Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 15:54, реферат
Бұл жұмысым Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейінгі болған көтерілістердің бірі – Сырым Датұлының 1783-1797 ж. көтерілісі туралы жазылған. Негізгі мақсат, осы тарихи оқиғаның маңызын, негізгі ерекшеліктері мен сипатын айқындап көрсету. Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды.
Кіріспе
1-тарау. Сырым жайлы үзік сыр
2-тарау. Көтеріліс себептері
3-тарау. Сырымның шешендік өнері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Сырым Датұлы көтерілісі
Алматы 2011
Жоспар
Кіріспе
1-тарау. Сырым жайлы үзік сыр
2-тарау. Көтеріліс себептері
3-тарау.
Сырымның шешендік өнері
Қорытынды
Пайдаланған
әдебиеттер
Кіріспе
Бұл жұмысым Қазақстанның
1-тарау. Сырым жайлы үзік сыр
СЫРЫМ ДАТҰЛЫ (1723-1802) - қолбасшы батыр, би, шешен, 1783-1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі.
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында
дүниеге келген. Тегі - 12 ата Байұлына жататын
байбақты руынан. Сырым Датұлының атасы
Шолан байбақты руының белгілі батыры
болған. Ол батырлығымен, бірбеткейлігімен
дараланып, төрелердің қолынан қаза табады.
Шоланды төрелер кескілеп өлтіріп кеткенде,
төртінші баласы Дат шешесінің құрсағында
қалған екен. Шешесі аман-есен босанған
соң, төрелермен арадағы зіл ұмыт болмас
үшін баланың атын Дат қояды. Ел аузында
сақталған әңгіме-аңыздарда Сырым Датұлы
тана руының Малайсары, беріш руының Алдар,
есентемір руының Есет секілді билерінен
бата алған көрінеді. Мұның өзі Сырым Датұлының
Кіші жүз қазақтарының арасында өзіндік
беделге ие болғанын аңғартады. Асқан
ақылдылығы арқасында өз ортасында тым
ерте танылып, әділдігімен «Бала би» атанды.
Сондықтан да Нұралы хан батырды бауырына
тартып, оның беделіне арқа сүйеуге тырысты.
Ол әуелі Сырымның әпкесіне үйленіп, оған
жезде болады, кейін «ақсүйек тұқымы қара
халыққа қыз бермейді» деген ата дәстүрін
бұзып, Орын деген әйелінен туған қызы
- Айғараны батырға қосып, оны күйеу бала
етеді. Бірақ патшалық Ресейдің далалық
өлкеде әкімшілік-саяси реформа жүргізіп,
хандық билікті күшейту арқылы қалың бұқараның
Жайық өзенінен өтуіне тыйым салып, шұрайлы
жайылым мен өрісінен айырып табиғи құқыларын
шектеуі, жергілікті билік органдары арқылы
алынатын салық көлемін көбейтуі Сырым
Датұлы мен орыс патшасы тағайындаған
Нұралы ханның арасын ашып жіберді. Патша
әкімшілігінің озбырлығына, хан-сұлтандардың
дәрменсіз халіне ашынған батыр рубасыларының
қалауымен қолына қару алып, қалыптасқан
саяси жүйеге қарсы шықты. Ол өзінің Орынбордың
генерал-губернаторы Игельстромға жазған
бір хатында: «Сіздердің түрлі әдістермен
алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар
сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші
екендігіңіз белгілі» деп жазады. Бұдан
Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске
шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының
айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған
сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады.
С.Датұлы Е.Пугачев бастаған шаруалар
көтерілісіне қатысты. Орал казак-орысы
Ф.Куричын 1774 жылы Пугачев әскерінің құрамындағы
қазақ жасағын Сырым батыр бастағанын
мәлімдейді. Е.Пугачев өлтірілгеннен кейін
де ол патша үкіметінің жазалаушы отрядына
қарсы күресін жалғастыра берді. Оған
генерал Ф.Суворовтың 1775 жылы граф П.Панинге:
«Сырым батыр бастаған қырғыздарды қай
жерде кез келсе де, қандайлық алысқа қууға
тура келсе де оның өзін ұстап алып, тамырына
біржола балта шауып немесе сол жерде
өлтір дедім, оның басты жолдастарына
да осыны істеңдер, әскерлік ант бойынша
өздеріңнің күштеріңді де, өз бастарыңды
да аямаңдар деп тапсырдым» - деген мазмұнда
жолдаған баянхаты дәлел. Дегенмен батыр
араға уақыт салып Ресей әкімшілігімен
келісімге келді. Бұған белгілі дәрежеде
1775 жылы қарашаның 7-інде Ресей Сыртқы
істер алқасының Сырымның Еділ-Жайық арасына,
Каспий теңізінің жағалауына, Жем-Сағыз
атырабына қоныстануына рұқсат берген
жарлығы ықпал етті. Бірақ Ресейдің жасаған
«кеңшілігі» ұзаққа созылмады, әсіресе,
Орал казак-орыс әскерлері қазақтардың
жер-су иелену құқыларын кеңейтуге үзілді-кесілді
қарсы шықты. Осыған орай 1782 жылы желтоқсанның
27-інде патша үкіметі қазақтардың мал
жаюына рұқсат еткен аудандарын енді тек
жалға беру туралы жарлық шығарды. Бұл
өз кезегінде ұлт-азаттық қозғалыстың
қайта өрістеуіне алып келді. 1783 жылы Сырым
бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып,
кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы
Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата
жеңді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға
құлдыққа сатып жіберді. Бұл патша әкімшілігіне
үлкен соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы
патша әскері түгел аттанып, сол жылдың
күзінде Cырымды қолға түсірді. Бірақ оны
Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан
кейін босатып алды. Түрмеден босағаннан
кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші
Бөкенбайұлының қолдауымен Oрал казак-орыс
әскерімен күресін әрі жалғастырды. Бірақ
Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды,
қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен
көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер
жіберуін талап етті. Сөйтіп ол былайғы
жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен
бір болды. Міне, осы кезден, яғни 1784 жылдан
бастап патшаның отарлау саясатына қарсы
күресте ханының да, қарашасының да ортақ
ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер
арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық
қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен
шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталды.
Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға
бағынбай көтерілісшілер жағына шықты.
1785 жылдың күзінде болған старшындар жиналысы
Нұралыны хан деп танудан бас тартты. Келесі
жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің
қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық
шептегі қамалға қашуға мәжбүр болды.
Оның ақыры сол жылы Екатерина ІІ-нің Нұралыны
хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа
қол қоюына әкеп соқты. Хан тағынан Нұралы
кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмеді.
Халықтың наразылығы одан сайын күшейе
түсті. Сырым бастаған көтерілісшілер
енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша
қамалдарына шабуыл жасай бастады. Бірақ
олар пәлендей нәтижеге жете алмады. Елек
қамалына жасаған шабуылдың сәтсіздігінен
кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық
әрекеттер жасауға көшті. Шекаралық бекіністерге,
сұлтандар мен оларды қолдаушылардың
ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын
тұтқынға алды. 1797 жылы көтерілісшілердің
үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан тағына
отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл
жасап, ханды өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі
Сырымға тілектес билер мен старшындардың
одан ірге ашуына себепші болды. Есімнің
орнына Айшуақ хан сайлағаннан кейін,
ол Eсімнің кегін алмақ болып, арнайы отряд
жасақтап, Сырымға қарсы аттанды. Соңынан
індете қуып, маза бермеген патша экспедициясынан
ығысып, Сырым Хиуа хандығының жеріне
өтіп кетті. Ел арасына атағы кеңінен тараған
батырдан қауіптенген Хиуа ханы оның көзін
жоюдың амалын жасады. Ақыры оның есебін
тауып улап өлтірді. Бұл жөнінде халық
ауызында түрлі әңгімелер айтылады. 1803
жылы Сырым Датұлына арналып ас берілді.
Бұл астың өзіндік маңызды оқиға ретінде
аталып өткендігін сол кезде Бұхарға сапар
шегіп бара жатқан Ресей елшісі поручик
Я.Гавердовский өз күнделігінде жазып
қалдырған. Батыс Қазақстан облысында
Сырым Датұлы атындағы аудан бар.
2-тарау. Көтеріліс
себептері
ХVIII ғ. 30-ж. Кіші Жүз Ресейге қосылғаннан кейін бекіністер салына бастады. 1744 ж. Орынбор салынды. Ор өзені бойында Орск салынды. Орал қаласынан Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырым қашықтықтағы Жайық, Ертіс өзендері жағалауларында ірі әскери бекіністер салынды. Оларға орыс-казактар қоныстандырылды. Патша үкіметі қазақтарды ішкі жаққа Жайық сыртына өткізбей оған тиым салды. Кіші жүз ханы Нұралының да қысымы көп болды.
Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802) тұрды. 1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісіне шабуылы басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасақтары Гирьяль бекінісіне шабуыл жасады. Орынбор коменданты Ладыменский далаға орынборлық казактардан құралған жазалау отрядтары мен жүзбасы С.харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитоновтың отрядына қарсылық көрсетті, бірақ олар жеңілді. 1784 ж. мамырда Сырым оралдық казактармен ұрыс жүргізді. Қазақ жасақтары Нижневральск желісі ауданында, Орск бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында Сырым жасағында 1000 адам болды. 1785 ж. көктемде қаза даласына жазалаушылар келе жатқанын естіген Сырым 2700 адам жасақ жинады. Оған 3,5 мың адамы бар Барақ пен Тіленші әскері қосылады. Оларды шекеара бойына қалдырып Сырым бес жүз жігітімен Сахарный бекінісіне шабуыл жасады. Бірақ Сырым бекіністі ала алмады. 1785 ж. жазында тағы да адамдар қосылады. Осы тұста Тама руының старшыны Қадыр, Садыр деген батырлардың бастауымен Нарын құмының жІгіттері Сырымды қолдап, орыс әскерлеріне қарсы күреседі. 1785 жылы Орынбордан патша генералы Смирнов, Орал қаласынан Жайық атамандары Колпаков пен Пономарев бастапан әскер шоғырлары шығып, Сырым жасақтарын құртпақшы, көтерілісті баспақшы болады. Сырым жасағы оларға партизандық соғыс жасайды.
Ресей үкіметі жағдайды өзінше шешпекші болады. Бұл хандық тәртіпті жою шарасы болды. Сырым мұнымен келіседі. 1786 ж. Хандық жойылып, Нұралы хан Жайық бойындағы орыс бекіністерін паналады. Сырым он екі ата Байұлының аға старшыны болды. Оның билігі халыққа жақсы болды. Ұзақ жылдар бойы сүйеніш болып келген хандық билікті бекер жойғанын үкімет түсінді. Сөйтіп, хандық билікті қалпына келтіруге кірісті. 1790 ж. Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп, інісі Ералыны хан етті. Ералы халықты ойламады. Жер тарылды. Тағыда халық Сырым төңірегіне топтасты. 1791 жылдың наурызында жазалаушылардан сақтау үшін, табын, кердері руларын шығысқа Мұғалжар тауларына ойысуды ұсынды. Бұл саясат кейін өзін ақтады. 1792 ж. Cырымның қарулы күшінде мыңнан астам жасақ болды. Патша үкіметі Сырым Бұхара, Хиуа хандығымен байланысады деп қауіптенді. Өйткені Сырым олармен келісім жасаған болатын. Патша үкіметі бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға, Жайық пен Еділ арасындағы Үлкен және Кіші өзендердің (Қара өзен, Сары өзен) бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті. Одан халық жағдайы жақсармады. 1795-1796 жж. жұт халықты қажытты. 1794 жылы Ералы хан өліп, 1795 ж. Есім хан болды. Ұлт-азаттық көтеріліс қайтадан өршіді. Сырымға енді Ерсалы, Қайсарлы деген батырлар қосылды. 1797 ж. 26-27 наурызда Есім хан өлтірілді. Көтерілісшілерді жазалау үшін 1797 ж. күзінде полковник Скворкин Сырымды қудалауды ұйымдастырды. Алайда Сырым жасақтары Ойыл өзені бойына көшіп кетті. Жазалау сәтсіз аяқталды.
Есім хан өлгеннен кейін Кіші жүз сұлтандарының
бір бөлігі Нұралының ұлдарының бірі -
Қаратайды хан етіп сайлауды қалады. Сырым
батыр да бұл мәселеден сырт қалмады. Ол
халықтың пікірімен санасуды айтты. Хан
сайлау төңірегіндегі тартыс Кіші жүз
сұлтан, старшындарын екіге бөлді. Орынбор
генерал-губернаторы Игельстром хан сайлауын
тоқтатуды айтты. Жүзді басқаруды хандық
кеңеске беруді ұсынды. Кеңестің төрағасы
болып Айшуақ тағайындалды. Кеңес мүшелігіне
4 адам кірді. Оған Сырым да, Нұралы хан
туыстары да енгізілмеді. Хан кеңесі жиналған
кезде Нұралыға жақын феодалдар оның баласы
Қаратайды хан деп жариялады. Бұл Нұралыға
қарсы топтың Сырымға жақындасуын күшейтті.
Патша үкіметі 1797 ж. күзде хандық билікті
қалпына келтіруге тырысты. Осыдан кейін
Сырымға қарсы қуғын күшейді. Оған 800 адамммен
Қаратай сұлтан қосылды. Сырым Хиуа жеріне
өтіп кетті. 1802 ж. Үргеніште Нұралы тұқымдары
өлтірді.
3-тарау.
Сырымның шешендік өнері
Ұлтымыздың тарихында асқан батырлық – ерлік істерімен, асқақ сипатты, тапқырлық, даналық, шешендік сөздерімен, әділетті билік-кесімдерімен жарқын із қалдырған заңғар тұлғаның бірі – Сырым Датұлы.
Сырым 1712 жылы туылған. Байбақты руынан шыққан, жастайынан топ жарып көрсеткен өнегелі істері, әділ билігі үшін бала би аталады.
Сырым шешеннің тұңғыш рет билік айтуы былайша екен. Мал өрістен қайтқан кезде, бірі атқа мінген, бірі жаяу кісіні көреді. Екеуара бір түлкі. Шекесі қызып таласқан. Содан Сырымға төрелік айтуды өтінеді. Жаяу адам мән-жайды: «Жаздай осы түлкіні көз жазбай аңдып, алғашқы қансонарда қолға түсірем деп» – жүр едім деп түсіндіреді. Ат үстіндегісі: «Бүгін таңертең ерте ізіне түсіп соғып алып едім» – дейді.
Мұқият тыңдаған Сырым: «Бұл түлкі еркек болса, аттылы–сенікі, ұрғашы болса, жаяу–сенікі» – деп түйін жасайды. Сөйтсе түлкі еркек екен де, аттылыға бұйырады.
Дүниетанымы терең, түйсігі ерен, білім – білігі кемел өндірдей жас Сырым: «Әйел адамның жүретін жері–ауыл арасы ғана болады. Ал еркек адам қайда бармайды, сірә Сіздің көріп жүргеніңіз ұрғашы түлкі болар, әлі де болса күтіңіз, жүрген болар» – деп тұжырымдайды.
Шынында да жаяу кісі артынан
өзі көріп бақылап жүрген
Халық даналығына жүгінсек, «сымбатсыз сұңқар болмас, тұлғасыз тұлпар болмас» дегендей, Сырым шешеннің дене бітімі, кескін– келбеті мінсіз, жан– жақты жетілген, сом болаттан құйылғандай болу керек. Бұған Байбақты руынан шыққан қарындасы елден ерте кетіп, жырақта қоныс теуіп, көрмей– білмей 40 жігіттің ішінен Сырымды жазбай танығанда, сол ауыл ақсақалы: «Сырымды сен қалай таныдың?» – деп сұрайды.
Сол мезетте қарындасы: «Сырымда 3қасиет бар, біріншісі–батырға біткен тұлғасы, екіншісі–өжет мінезі, үшіншісі–асқан даналығы деп естуші едім. Маған Сырым қыран топшылы, толық денелі, кең иықты, шалқақ төсті, жолбарыс бетті, басы да елден ерек, торсық шекелі боп көрінді» – дейді.
Демек, талант дегеніміз
Қорытынды
Сырым Датұлы бастаған
Көтеріліс 14 жылға созылды. Бұл қазақ
халқының тарихындағы маңызды оқиға еді.
Сондай–ақ хан өкіметінің үстемдігін
біржолата жоюға ықпалын тигізді. Көтерілістің
ішкі қайшылығы, әлсіз жақтарына қарамастан,
оның ұлт– азаттық сипаты әрі прогрестік
маңызы болды.
Пайдаланған
әдебиеттер
1. «Қазақстан тарихы журналы» 1995 №5
2. Рысбеков Т. «Өскен өлке тарихы»
3. Қазақ Совет энциклопедисы
4. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 том
5. Қазақстан тарихы энциклопедиялық анықтамалығы
6.
А.Сейдімбеков, «Елтұтқа»
кітабы