Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 18:08, реферат
Қазақстанда соғыстан кейін өнеркәсіп орындарының көбеюі, ауыл шаруашылығының дамуы шеберлігі жоғары мамандарды талап етті. Осы міндеттерді шешу мақсатында 1947 жылы қарашада «Қазақ КСР-де жоғары және орта білімді бұрынғыдан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулы қабылдап, ол бойынша республикаға мектептер мен оқу орындарының құрылысына, оларды материалдық – техникалық базасын жабдықтауға қаржы бөлінді. Қазақстанға кәсіби мамандар жіберілді.
1. Жоғарғы және орта білімді дамыту.
2. Әдебиет жаңа толықты. «Абай мектебі».
3. Қазақстан Ғылым академиясының ашылуы.
4. Қоғамдық ғылымдар қысым жасалды.
5. «Бекмаханов ісі» М. Елікбаевтың тағдыры.
6. «Космополит».
Атырауский Инженерно-Гуманитарный Институт
Реферат
Такырыбы : Соғыстан кейінгі оку
ғылымы
Атырау 2011
Жоспар:
1. Жоғарғы және орта білімді дамыту.
2. Әдебиет жаңа толықты. «Абай мектебі».
3. Қазақстан Ғылым академиясының ашылуы.
4. Қоғамдық ғылымдар қысым жасалды.
5. «Бекмаханов ісі» М. Елікбаевтың тағдыры.
6. «Космополит».
Қазақстанда соғыстан кейін өнеркәсіп орындарының көбеюі, ауыл шаруашылығының дамуы шеберлігі жоғары мамандарды талап етті. Осы міндеттерді шешу мақсатында 1947 жылы қарашада «Қазақ КСР-де жоғары және орта білімді бұрынғыдан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулы қабылдап, ол бойынша республикаға мектептер мен оқу орындарының құрылысына, оларды материалдық – техникалық базасын жабдықтауға қаржы бөлінді. Қазақстанға кәсіби мамандар жіберілді. 60 – мыңнан астам мамандар даярланды. Мектептерге мол қаржы бөлді. Егер 1946 жылы – 85,6 млн сом бөлінсе, 1950 жылы – 146,5 млн сом бөлінді. Интернаттар жүйесі құрылып, 1953 жылы оларда 40 мыңдай бала оқыды. 1950 жылы білім беру жүйесінде жалпыға бірдей міндетті он жылдық білім алуға көшті. Кешкі және сырттай оқитын мектептер ашылды. 1950 жылы - 9088 мектепте 1 млн 143 мың оқушы оқыды. Соған қарамай кемшіліктер болды. Олар: оқу бөлмелері, оқулықтар жетіспеді.
Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы заң одан әрі жүзеге асырылды.1952 жылыҚазақстанда жалпы білім беретін 9 мыңдай мектеп , 125 техникум мен арнаулы орта оқу орны жұмыс істеді,бұларда 1,5мын адам оқыды.
Дегенмен мектептердін материялдық жағдайы онша болған жоқ . Сондықтан оларға ғимарат салу, мектептердің ескірген , тозған үйлерін салуға жөндеуге халықтың , селомен қала еңбекшілерінің тарапынан үлкен көмек корсетілді.
Кітапханада кітап қорларын толықтыру үшін кітап , радио қабылдағыш , т.б. мәдени құралдарды жинап берді.
Соғыстан кейінгі жылдарда мектепте білім беру бері ісі тоталитарлык тәртіптің ықпалынан шықпады.Партия , комсомол және пионер ұйымдар , мұғалімдер жас ұрпактың санасы мен мінез-құлқын қатаң бақылауда ұстады. Оқу-тәрбие процестерін саясаттандырумен қатар жалпы көршеткішті қудалау , оқу процестерін жасанды жүргізу , оқушылардың оқуға немқурайлы қарауы орын алды.
Осының салдарынан 20 жылдың ішінде (1956-1970) қазақ мектептерінің саны 3891-ден - 2577-ге дейін азайды,ал сабак орыс тілінде жүретін. Орыс мектептер саны 1,5 мыңға дейін көбейді.Қазақ тілі тек тұрмыстық қолданыс дәрежесінде сақталса , орыс тілі негізгі мемлекеттік тіл ретінде қолданды.
Кітаптардың
95% орыс тілде басылды , теледидар хабарларының
70% эфирде тек орыс тілінде жүргізілді
Әдебиет жаңа шығармалармен толықты. «Абай мектебі».
Әдебиетте даму жағдайында болды. 1947 жылы М.Әуезов өзінің «Абай» роман – эпопеясының екінші кітабын аяқтады. 1949 жылы оған бірінші дәрежелі КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді. Замандастарының басынан өткен қиындықтары мен қуаныштары С.Мұқановтың «Сырдария», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», Ғ.Мүсіреповтің – «Қазақ солдаты» тағы басқа шығармаларымен поэзияларда көркемдік бейнесін тапты. Соған қарамастан 1951 жылы 31 маусымда «бірқатар жат ұғымдарды баяндайтын қазақ әдебиеті оқулықтарының басылымдарын алып тастауғы» бұйрық берілді. Осы жылы « Абай мектебі аталатын буржуазиялық объективтік тұжырымның ғылымға қарсы » екендігі жарияланды. Ұлы Абайдың есімінің аталуына тыйым салу қаупі пайда болды. Сондай – ақ «Ер – сайын», «Едіге», «Орақ пен Мамай», «Батыр Шора» сияқты шығармаларды басуға тыйым салынды. Қазақстан жазушыларының барлық шығармаларына қатаң бақылау орнатылды: цензура күшейді, Главлит атанған мекеме атқарды. Кез келген шығарманы шығару Главлит рұқсатымен ғана шығарылды. М.Әуезовтің Абай романы «ұлтышлдық пен байшылдық» мағынада жазылған деп, қайта жазылды.
Қазақстан Ғылым академиясының ашылуы.
Еліміздің ғылыми әлеуеті де арта түсті. Республиканың мәдени өмірінде ерекше оқиға – 1946 жылы маусымда Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылды . Тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаев ( 1899 – 1964 ж.)
Ғылым Академиясының толық мүшелері болып көрнекті ғалымдар – М.Әуезов , Ә.Бектұров , М.И.Горяев , А.Қ.Жұбанов , Н.Г.Кассин , Н.Т.Сауранбаев , мүше-корреспонденттеріне : Н.О.Базанова , Р.А. Баруков, Ә.Х.Марғұлан , М.И.Усанович және т.б сайланды.
1950 жылдардың
аяғында Қазақстан Ғылым Академиясының
жүйесіне 50 ғылыми зерттеу институты жумыс
жасады. 1958 жылы Орталық Қазақстанның
кешенді металлогендік әрі болжамдық
картасын жасағаны және оның оның әдістемесін
зерттегені үшін ғалымдар : И.И.Бек , Р.А.Боруков
, Г.Ц.Медоев , Д.Н.Казакин ,Қ.И.Сәтбаев және
басқалары Лениндық сыйлыққа ие болды.
Қоғамдық ғылымдарға қысым жасалуы.
Қоғамдық ғылымдар ерекше күрделі жағдайларда ( Сталиндік кезең, партия комитетінің қатаң қадағалауы) дамыды.
1946 жылы 14 тамыз БК(б)П Орталық Комитеттің «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулысы шықты. Бұл қаулы бойынша «басқаша ойлайтын» адамдарды қудалаудың жаңа науқанын бастады.
1947 жылы наурыз
– Қазақстан Компартиясы ОК-
1947 жылы 21 қаңтар
– «Қазақ КСР Ғылым
- 1943 жылы
шыққан Қазақ КСР тарихы
жазуға соғыс жылдары Алматыға көшіп келген А.М.Панкратова, Б.Д.Греков,
И.М.Дружинин қатысқан болатын.
- 1946 жылы Е.Бекмаханов КСРО Ғылым академиясында докторлық диссертация
қорғады.
жеке монография етіп шығарды.
Бұл еңбек туралы пікірлер айтыла бастады. Кітаптың 14 – тарауында жазылған
К.Қасымұлы басшылығымен болған көтеріліс сыналып, авторға «буржуазиялық
– ұлтшыл идеологияны дәріптеуші» деген саяси айып тағылды.
1950 жылы 26 желтоқсан – «Правда» газетінде «Қазақстан тарихы мәселелерін
маркстік – лениндік тұрғыдан баяндайық» атты мақала жарияланды. Бұл
Е.Бекмахановты ресми саяси айыптау еді.
1951 жылы 10 сәуір «Бекмахановтың буржуазияшыл – ұлтшылдық көзқарасын
айыптау туралы» қаулы жарияланды. Е.Бекмаханов Ғылым академиясынан
шығарылды.
1951 – 1952 ж.
– Жамбыл облысының Шу
ауыстырылды.
1952 жылы 4 желтоқсан - Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот алқасы үкімімен 25
жылға бас бостандығынан айырды.
1954 жылы ақпан – академик, қоғам қайраткері А.М.Панкратованың тікелей
көмегі нәтижесінде іс қайта қаралып, ақталып шықты.
1954 – 1966 ж. – Е.Бекмаханов ғылыми – педагогикалық жұмыстармен
шұғылданды.
«Космополит»
Қазақстанда бір ғана «Бекмаханов ісі» емес биология, медицина, экология
саласындағы ғалымдарға «космополит» деген айыптар тағылып, олар
республикалық ғылыми – зерттеу мекемелерінен және оқу орындарынан
қуылды. Мысалы:
Қазақ Мемлекеттік
Төлеген Тәжібаев.
1951 жылы 6 шілде
- «Қазақ Мемлекеттік
жұмысы мен
кадрлық іріктеудегі ірі
Т.Тәжібаев – оқытушылық қызметке саяси сенімсіз болғандықтан Академиядан
құрылған адамдарды жұмысқа алғандығы үшін және буржуазияшыл – ұлтшыл
Е.Бекмахановты қолдағаны үшін айыпталды.
Нәтижесінде
Т.Тәжібаев ректорлық қызметтен
босатылды. Сонымен қатар М.Елікбаевтың
тағдырына тоқталсақ, Шығыс Қазақстан
облысындағы орыс тілі пәнінің мұғалімі,
майдангер, жоғары білімді маман болған.
Ол Н.С.Хрущевтің атына хат жазып, онда
адамның жеке басының құқықтарын бұзу,
ұлттық саясат саласында бірқатар бұрмалаушылықтар,
қазақ тілінде оқытатын мектептердің
қысқартылуы т.б. Өкімет орындары жүргізіп
отырған саясаттағы оқулықтар жөнінде
өз пікірлерін білдірді. Мұнымен Шығыс
Қазақстан облысы Күршім аудандық партия
комитеті мен Мемлекеттік қауіпсіздік
комитеті айналысып партия қатарынан
шығарылды, одан әрі мұғалімді психиатриялық
ауруханаға жапқан. Ол аштық жарияласа
түтікше арқылы тамақтандырады. Осы сияқты
90 мыңнан астам «басқаша ойлайтындар»
психикалық емдеу жолынан өтеді.
Қорытынды:
Осыған шыгарар қорытындымыз , еліміздің
білім және ғылым саласының дамуының
кезеңдерінің жағымды және жағымсыз кездері
болғанын түсіндік. Жағымды жағы -халық
тегін білім алды, жағымсыз жағы - еліміздің
тарихы ақсады, қыспақта болды. Оған тарих
куә.