Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 14:58, реферат
Дәрістің бірінші бөлімі - «Қазақстан-2030» Стратегиясының орындалу нәтижесін қорытындылай келе, «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан Қазақстанның жаңа саяси бағытын айқындау әлемнің жаһандық өзгерістер кезеңіне аяқ басқанымен байланысты. Бұл ретте Қазақстан басшысы ХХІ ғасырдағы ел және өңір үшін он жаһандық сын-қатерлерді көрсетіп берді. Олардың қата¬рын¬да демографиялық, азық-тү¬лік қауіпсіздігі, судың өт¬кір тапшылығы, өсе түсіп отыр¬ған жаһандық әлеуметтік тұрақсыздық, т.б. сын-қатерлер бар. Егер біз өзіміздің дамуы¬мызда одан әрі де жаңа табыс¬тар¬ға жетуді жоспарлайтын бол¬сақ, онда жоғарыдағы сын-қатерлердің әрқайсысын қаперге алуға міндеттіміз, деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Дәрістің бірінші бөлімі - «Қазақстан-2030» Стратегиясының орындалу нәтижесін қорытындылай келе, «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан Қазақстанның жаңа саяси бағытын айқындау әлемнің жаһандық өзгерістер кезеңіне аяқ басқанымен байланысты. Бұл ретте Қазақстан басшысы ХХІ ғасырдағы ел және өңір үшін он жаһандық сын-қатерлерді көрсетіп берді. Олардың қата¬рын¬да демографиялық, азық-тү¬лік қауіпсіздігі, судың өт¬кір тапшылығы, өсе түсіп отыр¬ған жаһандық әлеуметтік тұрақсыздық, т.б. сын-қатерлер бар. Егер біз өзіміздің дамуы¬мызда одан әрі де жаңа табыс¬тар¬ға жетуді жоспарлайтын бол¬сақ, онда жоғарыдағы сын-қатерлердің әрқайсысын қаперге алуға міндеттіміз, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Дәрістің екінші бөлімі - «Қазақстан-2050» стратегиялық Жолдауының негізгі бағыттарымен танысуға арналды.Елбасы бұл стратегиялық Жолдауында мемлекетіміздің 2050-жылға дейін әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясына негіз ете отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдықты айқындап берген еді. Олар: жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеу¬меттік саясаттың жаңа принциптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм. Дәрісті өткізу барысында кітапханашылар осы Жолдаудағы экономикалық саясатқа қатысты, медицина қызметі мен білім берудің сапасын жақсарту туралы мәліметтер беріп өтті. Шара соңында «Қазақстан-2050» стратегиялық Жолдауы Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде білім, тәрбие алып жатқан жастардың азат ойлары мен кемел білімі еліміздің одан ары дамуына жұмсалуы тиістігі, жастарға еліміздің болашағы жүктелгені туралы айтылды. Дәрістің өтіу барысында слайд көрсетілімдері және еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсуі туралы кескіндемелер көрсетілді.
«Қазақстан -2050» стратегиясы конференциясы. Қазақстанды жаңғырту – елдің бәсекеге қабілеттілігінің векторы»
19.12.2012 2012 жылғы 19 желтоқсан күні «Астана медицина университеті» АҚ-тың конференция залында «Қазақстан – 2050» стратегиясы. Қазақстанды жаңғырту – елдің бәсекеге қабілеттілігінің векторы» тақырыбында партиялық конференция өткізілді.
Конференция жұмысына: «Астана медицина
университеті» АҚ ректоры, профессор М.З.
Шайдаров, «Нұр Отан» ХДП Сарыарқа филиалы
төрағасының бірінші орынбасары А.А. Нұрғазин,
философия докторы, академик, «Нұр Отан»
ХДП Астана қалалық филиалы әлеуметтік
бастамаларды талдау және болжау орталығының
жетекшісі К.М. Казкенов, барлық факультеттің
партия топтарының өкілдері, «Жас Отан»
жастар қанаты «Өркен» бастауыш партия
ұйымының өкілдері қатысты.
Конференцияның мақсаты:
- Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының
тұңғыш президенті, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық
партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан Республикасының қалыптасыуындағы
рөлін одан әрі актуалдандыру;
- жылдам өзгеретін тарихи жағдайдағы
жаңа Қазақстанның – қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси курсын ұсыну және жүзеге асыру;
- ХХІ ғасырдың жаһандық сын-қатерінде
Қазақстанның заманауи экологиялық, экономикалық
және әлеуметтік бағыттағы рөлін нығайту;
- білім және кәсіби машықты жетілдіруге
заманауи білім беру жүйесінің кадр даярлау
мен қайта даярлаудың негізгі бағдары
ретінде баса назар аудару;
- Қазақстанды дамытуда Қазақстандық жастардың
рөлін арттыру; жастардың қоғам мен мемлекеттің
әлеуметтік, экономикалық және басқа да
өміріне ықпалдасуына жәрдем жасау;
- жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру
– Қазақстан Республикасының көпұлтты
және көпконфессиялы қоғамы табысының
негізі.
Күн тәртібінде:
1) ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның
жаңа дәуірінің алғашқы күні» мақаласы
және 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050»
стратегиясы ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдауы.
2) Қазақстан Республикасының 2020 жылға
дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын
және «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар
қанатының 2020 жылға дейінгі «Жастар Отанға!»
стратегиясын талқылау.
3) «ХХІ ғасырдың жаһандық сын-қатеріндегі
Қазақстан моделі».
Бүгінгі таңда «Нұр Отан» ХДП «Астана
медицина университеті» АҚ «Өркен» бастауыш
партия ұйымының құрамында 1743 адам бар,
конференцияға партияның 400 мүшесі, 6 партиялық
топтан шақырылған белсенділер қатысты.