Салқам Жәңгір хан

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 11:02, реферат

Описание работы

Жәңгір хан, Салқам Жәңгір (1608 - 1680) – Қазақ хандығының ханы, Есім ханның баласы. Ол әкесінің тірі кезінде-ақ Қазақ хандығының шеткі ұлыстарын, нағашы атасы Әбдірақым хан билейтін Тұрфанмен шекаралас жерлерін басқарып жүрді. Жәңгір хан жоңғар қазақ жеріне тынымсыз шабуыл жасап тұрған аса қиын кезеңде билік жүргізді. Бұл кезең қазақ-қалмақ ара-қатынасындағы аумалы-төкпелі, текетірес жылдар болатын.

Работа содержит 1 файл

жангир.docx

— 17.79 Кб (Скачать)

Салқам Жәңгір хан

Жәңгір хан, Салқам Жәңгір (1608 - 1680) – Қазақ хандығының ханы, Есім ханның баласы. Ол әкесінің тірі кезінде-ақ Қазақ хандығының шеткі ұлыстарын, нағашы атасы Әбдірақым хан билейтін Тұрфанмен шекаралас жерлерін басқарып жүрді. Жәңгір хан жоңғар қазақ жеріне тынымсыз шабуыл жасап тұрған аса қиын кезеңде билік жүргізді. Бұл кезең қазақ-қалмақ ара-қатынасындағы аумалы-төкпелі, текетірес жылдар болатын. 

Халық оны  ел үшін еңіреп туған ерлігіне бола «Салқам Жәңгір» деп атаған. Жәңгір хан (1628-1652 жж.) билік құрған жылдары да Сыр бойындағы қалалар үшін Аштарханидтермен және Жетісудағы жайылымдар үшін  қалмақтармен қақтығыстар тиылмады.  
Қазақ хандығына қалмақтар жақтан төнген қауіп зор болды. «Қалмақ» сөзі батыс монғолдардың түрікше аты. Олар өздерін ойраттар деп атаған. Қалмақтар бұл жылдары шығысында Хангай таулары, батысында Моғолстан, оңтүстігінде Гоби шөлі, солтүстігінде Ертіс пен Енисейдің жоғарғы ағыстары арасында көшіп-қонып жүрді. 1635 жылы бұл территориядағы тайпалардың басын біріктіріп, Батур қонтайшы Жоңғар мемлекетінің негізін қалады. Осыған байланысты жоңғарлар күшейіп, қазақ жерлеріне жиі-жиі шапқыншылықтар жасай бастайды. Жәңгір хан тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында үш ірі шайқас орын алады. 1635 жылы қазақ елінің солтүстігінде көшіп жүрген Жәңгір ханның еліне Далай тайшы, Ғужи тайшы, Тәуірхожа тайшы бастаған қарақалмақтар шабуыл жасады. Жәңгір хан айналасындағы адамдармен қалмақтардың қолына түсіп, жеті жылдай тұтқында болды. Қалмақтар оны «лама» болсын деген ниетпен Тибетке жібере жаздады. Қалмақтардың әскери тактикасын молынан игерген Жәңгір ханды Батыр қонтайшының Өргесіне келген орыс елшісі Ремезов көріп, онымен тілдеседі. Кейін Жәңгір хан біраз серіктерімен еліне оралып, Қазақ хандығының билігін қолына алды. 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір мен Жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында Орбұлақ шайқасы өтті. Жоңғарлардың 50 мың қолына Жәңгір хан бастаған 600 жауынгердің қарсы тұрады. Мүмкін,  бұл 600 адам ататын қарумен жабдықталған Жәңгір хан әскерінің алдыңғы шебі болуы мүмкін. Жәңгір өз тобының бір бөлегіне жоңғарлар тар асудан асып келгенше екі таудың арасындағы тар жырада ор қазып, бекініс жасауға бұйырады. Ал өзі екінші бөлегімен таудың екінші бетіне жасырынады. Жоңғарлар ор қазып, бекініп жатқан қазақ жасақтарына қарсы шабуыл жасайды. Осы кезде Жәңгір өз тобымен жаудың ту сыртынан лап береді. Қазақтар осы жерде бірінші рет оқ ататын қару пайдаланады. Шайқас барысында Батур қонтайшы 10 мың әскерінен айырылады. Шайқастың шешуші кезеңінде  Жәңгір ханға Самарқан билеушісі Жалаңтөс батыр бастаған 20 мың әскер көмекке келеді.  Батур қонтайшы кейін шегінуге мәжбүр болады. Сөйтіп, 1643 жылы жер жағдайын және соғыс тәсілін шебер пайдаланған Жәңгір хан Самарқан билеушісі Жалаңтөс батырдың әскери көмегі арқасында зор жеңіске жетті. Бұл тарихта Орбұлақ шайқасы деген атпен белгілі. Бұл жеңістің Қазақ хандығы үшін зор маңызы болды.  
Жәңгір хан жоңғар билеушілеріне қарсы күресте моңғолдардың жәрдеміне сүйенуге де күш салып, тату көршілік қатынаста болу мақсатымен оларға екі рет елшілік жіберді. Елшілікті хан балалары Тәуке мен Аппақ сұлтандар басқарып барды. Оқыс оқиға тоғыз жылдан кейін Жәңгір ханды ауыр жарақатқа душар етті. Астындағы атының аяғы суырдың ініне кіріп кетуі, Жәңгір ханның қалмақтың жас батыры, Цецен ханның ұлы Ғалдаманың сілтеген шоқпарын бойына дарытуына себепші болды. Осы жекпе-жекте мертіккен Жәңгір хан жиырма жыл сал болып жатып, өмірден қамкөңіл өтті. Қазақтардың «Салқам Жәңгір» деп атауы осыдан. Жәңгір  хан да Түркістан қаласындағы Қожа Ахмед Иассауи кесенесінде жерленген. 
Жәңгір ханнан кейін Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және  саяси жағдайы нашарлады. Феодал шонжарлардың арасында алауыздықтар мен бақталастықтар өршіді. Қазақ сұлтандары ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Қазақ жүздерінің арасындағы байланыс нашарлап, олар бір-бірінен оқшаулана бастады. 


Информация о работе Салқам Жәңгір хан