Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 20:15, реферат
Сақ өнерінің зерттеушілері, бірінші жағынан, оның Иранның Ахеменид және Бактрияның көркем өнерімен, екінші жағынан, Қытайдың Чжоу мен Хань дәуірлері өнерімен тығыз байланысты болған деп есептейді.
Сақтардың өнері мен мифологиясы.
Сақ өнерінің зерттеушілері, бірінші жағынан, оның Иранның Ахеменид және Бактрияның көркем өнерімен, екінші жағынан, Қытайдың Чжоу мен Хань дәуірлері өнерімен тығыз байланысты болған деп есептейді.
Ғылымда сақтың «аң стиліндегі» өнерінің қай жерде, қай заманда пайда болып қалыптасқаны жөнінде алуан түрлі болжамдар бар.
Бабажан мекені мен Сурх-Дум ғибадатханасында соңғы жылдары жүргізілген қазбалар Луристан қоласының жаңа нұсқаларынан: жер бауырлап жатқан қабылан, қойдың басы тәрізді тұтқасы бар егеутас, бүркіттердің стильдендірілген бастары, жыртқыштар мен «заулап бара жатқан» бұғылар, аттар, мен түйелер бейнесін тауып берді. Алайда зерттеушілер сақ көркем өнерін тек луристан стиліне жатқызып қоюға болмайды, олар бір-біріне тәуелсіз стиль дес есептейді.
Бәрінен де бұрын б.з. дейінгі І-мыңжылдықтың бас кезінде қазіргі Иран территориясына ирантілді тайпалар келіп кіре бастаған, солардың ықпалымен елге бірқатар соны әдет-ғұрыптар, қару – жарақ пен ер-тұрманның жаңа түрлері тарай бастайды.
Сонымен бірге ирандар Ассирияның, Элам мен Урарту мәдениетімен танысып, олардың өркениет табыстарын қабылдайды. Ирандықтар олардан композиция мен стильдің біраз белгілерін үйреніп алады. Ахеменид Иранының көркем өнері осылай туып қалыптасады да, ол сақтар өнеріне қатты ықпал жасайды. Осынау мемлекеттер өнерімен сақтар алдыңғы Азияға жортуыл-жорықтар жасаған сапарында танысады. Олардың патшалықтарынан Мидия патшасы Киаксар талқандағанна кейін, олар бейнелеу өнерінің көптеген үлгілерін алып, үйлеріне артынып-тартынып қайтып келеді.
Тувадағы Аржан обасын қазған кезде – оның диаметрі 120 м, биіктігі 3 м орасан зор құрылыс – оба үйіндісінің астынан археологтар аса күрделі ағаш конструкциясын тапты: оның дәл ортасында жуан бөренелерден қиылған көлемі 8 * 8 м үлкен там, ал оның ішінде көлемі көлемі 4,4х3,7 м тағы бір там бар екен. Сол тамда ағаш табытқа салынып көсем жерленіпті, оның жанында тағы тағы бірнеше еркектің – көсемнің туыстары мен серіктернің мәйіттері жатыр, тегі олар өз еріктерімен көсемі соңынан о дүниеге аттанса керек. Айналаға радиус бойынша орнатылған тамдар ішіне жорық ер – тұрмандарымен 160 ат қойылыпты.
Тағы да толып жатқан аттар қалдықтары оба сыртындағы шеңберлі қабырлардан табылды. Барлық аттар құла және жирен түсті яғни патшалар мен абыздар түстеріне сәйкес келеді екен.
Оба бағы заманда тоналыпты, бірақ археологтар үлесіне де көп-көп олжа қалыпты: түрі бүрісіп жатқан ілбісінге немесе барысқа келетін әлемдегі ең үлкен қола қаптырма, арқарлардың бейнелері, сабы қабан бейнесіндегі қанжар, алтын өңіржиек, жебелер табылды. Оба б.з. дейінгі VIII ғ. тұрғызылған, сақ өнерінің одан кездескен заттары ең ескі дүниеліктер болып табылады. Соған қарап сақтың «аң стилі» Азия даласында туған деп болжам жасауға болады. Оған дәйекті негіз бар, осы арада оның бастаулары да бар. Тіпті қола дәуірінің өзінде жергілікті ісмерлер жануарлар бейнелерін жасаған. Бұғылады, бұқаларды бейнелейтін тасқа салынған суреттер кеңінен мәлім. Сол сияқты б.з. дейінгі ІІ-мыңжылдық соңы мен І-мыңжылдықтың басы кезінде ерекше бір көркем өнер туып қалыптасқан, бірақ ол әлі «аң стилі» емес еді.
«Аң стилі» өнері сақтар
Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезде танысқан оңтүстік дәстүрлері әсерімен пайда болған. Дәп сол кездері осы арада сақтар өнеріне арыстан, арыстан-самұрық, « өмір дарағы» образдары ауысып келеді. Бұл образдар бұғы, қошқар, түйе, барыс, жолбарыс, бүркіт сияқты жергілікті жануарлар бейнелірмен сіңісіп кетеді. Осы бір аталған образдар тек әсемдік әшекейлері ғана болмаған, сақтар олардың әрқайсысына белгілі мән берген.
Сақтар арасында зергерлік өнер мейлінше жетіліп, биік деңгейге көтерілген. Зергер-шеберлер алтын, күмісті балқытып құю, штампылап, өңдеу ісімен таныс болған, олар алтын мен күмістен, феруздан әсемдігі мен композициялық түзілімі кісіні таң қалдыратын бұйымдар жасаған, олары адам мен оның киім-кешегін, аттың ер-тұрманы мен тұрмыстық мүліктерді әшекейлеп, безендіру үшін пайдаланылған. Мұндай бұйымдар қатарында жануарлар басымен әсемдеоген өңіржиектер, сақиналар, лағыл мен феруза тізілген алқалар, алтын тоғалы белдіктер, киім-кешектің сәнін кіргізетін қаптырмалар болған.
Сақтардың зергерлік өнері Есік обасы бұйымдарынан бәрінен де толығырақ көрінеді, сол бұйымдарға қарап, біз текті-дәулетті сақтардың киген киімі, айқасқа шығарда тағынатын қару-жарағы туралы біраз мәлімет алдық.
Зергерлік өнерде олар ағаштан жасалған әртүрлі бейнелер мен әшекейлерді қақ алтынмен аптау әдісін кеңінен қолданған. Сақтар арасында ағашты өңдеп, оюлап бедерлеу ісі қатты дамығанын ағаштан істелген ыдыс-аяқтардан, аңдар мен жануарлар бейнелерінен, әралуан қапсырмалардан көруге болады. Ағаш ою-өрнектеумен бірге сүйекті өңдеу және одан әртүрлі бұйымдар – қапсырма, тоға, түйме жасау кәсібі де дамиды.
Сақ ісмерлерінің тастың жұмсақ түрлерінен құрбандық юозыларынан жасап, оларды ғажайып, ою-өрнектерімен әспеттейтітінін айтқан едік. Түрлі түсті асыл тастардан – сердоликтен, халцедоннан, ақықтан, ферузадан сақтың зергерлері моншақ-таналар жасаған.
Басқа халықтар сияқты сақтар да табиғаттың тылсым
күштеріне – күнге, оның күркіреуіне, жағажайға, жел-дайылға табынған, осынау құбылыстар оларға құдай бейнесі секілденіп көрінген. Олардың түсінігі бойынша құдайлар, қанатты тұлпарлар, ат-самрұқтар көріне бертін болғпн. Осынау образдардың мифиология мен ауыз әдебиетінен кең орын алатыны сондай, евразия далалары өнерінде өзгеше бір «аң стилін» тудырған.
Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңрісі Митра «Авеста – Уәста» сөзіне жүгінсек, төрт ат жегіп шығады екен. Аттарға Сурья, Яма, Агни, Индира секілді құдайлардың қатысы болған. Есік обасындағы патша дулығысының төбесіне қабалған қанатты тұлпарлар бейнелері – ол күн күймесі. Қанатты тұлпар бейнесінің күн бейнесі ретінде берілуі өзге халықтар фольклорында да кездеседі. Гректерде күн шұғылалы құдай Аполлонның күймесін аспанда қанатты пырақтар зулатып алып бара жатады.
Жыртқыш қырандар бейнесі де күн құдайының символы болған. Үндіиран халықтарының қиял аңыздарында Күн аспан көкте төрт пырақ немесе төрт бүркіт зымыратып алып жүретін дөңгелекті күйме түрінде көрінеді.
Сақтардың әлемнің (космостың) құрылымы жөнінде өзіндік түсінігі болады. Космостағы тәртіп оларға арт түсінігіндей болып көрінген, сақтар оны Күн, Күн күйме деп ойлаған. Әлемдегі тәртіп, үйлесімі-гармония, олардағы бір нәрсенінің ұйымдастырушылары Митра, Вауна, Индира секілді құдайлар екен, әлемнің үлгісі-моделі оларға үш дүниенің – жерасты дүниесі – төменгінің, белорта дүниесі – жердің және жоғарғы дүние – аспанның өзара сәйкестігі болып көрінген. Әлемнің төрт жағы – сол, оң, алғы және артқы жақтары болған.
Сақтардың космос жөніндегі символикалық түсінігіне Есіктен табылған сақ патшасының дулығасы нақты мысал бола алады. Ондағы ою-өрнектер тік сызықты үш қабатқа бөлінген.
Шеңбер бойындағы қалпақ алтын таулар мен ағаштар тізбегін көмкеріп тұр. Тау бауырындағы «жер айуандары»: жолбарыстар мен ешкілер жүр. Шырқау биікте – құстар мен қанатты жолбарыстар. Ою-өрнекті дулыға жиегі сақтардың түсінігінше дүниені жан-жағынан қоршап тұрған әлемдік тау қыраты болып табылады. Ою-өрнек әлемнің төменнен жоғары қарай орналасқан үш бөлегін – жерасты дүниесін – жер мен аспан бейнелейді. Дөңгелек жиектің крест іспеттес болып орналасқан нүктесіне әлемнің жан-жағын: шығыс пен батысты, солтүстік пен оңтүстік күзетіп тұратын аңдар бейнелері қойылған. Баскиімнің алдыңғы жағына күн белгісі – күллі космостың тұтас бейнесі: төрт қанатты пырақ пен төрт алтын жебе салынған. Бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өктемдіктің өзгеше бір белгісі. Алдыңғы жақты сақтар жалғанның шығыс жағы, артқы жақты – батыс деп есептеген. Осындай мұрақты – тәжді кигізу көсемге күллі мифологиялық Космосты билеуді берді деген ұғымды білдірген. Көсем – дүниенің кіндігі, оның орталығының бейнесіндей болған, ал оның киіміндегі символдардың бәрі мифологиялық ұғымдар.
Тұтас алғанда сақтардың немесе сақ – скифтердің «аң стилі» сақ тайпалары дүниетанымының заңды көрінісі, олардың мифологиясының бейнелеу өнеріне келіп дарып-сіңуі, көшпелілер иделогиясын білдіретін айрықша белгілер жүйесі ретінде құрылып қалыптасады.
Жоспар:
1. Сақ өнеріне түсінік.
2. Тувадағы «Аржан» обасы.
3. «Аң стилі» өнері.
4. Сақ мифологиясы. «Сәйгүлік ат».
5. Сақтардың аспан әлемі жөніндегі
символикалық түсінігі.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. Аманжолов К.
2. Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы. 1 – том.
3. Көне түріктер. Л.Н.Гумилев.
4. Түркі халықтарының тарихы. Аманжолов К.
5.
Қазақстан тарихы. Очерктер.