Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 23:12, реферат
Соғыстан кейінгі Германия Федеративті Республикасының канлерлерінің қатарындағы атақты тұлғалардың бірі болып Вилли Брандт саналады. Ол билік басында тек 4 жыл ғана (1969 – 1974) болды, алайда бұл мерзім ішінде ол өзін көрнекті саясаткер ретінде көрсетіп, оның билікте болған кезеңін «дәуір» деп атай бастады.
Соғыстан кейінгі Германия Федеративті Республикасының канлерлерінің қатарындағы атақты тұлғалардың бірі болып Вилли Брандт саналады. Ол билік басында тек 4 жыл ғана (1969 – 1974) болды, алайда бұл мерзім ішінде ол өзін көрнекті саясаткер ретінде көрсетіп, оның билікте болған кезеңін «дәуір» деп атай бастады.
Канцлер қызметіне мұндай әрқилы өмірлік тарихы бар адам келетіндігін ешкім болжай алмады.
Герберт Эрнст Карл Фрам жас сатушы Марта Фрамның некесіз туған баласы болды. Ол 1913 ж. дүниеге келді, Брандт ешқашан өз әкесін білген жоқ. Оны оның атасы тәрбиеледі. Канцлердің тұйықтылығы мен мұңдылығының себебі – оның мұндай ерекше жанұяда тәрбиеленуі.
Атасы мен анасынан Брандтқа солшылдармен және социалистік идеялармен қызығу берілді. Гимназияда оқып жүргенде ол солшылдардың басылымдарын таратып, ал 1931 ж. Социалистік жұмысшылар партиясының қатарына енеді. Оның ультрасолшыл, прокоммунистік партияға қатыстылығы кейін оның қарсыластарымен еске түсіріледі.
Алайда, неміс тарихындағы ең қайғылы жылдарды, яғни нацистік режим жылдарын (1933-1945), Вилли Брандт «сыртта» өткізгендігіне ерекше көңіл аударылады. 1933 ж. ол уақытылы Осло қаласына көшіп, өзіне жаңа есім алып, норвегиялық социалистік баспасөзімен ынтымақтасып, сол жақта антинацистік үгіт жүргізді. Германиядан қашу уақытылы болды – Брандты «жау» үнпарақтарының баспагері ретінде гестапо іздеді. 1940 ж. Норвегияны нацистер оккупациялағанда, Брандт өзін норвегиялық солдат деп атап, Швецияға қашады.
Германияға Брандт тек 1945 ж. қазанында Нюрнберг процесіндегі сот-референт ретінде келеді. Брандт Отанына қайтып келгендегі Германияның халін көріп, өзінің «екінші өмірін» ұмытып, өз еліне қызмет етуге талпынады. 1947 ж. Брандт өзіне неміс азаматтығын қайтарып алып, Батыс Берлинде өз жұбайы Рут Хансенмен қоныстанады.
Брандт батыс неміс саясатына қосылып, социал-демократтардан бірінші бундестаг депутаты болады. Германияның Социал-демократиялық Партиясы (ГСДП) соғыстан кейінгі бірінші онжылдықта заман талабына жауап бергісі келмеді. Бұл партияның Аденауэр басқарған ХДС/ХСС партиясымен бәсекеге түсе алмауына алып келді. Партияны түбегейлі реформалаған В.Брандтың өзі болды, ол 1964 ж. ГСДП-ның билік басына келді.
Бұған дейін, 1957 ж., Брандт Батыс Берлиннің бургомистрі Западного Берлинаболып тағайындалды. Ал 1961 ж. тамызында оның көз алдында Берлин қабырғасы салынып, қаланы бір түн ішінде екі бөлікке бөлді. Қоғамның ашуын бәсеңдетіп, «Біз қабырғамен өмір сүруге үйрену керекпіз» деп жариялады. Осылайша ол ГДР-ын еуропалық саясаттың объективті факторы ретінде мойындап, бұл дағдарыстың жағымсыз нәтижелерін қалай азайтуға болатындығы туралы ойланды.
Бірақ, 1961 ж. қыркүйекте өткен бундестагқа сайлауда ГСДП жеңіліп, Вилли Брандтың жарты жылдық депрессиясының себебі болды. Алайда, ол өзінде кейінгі күреске күш тауып, Бонн қаласына қайтып келді.
Брандтың мансабындағы қиын кезеңінің бірі болып оның Г.Кизингердің үкіметіндегі сыртқы істер министрі қызметінде болған уақыт (ХДС/ХСС – ГСДП «үлкен коалиция» жылдары (1966-1969) саналады. Бұл кезде Брандта болашақ «шығыс саясатының» пішіні пайда болса да, оның идеялары ірі масштабты үкімет дискуссияларында жоғалып кетті. Сонымен қатар, ХДС-тан шыққан канлердің сыртқы істер министріне қысымы оған өзінің бастамаларын ұсынуға жол берген жоқ. Сыртқы саясатта «Хальштейн доктринасы» жұмыс жасай берді. Бұл доктрина бойынша, ГДР және оған қолдау көрсеткен мемлекеттер мойындалмады және ГФР неміс халқының жалғыз мемлекет-өкілі болып саналды.
Бірақ, 1969 ж. бундестагқа сайлаудың нәтижелері бойынша, алғаш рет ГСДП мен В.Шеельдің либерал партиясының коалициясы пайда болды. Брандт ГФР-ның бірінші канцлері болып тағайындалды. Жаңа үкіметке көп үміт арттырылды. Бұл таңғаларлық емес, себебі ХДС-тың ұраны «Ешқандай тәжирибеге жол жоқ» болса, ГСДП «Тәжірибеден қорықпау керек» деген ұранды ұсынды. Ұранның іске асырылуы көпке созылған жоқ.
Сол жылдың қазанында В.Брандпен жарияланған жаңа бағыт бағдарламасында әлеуметтік проблемаларға ерекше көңіл аударылды. Бірақ, басты және айқындаушы факт – ол немус территориясындағы «екі мемлекеттің» ГФР және ГДР бар екендігін мойындау болып табылады. Бұл жаңа сыртқы саясатқа батыл қадамы болды, бұнымен В.Брандтың билігі әйгілі болды.
«Жаңа шығыс саясаты» идеясын жүзеге асыруға қолайлы жағдай болды: социалистік лагерьде Қытай мен КСРО арасындағы жанжал ұлғайды, сонымен қатар, 1968 ж. чехословакиялық оқиға да әлі ұмытылмады. Бұл жүйенің өзегі болған Кеңес Одағы батыс шекарасында бейбітшілік пен тыныштықты қалады. Бұл жағдайда 1970 ж. Мәскеуге статс-секретарь Эгон Бар барып, «Жақындасу арқылы өзгерістерге келу» негізін қалауы керек болды.
Кеңес сыртқы істер министрі А.Громыкомен бірнеше отырыстардың нәтижесінде болашақ келісімнің жобасыдайындалды. Келесі келіссөздерді неміс сыртқы істер министрі В.Шель өткізіп, Мәскеу келісімі жасалып, В.Брандт пен Л.И.Брежнев оған қол қойды (1970 ж. 12 тамыз). Бұл келісімге сәйкес, екі жақ та Шығыс Еуропадағы соғыстан кейінгі шекараларды, соның ішінде Одер-Нейс бойындағы Польша шекарасы және ГФР мен ГДР арасындағы шекараны, мойындады.
Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелерін мойындау ГФР үшін алға қадам болды. АҚШ-тың «шығыс саясатыны» қатысты скепсиске қарамастан, ГФР еуропалық реттеудің өзегіне айналды.
1970 ж. мамырында В.Брандт Эрфуртқа барып, ГДР-мен келіссөздер жүргізе бастады. Тюрингия астанасы келіссөздер жүргізу үшін кездейсоқ таңдалған жоқ – сол жылдары Эрфурт неміс-неміс шекарасынан алыс емес орналасқан бейбіт қалалардың бірі болды. ГДР-дағы қоғамдық жағдайының қиындауына байланысты келіссөздерді Берлинде өткізу тым қауіпті болды.
Алайда, Эрфуртта да халық «Эрфуртер Хоф» қонақ үйінің алдына жиналып, Вилли Брандты шақырды. Брандт терезенің алдына келіп, халықпен сәлемдесті, сонымен қатар, ол халықтың ашуын бәсеңдетті. Брандт оларға шығысгермандық билікпен қиыиндықтар тудырғысы келмеді, халық оны түсініп, бәсеңдеді.
ГФР Батыс Берлинді егеменді әкімшілік бірлік деп, ал ГДР-ын – заң субъектісі ретінде мойындаған келіссөздер 1972 ж. желтоқсанында ГДР мен ГФР арасында келісімге қол қойылумен аяқталды. «Реттелген көршілік» «екі неміс мемлекетті» мойындауға сүйенді және ерекше «ішкігермандық» қатынастармен сипатталды.
Бұрынырақ, 1970 ж. 7 желтоқсанында Польшамен де маңызды келісім жасалды. Келісімде шекараларды мойындау туралы, сондай-ақ, соғыс нәтижесіндегі Польшаға берілген неміс территорияларынан ГФР-дың бас тартуы туралы айтылды. Брандтың Варшаваға келуі әлемдік тарихта оның Варшавалық геттоға арналған меориалды ресми келіп кетуі енді. Канцлер ескертіш алдында тізе бүгіп, осылай бірнеше сәт тұрды. Бұл Германияның қатал соғыстың нәтижелерін мойындайтығын және Еуропа елдерімен достасу белгісі болды.
Әрине, канлердің «шығыс саясатын» ГФР-да кейбірлері қабылдамады. Оның ХДС/ХСС-тағы қарсыластары оның саясатын ұлттық мүдделерге қатысты опасыздық деп санап, парламентте 1972 ж. 24 сәуірінде конструктивті сенімсіздік вотумын қабылдауға шешті. Бірақ та қоғамның жаппай қолдауы (профодақтар, мәдениет қайраткерлері, сонымен қатар ГДР арнайы қазметтері) вотумның парламенттен өтпеуіне алып келді. 1970 ж. Брандт, лондондық «Таймс» газетінің версиясы бойынша, «жыл адамы» атанып, ал 1971 ж. өзінің «Шығыс саясаты» үшін әлемдік Нобелев премиясын алды.
1972 ж. 17 мамырында Мәскеу және Варшава келісімдері оппозиция дауысыз ратификацияланды. Парламенттік дағдарыс өсіп, күзде буденстаг келесі жылға арналған бюджетті қабылдамағанда, канцлер парламентті тарату және мерзімінен ерте сайлау өткізу туралы шешім қабылдады.
1972 ж. 19 қарашасында өткен сайлау қоғамның үкімет пен канцлерге сенімінің көрсеткші болды. Сайлауда ГСДП-ға 45,8% дауыс беріліп, бұл Азат Демократиялық Партиясына берілген 8,4%-бен бірге «кіші коалицияны» құрып, буденстагтағы көпшілікті қамтамасыз етті. Бұл көпшілік 1973 ж. 11 желтоқсанда ГФР мен ЧССР арасындағы қабылданған келісімді ратификациялады. Оккупацияға зақымды төлетуден бас тартуды Чехословакия өзінің соғыстан кейінгі шекараларына айырбастады. 1938 ж. Мюнхен келісімі жарамсыз деп жарияланды. Осылайша, В.Брандтың «шығыс саясаты» ГФР-дың социалистік лагерьдің елдерімен тығыз қатынастар орнатып, Еуропадағы кейінгі бәсеңдету процесіне жол ашты.
Бірақ, В.Брандтың екінші кабинеті (1972-1974) өзекті проблемаларды шешуге қабілетсіз болды. Бұның бір себебі канцлердің денсаулығының нашарлауы болды. Әрине, канцлердің жұмысқа қатыспауы үкімет жұмысын жақсартқан жоқ.
Сонымен қатар, бұл кезде 1973 ж. араб-израиль соғысынан кейін әлемдік дағдарыстың басталуы мен мұнайға бағаның өсуі жағдайды қиындатты. ГФР-да қаржы дағдарысы болып, жұмыссыздық 7% көп болды, көптеген әлеуметтік бағдарламалар жабылды немесе аяқталмады. 1972 ж. қиын экономикалық жағдайға қарамастан, үкімет өзінің «таптық одақтасы» - кәсіподақтарға жәрдем көрсетті. Бұл шаралар, әрине, дағдарысты тоқтатпады, Брандтың өзі де экономикалық мәселелрде маман болған жоқ. Брандтың саяси қарсыластары оны ішкі саясатты дұрыс жүргізбеуіне айыптады. Бұл айыптар мұңды канцлердің жұмысына жағымды әсерін тигізбеді.
В.Брандтың үкіметіне соңғы зақым келтірген оқиға – 1974 ж. 24 сәуірде оның ведомствосының хатшысы Гюнтер Гийомды қамау болды. Гюнтер Гийом 1956 ж. Шығыс Германия арнайы қызметтерімен Боннға жіберілген «жасырын шпион» болып шықты. Гийомды канцлердің сеніміне кірген адамдардың қатарына енгізген батысгермандық қарсы шолу тобының ұжымдық қатесі, Брандтпен өзінің жеке қатесі ретінде қабылданып, ол 6 мамыр күні қызметтен кетіп, күнәні өзіне алды.
Брандт өмірінің соңына дейін Социнтерннің төрағасы (1976-1992), сондай-ақ, Европарламентің депутаты (1979-1992) болды. Екі мансапта да ол Еуропаның барлық елдеріндегі социал-демократияны жақтады, сонымен қатар, қоғамның көңілін қазіргі жаһандық проблемаларға аудартты. 1989 ж. 10 қарашада ол, ГФР көптеген тұрғын халқы сияқты, Берлин қамалының құлауын жақтады.
Вилли Брандт 1992 ж. 8 қазанда Бонн қаласына жақын Ункелде обырдан қайтыс болды. Оның өсиеті бойынша, мазарында «Біз қолдан келгеніміздің бәрін жасадық» деген сөздер жазылды. Оның басты туындысы – «шығыс саясаты» – тарихтың игилигіне аййналып, Германияның Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижелерін қабылдауда Брандт өзінің ең жақсы адами қасиеттерін: шексіз адамгершілік, патриотизм, өз Отанына бақыт тілеу, ымыраға келу қабілеттілігі, жақсы болашаққа деген сенім және мәселелерді бейбіт жолмен шешу қабілетін көрсетті. Өзінің тарихқа үлесі мен өзінің саясаткер және адам ретіндегі кейпінің арқасында Вилли Брандт ХХ ғасырдағы Еуропадағы ең әйгілі және маңызды саяси қайраткерлерінің бірі болды.
Информация о работе Соғыстан кейінгі Германия Федеративті Республикасының