Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 20:25, реферат
Сақ қоғамынын экономикасындағы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына көшуден, металлургия өндірісінің өсуінен тұган прогрестік өзгерістер қосымша өнімнің шапшаң өсуіне, айырбастың дамуына, жеке меншіктің қорлануына және қатардагы қауым мүшесін канау элементтерінің шығуына өкеліп соқты. Өндірістің негізгі кұрал-жабдықтары мен еңбек өнімдерін болу жөнінде бір кезде болған алғашқы тендіктің орнына археологиялық деректемелер бойынша айқын аңғарылатын мүлік теңсіздігі келіп шықты. Жерге қауымдық меншіктің сақталуы тұсында малға отбасылық жеке меншік пайда болды.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Сақ дәуіріндегі қоғамдық құрылыс деңгейі
2) Сақтардың қоғамдық құрылымы
3) Сақтардың жаңа жоғарғы деңгейге шығуы
III. Қорытынды
Б.з.д. І мың. Ортасынан бастап Қазақстан
жеріндегі көшпелі тайпалар “сақ” атауымен
белгілі. Жазба деректердің мәліметі бойынша
олар Қазақстанның барлық этникалық территориясында
қоныстанып, бірнеше топқа бөлінген: оңтүстікте
тиграхауда сақтары (грек деректерінде
массагеттер, дон тайпалары), Бактрия мен
Маржанада құрамына парасогда сақтары
кірген хаумаварга сақтары.
Солтүстік шығыста
— аримаспы, Орта Қазақстан — исседондар,
Батыс савроматтар, Геродот бойынша савроматтардың
аржағында “биіктаулардың етегінде”,
оңтүстік шығыс Орал таулары болуы мүмкін,
аргипей тайпалары өмір сүрген.
Сақ тайпалары
мал шаруашылығының үш түрімен айналысты:
көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Малдың
негізгі түрі қой болды. Шаруашылықта
және күнделікті тұрмыста жылқы жиі пайдаланылды,
мұны археологиялық деректер де растайды.
Сақ жауынгерлері мен көсемдерінің қабірін
ашқанда жылқылардың сүйектері табылған.
Асыл тұқымды жылқымен бірге қарапайым
жылқылар да болды, олар аса биік емес,
аяқтары қысқа, бірақ өте төзімді болды.
Б. з. б. I мыңжылдықтың
басы сақ қоғамындағы алғашқы рулық қатынастар
ыдырап, жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасу
үрдісінің жедел жүруімен сипатгалады.
Қазақстан жерінде бұл ұзаққа созылған
үрдістің басталуы сақ заманының алдындағы
қола дәуіріне ұштасып жатады. Сол кездің
өзінде-ақ алғашқы ірі қоғамдық еңбек
бөлінісінен, мыс пен қола металлургиясының
тууы мен дамуынан кейін алғашында үлкен
патриархаттық, ал одан кейін шағын және
моногамиялы отбасылар окшаулана бастады.
Сақ қоғамынын экономикасындағы
көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына
көшуден, металлургия өндірісінің өсуінен
тұган прогрестік өзгерістер қосымша
өнімнің шапшаң өсуіне, айырбастың дамуына,
жеке меншіктің қорлануына және қатардагы
қауым мүшесін канау элементтерінің шығуына
өкеліп соқты. Өндірістің негізгі кұрал-жабдықтары
мен еңбек өнімдерін болу жөнінде бір
кезде болған алғашқы тендіктің орнына
археологиялық деректемелер бойынша айқын
аңғарылатын мүлік теңсіздігі келіп шықты.
Жерге қауымдық меншіктің сақталуы тұсында
малға отбасылық жеке меншік пайда болды.
Б. з. б. I мыңжылдықтың басы
сақ қоғамындағы алғашқы рулық
қатынастар ыдырап, жаңа әлеуметтік
құрылымның қалыптасу
Сақ қоғамынын
экономикасындағы көшпелі және жартылай
көшпелі мал шаруашылығына көшуден, металлургия
өндірісінің өсуінен тұган прогрестік
өзгерістер қосымша өнімнің шапшаң өсуіне,
айырбастың дамуына, жеке меншіктің қорлануына
және қатардагы қауым мүшесін канау элементтерінің
шығуына өкеліп соқты. Өндірістің негізгі
кұрал-жабдықтары мен еңбек өнімдерін
болу жөнінде бір кезде болған алғашқы
тендіктің орнына археологиялық деректемелер
бойынша айқын аңғарылатын мүлік теңсіздігі
келіп шықты. Жерге қауымдық меншіктің
сақталуы тұсында малға отбасылық жеке
меншік пайда болды.Бір кезде әмбебап
әлеуметтік ұя болған, өзіндегі өндірістік
қатынастар кандас-туысқандық байланыстармен
сәйкес келіп барынша тығыз астасқан рутуыстық
жағынан емес, аумақтық-өндірістік принцип
бойынша құрылған қауымға біртіндеп орын
бере бастады. Тарихи үрдіс алғашында
қоғамдық құрылыстың рулық байланыстарға
тікелей тәуелділігінін әлсіреуіне, ал
түптеп келгенде қауымдардың рулық текке
қарамастан, экономикалық және аумақтық
мүдделер негізінде құрылуына алып келді.
Көршілестік қауым жерді меншіктенуші
болған суармалы егіншілік елдерінің
көпшілігіңде осындай болды. Мұнда рулықбайланыстар
көршілестік кауым- дардың өндірістік
мүдделерімен қайшылыққа ертерек түсті.
Шаруашылығының негізгі түрі көшпелі
және жартылай көшпелі мал шаруашылығы
болған қоғамдарда ескі рулық тәртіптер
жаңа қоғамдык кұрылымдарда ұзақ уақыт
сақталды, бірақ енді көшпелі қауымның
өндірістік негізі ретінде емес, экономикалықтенсіздікпен
канаудың шың мәніндегі қатынастарын
бүркемелеген рулық байланыстар түрінде
сақталды.
Алғашқы рулық
қатынастардың ыдырау заманын әскери
демократия кезеңі немесе алғашкы көршілестік
қауым кезеңі деп атайды. Соңғы анықтама
қазіргі уақытта барган сайын жиі қолданылады,
ойткені ол заманның әлеуметтік-экономикалық
сипатын негұрлым дәл береді.Бірақ көршілестік
(жер) кауымның түрлері бірдей болмады,
сондықтан мұндай анықтаманы әмбебап
анықтама деп атауға болмайды. Екі ұғымның
да — әскери демократия мен алғашқы көршілестік қауым ұғымдарының
бір-бірін жоққа шығармайтынын атап өткен
жөн. Олар тек алғашкы қауымдық кұрылыстың
ыдырау заманындағы қоғамдык құрылымының
әр түрлі жақтарына баса назар аударады. Патриархаттың пайда болуы — оның бастапқы кезені,
ал соңғы шебі таптық құрылысқа көшу болды.
Сақ заманы
қоғамдық құрылысының құрылымын схемалық
тұрғыдан былайша елестетуге болады: шағын
туыс отбасылар тобы (патронимия) — көшпелі
қауым — тайпа — тайпалар одағы. Бұл құрылымның
патронимия деп аталған төменгі ұясы өрбіген
үлкен патриархаттық-рулық әулеттін үлкейіп,
табиғи бөлшектенуі нәтижесінде құрылды.
Ол бөлінген әулет басшысының есімімен
аталды. Көшпелі-жайылымдық қауым патронимиялар
жиынтығынан құрылды. Оның негізіне өндірістік,
аумақтық белгі алынды, бірақ көшпелі
және жартылай көшпелі қауымдарға тән
белгі рулық институтгардың консерватизмінде
және отбасылардың бірігу принциптеріне
олардың ықпалының күштілігінде болды.
Тайпа қоғамдық кұрылыстың маңызды сатысына
айналды. Тайпаға тән ең басты этникалық
және саяси сипаттардың қатарында оның
өз жерінің, атының және осы тайпаға тән
диалектінің болуы, діни үғымдарының және
діни ғүрыптарының ортақтығын, ортақ істерді
талқылау үшін тайпалық кеңестің, жоғарғы
көсем мен әскери басшының болуы тән болды.
Бұл енді әскери-демократиялық құрылыс
ие болған қоғамдық билік пен басқарудың
ұйымдастырылу түріне айналды. Тайпалық
одақтар алғашқы қоғамның ыдырау заманының
әлеуметтік ортақтығының жаңа және жоғарғы
үлгісі болды. Алғашқы кездегі сақ коғамын
әскери-демократиялық жүйе деп түсіну
керек. Ал әскери-демократиялық қоғамда
ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен
қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында
болады. Әскери-демократия заманында байлық
тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен
ғана жасалмайды. Байлық — ендігі жерде
— соғыс, басқа жұрттардың мал-мүлкін
тартып алу арқылы жасалады. Түскен олжа
жауынгерлер арасында тең бөлінбейтін.
Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға
үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті
толығымен тиетін болған. Бұл бара-бара
мүлік теңсіздігіне әкеліп соқты, бара-бара
қоғамда бай, кедей топтар қалыптаса бастады.
Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске
алып келді. Соңында таптық қоғамдағы
меншікті корғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды
шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты
ұйымдастыратын аппарат — мемлекет пайда
болды. Антикалық авторлардың деректері бойынша, сақтарда патшалар мен патшайымдар болған. Олардың кол астындағы жұртына
әмірі күшті болды. Сақ патшалары соғыс
пен бейбітшілік мәселесін шешті, басқа
елдерге елші тағайындады, сырт елдермен
одақ құру мәселесіне басшылық жасады,
әскерді басқарды. Патшаны бір рудан ғана
сайлады. Егер патша өлсе, оның орнына
інісі патша болып сайланды.
Рулық-тайпалық құрылым төрт сатыдан тұрады:
1.отбасы;
2.ру — рулық кеңес
3.тайпа — көсем
4.рулық-тайпалық бірлестік
— басқарушы
Қорытынды:
Б.з.д. І мың. Ортасынан бастап
Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалар
“сақ” атауымен белгілі. Жазба деректердің
мәліметі бойынша олар Қазақстанның барлық
этникалық территориясында қоныстанып,
бірнеше топқа бөлінген: оңтүстікте тиграхауда
сақтары (грек деректерінде массагеттер,
дон тайпалары), Бактрия мен Маржанада
құрамына парасогда сақтары кірген хаумаварга
сақтары.
Солтүстік
шығыста — аримаспы, Орта Қазақстан —
исседондар, Батыс савроматтар, Геродот
бойынша савроматтардың аржағында “биіктаулардың
етегінде”, оңтүстік шығыс Орал таулары
болуы мүмкін, аргипей тайпалары өмір
сүрген.
Сақ тайпалары
мал шаруашылығының үш түрімен айналысты:
көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Малдың
негізгі түрі қой болды. Шаруашылықта
және күнделікті тұрмыста жылқы жиі пайдаланылды,
мұны археологиялық деректер де растайды.
Сақ жауынгерлері мен көсемдерінің қабірін
ашқанда жылқылардың сүйектері табылған.
Асыл тұқымды жылқымен бірге қарапайым
жылқылар да болды, олар аса биік емес,
аяқтары қысқа, бірақ өте төзімді болды.
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Сақ дәуіріндегі қоғамдық
құрылыс деңгейі
2) Сақтардың қоғамдық
құрылымы
3) Сақтардың жаңа жоғарғы
деңгейге шығуы
III. Қорытынды
Қазақ экономикалық университеті
Тақырыбы: Сақ дәуіріндегі қоғамдық құрылыс