Спандияр Көбеев

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 22:04, автореферат

Описание работы

Сабақ мақсаты: Спандияр Көбеев-қазақ халқының ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХ ғасырдың алғашкы жартысы ішіндегі бүкіл әлеуметтік өмірін көзімен көрген ағартушы, оқытушы, ақын, аудармашы туралы мағлұматтар беру. << Үлгілі бала >> кітабы. << Қалың мал >> романында суреттелген әлеуметтік теңсіздікті аша білуге баулу. Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, студенттердің танымын кеңейту.

Работа содержит 1 файл

спандияр кобеев.docx

— 27.32 Кб (Скачать)

Дәріс№11    Топ:                                           Пән атауы: Қазақ әдебиеті

Сабақ тақырыбы: Спандияр Көбеев

 Сабақ  мақсаты:  Спандияр  Көбеев-қазақ  халқының  ХІХ ғасырдың  аяқ  кезі  мен ХХ  ғасырдың  алғашкы  жартысы  ішіндегі  бүкіл  әлеуметтік  өмірін  көзімен  көрген  ағартушы, оқытушы, ақын, аудармашы туралы  мағлұматтар  беру.            << Үлгілі бала >>  кітабы.  << Қалың   мал >>  романында суреттелген әлеуметтік  теңсіздікті аша білуге  баулу. Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, студенттердің танымын кеңейту.

Өткізу әдісі: Әңгімелесу, лекция.

Жаңа сабақ: Спандияр Көбеев  (1878-1956)

Өмірі. Спандияр Көбеев  1878  жылы  қазіргі  Қостанай  облысының  Меңдіқара  ауданында  туған.  Әкесі  мұсылманша  сауатты, еңбекқор, анасы  ауыл, елге  сыйлы  жандар  болыпты.

1887  жылы  Ы.Алтынсарин  ашқан  мектепке  тусіп, оны  1892  жылы  бітіріп   шығады. Бұдан  соң  1892-1895  жылдары Қарағайлыкөлде  төрт  жылдық  оқуды оқиды. 1895-1897  жылдары Қостанай  қаласындағы екі сыныптық  орыс-қазақ мектебінен  білім алды.

Ұстаз  болуды  армандап, Орынбордағы  оқытушылар  семинариясынан  білім  алуға  талпынады, бірақ  сәті  келмей  1898  жылы  Қостанайдағы  екі  жылдық  бастауыш  мектеп  мұғалімін  даярлайтын  курсты  аяқтайды. Оқу  бітірген  соң  Ырғыз  уезінің  Толағай  болысындағы  Кішіқұм  деген  жерде  С.Көбеев  өзі  білім  алып, хат  танытқан  ұстазы  Ыбырай  жолымен, ғылым  негіздерін  үйретуге  ынта  қояды. А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, А.П.Чехов, И.А.Крылов  шығармаларын  алыс  ауылдағы  ел  Спандияр  Көбеевтің, мұғалімнің  әңгімелеп  айтуынан  естиді.

Ауылдағы  турлі  өрескелдіктер  мен  адам  мінезіндегі  жағымсыздықты, ұнамсыздықты  сынау  үшін  И.А.Крылов  мысалдарын аударды.

1903-1905  жылдары   аралығында  Петропавл  уезінде   мұғалім, 1905  жылы  Омбыдағы  бір   айлық  ауыл  шаруашылық  курсында  білім  алады, 1908-1910  жылдары   Перопавл  қаласындағы  екі   сыныптық  орыс-қазақ  мектебінде  қызмет  етеді. 1910-1919  жылдары   Қостанайдың  Федоровка  ауылында  мұғалім  болады.

С.Көбеев-өмірінің  соңына  дейін  ұрпақ  тәрбиелеп, білім  берумен  айналысқан  ұстаз. 1956  жылы  дүние  салды.

  Еңбегі. шығармалары. С.Кобеев  ауылда  мұғалім  болып  жүрген  кезінен   бастап  ел  тұрмысына  жақын,  оқиғасы  шағын, есте  жақсы   сақталып, көнілге  бірден жететін   мысал  өлендер  аударуды  қолға  алады. Ел  ішінде  түрлі  оқиға, іс-әрикет  пен   И.А.Крыловтың  мысалдары  арасынан  үндестік  табады. Алғаш  1908  жылдан  бастап  аударған  мысалдарын  1910  жылы  Қазан  қаласында  бастырып  шығады. Оны  << Үлгілі  тәржімә >>  деп атайды.

Спандияр  Кобеев  қиянат, әділетсіздік, надандық, мақтан  сүйгіш, бос  кеуделілік, ақымақтықты  сынайды. << Маймылмен көзілдірік >>, << Аққу, шортан  һәм шаян >>, << Көлбақа мен Юпитер  >>, << Арыстан мен маса >>, << Жапырақтар  мен тамырлар >> сияқты  мысалдарға  әр  заттың  қадір-қасиетін  ұғынуды бірлікпен ынтымақты сақтауды, шамасыны қарап шарқын  бағамдауды, көпшіліктің жұмылса жеңбейтін, алынбайтын  қамалы  болмайтынын айтады.

Ұлы  Абайдан  басталып, А.Байтұрсынов  жалғастырған  мысал  аударудағы  С.Көбеев  еңбегі  өз  заманына  қажет  тақырып  пен  ойды  дәл  кезенде  қозғауымен  де  маңызды  әрі  И.А.Крылов  мысалға  алған  арыстан, аю, қасқыр, түлкі, қой-қозы, өгіз  т.б. бейнелері  қазақ  әдебиетіндегі  осындай  аллегориялық  ( пернеленген ) бейнелермен мінез құлқы жағынан да  үйлесі  кетті.

1912  жылы  Қазанда  << Үлгілі бала >> атты кітабы  басылады. Кітап бастауыш  мектеп  балалары  үшін  оқу құралы  ретінде дайындалған. Крылов  мысалдары, орыс  ақынжазушыларының шығармалары аудармаларынан, қазақ ауыз  әдебиеті  үлгілерінен құрастырылған. К.Д.Ушинскидің  << Родное  словосын >> басшылыққа  ала әзірленген  кітапта Л.Толстойдың  << Құмырсқа  мен көгершін>>, << Ат пне есек >>, << Атасы мен немересі >>, << Екі жолдас >> т.б.,  К.Ушинскийдің, << Екі  соқа >>, << Тулкімен  теке >>, << Сауысқанмен қарға >> т.б. әнгімелері, сонымен бірге өзінің  << Жетімнің  өлеңі >>, << Жарлы мен бай >>, << Қайыршы >>. Сияқты  шығармалары кірген.

<< Қалың  мал >> романы  1913  жылы жарыққа шықты. Бұл-қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі. Шығарма тақырыбы  - ХХ  ғасырдың  бас кезінде қазақ әдебиетінде көп көтерілген, көп айтылған, жазылған  әйел  теңсіздігі, жастар  бостандығы. ХХ  ғасырдың  бас кезінде қазақ даласында мектептер ашылып, ел  жаңаша  білім ала бастады. Ел  оқығандары  қалың мал мен әменгерліктің жастар  еркін бұғаулайтын кедергі екеніне көптің  көзін жеткізуге тырысты. Солардың  бірі  С.Кобеевтің << Қалың мал >> романы  осы  тақырыпқа  жазылған  шығармалардан  ерекшеленеді. Қазақ  ауылына  да  сыналап  ене  бастаған  жаналық  өзгерісті  жазушы  жастар  арқылы  көрсетеді. Романның  идеясы  жақсылықтың, игі  арман, мақсаттың  женетініне  сендіреді.

Романның  бас кейіпкері - Ғайша  сұлу  да  тазалықты  сүйетін, << Бармақтары  майысқан>> шебер  қыз. Әкесі  Итбайдың  жасы  үлкен  Тұрлығұлға  айттырғаннын  естігенде  өз  өкпенаразылығын  өлеңмен  береді. Бұл  кокірегі  ояу  жаны  молдір, әр  нәрсеге  баға  берер, бағамдай  алар  қазақ  қызының  алғашқы  бейнелерінің  қатарынан  орын  алады. Сүймеген  жаңға  жар  болғысы   келмеген  Ғайша  бақыты  үшін  күреседі. Байлық пен барлықты  ғана  арман  еткен  әкесіне  қызының  жылағаны  әсерде  етпейді. Ғайша  өзіне  тең  ер  деп  Қожашты  таңдайды.

Романдағы  келесі  бір  жанашыл  бейнелер - Қожаш, Жүніс, Әлкен, Бірке - Ғайша  сенген, арқа  сүйген  жандар. Ғайшаның  өз  тендесім  деп  тапқаны  Қожаш - қыз  айттырардай малы  жоқ, кедейлік  қолын  бағалаған  жігіт. Ғайшамен  конілдері  табысып, жүректері  бірге  соққан  қос  ғашық  серт  байласқанмен  де, Тұрлығұл, Итбай  сияқты  азулылардың  уысынан  босау  онай  емес. Ғайша  мен  Қожаштың  жан  сырларын  ұққан  Жүніс, Әлкен, Біркелер  олардың  бақытына  жол  ашады. Адал, нағыз  жолдас  екендіктерін  көрсетеді.

Ғайшаның  әкесі Итбай   бейнесі  ерекше  дараланып, жан-жақты  ашылған. Өзі  шала  молда, әрі  онысымен  жарытып  іс  атқарып  та  жүргені  шамалы.

Бар  ой - мақсаты  - байлықпен  мал. Байлық  пен  дәулеттің  жолында  карашығындай  сақтаған  жалғыз  баласы  Ғайшаны  да  аямауы  қатыгездігі  мен  дүниеқоныздығын  көрсетеді. Итбай  бейнесін  ашуда  жазушы  юморды  (келемеждеуді ) шебер пайдаланған. Оның  атаққұмарлығын , даңғойлығын, менмендігін, мақтаншақтығын  суреттейтін тұстарда  жазушы  шеберлігі ашылады.

<< Қалың мал >> қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі  болуымен  де  бағасы  құнды. Шығармада ауыз  әдебиеті  үлгілерінің дәстүрі сақталған. Ғайшаны суреттеуде, әкесінің  бейнесін  ашуда, ал  сонында өз  дегендеріне жетіп, бақытты тұрмыс  құрып жатқан  жастардың шаттықты  өмірін  баяндау - ертегі  жанрының  белгісі. Жазушы  жақсылықтың жеңетініне  сендірді. Заман жаңаша  ойлайтын, өз  бақыты  үшін  күресетіндердің қолында екенін  жазды.

                  Бекіту  сұрақтары:

1.С.Көбеевтің   өмірі  мен  қызметінің  Ы.Алтынсаринге  ұқсастығы неде?

2.Спандияр  жазушылық  жолға  қалай   келді? << Үлгілі тәржіма >>, << Үлгілі  бала >> кітаптары қалай жазылды?

3.<< Қалың мал>> романын жазуға  себеп болған  жағдайлар қандай?

                  Үйге  тапсырма:

  • Романның  бастапқы  кейіпкерлеріне  қысқаша  сипаттама  беріңдер.
  • << Қалың  мал >> романының ұнамды  кейіпкерлері>> деген  тақырыпта  шығарма  жазыңдар.
  • Романның  тарихи  маңызы, көркемдік  сипаты  осы  тақырыпқа  жазылған басқа  шығарламалардан  өзгешіліктері  қандай  екені  жайлы  ойланыңдар.

  

 

 

 

   Дәріс№12           Топ:                                                                  Пән  атауы: Қазақ  әдебиеті

Сабақтың  тақырыбы: Сұлтанмахмұттың  өмірі  мен  ақындық  жолы  мен  лирикасы  туралы  білімдерін  кеңейту. Романның  әдеби-тарихи  манызын  түсіне  білуге  баулу. Ақын  поэзиясындағы  азаматтық  сарын, еліне  деген  сүйіспеншілікке  тәрбиелеу. Сұлтанмахмұт  өлендеріндегі  оқу - білім  тақырыбы. << Қамар сұлу >> романы. Романдағы әлеуметтік, адамгершілік  проблемолары. Ахмет пен Қамар.

Сатиралық  бейнелер. Романның  әдеби - тарихи  манызы.

Өткізілу  әдісі: Әңгімелесу, лекция.

Жаңа  сабақ: Сұлтанмахмұт  Торайғылов ( 1893-1920)

 Өмірі. С.Торайғыров  1893  жылы  қазіргі  Ақмола облысының  Қызылту  ауданында  (бұрынғы Көкшетау  облысының  Қызылту  ауданында ) туған. Әкесі Әбубәкір  Көкшетаудағы  Қарауыл руындағы  бай жездесінің  малын бағып, сонда отау  құрған. Балалары  екі жаска келгенде  әйелі қайтыс  болып, Әбубәкір  балаларын алып  өзінің  атамекені Павлодар облысының Баянауыл  ауданына  көшеді. Сұлтанмахмұттың балалық шағы  осы жерде өтеді. Ауылда хат таныған Сұлтанмахмұт  1908  жылы  Баянауылдағы  Әбдірахман  молданың  медресесіне түсіп, оқуды аяқтамай  тастап  кетеді.

Ақың  өмірінде  ерекше  орын  алған  ұстаздары - Мұқан  мен  Нұрғали. Алғашқы  өлендерін  оқып, балаға  шың  қамқор  болған  Мұқан  болса, Нұрғали  Троицк  медресесін  бітірген, жанаша оқытуды  ұстанған, көзі  ашық, ақыңдықты  кұрмет  тұтатын  жан  екен. Сұлтанмахмыттың  ақыңдығын, талантын, білімге  қүштарлығын  таныған  Нұрғали  болашақ  ақыңға  үлкен  қалалардан  білім  алуға  кенес  береді. 1912  жылы  Сұлтанмахмұт  оқу  іздеп, Омбыға  жетеді. Одан  әрі  көп  қиыншылықпен  Троицк қаласына  келеді.

Троицк  қаласында  сол  кезенде  сол  кезендегі  әдеби - қоғамдық << Айқап >> журналымен  байланысы Сұлтанмахмұттың шығармашылықпен айналысуына, талантының  ашылып, шабытының шарықтауына игі   ықпал еткені  сөзсіз. Сұлтанмахмұт  бұл журналда  1913-1914  жылдары ғана  істейді. Қала  дегенде де, ақынның << Айқап >>журналындағы  қызмет  кезі - шығармашылығындағы  ең  бір  сүбелі, ең  бір   жемісті  кезең. Осы  кезенде  ақынның  << Шәкірт  ойы >>, << Оқудағы мақсат  не?  >>,   <<  Анау - мынау >>, << Қаңдай? >>, << Зарлау >> өлендері, << Қамар  сұлу >> романы, << Ауырмай  есемнен  жанылғаным >> әнгімесі  т.б.  жазылады

1914  жылы  туған  еліне   келіп, елге, жерге  мәдиниетті, оқудың  мәнін  ұғындыруды  мақсат  тұтып  << Шон  серіктестігі >> деген ұйым  құрады, бірақ мақсатын  орындауға түрлі кедергілер  кездесіп, осы жылы  Сұлтанмахмұт  Семей қаласына  келеді. Білім алып, оқу оқығысы келген  ақынның ойын  жоқшылық  кес-кестейді.

Шығысқа, Қатонқарағайға  бала  оқытуға  кетеді. 1916  жылға  дейін  С.Торайғыров  Қатонқарағайға, Зайсан жақта бала  оқытады, ақынның  << кім  жазықты?>> романы  дүниеге  келеді.

Білім  алуды, оқуды  мақсат  еткен  ақын 1916  жылы тағы  да  Томскіге  келеді. 1917  жылы  ақпан  төңкерісі  кезіндегі  аласапыранда  ел  ішінде  болуды  ниет  етіп, Семей  қаласына  қайтады. Семейде  ақың  қазақ  оқығандарымен, әлеумет  өмірімен  араласады.

Жасынан  аурушаң  ақың  1918  жылы  тағы  да  емделуге  туған  елі  Баянауылға  келеді. Өз  бетімен  көп  ізденіп  оқуды  әдет  еткен  С.Торайғыров  ауылында  саяси-әлеуметтік, философиялық  кітаптарды  көп  оқиды. Осы  тұста  << Социолизм >>, << Осы да әділдікпе?>>,  << Неге  жасаймың? >>,  << Адасқан өмір >>,  << Кедей >>,   <<  Өң  бе,  түс пе ? >> ,<< Ғайса кім? >>,  << Дауылдағы  әбігер >> шығармалары жазылды. 1919  жылы  Баянауыл, Павлодарда  кеңес өкіметі орнады. Сұлтанмахмұт  Шідерті болысына  ревалюциялық  комитеттің  бастығы болады.  Екі-үш  ай  қызмет  еткен соң,  ауру  меңдеткен ақын  төсек тартып  жатып қалады. 1920  алғашқы айларыңда << Айтс( қала  ақыны мен дала  ақынының  айтысы )>> поэмасын  бастап, аяқтай  алмайды.

С.Торайғыров  1920  жылы  қайтыс  болды.

<< Жазықсыз  тамған  қан >> (1915) әңгімесі  махаббат  тақырыбына  арналған. 1913-1914  жылдары жазған  <<Қамар  сұлу>> романның  тақырыбы  да шын сүйіскен  жандар  махаббатты  дегенімізбен  де  Сұлтанмахмұт  қоғамдағы әлеуметтік  теңсіздікті   негізге алады. Қалың малға, байлыққа  адам  сатып алу,  еркінен тыс өзіне   меншіктеу, зорлық-зомбылықты  әдет  еткен қаранғылықты  сынайды. Бұрынғы салтқа  көнгісі келмеген, азаттық іздеп,  бақытын тапқысы келген  ғашықтардың әдет-салт  құрбанына айналғанын  жазады.

Жазушы  романының   кейіпкерлері  де  сан  қырларынан  ашылған. Қамар  мен  ахмет  ақылды, көздері  ашық, сертке  берік, сезімге  тұрақты,  ғашықтар  тағдырының  шешілуіне  қатысты  Омар, Жорға  Нұрым, Оспан  би, Қалтан  қажылар  бейнелері  де  танылады.

Сұлтанмахмұт  Қамар  мен  Ахмет  сияқты  оқыған, мінезді  жандардың  бір-біріне  лайық  екенін  біліп, көңілдері  жарасып, сенімдері  ортақтасуынан  қазақ  даоасында  еркін  ой  мен  сезімдерін  қорғай  алатын, оны ашық  білдіруге  ерік-күштері  жететін  жаңа  толқынның  келе  жатқанын  жазады.  Қамардың  ішкі  сарайының  одан  бөлектегі, жан-дүниесінің  қабылдамауы   зорлықтың  шын, таза  сезімді  өшіре  алмайтынын  көрсетеді, Қамардың  романтиқалық  кеиіпкерлерге  тәң  беинесі  жасалады.

Қамармен  Ахмет  арасындағы  жазысқан  хаттарда  олардың  сезімдері, бір-біріне  деген  жүрек  жылуы  әдемі  кестеленген, . Олордың  бір-біріне  жазған  хаттарын пайдалана  отырып, жазушы  көркем бейнелерді  жан-жақты  ашудың  бір  ретінде  де  қолданған.

Романдағы  Ахмет-ел  аузында  жақсылығымен  аты  аталып  жүрген, көрікті, сөзге  шешен  жігіт. Бұндай  көрікті, тілді  жігіттер  бейнесі  қазақ  әдебиетінде  аз  жазылған  жоқ.

ал  Қамардың  әкесі  Омар  бейнесі-роман  жаналығы. Қазақ  әдебиетінде  қыз  тңдігі, бостандығы, қалың  мал, атастыру  жайыңда, оған  қарсы  тұрар  жастар  махаббаты  туралы  шығармалар  аз  емес.  жастарға  тілекші  болатын, сырын  ұғатын, махаббаттарына  куә  болып  жүрген  жолдастары, үлкендерден  көбінесе  шешелерінің  бейнесі  алынытын.

Әке  бейнесі  әдет-салтты  берік  сақтаушы, соны  қорғаушы, қатал  мінезді  болып  суреттелетін. . Сұлтанмахмұттың << Қамар  сұлуындағы >> Қамардың  әкесі омар  хат танырлық  білімі  бар, көзі  ашық  адам. Ұлымен  бірге   қызы  Қамарды да  қыз бала, жат жұрттық деп кемсітпей оқытып, жақсы тәрбие  береді. Омардың Қамарды Жорға Нұрымға ұзатуға қарсы болуынан-ақ  адамдық бейнесі көрінеді. Дегенмен, Омар  жалғыз,  маңындағы Оспан би, Қалтан  қажылар өз  дегендерін  істейді. Қызын қанша жақсы корсе де, бақыт тілесе  де  Омар  шарасыз.

Информация о работе Спандияр Көбеев