Шетелдік Еуропа халықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2010 в 08:34, реферат

Описание работы

1.Географиялық жағдайы және этникалық құрамы
2.Тілдік топтары, антропологиялық құрамы

Работа содержит 1 файл

ШЕТЕЛДІК ЕУРОПА ХАЛЫҚТАРЫ.doc

— 31.00 Кб (Скачать)

ШЕТЕЛДІК  ЕУРОПА ХАЛЫҚТАРЫ

  1. Географиялық жағдайы және этникалық құрамы
  2. Тілдік топтары, антропологиялық құрамы

      1. Еуропа - жер шарының шағын бір бөлігі. Оның жалпы көлемі 10 млн. шаршы шақырым. Табиғаттың георграфиляқ жағдайының және кейінгі кездерде тарихи кезеңдерінің қолайлы болуының нәтижесінде адамдардың тұрмысын, мәдениетін жедел дамытуға қолайлы жағдай тигізді. Әсіресе, Батыс Еуропа тұрғындарының ілгерілеуі кейінгі 4-5 ғасыр ішінде алға күрт өрлеп кетті.

                Шетелдік Еуропа елдерінде 1961 жылғы мағлұмат бойынша, 428 млн. халық тұрады. Бұл дүние жүзінің тұрғындарының оннан бөлігіг құрайды. Шетелдік Еуропада -  кішілі 58 ұлт мекендейді.

                Еуропа – алғашқы  адам тұқымының өрбіген жнрлерінің бірі. Олардың қалдықтары Оңтүстік жіне Орталық Еуропаның көптеген жерлерінен табылды. Гейдельберг адамдарының қалдықтары, жақ сүйектерінің қалдықтары Батыс Германиядан, неандертадардың қаңқалары, бас сүйектері Гибралтар бұғазынан бастап, Чехославакияға дейінгі жерлерден табылған. Еуропа жерлерінде палеолит дәуірінің басқы кезеңінде аңшылар тайпасы мекендеген. Мезолит пен неолит кезеңдерінде жергілікті тұрғындар Еуропаның солтүстігіне қарай жылжып, Скандинавия және Британия аралдарына барып қоныстанған. Бұл кездерде еуропалықтардың негізгі кәсібі аңшылық және егіншілік болған.

                Еуропа құрлығы  табиғи-географиляқ жағынан адамдардың мекендеуіне қолайлы, ауа райы – қоңыржай. Сондықтан бұл құрлықтың ежелгі тұрғындары неолит пен қола дәуірлерінде егіншілікпен айналысқан. Тарихи дәуірлердің басқа да кезеңінде бұл шарушылық үздіксіз дамып, аборигендердің тұрмысында егіншілік шешуші маңыз атқарған. Әр жердің жағдай ерекшеліктеріне байланысты егіннің түрлері де әр түрлі болып келген.

                Шетел еуропалықтарының этникалық шығу тегі әлі күнге  шиеленіскен қиын мәселелерінің  бірі. Неолит кезеңінен біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ мыңыншы жылдарында бұл құрлықта үндіеуропалық диалектіде сөйлейтін тайпалар пайда болып, олардың алғашқы шоғырланған жері Балтық теңізінен Карпатқа дейінгі жерлерді мекендеді деген пікірді беделді оқымыстылар айтса, екіншілері үндіеуропалықтардың алғашқы қоныстары Дунай жағалауындағы далалықтан Қара теңіздің Солтүстік жалауына дейінгі жерді мекендеген деп жазған. Жалпы, алғанда б.д.д ІІ-І мыңыншы жылдар үндіеуропалықтар еуропа жеріне түгелдей тараған.

                Сол б.д.д. ІІ мыңыншы жылдарда Жерорта теңізінің ағысында шығыс елдердің мәдениеті зор алғашқы іргелі халықтар қалыптасқан. Олар алғашқы адамзат мәдениетінің эгейлік (крит-мекендік, ІІІ-ІІ мың), онан кейінгі эллиндік ( гректің І мың, римдік – б.з.д. ІІІ ғ.) негізін салған. Бұл мәдениетті жасаушылар Жерорта теңізінің жағасында пайда болып. Тарихта белгілі құлшылық мемлекеттер орнатқан, сәулетті қалалар тұрғызып, жазу-сызуды, көркемөнерді, ғылымды жетілдірді.

                IV-V ғасырларда герман және славян тайпалары оңтүстікке қарай жылжи түсті. Өйткені ол тайпалардың арасында әлеуметттік біраз өзгерістер болған еді. Соның нәтижесінде олардың арасында алғашқы рулық қоғам ыдырап, оның орнына феодалдық қоғам пайда болды. Герман және славян тайпалары құлдық қоғамды басынан кешірмеген. Рим империясының бір кездегі тамаша мәдениетін германдық жауынгер тайпалар күрт төмендетіп жіберген. Үш ғасыр бойы арабтардың жойқын жорықтарының нәтижесінде Солтүстік Африканың және Пиреней жарты аралы тұрғындарының этникалық құрамына әжептәуір өзгерістер енген. IX-X ғасырларда нормандар келіп Еуропаның теңіз жағалауын, Францияның солтүстік-батысынан Жерорта теңізінің аралдарына дейінгі жерлерді түгелімен өздеріне қаратқан. Нормандар сан жағынан аз болғандықтан, олар жергілікті тұрғындармен тұқым араластырып, сіңісіп кеткен. IX ғасырда Оңтүстік Орал бойынан Дунайдың орта ағысына дейінгі жерлерді венгрлер ( угорлар, мадьярлар) жайлап алып, Венгрия мемлекетінің негізін салған.  
     

     2.  Шетелдік Еуропа халықтарын тілі  антрополгиялық жағынан

былай жіктеуге болады. 1959 жылы мағлұматқа қарағанда, Шетелдік Еуропа 421 млн. (428 млн-1961 ж.) халық болған. Олардың 96 пайызы үндіеуропалық тәл семьясында сөйлейді. Бұл тіл семьясы, негізінен, славяндар (67 млн.) ; поляктар, чехтар, словактар, лужичтер, словенцтер, хорваттар, сербтар, боснилықтар, черногорлықтар, макендондар, болгарлар, германдықтар (168 млн.); немістер, австриялықтар, эльзастар, герман-швейцарлар, голландықтар, фламандықтар, фриздер, шведтер, даттар, романдықтар (49 млн.); испандықтар каталондтар, португалдар, галисилықтар, франкошвецарлар, румындар болып төртке бөлінеді. Кельттер (6,2 млн.) ирландар, гэлдер, уэльецтер және бретондықтар тілге қосылмайтын Пиренейдің батысында баскилердің тілі бар. Фин, лопар, венгр тілдері угрофин тіл семьясына жатады. Татарлар, түріктер, гагауыздар түрік тіл сеьясына кіреді.

      Шетелдік  Еуропа халықтарын антропологиялық  жағынан еуропоидтық нәсілге  бірінші рет 1684 ж. Ф. Бренье жатқызған болатын. Осы нәсілге бөлу әлі де болса үстемдік етіп келеді. Бұл нәсілдің негізгі белгілері солтүстіктегі нәсіл түрлері ақшыл, ал оңтүстікте қоңырлау болып келеді. Еуропоидтық нәсіл әрбір аймақтың ерекшеліктеріне байланысты Жерорта теңізі динарлық, балтықтық деп кіші бөліктерге бөлінеді. Бұлардың бір-бірінен антропологиялық ерекшеліктері онша айтарлықтай көп емес.

       

Информация о работе Шетелдік Еуропа халықтары