Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 12:05, реферат
Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802) тұрды. 1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісіне шабуылы басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасақтары Гирьяль бекінісіне шабуыл жасады. Орынбор коменданты Ладыменский далаға орынборлық казактардан құралған жазалау отрядтары мен жүзбасы С.харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитоновтың отрядына қарсылық көрсетті, бірақ олар жеңілді.
1 Көтеріліс себептері
2 Көтеріліс
3 Ресейдің саясаты
4 Дағдарыс
Жоспар
1 Көтеріліс себептері
2 Көтеріліс
3 Ресейдің саясаты
4 Дағдарыс
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
(1783-1797).
Көтеріліс себептері
18 ғ. 30-ж. Кіші Жүз Ресейге қосылғаннан кейін бекіністер салына бастады. 1744 ж. Орынбор салынды. Ор өзені бойында Орск салынды. Орал қаласынан Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырым қашықтықтағы Жайық, Ертіс өзендері жағалауларында ірі әскери бекіністер салынды. Оларға орыс-казактар қоныстандырылды.
Патша үкіметі қазақтарды
ішкі жаққа Жайық сыртына өткізбей оған
тыйым салды. Кіші жүз ханы Нұралының да
қысымы көп болды.
Көтеріліс
Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802) тұрды. 1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісіне шабуылы басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасақтары Гирьяль бекінісіне шабуыл жасады. Орынбор коменданты Ладыменский далаға орынборлық казактардан құралған жазалау отрядтары мен жүзбасы С.харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитоновтың отрядына қарсылық көрсетті, бірақ олар жеңілді.
1784 ж. мамырда Сырым оралдық казактармен ұрыс жүргізді. Қазақ жасақтары Нижневральск желісі ауданында, Орск бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында Сырым жасағында 1000 адам болды. 1785 ж. көктемде қаза даласына жазалаушылар келе жатқанын естіген Сырым 2700 адам жасақ жинады. Оған 3,5 мың адамы бар Барақ пен Тіленші әскері қосылады. Оларды шекеара бойына қалдырып Сырым бес жүз жігітімен Сахарный бекінісіне шабуыл жасады. Бірақ Сырым бекіністі ала алмады. 1785 ж. жазында тағы да адамдар қосылады. Осы тұста Тама руының старшыны Қадыр, Садыр деген батырлардың бастауымен Нарын құмының жІгіттері Сырымды қолдап, орыс әскерлеріне қарсы күреседі.
1785 жылы Орынбордан патша
генералы Смирнов, Орал
Ресейдің саясаты
Ресей үкіметі жағдайды өзінше шешпекші болады. Бұл хандық тәртіпті жою шарасы болды. Сырым мұнымен келіседі. 1786 ж. Хандық жойылып, Нұралы хан Жайық бойындағы орыс бекіністерін паналады. Сырым он екі ата Байұлының аға старшыны болды. Оның билігі халыққа жақсы болды. Ұзақ жылдар бойы сүйеніш болып келген хандық билікті бекер жойғанын үкімет түсінді. Сөйтіп, хандық билікті қалпына келтіруге кірісті. 1790 ж. Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп, інісі Ералыны хан етті.
Ералы халықты ойламады. Жер тарылды. Тағыда халық Сырым төңірегіне топтасты. 1791 жылдың наурызында жазалаушылардан сақтау үшін, табын, кердері руларын шығысқа Мұғалжар тауларына ойысуды ұсынды. Бұл саясат кейін өзін ақтады. 1792 ж. Cырымның қарулы күшінде мыңнан астам жасақ болды. Патша үкіметі Сырым Бұхара, Хиуа хандығымен байланысады деп қауіптенді. Өйткені Сырым олармен келісім жасаған болатын.
Патша үкіметі бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға, Жайық пен Еділ арасындағы Үлкен және Кіші өзендердің (Қара өзен, Сары өзен) бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті. Одан халық жағдайы жақсармады. 1795-1796 жж. жұт халықты қажытты.
1794 жылы Ералы хан өліп, 1795 ж. Есім хан болды. Ұлт-азаттық көтеріліс қайтадан өршіді. Сырымға енді Ерсалы, Қайсарлы деген батырлар қосылды. 1797 ж. 26-27 наурызда Есім хан өлтірілді. Көтерілісшілерді жазалау үшін 1797 ж. күзінде полковник Скворкин Сырымды қудалауды ұйымдастырды. Алайда Сырым жасақтары Ойыл өзені бойына көшіп кетті. Жазалау сәтсіз аяқталды.
Дағдарыс
Есім хан өлгеннен кейін Кіші жүз сұлтандарының бір бөлігі Нұралының ұлдарының бірі – Қаратайды хан етіп сайлауды қалады. Сырым батыр да бұл мәселеден сырт қалмады. Ол халықтың пікірімен санасуды айтты. Хан сайлау төңірегіндегі тартыс Кіші жүз сұлтан, старшындарын екіге бөлді. Орынбор генерал-губернаторы Игельстром хан сайлауын тоқтатуды айтты. Жүзді басқаруды хандық кеңеске беруді ұсынды. Кеңестің төрағасы болып Айшуақ тағайындалды. Кеңес мүшелігіне 4 адам кірді. Оған Сырым да, Нұралы хан туыстары да енгізілмеді.
Хан кеңесі жиналған кезде Нұралыға жақын феодалдар оның баласы Қаратайды хан деп жариялады. Бұл Нұралыға қарсы топтың Сырымға жақындасуын күшейтті. Патша үкіметі 1797 ж. күзде хандық билікті қалпына келтіруге тырысты. Осыдан кейін Сырымға қарсы қуғын күшейді. Оған 800 адамммен Қаратай сұлтан қосылды. Сырым Хиуа жеріне өтіп кетті. 1802 ж. Үргеніште Нұралы тұқымдары өлтірді.
Қазақ шаруаларының феодализмге және отаршылдыққа қарсы күресі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Қазақ шаруаларының феодализмге және отаршылдыққа қарсы күресі. .
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның Россия құрамында дамуының екі бағыты болды. Бірі — Россияның озық экономикасы мен мәдениетініц ықпалымен қазақ кауымы шаруашылығының, мөдениетінің прогрессивтік бағытта өсуі, екіншісі — қазақ қауымының феодалдық тобына арқа сүйеп, патшалық отаршылдық қанауының күшейе түсуі, 18 ғасырда Қазақстанда феодалдық қатынас одан әрі дамыды, соған байланысты таптық, қайшылықтар да шиеленісе түсті. Феодалдық және отаршылдық қанаудың бір түрі малшы шаруалардың көші-қоныс жерлерін тарылту болып табылады.
Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы жылдарында қазақтар 1756 және 1771 жылғы жарлыққа мойын ұсынбай, Еділ мен Жайық аралығындағы жайылымдық жерлерді пайдалана берді. Бірақ шаруалар соғысын басқаннан кейін бұл жерлерге мал жаю мүмкін болмай қалды. Орал бойындағы шекара линиясы қалпына келтіріліп, қамал гарнизондары күшейтілді. Патша үкіметі сұлтандарды өз жағына тартып, солар арқылы қазақ еңбекшілерінің дүмпуін болдырмауға әрекет жасады. Өз тарапынан Нұралы хан және сұлтандар патшаға шын берілгендігін дәлелдеуге тырысып бақты.
1782 жылғы жарлық
бойынша хан шекаралық
Кіші жүз қазақтары көтерілісінің негізгі себебі — жер мәселесінің шиеленісуінен, патша үкіметінің қазақтарға «ішкі жаққа» (Жайық _пеп Еділ аралығына) өтуте тыйым салуы, феодалдық және отаршылдық қанаудың күшеюі, хан мен сұлтандардың, Орал казак әскерінің, патша әкімшілігінің тарапынан ашықтан-ашық тонау, зорлық-зомбылық көрсетумен болды.
Шаруалар мен феодалдардың арасындағы қарама-қайшылықтар шиеленісумен қатар, феодалдық таптың өз ішінде де бплік үшін тартыс жүріп жатты. Дала ақсүйектері (сұлтандар) патриархалдық феодалдық билеушілердің (би, старшын, батырлар) ықпалының күшеюімен келіскілері келмеді. Әртүрлі феодалдық топтардың арасындағы күрес-тартыс таптық күштердің белгілі дәрежедегі ықпалына жәнө көтерілістің барысына әсерін тигізді. Оның негізгі күші шаруалар еді. Көтеріліске билер мен старшындар, батырлар да қатысты. Олар қаналушы халықтың дүмпуін, наразылығын өз мақсаттарына жұмсамақ болды. Қарапайым шаруа старшындар мен батырлар қауымның мүддесін ойлайды, сонымен қатар, олар хан мен сұлтандардың тепкісінен халықты азат етпек деген жалған ойда болды. Сондай-ақ, бұлардың бастауымен
Орал казак әскерлерінің шабуылынан да құтыламыз деп ойлады. Патриархалдық феодалды бай-манаптардың көздеген мақсаты шаруалардың мақсатымен ұштаспайтын еді, олардың арасында қарама-қайшылық болды. Көтеріліске шыққан шаруалар феодалды және отаршылдық қанаудан құтылмақ ойда еді. Олар хан мен сұлтандардың тарапынан зорлық көріп, алым-салықтар төлеп тақыр кедейге айналғанды. Шаруалар феодалды құрылысты жою туралы міндетті қойған да жок, және қоймақ та емес еді. Көтерілісті бастаған үстем таптың өкілдері хан мен сұлтандардың хұқтарына ғана шек қойып, жүздегі өзінің беделі мен үстемдігін нығайтуды көздеді. 1782—83 жылдардың қысында «Ішкі жаққа» өткен Кіші жүз малшыларының 4 мыңнан астам жылқысын Орал казак әскерлерініц старшындары айдап әкетгі. Осыдан кейін іле-шала Орал әскерлері таяу жатқан ауылдарға шабуыл жасайды екен деген қауесет тарады. Сонымен Кіші жүздің батыс аймағында дүмпу пайда болды. Бұл қауесет басқа жерлерге де жайылды. Көтерілісшілер топтары ұйымдасып, әдеттегідей оларды ру старшындары басқарды. Солардың ішінде ерекше көзге түскені Сырым батыр еді. Ол ірі феодал, Байбақты руының старшыны болатын.
Сырымның ауылы Ембі мен Жайықтың арасын жайлайтын. 1785 жылдың басында Сырым Датовтың отрядында 2700 адам болды. Бұл кезде көтерілісшілердің жалпы саны 6 мыңнан астам еді. Олардыц негізгі ұйытқысы Сағыз өзенінің бойына топтасқан. Бұлардың саны барған сайын арта түсті.
Көтерілістің етек алуынан сескенген Нұралы хан мен Айшуақ сұлтан Орынбордағы патша әкімшілігінен көтерілісті басу үшін әскер жіберуді өтінді. Шекарадағы патша әкімшілігі бұл жағдайды Петербургке мәлімдеп, қазақ даласында көтерілістің етек алуы ханға ғана емес, патшаға да қатер туғызатынын білдірді. Орынбордағы көтерілісті басу үшіп генерал Смирновтың отряды құрылды. Бұл отряд 1785 жылы ақпанның орта шенінде Елек бағытына қарай қозғалды. Сол кезде Жайықтан Ембі бағытына Колпаков жәнө Паномаревтардың зеңбірекпен қаруланған отряды да шыққан еді. Бірақ бұл кезде көтеріліске араласқан ауылдар Ембіден әрі көшіп кеткен-ді. Қазақ отрядтары көтерілісшілердің топтасқан жеріне іздеу салып жүргенде Сырым батыр 500 жігітпен олардың ту сыртынан аттанып, Антоновск бекінісіне шабуыл жасады. Содан кейін Сахарная тағы басқа бірнеше қорғандар мен беіністерді шапты.
Көтерілісшілердің хан мен сұлтанға патша үкіметінің жазалаушы отрядтарына қарсы күресі еңбекші халықтан қолдау тапты. 1785 жылы 24 наурызда майор Назаров бастаған жазалушы отрядтың Каршинск бекеті мен Сахарная қорғанысының аралығында көшіп жүрген бейбіт ауылды тонап, талқандауы еңбекші халықты қатты ызаландырды. Бұған дейін қозғалысқа қатыспаған көптеген ауылдар енді көтерілісшілерге қосылды. Қол астынан кетіп қалған ауылдарды қайта өзіне қаратпақ болған ханның қарекетінен ештеңе шықпады. Оның өкіметі дағдарысқа ұщырады. Кіші жүз ішіндегі осындай жағдай патша әкімшілігіне ханның ықпалынан тыс көтеріліске шыққан ру басшыларымен байланыс жасауға мәжбүр етті. 1787 жылдың жазы мен күзінде өткен старшындардың съезінде патша үкіметінің қарары талқыланып, одан қазақтарға Ембі мен Жайық арасынан көші-қоныс жер беруді және Орал казак әскерлерініц әскери жорықтарына тыйым салуды талап етті. Сол съезге көтерілісшілер де кеңінен қатысты. Талаптың басты тармағы Нұралы ханды тағынан түсіру еді. Сырым бастаған старшындардың бір тобы хан өкіметін бүтіндей жою талабын ұсынды. Ал өзге тобы хан тағын сақтап, Нұралыға ғана қарсы шықты.
Осы кезде көтерілісшілер
хан ауылына шабуыл жасады. 1786 жылы
сәуірде көтерілісшілердің
1790 жылы тамызда Нұралы Уфа қаласында кайтыс болғаннан кейін билер тобы Кіші жүздің хандық тағына Есім сұлтанды отырғызды. Патша әкімшілігі бұл сайлауды тән алмай, үкіметтің бекітуіне Ералы сұлтанды ұсынды. Ресми тәртіпті сақтаған болып, сұлтандар мен старшындардъщ жаңа сайлайтын жиынын 1791жылы тамыздың ақырында шақыру белгіленді. Хан «сайланатын» жерге (Ор қорғанына таяу) патша әскері келтірілді. . Осындай жағдайда халық жаратпайтын Ералы сұлтан хан «сайланды». Бұл хабар халық наразылығын тудырып, елді қатты дүрліктірді. Соның салдарынан малшы шаруалар сұлтандардың ыркына көнбей, өз бетінше көтерілді. Бұл қозғалыстың феодалдарға қарсы белгілері айқып көріне бастаған-ды. Осындай жағдайда билер мен сұлтандар арасында хандықты қалпына келтіру, сұлтандармен келісімге келу деген пікір ашық айтылды. Халық қозғалысының осы кезеңінде Сырымның басында толқу пайда болды. Ол хан үстемдігін жою райынан қайтып, «өзіміздің ырқымыздан шықпайтын хан сайлайық» деген билер мен старшындардың көпшілігінің талабына қосылды. Сырым Ералыға карсы күресе отырып, Кіші жүздің хан тағынан дәмелі Әбілғазы Қайыповты жақтауға ден қойды. Әбілғазы көп жанды әрі қолды Шекті руының билеушісі және Хиуа ханымен де берік байланыста еді. Сырым Сырға қарай көшті. Бұхар мсн Хиуа хандарына, феодалдарына арқа сүйеген Әбілғазы сұлтанға Сырымның иек артуы қарапайым халықтың мүддесіне қайшы келді. Бұхар мен Хиуа шонжарлары, діни ағымдары қазақтың кейбір бай-манаптарымен жең ұшынан жалғасып, қазақ жерін Россиядан бөлуге ат салысты. Бірақ олардың көтерілісшілер арасына жүргізген үгіті ықпал етпеді. Кіші жүз Россияның қол астында 60 жылға жуық болуының да әсері тиді. Көтөріліске шыққандар бүкіл казақ жұртшылығы сияқты Россиямен шаруашылық байланыстың пайдасын бұзып, байырғы жайылымдық жерлерін сақтап қалуға тырысты. Соған қарамастан Кіші жүздегі көтеріліс өрісі жаңа қарқынмен үдей түсті де, 1792 жылдың жазында бүкіл жүзді толық дерлік қамтыды. Еңбекші халық хандықты қалпына келтіру жолында күресті. Олар қозғалысқа қарсы билер мен старшындардың ауылдарын шапты. Қазақ даласына жазалаушы отрядтардың шығуы, көтерілісшілердің шекара қорғаныстарына шабуылын үдетті. Сырым көп кешікпей көтерілісшілердің қонысына келді.