Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 18:27, курсовая работа
Шыңғыс-ханның шабуылы және қыпшақтардың тағдыры
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА және БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Радиотехника
және байланыс факультеті
Әлеуметтік
пәндер кафедрасы
Қазақстан
тарихы
№1
семестрлік жұмыс
Тақырып:
Шыңғыс-ханның шабуылы және қыпшақтардың
тағдыры
Сынақ кітапшасының №113218
Алматы 2011
ЖОСПАРЫ:
І
КІРІСПЕ.......................
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
а) Темучин
(Шыңғыс-хан) басқарған монғол мемлекетінің
саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, нығаюы........................
ә) Шыңғыс-ханның
шапқыншылығы, Орта Азия мен қыпшақ даласын
жаулап алуы, ұлыстар, Алтын Орда..........................
б)
Жаулап алудың зардаптары, қалалардың
қирауы........................
ІІІ
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
IV
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
1991
жылы 16 желтоқсанда Қазақстан
Тарихты білу әрбір адамға қажет. Сонда ғана адам өзі өмір сүрген қоғамдағы орнын, істейтін қызметін дұрыс анықтай алады.
Тарихтың маңызы туралы дүние жүзіне белгілі ойшыл ғалым Әбу-Насыр әл Фараби: «Тарихты білмей - өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын», - деп айтып өткен жолдардан менің семестірлік жұмысымның, «Шыңғыс – ханның шабуылы және қыпшақтардың тағдыры» деген тақырыбымның өзектілігі айқындала түседі. Халқымыздың ежелгі тарихын білуді мақсат етсек, Шыңғыс-хан және оның ізбасарлары кезіндегі түркі, монғол халықтарының тарихынан аттап өте алмаймыз. Себебі, монғол халықтары ежелгі заманнан бүгінге дейін түркілермен тағдыры бір болып, қилы кезеңдерді бастарынан бірге кешірді. Мен «Шыңғыс – хан кім?», «Монғолдардың шабуылы тұсындағы қыпшақтар тағдыры», «Шапқыншылық зардаптары» деген тақырыптар төңірегінде мағлұматтар жинап, кішігірім өзімнің зерттеу жұмысымды жүргіземін. Бұл маған кез – келген, жүрегі елім деп соғатын, қазақ көкейінде жүрген: «Шыңғыс-хан бізге кім?», «Бізде монғолдардың қаны бар ма, бізге қандай жақындығы бар?» - деген сұрақтарға жауап табуыма мүмкіндік береді. Тақырыпты алудағы мақсатым, міне, осыдан айқындалып тұр. Шыңғыс – хан шапқыншылығы кезінде оған табынған халықтар «моғул» немесе «монғол» деген атты қабылдап алған. Монғол нәсілі – көне заманда қалыптасқан адамзат қауымының аса үлкен нәсілдерінің бірі. Бүгінгі монғол нәсілі негізінен шашының қара, тік, қалың, көзінің қара, қоңыр түсті, бет, дене түгінің аз, жоғарғы қабығының қыртысты, эпикантусты, бетінгің жалпақ, мұрын сүйегінің аласа, мұрнының кішкентай болып келуімен сипатталады. Осы айтылған сипаттауларда қазақ ұлтына да тән, ұқсас белгілер бар. Бұның өзі өз алдына үлкен де қызық сұрақтар, мәселелер тудырады.
Қыпшақ
даласын ұзақ ғасырлар бой билеген
Шыңғыс-хан және оның ұрпақтарының
қазақ тағы да басқа түрік тілдес елдердің
тарихында өздерінің үлкен іздерін қалдырып
кетті. Сондықтан мен мақсатымда айтып
өткендей семестрлік жұмысымда «монғол
елінің құрылуы», «шапқыншылықтар тұсындағы
қыпшақ тағдыры», «соғыс зардаптары» деген
тақырыптар төңірегінде ой толғап, басқару
жүйесіне кішігірім зерттеуімді жүргіземін.
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ
а) Темучин (Шыңғыс-хан) басқарған монғол мемлекетінің саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, нығаюы.
Моңғол
тайпалары әлеуметтік–
ХІІ–ХІІІ
ғасырлардың межесінде монғол қоғамында
феодалдық қатынастардың
Темучиннің мәртебесін көтеруде оның керейттер ұлысының билеушісі Тоорил Ван ханмен ынтымақтасуы маңызды рөл атқарды. Керейттер ханының наймандармен, монғол тілдес татар және меркіт тайпаларымен соғыстарында Темучиннің атағы шыға бастады, ол соғыстарға Ван – ханның вассалы ретінде болашақ Шыңғыс – хан белсене қатысты. ХІІ ғасыр ақырында Орта Азия далаларының ықпалды көсемдері дәрежесіне көтерілді.
1185 жылы Ван хан, Тимучин және монғол тайпасы джаджираттан Джамуха Селенга өзенін сағалаған меркіт ұлысын талқандайды. Жеңіс Темучиннің құдіретін арыттырып, оны басқа да белгілі билеушілер қатарына қосты, Тимучинге жалайыр, барлас, тағы басқа рулар қосылды. Тимучин өзінің қолдаушысы Ван ханға қызмет етуін жалғастыра түсті. 1194 жылы Ван ханды наймандар көмегіне сүйенген інісі Эрхэ Хара керейттер ұлысынан қуып шықты. Ван хан таңғұттар еліне Шығыс Түркістандағы ұйғырлар мен қарақытайлар арасына паналайды.
1198 жылы Ван хан және қазіргі Манчжурия территориясындағы Чжурчжей мемлекетімен тізе қосқан Темучин татар ұлысына жорық ұйымдастырып, оны тас – талқан етті.
Шыңғыс – хан керейттер мен наймандар ұлыстарының билеушілерін талқандаған кезде ол Орталық Азия далаларындағы бірден – бір құдіретті қолбасшыға айналып, мұны саяси тұрғыдан баянды етті. 1206 жылдың көктемінде Онон өзенінің сағасында Шыңғыс – ханды жақтайтын көшпелі шонжарлардың құрылтайы өткізіліп, сонда ол тоғыз құйрық қыл байланған қасиетті ақ ту желбіреген жағдайда салтаннатты түрде ұлы хан деп жарияланды. Сонымен бірге құрылтай Темучинге Шыңғыс – хан атағын бекітіп берді, бұл оның өз есімінің орнын басты. Темучин – Шыңғыс-хан былай деп мәлімдеді: « Мен ... түрлі мемілекетті ақиқат жолына бағыттап, халықтарды өзімнің біртұтас билігіме қараттым». Мүмкін, ол Батыс пен Шығысқа жасаған жорықтарының нәтижесінде өзінің қандай шыңдарға шығатынын білмеген де болар, атап айтқанда, қашқан наймандар мен меркіттерді қуалай отырып, оларды 1208 жылы Ертіс жағалауында екінші рет талқандады.
Бірлесіп қимылдаған меркіттер мен наймандар тобы 1209 жылы ұйғыр билеушісі өз иелігіне өтуге әрекет жасаған кезінде тас – талқан етті. Соның салдарынан олардың жолдары екі айрылды.
Талқандалудан аман қалған найман тайпаларын Күшілік – хан Жетісудағы қарақытайлар иелігіне әкетті, ал меркіттер Орталық Қазақстан далаларындағы қыпшақтарға қашты. Наймандардың едәуір бөлігімен Жетісуға ығысқан Күшілік – хан онда қалыптасқан күрделі жағдайды пайдаланып онда қалуға тырысты.
Аласапыранның басты кінәлілері Шығыс Түркістандағы Тұрфан князьдігінің ұйғыр билеушісі және қарақытайларға вассалдық тәуелділікте болған Жетісу қарлұқтар мен қаңлылардың мұсылман билеушілері еді. Бір сыпыра уақыт бойы Жетісу мен Шығыс Түркістанның жергілікті князьдіктері қарақытайлардың жоғарғы билігін таныды, бірақ ХІІ – ХІІІ ғасырлар шебінде іс жүзінде тәуелсіз болып алды. Сондықтан қарақытайлардың гурханы (билеушісі) найман жауынгерлерін бағынбайтын вассалдарын басып – жаныштау үшін пайдаланбақшы болып үміттенді. Гурханның сеніміне кірген Күшлік – хан 1210 жылы гурханды тахтан тайдырып, мемлекеттегі билікті басып алды, бірақ гурханды өлтіруге батылы бармай оған биліктің сырттқы белгілерін қалдырды. Күшілік қарлұқтарды, қаңлылар мен ұйғырларды өзіне бағындыруға ниеттеніп, оларға қарсы ойран салған шабуылдар жасады.
Осындай жағдайда қарлұқтардың Арслан – ханы, Іле өзенінің аңғарларындағы Алмалықтың билеушісі Озар(Бұзар), ұйғыр билеушісі Баршық арт-тегін наймандардың жауы Шыңғыс – хан манғолдарынан көмек сұрауға мәжбүр болды. Арсылан – хан мен Баршық арт-тегін өз иеліктері шегіндегі қарақытай наместниктерін өлтірді.
1206
жылдың көктемінде Онон
Осылайша Орталық Азияда құдіреті күшті Шыңғыс-хан империясы құрылды.
Шыңғыс-хан құрған мемлекеттің негізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципі алынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді». Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратын кешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.
Бар билікті өз қолына алған Шыңғыс-ханның алдынақойған басты мақсаты – ішкісаяси - әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші жатқан халықтардың жерін басып алу, соғыс жолына түсу, үстем тап өкілдерінің мудделерінен шығу үшін, жаулап алған халықтардың байлығын тонау, оларды феодалдық кіріптарлыққа салу.
Бұл билеушілердің 1211жылы Шыңғыс – ханға бағынғаны қытай, монғол жіне мұсылман (араб-парсы тілдеріндегі) жазбаша деректемелерінде анығырақ айтылады.
1211
жылы Жетісуға монғолдардың
1216
жылы бұл науқан ойдағыдай аяқталғаннан
кейін монғолдар Батысқа қарай жылжуын
қайтадан бастады. Шыңғыс – хан өзінің
үлкен ұлы Жошыға қыпшақтарға қашып барған
меркіттерді қыруға, ал сенімді қолбасшыларының
бірі Жебе – ноянға Күшлік – ханды жазалауға
бұйырды. 1218 жылы Күшілік - хан талқандалды
да, монғолдар оның Жетісудағы иеліктеріне
кірді, оларды христиан наймандар мен
буддистердің қысымынан қатты зардап
шеккен жергілікті мұсылман тұрғындары
қуана қарсы алды.
ә)
Шыңғыс-ханның шапқыншылығы,
Орта Азия мен қыпшақ
даласын жаулап алуы,
ұлыстар, Алтын Орда.
Шыңғыс-хан шапқыншылығы тұсындағы Қазақстан, қыпшақ даласы жайында құнды деректердің көбін бізге араб, қытай, парсы саяхатшылары мен тарихшылары жазып қалдырған.
Араб
жазушысы Ибн-Васылдың айтуы бойынша,
1229 – 1230 жылдары қазіргі Батыс
Қазақстан территориясында «
Саяхатшы ибн Баттутаның еңбектері де осы дәуірге сай келеді. Ол Танжер (Мағриб) қаласында туып, сонда білім алып, қазылық қызмет атқарған. “Тухфат ән-нузар фи ғараиб әл-әмсар уә аджаиб әл-асфар” (“Қалалардың таңқаларлық ғажайыптары мен саяхат тамашасына тамсанушыларға тарту”) атты кітабында өзінің сапарлары жайында баяндайды.
Еңбекте сол замандағы Ресейдің оңтүстігін мекендеген ортағасырлық қыпшақтардың шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті, қыпшақ даласының территориясы, монғол шапқыншылығы тұсындағы қыпшақтардың тағдыры жайлы бағалы дерек келтірген мағлұмат аламыз.
Информация о работе Шыңғыс-ханның шабуылы және қыпшақтардың тағдыры