Сырым Датұлы көтерілісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 18:33, реферат

Описание работы

ұл жұмысым Қазақстаннның Ресейге қосылғаннан кейінгі болған түрлі көтерілістердің бірі - Сырым Датұлының 1783-1797 ж. көтерілісі туралы жазылған. Негізгі мақсат осы тарихи оқиғаның маңызын, негізгі ерекшеліктері мен сипатын айқындап көрсету. Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды.

Содержание

Кіріспе бөлім
Қазақ шаруаларының феодализмге және отаршылдыққа қарсы күресі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Сырым Датұлы көтерілісі.doc

— 71.50 Кб (Скачать)

        Жоспары:

Кіріспе бөлім

Қазақ  шаруаларының  феодализмге  және  отаршылдыққа   қарсы    күресі. 

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        Кіріспе.

        Бұл жұмысым Қазақстаннның  Ресейге қосылғаннан кейінгі  болған түрлі көтерілістердің бірі - Сырым Датұлының 1783-1797 ж. көтерілісі туралы жазылған. Негізгі мақсат осы тарихи оқиғаның маңызын, негізгі ерекшеліктері мен сипатын айқындап көрсету. Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақ  шаруаларының  феодализмге  және   отаршылдыққа    қарсы    күресі.  .

        Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның Россия құрамында  дамуының екі бағыты болды. Бірі —  Россияның озық экономикасы мен мәдениетініц ықпалымен қазақ кауымы шаруашылығының, мөдениетінің прогрессивтік бағытта өсуі, екіншісі — қазақ қауымының феодалдық тобына арқа сүйеп, патшалық отаршылдық қанауының күшейе түсуі, 18 ғасырда Қазақстанда феодалдық қатынас одан әрі дамыды, соған байланысты таптық, қайшылықтар да шиеленісе түсті. Феодалдық және отаршылдық қанаудың бір түрі малшы шаруалардың көші-қоныс жерлерін тарылту болып табылады.

        Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы жылдарында қазақтар 1756 және 1771 жылғы жарлыққа мойын ұсынбай, Еділ мен Жайық аралығындағы жайылымдық жерлерді пайдалана берді. Бірақ шаруалар соғысын басқаннан кейін бұл жерлерге  мал жаю мүмкін болмай қалды. Орал бойындағы шекара линиясы қалпына келтіріліп, қамал гарнизондары күшейтілді. Патша үкіметі сұлтандарды өз жағына тартып, солар арқылы қазақ еңбекшілерінің дүмпуін болдырмауға әрекет жасады. Өз тарапынан Нұралы хан және сұлтандар патшаға шын берілгендігін дәлелдеуге тырысып бақты.

        1782 жылғы жарлық  бойынша хан шекаралық басшылардан  рұқсат алғаннан кейін ғана ауылдар Жайықтан өтіп, көшіп-қонатын болды. Нұралы мен оның жақын тумалары Оралдың казак әскерлерінің старшындарымөн сөз байласа отырып, көштің қоныс тәртібіне қол сұғып, ауылдарды бірігіп тонап отырды. Малшыларды ашықтан-ашық тонау, заманнан қалыптасқан көш жолдарын, қоныстарды өзгертуі ецбекші халықтың шаруашылығын күйзелтті.

        Кіші жүз қазақтары  көтерілісінің негізгі себебі —  жер мәселесінің шиеленісуінен, патша үкіметінің қазақтарға «ішкі  жаққа» (Жайық _пеп Еділ аралығына) өтуте  тыйым салуы, феодалдық және отаршылдық қанаудың күшеюі, хан мен сұлтандардың, Орал казак әскерінің, патша әкімшілігінің тарапынан ашықтан-ашық тонау, зорлық-зомбылық көрсетумен болды.

        Шаруалар   мен    феодалдардың арасындағы   қарама-қайшылықтар  шиеленісумен    қатар,    феодалдық    таптың өз ішінде де бплік үшін   тартыс жүріп жатты. Дала ақсүйектері (сұлтандар) патриархалдық   феодалдық    билеушілердің (би, старшын, батырлар)  ықпалының күшеюімен    келіскілері   келмеді.   Әртүрлі    феодалдық   топтардың   арасындағы күрес-тартыс таптық күштердің белгілі дәрежедегі ықпалына жәнө көтерілістің    барысына    әсерін    тигізді. Оның    негізгі   күші    шаруалар   еді. Көтеріліске   билер  мен   старшындар, батырлар да қатысты. Олар қаналушы халықтың   дүмпуін,   наразылығын өз мақсаттарына жұмсамақ болды. Қарапайым     шаруа       старшындар      мен батырлар қауымның мүддесін ойлайды,   сонымен   қатар,   олар   хан   мен сұлтандардың     тепкісінен    халықты азат етпек деген жалған ойда болды. Сондай-ақ,      бұлардың     бастауымен

        Орал казак  әскерлерінің шабуылынан да  құтыламыз  деп ойлады. Патриархалдық   феодалды   бай-манаптардың көздеген   мақсаты   шаруалардың   мақсатымен     ұштаспайтын    еді,    олардың  арасында      қарама-қайшылық      болды.   Көтеріліске   шыққан    шаруалар феодалды және отаршылдық қанаудан құтылмақ    ойда    еді.    Олар    хан    мен сұлтандардың      тарапынан      зорлық көріп,   алым-салықтар    төлеп   тақыр кедейге      айналғанды.       Шаруалар феодалды құрылысты   жою   туралы   міндетті қойған   да жок,   және   қоймақ та емес еді. Көтерілісті  бастаған үстем таптың  өкілдері хан мен сұлтандардың  хұқтарына  ғана  шек  қойып, жүздегі өзінің беделі мен үстемдігін нығайтуды көздеді. 1782—83 жылдардың   қысында   «Ішкі   жаққа»   өткен Кіші жүз малшыларының 4 мыңнан астам  жылқысын  Орал  казак  әскерлерініц   старшындары   айдап   әкетгі.   Осыдан кейін іле-шала Орал әскерлері таяу жатқан ауылдарға шабуыл жасайды екен деген қауесет тарады. Сонымен   Кіші   жүздің  батыс  аймағында дүмпу пайда болды. Бұл қауесет басқа  жерлерге   де   жайылды.  Көтерілісшілер топтары ұйымдасып, әдеттегідей оларды ру старшындары басқарды. Солардың ішінде  ерекше көзге түскені Сырым батыр еді. Ол ірі феодал, Байбақты   руының   старшыны   болатын.

         Сырымның ауылы  Ембі мен Жайықтың арасын жайлайтын. 1785 жылдың  басында Сырым Датовтың  отрядында 2700 адам болды. Бұл  кезде көтерілісшілердің жалпы  саны 6 мыңнан астам еді. Олардыц  негізгі ұйытқысы Сағыз өзенінің  бойына топтасқан. Бұлардың саны  барған сайын арта түсті.

        Көтерілістің  етек   алуынан   сескенген  Нұралы хан мен Айшуақ сұлтан Орынбордағы     патша     әкімшілігінен көтерілісті  басу үшін  әскер жіберуді өтінді. Шекарадағы патша әкімшілігі бұл  жағдайды Петербургке мәлімдеп, қазақ  даласында көтерілістің етек алуы ханға ғана емес, патшаға да қатер туғызатынын білдірді. Орынбордағы көтерілісті басу үшіп генерал Смирновтың отряды құрылды. Бұл отряд 1785 жылы ақпанның орта шенінде Елек бағытына қарай қозғалды. Сол кезде Жайықтан Ембі бағытына Колпаков жәнө Паномаревтардың зеңбірекпен қаруланған отряды да шыққан еді. Бірақ бұл кезде көтеріліске араласқан ауылдар Ембіден әрі көшіп кеткен-ді. Қазақ отрядтары көтерілісшілердің топтасқан жеріне іздеу салып жүргенде Сырым батыр 500 жігітпен олардың ту сыртынан аттанып, Антоновск бекінісіне шабуыл жасады. Содан кейін Сахарная тағы басқа бірнеше қорғандар мен беіністерді шапты.

        Көтерілісшілердің хан мен сұлтанға патша үкіметінің жазалаушы отрядтарына қарсы  күресі еңбекші халықтан қолдау тапты. 1785 жылы 24 наурызда майор Назаров бастаған жазалушы отрядтың Каршинск бекеті мен Сахарная қорғанысының аралығында көшіп жүрген бейбіт ауылды тонап,  талқандауы еңбекші халықты қатты ызаландырды. Бұған дейін қозғалысқа қатыспаған көптеген ауылдар енді көтерілісшілерге қосылды. Қол астынан кетіп қалған ауылдарды қайта өзіне қаратпақ болған ханның қарекетінен ештеңе шықпады. Оның өкіметі дағдарысқа ұщырады. Кіші жүз ішіндегі осындай жағдай патша әкімшілігіне ханның ықпалынан тыс көтеріліске шыққан  ру басшыларымен байланыс жасауға мәжбүр етті. 1787 жылдың жазы мен күзінде өткен старшындардың съезінде патша үкіметінің қарары талқыланып, одан қазақтарға Ембі мен Жайық арасынан көші-қоныс жер беруді және Орал казак әскерлерініц әскери жорықтарына тыйым салуды талап етті. Сол съезге көтерілісшілер де кеңінен қатысты. Талаптың басты тармағы Нұралы ханды тағынан түсіру еді. Сырым бастаған старшындардың бір тобы хан өкіметін бүтіндей жою талабын ұсынды. Ал өзге тобы хан тағын сақтап, Нұралыға ғана қарсы шықты.

        Осы кезде көтерілісшілер хан ауылына шабуыл жасады. 1786 жылы сәуірде көтерілісшілердің қысымынан ығысқан хан патша үкіметін паналауға мәжбүр болады. 1786 ж. маусымда Екатерина II Нұралы ханды хандықтан шеттету туралы рескриптке қол қойды. Нұралы Орынборға шақыртылып, одан әрі Уфаға жөнелтілді. Патша үкіметі казақ даласындағы дүмпуді әрі үстем тап арасындағы тартыстарды пайдаланып, Кіші жүздегі хандық өкіметті жоюды ұйғарды. Патша әкімшілігінің кеңесіне құлақ қойып, съезд старшындары 1785 жылдың күзінде Кіші жүзді үшке бөлу туралы шешімге келді. Бұл бөліктердің әрқайсысын съезд сайлаған старшындар билейді. Патша үкіметі Кіші жүзде хан өкіметінің  жойылуы — отаршылық  саясатты жүргізуге ыкпалын тигізеді деп  ұйғарды. Сонымен қатар патша үкіметі патриархалдық-феодалдық       шонжарларға арқа    сүйеп   отырды. Ықпалы   күшті деген беделді   старшындарға «Бас старшын»  деген атақ берді. Бұларға  өзге   де    руларды    бақылау    міндеті жүктелді. Басқару жүйесіндегі төменгі  буын — ру старшындарына да  жалақы     белгіленді.    Бірақ,   бұл   «реформа» Кіші жүздің ірі старшындары мен билерінің қарсылығына, әрі бұған Орта жүздің ханы Уәлидің, Түрікменнің ханы Пірәлінің құптамауына байланысты жүзеге асырылмады. Бұған қоса патша үкіметі Францияда басталған буржуазиялық революциядан сескенген-ді. Осындай жағдайда ел басқарудың ескі жүйесіне қандай да болса өзгеріс енгізу революциялық  іс тәрізді болды.

        1790 жылы тамызда  Нұралы Уфа қаласында кайтыс  болғаннан кейін   билер тобы  Кіші    жүздің    хандық   тағына   Есім сұлтанды отырғызды. Патша әкімшілігі бұл сайлауды тән алмай, үкіметтің бекітуіне Ералы сұлтанды ұсынды.  Ресми   тәртіпті  сақтаған   болып, сұлтандар мен старшындардъщ жаңа сайлайтын   жиынын   1791жылы   тамыздың   ақырында   шақыру    белгіленді.   Хан «сайланатын»  жерге   (Ор қорғанына таяу)   патша  әскері келтірілді.  . Осындай жағдайда халық жаратпайтын   Ералы сұлтан   хан «сайланды». Бұл хабар халық наразылығын тудырып, елді   қатты   дүрліктірді. Соның салдарынан   малшы    шаруалар   сұлтандардың ыркына көнбей, өз бетінше   көтерілді.   Бұл   қозғалыстың   феодалдарға қарсы  белгілері  айқып көріне  бастаған-ды. Осындай жағдайда билер   мен   сұлтандар   арасында  хандықты  қалпына   келтіру,  сұлтандармен келісімге келу деген пікір ашық айтылды. Халық   қозғалысының   осы  кезеңінде  Сырымның басында   толқу пайда болды. Ол хан үстемдігін жою   райынан    қайтып,   «өзіміздің    ырқымыздан   шықпайтын   хан   сайлайық» деген    билер     мен     старшындардың көпшілігінің талабына қосылды.  Сырым   Ералыға   карсы   күресе   отырып, Кіші    жүздің    хан    тағынан    дәмелі Әбілғазы   Қайыповты   жақтауға   ден қойды. Әбілғазы  көп жанды   әрі қолды Шекті   руының   билеушісі   және Хиуа   ханымен   де берік   байланыста еді. Сырым  Сырға  қарай  көшті. Бұхар мсн Хиуа хандарына, феодалдарына арқа сүйеген Әбілғазы сұлтанға Сырымның иек артуы қарапайым халықтың мүддесіне қайшы келді. Бұхар мен Хиуа шонжарлары, діни ағымдары қазақтың кейбір бай-манаптарымен жең ұшынан жалғасып, қазақ жерін Россиядан бөлуге   ат  салысты. Бірақ олардың көтерілісшілер арасына жүргізген үгіті ықпал етпеді. Кіші жүз Россияның қол астында 60  жылға  жуық  болуының да  әсері тиді.  Көтөріліске   шыққандар   бүкіл     казақ жұртшылығы   сияқты   Россиямен  шаруашылық  байланыстың  пайдасын бұзып,  байырғы  жайылымдық   жерлерін сақтап қалуға тырысты.  Соған қарамастан Кіші жүздегі көтеріліс   өрісі жаңа   қарқынмен   үдей түсті де, 1792 жылдың жазында бүкіл   жүзді толық дерлік қамтыды. Еңбекші халық хандықты қалпына келтіру жолында    күресті.     Олар     қозғалысқа қарсы    билер    мен    старшындардың ауылдарын    шапты.    Қазақ    даласына жазалаушы отрядтардың шығуы, көтерілісшілердің шекара қорғаныстарына шабуылын үдетті. Сырым көп кешікпей көтерілісшілердің қонысына келді.

        1792 жылдың  күзінде көтерілісшілердін негізгі күші Елек қалашығына таяу жерге орналасып, қорғанға шабуыл жасауға әзірленді. Бұдан бұрынғыдай, сұлтандар көтерілісшілер отрядының қай жерге орналасканын, олардың мақсатын шекара өкіметіне алдын-ала хабарлап қойған-ды. Сондықтан қорған гарнизондары тойтарыс беруге әзір еді. Сырым бастаған отряд 29 қыркүйекте Елек қалашығына шабуылға шығып, корғанды ала алмады. Патша қорғаныстарына тұтқиылдан жасаған бірнеше шабуылы сәтсіз аякталғаннан соң көтерілісшілер күрес тәсілдерін өзгертті. Олар партизандық соғыс тәсіліне көшті. Аз топпен қимыл жасаған көтерілісшілер отряды ізін білдірмеді. Ауылдар бар көмегін жасады. 1794 жылдың жазында Ералы дүние салды. Патша үкіметі жана хан сайлауды ұзақ ойластырды. 1796 жылы қазанда ғана билердің аз ғана тобынын қатысуымен Кіші жүздің ханы Нұралының баласы Есім сұлтан болды деп жариялады. Есім хан көтерілісті басуға барлық жазаны қолданды.

        1795—96 жылдың қысында  қазақ даласын жұт жайлады  да, көтпеген ауыл ақсүйек болып  қалды. Мал қырылған соң, ел аштыққа ұшырады. Еңбекшілердің осындай ауыр жағдайына қарамастан Есім мен оның сыбайластары әр түрлі алым-салық жинауды тоқтатпады. 1797 жылғы наурыздың 26-нан 27-не қараған түні көтерілісшілер отряды хан ауылын шапты. Есім ханды өлтіріп, ауылы талкандалды. Ханның тумалары бытырай қашты. Ханнық өлімі, халық дүмпуінің барған сайын арта тусуі шонжарларды сескендірмей қоймады. Олардың   жана    ханды   құптайтъінын    патшаға білдірді. Алаш, Беріш, Тама, Адай, Шеркеш тағы басқа ру-тайпа старшындары ханды өлтірген көтерілісшілерді жою үшін Орал әскерінің атаманы Донский ұйымдастырған жазалаушы отрядтың жорығына қатысты. Сонымен қатар патша үкіметі айлаға көшті, хан сайланбай хан кеңесі құрылды. Хан кеңесінің басшылығына Айшуак сұлтан, мүшелігіне алты старшын, патша әкімшілігінің уәкілі мүфти Құсайынов сайланды. Кеңеске сұлтандар мен старшындардың уәкілдері енді. Бұл феодалдардың халыққа қарсы күресін біріктіруге жағдай туғызды. Хан кеңесі 1797 жы тамызда шақырылды. Көп кешікпей жиын өтіп жатқан жерге, құрамында 7 мыңға  жуық адам бар   отрядты бастап Сырым   келді. Ол   халықтың қатты күйзелгеніне   және хан   кеңесінің құрылуыыа байланысты күресті тоқтатқанын мәлімдеді. Сырым кеңестің мүшелігіне алынды. 1797 жылы қазанда патша үкіметі қаусаған қарт Айшуақ сұлтанды хан сайлады. 
 
 
 
 
 
 
 
 

        Қорытынды.

        Көтеріліс стихиялы түрде 1797 жылдың аяғына дейін созылды  да, тоқтады. Оның жеңіліске ұшырауының негізгі себебі — ұйымшылдықтың  болмауы, нақты мақсатсыз, стихиялы өтуден еді. Сонымен қатар сұлтандармен жең ұшынан жалғасқан билер мен старшындардың сатқындығы, көтеріліс басшыларының, атап айтқанда, Сырым Датұлының толқуы, күретің ақырына дейін тұрақты болмауы да жеңіліске себепкер болды.

        Көтеріліс    14  жылга    созылды.    Бұл қазақ халқының тарихындағы  маңызды оқиға еді. Сондай-ақ хан өкіметінің үстемдігін біржолата жоюға ықпалын тигізді. Көтерілістің ішкі қайшылығы, әлсіз жақтарына қарамастан, оның ұлт-азаттық сипаты әрі прогрестік маңызы болды. 
 
 
 
 
 

        Қолданылған әдебиеттер:

    1. «Қазақстан тарихы журналы» 1995 №5.
    2. Рысбеков Т. «Өскен өлке тарихы».
    3. Қазақ совет энциклопедиясы.

Информация о работе Сырым Датұлы көтерілісі