Семей қаласының тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 19:57, реферат

Описание работы

Қазақ халқының тарихи - рухани, мәдени дамуында Семей қаласының атқаратын ролі орасан зор. ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың басында географиялық орналасуы жағынан жоғарғы Ертіс өңірінің орталығы болды, ол шекаралас Қытайдан сонау Омбыға дейінгі үлкен аумақты алып жаттыр. Аймақ қалаларының ішіндегі алдыңғы қатардағы орынды алады. Қала тұрғындарының саны 324, 6 мың адам және аумағы 27,2 мың квдрат кило метр. Көлік коммуникацияларының пайдалы жүйесін қамтиды: темір жол, әуе, өзен және автомобиль жолдары тек Қазақстанның елді мекендерімен емес, сондай-ақ Ресей, Орта Азия және Қытай мен байланыстырады.

Работа содержит 1 файл

Семей каласынын тарихы.docx

— 14.59 Кб (Скачать)

Семей қаласының  тарихы

Қазақ халқының тарихи - рухани, мәдени дамуында Семей қаласының  атқаратын ролі орасан зор. ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың басында географиялық орналасуы жағынан жоғарғы Ертіс  өңірінің орталығы болды, ол шекаралас  Қытайдан сонау Омбыға дейінгі үлкен  аумақты алып жаттыр. Аймақ қалаларының  ішіндегі алдыңғы қатардағы орынды алады. Қала тұрғындарының саны 324, 6 мың адам және аумағы 27,2 мың квдрат кило метр. Көлік коммуникацияларының пайдалы жүйесін қамтиды: темір жол, әуе, өзен және автомобиль жолдары тек Қазақстанның елді мекендерімен емес, сондай-ақ Ресей, Орта Азия және Қытай мен байланыстырады. Семей әдебиет, өнер және ғылым қайраткер саңлақтарының отаны болған қала. Бұл қасиетті жер Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевты, кемеңгер философ Шәкәрім Құдайбердиевті, әлемдік әдебиет қайраткері Мұхтар Әуезовты, суырып салма әнші Әміре Қашаубаевты әлемге танытты. Семей сонау дәуірден бүкіл әлем зерттеушілерін өзіне қызықтырды. Мұнда әйгілі саяхатшылар Джордж Кеннан, Семенов Тянь-Щанский, Янушкевич, Паллас, Коншин және басқалары осы өлкенің тұрмысы мен халықтың салт-дәстүрлері туралы қызықты естеліктерін қалдырды. ХІХ ғасырдың ортасында болған әйгілі орыс саяхатшысы Г.Н Потанин өз естеліктерінде «Семей қаласы Азия қалаларының ішінде бірден ерекшеленеді. Ол Қытай және Орта Азия керуен жолдарымен өтетеін сауда орталығы болды» деп жазады. Тарихшылар Семей қаласынан шыққан кейбір көпестер сонау Қашқар, Кашмир, Тибет, Үндістан жерлеріне жетті деп тұжырымдайды. 1882 жылдың басынан Семей қаласы Революциялық демократтардың жер аударылған мекені болды. Осында жер аударылғандардың ішінде халық өкілдері Н.Долгополов, С. Гросс, А.Блек, И. Лобановский, А. Леонтьев, Н. Коншин және басқалары болды. Олар өлкенің рухани дамуына өз үлестерін қосып, үлкен ғылыми және мәдени ағартушылық жұмыстарын жүргізді. Семейдің Ертіс өңірінде әйгілі жазушы Ф.Достоевский мен алғашқы қазақ ғалымы Ш. Уалихановтың достығы жарасқан.Осында Алаш Орда партиясының өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов бостандық пен тәуелсіздік туын тікті. 20 ғасырда Семейде Қазақстан ғылым академиясының бірінші академигі Қаныш Сәтбаев, ғалым Әлкей Марғұлан, танымал жазушылар- Всеволод Иванов, Николай Анов, Галина Серебрякова, ақындар Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, зерттеуші абайтанушы Қайым Мұхаметқанов, мәдениет қайраткерлері Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Еркеғали Рахмадиев және т.б көптеген адамдар оқыды, тұрды және шығармашылық қызмет жасады.Семей қаласының баяу дамып, көз тартарлықтай өңсіз көрінгеніне қарамастан мұнда мектептер мен емханалардан көрі көптеген шіркеулермен ішімдік ішетін орындар көп болды, соған қарамастан қала өткен дәуірдегі Қазақстанның сол кезеңдегі маңызды қажетті әкімшілік және мәдениет орталығы болды. Қаланың мәдени ошақтары, кітапханалар мен мұражайлардың барымен анықталады. Семейде Қазақстандағы ең алғаш қоғамдық мұражай мен кітапханалар ашылды. Тарихи өлкетану мұражайымен Абай кітапханасы қорларында тарихи жәдігерлермен кітаптар жинақталған. Бұл аса құнды бай қорлардың негізін құрайды. Жергілікті көпестер мәдени орындарды тұрғызуға ақшаларын аяған жоқ. 1890 жылы көпес Плещеевтың қаражатына Александр Невскийдің атына салынған шіркеу бой көтерді. 1857-60 жылдары халық қаражатына қазіргі күнге дейін қызмет жасап келе жатқан Воскресенск казак шіркеуі салынған болатын. Осы күнге дейін ХІХ ғасырда салынған кейбір мешіттер сақталған. Олар қаламыздың сәулетті ғимараттарының бірі болып табылады. Қаламыздың көрікті ғимараттарының бірі қазіргі қос мұнаралы мешіт. Ол 1858-1862 жылдар аралығында жергілікті көпестер Сүлейменов, Әбдішев, Рафиков, Халитовтардың қаражаттарынан облыстық діни басқарма тапсырысымен салынған. Ыстамбұл сәулетшісі Ғабдолла Эфендидің жобасы бойынша бір мұнаралы мешіт тұрғызылды. Құрылысқа қаражатты көпес Мусин берген.Семейде тек қана діншіл, іскер адамдар тұрған жоқ. Мұнда әйгілі Плещеевтар, Степановтар, Ершовтар, Мусиндер және т.б көпес отбасылары тұрды. Бұл кісілердің есімдерімен тек қайырымдылық қызметтері емес, сондай ақ біріншіден жеке меншік үйлердің, өнеркәсіп ғимараттарының, сауда орталықтарының құрылыстары байланысты болды. 1890 жылы Семейде көпес Мусин алғаш рет бу диірменін (қазіргі метизно- фурнитура зауыдының ғимараты) тұрғызды. 3 қабатты диірменде тек Семейдің Ертіс өңірінен ғана емес Сібір мен Алтайданда бидай жеткізіліп өңделді.1873 жылы Семейде телеграф, ал 1910 жылдан бастап Қазақстандағы алғаш су құбыры пайда болды. (Ертіс жағалауындағы насос станциясының ғимараты бүгінгі күнге дейін сақталған). Семей қаласы дамып үлкен жетістіктерге жетуші еді, бірақ 40-шы жылдардың соңында аймақ халықының қалауына қарсы, 18500 кв км ауданды алып жатқан аумақ ядролық полигонға айналды. Абралы ауданы таратылып көптеген тұрғындар өзінің ата-бабалары тұрған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Мұнда 40 жылдан астам бұрынғы КСРО-ның бас ядролық сынақ полигоны қызмет атқарды. 1991 жылы еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев өз жарлығымен ядролық алпауытты жапты және жабық қала мәртебесі алынғаннан кейін Семей екінші рет дүниеге келгендей болды.Қаламыздағы бірегей мәдени ошақтар келуші туристтермен шетел қонақтарының игілігіне айналды. Мұнда мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық Абай қорық-мұражайы, Достоевскийдің әдеби-мемориалды мұражайы бар, Трапининнің, Шишкиннің, Генің, Левитанның, Серовтың, Репиннің, Коровиннің жұмыстарының түп нұсқалары, қазақ, украйн, өзбек және армиян суретшілерінің бай топтамалары Невзоровтар жанұясы атындағы көркем-өнер мұражайында сақталған. Қаламызда екі театр, филармония, кинотеатрлар, төрт мешіт, ондаған мәдениет ескерткіштері бар.


Информация о работе Семей қаласының тарихы