағында бұлактық тұрактар кен тараган. өйткені оның қуаңдалалы аймақтарында ірі өзендер желісі аз. Бұлақтардағы тұрақтар уақытша, маусымды сипатта болады. Қуаңдалалық Қазақстандағы неолиттік ескерткіштердің ерекшеліктерінің бірі - ашық түрдегі тұрақтардың көп болуы.
Барлық тұрақтардан жергілікті материалдан жасалған тас құралдар табылған: садақ пен найзаның ұштары, балта, қашау, пышақ, қырғыш. Белгілі бір құралды жасағанда тас жыныстарын бөліл іріктеу орын алған. Шикізаттың әр түрлілігі оларды өңдегенде және жетілдіргенде әр түрлі техникалық әдістерді дамытуға әсерін тигізген. Қазақстандағы неолиттік ескерткіштер бірнеше аумақтық топқа бөлінеді, ол мәдениеті жағынан бір-біріне жақын туыстас тайпалардың өмір сүру аудандарына сәйкес болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының
Шығыс Қазақстан Аймақтық Университеті
Өскемен 2012 жыл