Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 15:55, реферат
Археологиялық мәліметтер бойынша сақ тайпалары Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. мекендеген. Сақ тайпалары әр түрлі аталған. Сақтарды ежелгі грек авторлары «Азиялық скифтер», парсы ескерткіштерінде «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда негізінен әскери қоғам болды. Сақтардың этномәдени ареалына көптеген тайпалар кіреді. Олардың нақты санын белгілеу мүмкін емес, грек деректерінде – даилар, массагеттер, исседондар, т. б., парсы деректерінде – сақ-хаомоварга, сақ-тиграхауда, сақ-парадарайа деп аталады.
Сақ тайпаларының қоныстануы
Сақтар
Археологиялық мәліметтер бойынша сақ тайпалары Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. мекендеген. Сақ тайпалары әр түрлі аталған. Сақтарды ежелгі грек авторлары «Азиялық скифтер», парсы ескерткіштерінде «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда негізінен әскери қоғам болды. Сақтардың этномәдени ареалына көптеген тайпалар кіреді. Олардың нақты санын белгілеу мүмкін емес, грек деректерінде – даилар, массагеттер, исседондар, т. б., парсы деректерінде – сақ-хаомоварга, сақ-тиграхауда, сақ-парадарайа деп аталады.
Сақ тайпаларының қоныстануы
№ |
Сақ топтарының аты |
Мекендері |
1 |
Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа) |
Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында |
2 |
Шошақ бөрік киетін сақтар (тиграхауда) |
Сырдарияның орта ағысы, Тянь- Шаньда, Жетісуда |
3 |
Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаумаварга) |
Мургаб аңғарында өмір сүрді |
Сақтардың антропологиялық типі еуропеоидты болды. Сонымен қатар моңғолоидтық элементтердің етек жаюы күшейді. Батыс Қазақстандағы савромат-сарматтар сақтарға туыстас келді.
Сақтардың қоғамдық құрылысы. Алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезеңі.
Бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі – бас қолбасшы болды. Олар тайпаны да басқарып отырды. Әр көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалады, тайпа атынан келіссөз жүргізіп немесе келісімге келіп отырды. Тайпа одақтарының көсемдері ру мен тайпа арасында жайылым және көшуге қажетті жер бөлу ісімен айналысып, осы жерлерді пайдалану ережесін анықтады. Сонымен қатар олар жер дауын шешіп, рулар мен тайпалар арасында қақтығыс туып кетпеуін қадағалады. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене қатысты және еркектермен бірге соғысты. Тіптен олардың кейбіреулері тайпа көсемдері болып та сайланды.
Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болды. Демек, сақтар мемлекет құру ісінің табалдырығында тұрды. Бұл құбылыс отырықшы халықтарға қарағанда, көшпелілерде кешірек пайда болды.
Сайланып қойылған көсемдердің қолына азаматтық және әскери билік шоғырланды, әскери жасақтар құрылды. Сақ бірлестігін хан басқарды. Әрбір тайпа бірлестігің өз ханы болды. Хан мұрагерлік жолмен сайланды. Егер хан өлсе, оның орнына ұлы, ал кәмелетке толмаған немесе мүлде болмаған жағдайда ханның ең сенімді әйелдерінің бірі ел басқарды.
Хан елбасы, ел мен жердің иесі, бас қолбасшы саналған. Ханның жанында ірі-ірі тайпа басшылары және әйгілі батыр-қолбасшылардан тұратын хан кеңесі жұмыс атқарған.
Маңызы бар мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Малға жеке меншік пайда болды. Соғыс негізінен тайпа көсемдері үшін пайдалы еді. Осылай мүлік теңсіздігі шықты. Тұтқындар құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді. Бұл кезеңдегі құлдардың көбі ер адамдар болды.
Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобы ерекшеленді: жауынгерлер, абыздар және басқа қауым адамдары (малшылар мен егіншілер). Әрбір қоғамдық топтың дәстүрлі өз түсі болды. Жауынгерлердікі – қызыл, абыздардікі – ақ, өзгелердікі – сары және көк.
Шаруашылығы. Сақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының 3 түрі болды:
Сырдария өзенінің аңғарында егін шаруашылығымен айналысты. Бидай, тары, қарабидай өсірді. Егінді канал арқылы суарды.
Сақ заманында доңғалақты көлік түрлері дамыған. Мұндай арбаларға өгіз, ат және түйелер жегілген. Соғыс және аңшылыққа арналған күймелер, негізінен, екі доңғалақты болған. Сақ тайпалары қосалқы кәсіп ретінде аңшылықпен және балық аулаумен айналысқан.
Сақтардың өнері мен саудасы. Сақтарда кейіннен қолөнер мен сауда дами басады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей, найза, семсер, қанжар т. б. жасаған.
Қолөнер жақсы дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т. б. металдарды көп пайдаланған. Сонымен қатар теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған.
Сақ тайпалары Сібір, Еуропа, Алтай және Шығыс елдерімен байланыс жасады. Сауда Жібек жолы және б. з. б. 1 мыңжылдықтағы «Дала жолы» арқылы дамыды.
Сақ жауынгерлері. Патшалар жауынгерлер тобынан шықты.
Сақ жауынгерлерінің ерлігі туралы көптеген деректі әңгімелер бар.
Сақтар б. з. б. 519–518 жылдары парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар парсылармен бірге Грекия, Египет жеріндегі соғысқа қатысады.
Сақтың әйел патшасы Томирис парсы патшасы Кирдің әскерін жеңген. Томирис адам қаны толтырылған меске Кирдің басын салып тұрып: «Аңсағаның қан болса, ал енді іш!» — деп айтады.
Б. з. б. IV ғ. Александр Македонскийдің Орта Азия жеріне жорығы басталды. Ол б. з. б. 330–327 жылдары Сырдарияның сол жағындағы өңірлерді түгелге жуық басып алып, Шеткі Александрия қаласына салады.
Александр Македонский шығысты жаулап алады, бірақ Сырдарияның оң жағындағы сақтардан жеңіледі.
Мәдениеті. Б. з. б. VII ғ. Батыс Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігіндегі далалы аймақтар өнерінде аңдық стиль пайда болды. Оның басты тақырыбы аңдар мен аңыздардағы құбыжықтарды суреттеу еді. Мұндай бейнелермен қола қазандар, әр түрлі құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді.
«Аңдық стиль» өнері оңтүстік дәстүрінің ықпалымен қалыптасты. Онымен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады.
Еуразия көшпелілері дамудың ұзақ жолынан өтті. Олардың бай фольклоры болды. Мифология – әлем, оның құрылымы туралы күрделі түсінік болып табылады.
Сақтар табиғат күштері – күнге, желге, күннің күркіреуіне, найзағайға табынды. Бұларды құдайдың ісі деп санады. Сақтардың түсінігі бойынша, құдай әр түрлі жануарлар бейнесінде өмір сүрді.
«Аңдық стиль» өнерінің негізі – ежелгі аңыздарда сақталған, адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсініктермен байланысты. Адам өз тегін табиғатпен байланыстырып, өздерін сонын бөлшегі деп есептеді. Әрбір ру тайпаның шыққан тегі: бұғы, қасқыр, арқар, жолбарыс, дала бүркіті т. б. аңдар болып есептеліп, сондықтан аң бейнелері бар заттар қасиетті тұмар немесе бойтұмар саналды.
Қару-жарақтағы аң бейнесі шайқас кезінде жауынгерге рух беріп, оқ дарытпайды, жеңіске бастайды деп сенді.
Көркемдік шығармашылықтың бұл түрі дамудың шегіне жетіп, III-II ғғ. шынайылық негізін жоғалтып, ою-өрнектік кескінге айналды.
Сақтардың әлемнің құрылымы туралы да айқын түсінігі болды. Олар үш әлем: жер асы әлемі (төменгі), орта – жер әлемі, жоғары – көк немесе аспан әлемі бар деп есептеді.
Сақтардың археологиялық ескерткіштері. Шырыққабат – апасиактардың («су жағасын мекендеген сақтар») астанасы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде, жерді алып жатқан төбеде орналасқан. Қаланың орнынан көптеген дуал, мұнара құрылыстар табылған.
Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі – Бабыш молда қаласы.
Алматы облысындағы Есік қорғаны – б. з. б. VIII-IIIғғ. сақ моласы. Бұл молада әрі жауынгер, әрі малшы, әрі абыз адам жерленген. Ол алтын адам деп аталған. Онымен бірге қару-жарақ, басқа да шаруашылық құралдар көмілген.
Ежелгі грек тарихшысы Геродот сақтар жайлы көп тарихи деректер қалдырған.
Алтын адам.
Алтын киімді сақ жауынгерін 1969 жылы Жетісу жерінде, Есік қорғанынан археолог К. Ақышев тапқан. «Алтын адам» зерттеушілердің пікірі бойынша б. з. б. VII-III ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оның жасы 17–18-де, бойы шамасында болған. Сақ көсемі мүрдесінің басы батысқа қаратылып жатқызылыпты. Есік қорғанындағы екі қорымның біреуі ертеректе тоналған екен, ал екіншісі аман қалған.
Есік қорғанының диаметрі 60 м, биіктігі 6 м, таспен топырақ үйіндісінен тұрғызылған. Қабірдің оңтүстік және батысынан ыдыстар, зергерлік бұйымдар табылған. Қабірдің бетін ағаш қақпақпен жауып, темір құрсаулармен бекіткен, сақ көсемінің киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Ондағы барыс, бұлан, таутеке, арқар, жылқы түрлі құстардың бейнелері аң стилінде үлкен шеберлікпен жасалған. Сонымен қатар алтын алқа, көз салған алтын сырға және қазіргі қазақтардың бас киімдеріне ұқсас шошақ төбелі, биіктігі 70 см-ге жететін бас киімі табылған. Сақ көсемінің қолында екі алтын жүзік, белінде құрастырмалы кісе белбеуі болған. Алтын пластиналар жапсырылған қынапқа салынған темір қанжар (акинак), қызыл қынапты ұзын семсері табылды. Сақ жауынгерінің шалбары да алтын тоғалармен әшекейленген. Бұл алтын адамды жерлеу дәстүріне, киім үлгісіне қарап, сол заманда Жетісу жерін мекендеген сақтардың жас көсемі, әскербасы болған десек күмән туғызбайды. Алтын адамның жанынан табылған күміс тостағандағы таңбалар сол заманның өзінде Жетісу сақтарында жазу болғандығын байқатады. Тек бүгінгі күнге дейін ол жазуды ғалымдар оқып ажырата алмай отыр. Сонымен қатар табылған көне жәдігерлер сақ заманының материалдық мәдениеті, өнері, мифологиясы туралы мол мәліметтер алуға мүмкіндік береді. «Алтын адам» сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді.
Үйсіндер
Шығу тегі мен орналасуы. Б. з. б. I ғ. аяғында Қазақстан далаларында сақ тайпаларын ығыстырған жаңа тайпалық одақтар пайда болды. Бұлар – үйсіндер, қаңлылар, сарматтар, аландар.
Жетісудағы сақ жерлерін б. з. б. II ғ. Орталық Азиядан келген үйсін тайпалары мекендеді. Бұл тайпаның шыққан тегі әлі түгелдей анықталған жоқ.
Үйсіндердің негізгі орналасқан жері Іле даласы. Батыс шекарасы Шу мен Талас өзендері арқылы өтіп, қаңлылар жерімен астасып жатқан. Шығыста үйсіндер ғұндармен шекаралас болып, оңтүстікте Ферғанаға дейін созылған.
Үйсіндер астанасы – Қызыл аңғар қаласы. Үйсіндер мемлекеті 3 бөлікке: шығыс, батыс, орталық бөліктерге бөлінді. Мемлекет басшысының лауазымы жазба деректерде гуньмо деп аталған. Олар жайылым, сауда жолы үшін қаңлы, ғұндармен ұзақ соғысты. Қытаймен кең дипломатиялық және туыстық қатынаста болды.
Шаруашылығы. Үйсіндер мемлекеті жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңдеуді кәсіп еткен. Мал шаруашылығы үйсіндер өмірінде маңызды рөл атқарды. Қыстау мен жазғы жайылымның ара қашықтығы – 30–100 шақырым аралығында болды. Сондықтан да үйсіндер қыстау мен жайлауда, сонымен қатар тау бөктеріндегі жайылымдарында ұзақ уақыт отыра алатын. Ол жерде тұрақты баспана салды, егін, бақша екті. Бірте-бірте жиі болып тұратын жұт малдың жұқпалы ауруы, үздіксіз соғыс салдарынан малдан айырылған халықтың бір бөлігі тұрақты отырықшылыққа көшуге мәжбүр болды.
Сол кездің өзінде-ақ күнделікті тұрмыста жер өңдейтін тас тырма, қолдан жасалған қол орақ пайдаланылған. Тастан жасалған қол диірменнің табылуы – сол замандарда өмір сүрген тұрғындардың дәнді дақылдармен қоректенгендігінің бір дәлелі.
Үйсін мемлекетінде малға жеке меншік болды. Ру, тайпалардың жайылымдары иеліктерге бөлініп, қазына-байлық тайпа көсемдерінің қолына жинақталды.
Билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға мирасқорлық салты бойынша ауысып отырады. Оған жоғарыда аталған ру, тайпа көсемдері бағынған.
Үйсін мемлекетінде басқарудың ондық жүйесі қолданылған. Ел билеуші өзіне қарасты ел-жұртын балаларына бөліп беріп, әрқайсына он мың адамнан жасақ, көшіп жүретін және қоныста отыратын жерлерін еншілеген. Мал өсірумен қатар, үй кәсіпшілігі де кең өрістеп, жедел өркендеген. Әсіресе, қыштан ыдыс-аяқ, құмыра жасау ісі қанат жайды, өңдеу кәсібі жолға қойылды. Темір мен қолдан еңбек құралдары, қару-жарақтар сәндік бұйымдар соғылды. Тоқыма кәсібі, тері илеу, тас қашау, сүйек өңдеу ісмерлігі дамып алға басты.
Үйсіндердің өнері мен діні. Археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған әйелдің тәжі тәрізді әшекейлі бас киімі Қарғалы диадемасы – үйсіндердің өнері мен діни нанымынан мәлімет беретін құнды ескерткіш. Ол 2300 м биіктіктегі тау шатқалынан табылған.
Мәдениеті. Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық мәдениеті толық зерттелді. Жетісу мен Сырдария қалаларындағы тұрақтарды қазу нәтижесі ерте көшпелілердің мәдениеті, керамиканың негізгі типтері, еңбек құралдары мен қару-жарақтары жайлы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Ерте көшпелілердің негізгі тұрақтары киіз үй болып табылады, басқа бір түрі — үлкен күймелі арба. Оған түйе мен өгіздерді жеккен.
Үйсіндер қорғандары негізінен үйінді оба түрінде болған. Ер адамдарды қылыш, жебе, садағымен бірге жерлесе, әйелдердің бейіттеріне әшекей бұйымдар – сырға, жүзік, моншақ, т. б қойылған.
Үйсіндер мекендеген аймақта қолөнердің дамығандығы байқалады. Үйсіндердің бейнелеу өнері сақтардың көркемдік дәстүрімен (аң стилі) байланысты. Үйсіндерде құмыра жасау кәсібі барынша дамыды. Үйсін ыдыстарының негізгі түрлері — тегенелер мен кеселер, тостағандар, түрлі құмыралар мен қазандар. Ежелгі үйсіндер темір, мыс, қоладан еңбек құралдары, қару-жарақтар, сәндік бұйымдар жасаған. Тоқыма, жіп иіру, тері илеу, асыл тастар, бағалы тастар мен бағалы металл, сүйек өңдеу ісі де дамыған.
Үйсіндер туралы тарихи деректер. Үйсіндер туралы кең мәлімет Қытай деректерінде көп кездеседі. Себебі үйсіндер Қытаймен кең байланыста болған. Үйсіндер туралы көп деректі Қытай тарихшысы Сыма Цян жазды. Оның жинағында үйсіндер туралы былай делінген: «Халықтың саны 630 мың, үй саны 120 мың, жауынгерлерінің саны 180 мың…