Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Августа 2013 в 11:47, реферат
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Оның шын аты Мұхамедханафия. Оны Шоқан деп еркелетіп атап кеткен анасы Зейнеп Шорманқызы еді. Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сырымбетте өтті.
Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Әкесі Шыңғыс Омбы әскери училищесін бітірген, Көкшетау сыртқы округының аға сұлтаны лауазымды қызметін атқарған. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары да осал емес — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Мұса Шорманов орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді.
Кіріспе
I.Негізгі бөлім. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
1.1 Шоқан Уалихановтың өмірі мен қызметі
1.2 Омбыда оқуда болған жылдары.
1.3 Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспар
Кіріспе
I.Негізгі бөлім. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
1.1 Шоқан Уалихановтың өмірі мен қызметі
1.2 Омбыда оқуда болған жылдары.
1.3 Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлихановтың
өмірі мен қызметі
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде
дүниеге келген. Оның шын аты Мұхамедханафия.
Оны Шоқан деп еркелетіп атап кеткен анасы
Зейнеп Шорманқызы еді. Шоқанның балалық
шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сырымбетте
өтті.
Шоқанның ата-бабалары
атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы
айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды.
Ал атасы Уәли патша үкіметі ресми түрде
бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Әкесі
Шыңғыс Омбы әскери училищесін бітірген,
Көкшетау сыртқы округының аға сұлтаны
лауазымды қызметін атқарған. Шоқаннын
анасы жағынан туыс нағашылары да осал
емес — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар
әулеті болатын. Мұса Шорманов орыс армиясының
полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл
сыртқы округының аға сұлтаны еді.
Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне
қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім
әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге
ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан
данагөй билердің әңгімелерін, акындардың
өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті.
Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан
әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды.
Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын,
аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен
даналық сөздерін жиі айтып отыратын.
Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте
оқып, мұсылман діні ілімімен танысты.
Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып
жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің
негізін үйреніп алды.
Ол сурет салуды да ерте үйренді. Бұл өнерді
оған орыс суретшілері, топографтары мен
геодезистері үйретті. Олар Уәлихановтардың
отбасында жиі болып тұратын. Болашақ
ғалымның дүниеге көзқарасының қалыптасуына
жиі-жиі қонаққа келіп тұратын декабристер
де ықпал етті. Олар бәрін білуге құмар
жас баланың бойында ғылымға, әдебиет
пен өнерге деген құштарлықты күшейте
түсті.
Шоқан жас кезінен халық ауыз әдебиетінің үлгілеріне ерекше ден қойды. Ол бала кезінің өзінде «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ер Көкше» сияқты басқа да дастандардың бірнеше нұсқасын жазып алды.
Омбыда оқуда болған жылдары.
1847 жылы Шоқан Омбы
кадет корпусына оқуға түсті. Б
Кадет корпусында Шоқанмен бірге оқыған
С. Я. Капустин ол туралы: «Шоқан көрікті,
аса сымбатты болды. Бет әлпеті оның кайырымдылығы
мен бекзаттығын айқын танытып тұратын.
Шоқан өз кезеңінің жан-жақты, аса терең
білімді адам болды. Әсіресе оның тарихи
білімі зор болды және ғылым мен әдебиет
саласында да зор білімділігімен ерекшеленетін.
Шоқан өз ойын бейнелеп, тартымды жеткізе
білетін асқан шешен болатын», - деп жазды.
Шоқан кадет корпусында белгілі ғалым,
географ және Азияны зерттеуші Г.Н. Потанинмен
бірге оқып, достасып кетті. Арада 30 жыл
өткенде Г.Н. Потанин Шоқанның әкесі Шыңғыс
сұлтанның ауылында болды. Осы сапарының
нәтижесінде ол «Қырғыздың ең соңғы ханзадасының
отауында» деген еңбек жазып қалдырды.
Бұл оның өмірден ерте кеткен досы Шоқанды
зор құрметпен еске алудың белгісі еді.
Шоқан аса көрнекті орыс және шетел ақындары
мен жазушылары А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың,
Н. Гогольдің, Ч. Диккенстің және басқалардың
шығармаларын зор сүйіспеншілікпен қызыға
оқыды.
Шоқан 1853 жылы кадет корпусын
корнет офицер шенімен
Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулері.
Тамаша білім алып
шыққан жас ғалым түрлі ғылыми
экспедицияларға белсене
Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.С. Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабілетіне шын ниетімен сүйсіне қайран қалды. 1857 жылы П.С. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретіндегі даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды.
1858-1859 жылдары Шоқан
атақты Қашғария сапарына
Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми ерлік еңбегін жоғары бағалады. 1860 жылы Санкт-Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы II Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді.
Петербургте болған кезінде (1859—1861 жылдары) Шоқан Уәлиханов әр түрлі әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді. Ол ресейлік шығыстанушылар мен дипломаттардың, жазушылар мен ақындардың сиынатын нағыз піріне айналды. Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Түркістанның карталарын жасаумен айналысып, қажымай-талмай еңбек етті. Шығыс елдерінің қолжазбаларын мұқият зерттеуді де жалғастырды. Оны Орыс географиялық қоғамы Шығыс тарихы туралы лекциялар оқуға шақырып тұрды.
Алайда Петербургтың ылғалды ауа райы оның денсаулығына жақпады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына оралуға мәжбүр болды. Ол Омбыға барып, даладағы жергілікті баскару ісін қайта ұйымдастыру жөніндегі шараларға қатысты. Оның негізгі ойлары «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың көші-қоны туралы», «Сот реформасы туралы жазбаларда» баяндалады.
1864 жылы Шоқан генерал
Черняевтың Оңтүстік
Шоқан Уәлихановтың Қазақстан тарихындағы
алатын орны.
Оның ғұмырының соңғы жылы Тезек сұлтанның
ауылында өтті. Ол мұнда да Ұлы жүз қазақтарының
өмірінен тарихи-этнографиялық материалдар
жинаумен шұғылданды. Аса көрнекті қазақ
ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлиханов
1865 жылы 10 сәуірде ұзаққа созылған аурудан
қайтыс болды. Оның қабірінің басына ескерткіш
пен құлпытас орнатылды. Ескерткішті саяси
жер аударылып келген поляк революционері
Леполъд Ластовский жергілікті мәрмәр
тастан қашап жасады. Шығыстанушы ғалым
И.Н. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану
ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де
жоқ болды», - деп жазды.
Шоқан Уәлиханов Қазақстан
мен Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін
зерттеуге орасан зор үлес қосты. Аса көрнекті
қазақ ғалымы өте ауқымды ғылыми-шығармашылық
мұра қалдырды. Оның «Абылай», «Қырғыздар
туралы жазбалар», «Ыстықкөл күнделіктері»,
«Үлкен орда қырғыз-қайсақтары туралы»,
т.б. еңбектері өте құнды саналады. Шоқанның
қазақтардың, сондай-ақ Орта Азия халықтарының
өмірінен салған 150-ден астам суреттері
сақталған. Ол қазақтардың алғашқы кәсіби
суретшілерінің бірі.
Ұлы қазақ ғалымы, ағартушы,
Ш. Уәлихановтың туған халқының білім
алып, мәдениетінің өрлеуі, деспотизм
мен зорлық-зомбылықтан құтылып, бақытты
да азат өмір сүруі жайлы ой-армандары
ол дүниеден өткеннен соң көп жылдардан
кейін ғана жүзеге асты. Шоқан Уәлихановтың
құрметіне Көкшетау облысында аудан, Талдықорған
және Көкшетау облыстарында бірнеше ауылдар
аталып, Көкшетаудағы педагогикалық институт
пен Алматыдағы Тарих, археология және
этнография институты, №68 орта мектеп
пен көше аты ғалымның есімімен аталады.
Алматы мен Көкшетау қалаларында
Ш. Уәлихановқа орнатылған
ескерткіш бар. Шоқан бейітінің басында
(Талдықорған облысы, Алтынемел асуы) обелиск
және мемориалды кешен тұрғызылған. Ш.Уәлихановтың
құрметіне қоғамдық, география ғылымдары
салаларында жеткен табыстар үшін ҚазССР
ҒА сыйлығы және көркем өнер мен сәулет
өнері саласындағы жетістіктер үшін Мемлекеттік
сыйлық тағайындалды. Іле Алатауының солтүстік
баурайында орта Талғар бастауында Уәлихановтың
құрметіне шың бар. Омбы қаласындағы Шоқан
оқыған бұрынғы Кадет корпусының ғимаратына
ескерткіш тақта қойылған. Соңғы ширек
ғасырда ұлы ағартушының мерейтойы жалпыхалықтық
деңгейде екі рет (1959, 1985) аталып өтіп, оның
таңдамалы шығармалары басылды (1961-1972,
1984-1985 жылдар). Жазушылар Г. Марков, С. Мұқанов
Шоқан туралы роман жазса, И. Стрелкова
«Жизнь замечательных людей» атты серия
бойынша «Ч. Валиханов» атты кітап шығарса,
«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Ш.Уәлиханов»
көп томдық шығармалар жинағының 6 томдығы
(2010) жарық көрді. 1965 жылдан Жамбыл облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасына қазақтың
тұңғыш ағартушы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы
Уәлихановтың есімі берілген.
.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі