Рузвельттин жана багыт саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 13:32, реферат

Описание работы

Бірінші дүниежүзілік соғыс АҚШ-ты халықаралық қатынаста түбегейлі өзгеріске әкелді АҚШ соғысқа Антанта жағында 1917 жылы сәуір айында кірдi. 1918 жылы көктемде Америка әскерлері Еуропа құрлығына келiп, шілде-тамыз айларында соғыс майдандарына қатысты. Соғыс АҚШ-тың жерін қамтыған жоқ, экономикасы ешқандай зиян шекпеді. АҚШ-тың соғыста адам шығыны өте аз болды. Соғыс майданында 50 мың адам өліп, 230 мың адам жараланды.

Работа содержит 1 файл

Рузвельттин жана багыт саясаты.doc

— 98.00 Кб (Скачать)

Өнеркәсіпті қалпына келтіру НИРА заңы жұмыссыздықты азайту туралы да шаралар жүргізді. Бүл шараларды жүргізу үшін қоғамдық жұмысты  әкімшілік  реттеу  (PWA)  заңын қабылдады. Мемлекет бұл саладағы жұмыстар үшін 3,3 млрд доллар қаражат бөлді. Жаңа бағыт саясатының алғашқы айларында жұмыссыз жүрген 4 млн. адамға жұмыс тауып берді. Жұмыссыз жүрген жастарға арнаулы мекемелер құрып, оңтүстік америка штаттарында жер қазу, жерді суландыру үшін каналдар қазып, тас жолдар салатын ауыр қол күш еңбегі арқылы жұмыс тауып берді. Сөйтіп, дағдарыс жылдарындағы 12 млн. адам жұмыссыз болса, жұмыссыздықтың санын 25% азайтты. Буржуазиялық реформа барысында АҚШ-тың әлеуметтік-экономикалық саласында алға басушылық жүзеге асып, дағдарыстың бәсеңдегені байқалды. Өндірісті реттеу реформасынан кейін, Рузвельт әкімшілігі ауыл шаруашылық саласында жаңа бағыт саясатын жүргізуге кірісті. 1933 жылы мамыр айының 12 күні фермерлерге көмек заңын қабылдады. Бұл заң бойынша ауыл шаруашылық тауарларының бағасын өсірді. Фермерлер мемлекеттен ақша алу үшін егіс көлемін, мал басын азайту арқылы мемлекеттен арнаулы ақшалай сыйлық алу құқына ие бола алды. Ауыл шаруашылығын қалпына келтіру бағдарламасын қабылдады.

1933 жылы жаз айында фермерлер  егіс көлемін және мал санын  азайтуға кірісті. Елде азық-түлік  тауарлары жетіспей жатқанда,   фермерлер  ақша  алу  үшін  өздерінің  өндірген тауарларын жойып, ірі фермерлер ақшалай сыйлық алып жатты. Батыс штаттарында егіс көлемі 80% қысқартылды. Оңтүстік штатында мақта және темекі плантацияларында егіс көлемі қысқартылды.  Бұл шаралар кішігірім фермерлерге тиімсіз болды. Азық-түліктің жетіспеуіне қарамастан, көптеген ауыл шаруашылық тауарлары шіріп, мұхит суларына тасталып жатты.

Фермерлердің мемлекетке қарызы кешіріліп, көмек ретінде 1,5 млрд доллар көмек көрсетілді. Ұсақ фермерлер мемлекетке қарыздарын өтей алмай, шаруашылықтарын сатып, қалаға кетуге мәжбүр болды. Сөйтіп, 1933-1934 жылдарда АҚШ-та 6001 мың фермер шаруашылығы қысқартылды. Бұл барлық фермерлердің 10%-ын қамтыды. Жаңа бағыт бағдарламасы алғашқы жылдары халықтың қолдауына ие болса, 1934 жылдан бастап бұл саясатқа қарсы оппозиция күшейе түсті. Жалпы капитализм дағдарысы халықтың жағдайын жақсартуға мүмкіндік бере алмады. Сондықтан еңбекші халықтың наразылығын күшейтті. 1933 жылы елде 1 млн. адам ереуілге қатысты. 1934 жылы ереуілге 1,5 млн. адам шықты.

Рузвельттің «жаңа бағыт» саясатының негізгі қорытындысы қалай аяқталды? Мемлекеттің өнеркәсіп саласында белсенді араласуы дағдарыстан шығуға мүмкіндік жасады. Өнеркәсіп өнімдері 1929 жылғы өндірілген деңгейдің 80%-ына жетті. 1933 жылы өнеркәсіп өнімдері 63% жеткен болатын. Жұмыссыздықты азайтқанымен, ол толық жойылған жоқ. 1935 жылы АҚШ-та 7 млн. адам жұмыссыздар қатарында болды. «Жаңа бағыт» саясаты қалай десек те АҚШ-тың экономикалық дағдарыстан шығуына көмектесті. XX ғасырдың 30-жылдарындағы АҚШ-тағы «жаңа бағыт» капитализмді сақтап қана қойған жоқ, мемлекеттік реттеу арқылы капитализмнің жаңа жолмен дамуына мүмкіндік жасады. Буржуазиялық реформа капитализмнің жаңаша дамуына жол ашты. Ал Еуропа елдері - Германия мен Италия корпоративтік жолмен дамуға көшті. Мемлекеттік реттеу идеясы жаңа бағыт саясатының негізгі бағыты болды.

 

2-тарау. “Жаңа  бағыт“ саясаты

2.1 Ф.Д. Рузвельттiң «Жаңа бағыт» саясатының жүзеге асуы

 

«Жаңа бағыттың» реформалары тек  республикандықтардың ғана емес, сонымен  қатар демократтардың да қатты сынына түсті. Соған қарамай 1936 жылғы сайлауда Рузвельт 1932 жылға қарағанда сенімдірек жеңiске жетті.

1932-1938 жылдары АҚШ-тың саяси және  экономикалық өркендеуіне «жаңа  бағыт» не әкелді деген айтыстар  көп болды. Оның Америкадағы  мемлекеттік өкіметтің жалпы концепциясын өзгерткені анықталды. Үкіметтің халықтың әл-ауқатын жақсартуға деген жауапкершілiгi жөніндегі принципі барған сайын зор қолдау тапты. “Жаңа бағыттың” кейбір сыншылары өкіметтің өкілділігiнiң шексіз өсуі азаматтық еріктерді жояды деумен болды. Бірақ Рузвельт экономиканы, адамдардың тұрмысын жақсартатын шаралар еркіндік пен демократияның ұлғаюына ғана әкеледі деп санады.

1938 жылы радиодан сөйлеген сөзінде  Рузвельт былай деді: “Кейбір  ұлы халықтарда демократия енді  жоқ. Бірақ демократия олардың  одан түңілгендігінен жоғалған жоқ. Оның жойылу себептері адамдардың ертеңгі күнге сенiмсіздігі мен жұмыссыздықтан шаршауынан, өздерінің балалалары аштыққа ұшырауын көргісі келмегенінен, басшысы жоқ өкіметтің әлсіздігі мен былығының алдындағы қауқарсыздығынан болды. Ең ақырында олар бір үзiм нан үшін өз бостандықтарын құрбандыққа шалуды ұйғарды. Біз, американдықтар, демократиялық институттарымыздың жұмысқа қабілетті екенін және оларды сақтап қалуға болатынын білеміз. Бірақ бұны істеу үшін бiз демократиялық үкіметтің әрекеттері халықтың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатына сай екенін дәлелдеуiмiз керек... Америка халқы соңғы қасық қаны қалғанша өз еркіндіктерін қорғауға даяр, ал қорғаныстың бiрiнші шебі — оларға экономикалық құқықтар беру».

Рузвельттің екінші мерзімдегі президенттігіне дейін-ақ оның ішкі саясатына жай американдықтар әлі сезбеген Жапония, Италия мен  Германиядағы тоталитарлық режимдердің экспансионистік жоспарлары әкелген қауіп төнген болатын. 1931 ж. Жапония Маньчжурияны басып алып, Қытайды соққыға ұшыратып, бірінші болып соғысқа шықты. Келесі жылы ол басып алған жерлерде қуыршақ мемлекет Маньчжоу-Гоны құрды. Италия фашистік мемлекетке айналып, Ливиядағы өзінің өктемдігін күшейтіп, 1935—1936 жылдары Эфиопияны басып алды. Германияда Адольф Гитлер ұлтшыл-социалистер партиясын құрып, ел басқаруды басып алды да, Рейн облысына әскерлер енгізіп, оны кең көлемде қайта жарақтандыра бастады. «Германия, Италия мен Жапония жауыздықтарын одан әрі жалғастырып, тоталитаризмнің шын беті көрiне бастады, бұл американдықтардың наразылығын күшейтті. 1938 жылы Гитлер Германия рейхына Австрияны қосқаннан кейін Чехословакияның Судет облысына деген талаптары Еуропаны кез келген уақытта басталып кетуi мүмкін соғысқа алып келді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі демократия үшін жүргізілген сәтсіз крест жорығынан» түңілген Америка халқы өз заң шығарушыларының аузымен соғысып жатқан жақтардың ешқайсысы, қандай жағдайда болмасын, олардан көмек сұрап өтінуге құқықты емес деп жариялады. 1935—1937 жылдар аралығындағы бөлшектеніп қабылданған бейтараптық туралы заңдар американдықтарға қандай да болмасын соғысып жатқан елдермен сауда-саттық қатынаста болуға немесе оларға несие беруге тыйым салды. Ол құрама Штаттардың өз шекарасынан тыс жерлердегі соғыстарға тікелей немесе жанама қатысуын тойтарды1.

2.2 «Жаңа бағытты»  сынау

 

Президент Рузвельт пен  мемлекеттік хатшы Хэлл әуел бастан-ақ мұндай заңдарға қарсы болды. Американың әскери-теңіз флотын  жасауға  көп күшін жұмсаған Рузвельт Маньчжоу-Гоны мойындаудан бас тартты. Хэллмен  қосылып Батыс жарты шардағы мемлекеттермен достық қатынастарды ұлғайтуда жетістіктерге жетті. 1935 ж. Хэлл баяғыда қол қойған сауда келісімдері ұзартылғанда, АҚШ алты латынамерикандық елдермен территорияларды басып алу принципін қолдамауға келiсiп, жаңа келісімдерге қол қойды.

1939 жылы нацистер Польшаға басып  кіргенде, сөйтiп екінші дүниежүзілік  соғыс басталғанда, американдықтардың  да рухы нығая түскен еді.  Алғашында олар сыртта қалғысы  келсе де, Еуропа қауіпсіздігіне  қатер төндіріп тұрған мемлекеттер  коалициясы Құрама Штаттарға да қауіп төндіретінін тез түсінді.

Франция құлатылып, 1940 жылы Англияға әуе шабуылдары басталғанда, Еуропаның  демократиялық тәртіптеріне көмек  беруді жақтаушылар мен «Ең бастысы  Америка» деп аталатын комитеттің жанына топтанған изоляционистер арасында айтыстар басталды. Соңғысы Орталық Батыстың консерваторларынан бастап солшыл пацифистердің қолдауына дейін ие болды. Ақыр соңында «Одақтастарға көмектесе отырып, Американы қорғаймыз» атты комитеттің  қолдауымен интервенционистер жеңді.

АҚШ Канадамен қосылып өзара Қорғаныс басқармасын құрды, сөйтіп латынамерикандық республикалармен Батыс жарты шарының демократиялық мемлекеттерiн ұжымдық өзін-өзі қорғау жүйесін кеңейту туралы келісті. Конгресс жаңадан басталған экономикалық күйзеліс шарттарында қайта қарулануға ақшалай мол қаржы беруге келісімін берді, ал 1940 жылдың қыркүйегінде АҚШ тарихында бірінші рет бейбіт уақытта әскерге шақыру туралы хабарланды. 1941 жылдың басында Конгресс президент Рузвельт жасап жатқан әрекеттер Құрама Штаттар қорғанысы үшін өте маңызды деп санауға болатын елдердің барлығын қарумен және басқа да керек-жарақтармен қамтамасыз ету құқын беретін ленд-лиз бағдарламасын қабылдады (ең бірінші орында Ұлыбританияға, КСРО-мен Қытайға көмек беру тұрды). Американың бүкіл соғыс бойы ленд-лиз бойынша берген барлық көмегі 50 миллиард доллардан асты.

І940 жылы президент сайлауы айғайшыл зор изоляционистердің ізіне  ерушілер санының өте аз екенін көрсеттi. Рузвельттің бәсекелесі Уэнделл  Уилки назар аударарлық бағдарлама ұсынған жоқ, өйткені оның өзі президенттің сыртқы саясатын қолдап, негізінен ішкі саясатын жақтады. Қараша сайлауы Рузвельтке қосымша дауыстар беріп, Америка тарихында бірінші рет орындаушы өкіметтің басшысы үшінші мерзімге қайта сайланды.

 

 

Қорытынды

 

1933-1939 жылдарда Ф.Рузвельт үкіметі сыртқы саясатта жаңа бағыт ұстады. Экспансиялық саясаттан толық бас тарта алмағанымен, 30-жылдардағы Европадағы фашистік үкіметтердің агрессиялық саясаты АҚШ үкіметінің сыртқы саясатына біршама өзгерістер жасауға мәжбүр етті. Бұрынғыға қарағанда өте сабырлы саясат жүргізуге тырысты. Ең алғашқы қадамдарының бірі - антисоветтік саясаттан бас тартуы болды. Сөйтіп, 1933 жылы 16 қарашада АҚШ үкіметі КСРО-ны мойындап, елшілік қатынас орнатты. Бұл сол жылдардағы сыртқы саясаттағы ірі жеңісі, Ф.Рузвельттің көрегендік ақыл-ойының нәтижесі еді.

30-жылдардағы АҚШ-тың Латын Америка  елдеріне бағытталған экспансиялық  саясаты бәсеңдеді. АҚШ үкіметі  бұл елдермен «көршілік» саясатын  жүргізе бастады, яғни басқыншылық  саясатынан бас тартуға тура  келді. Еуропа елдеріндегі фашистік бірліктің құрылуы АҚШ үкіметін ойландыра бастады. Себебі, олар фашизм қаупі дүниежүзілік қауіп екенін түсіне бастады. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ үкіметінің негізгі бағыты «бейтараптық» саясат болды. Бұл саясаттың негізгі бағыты фашистік елдердің агрессиялық саясатын қолдай отырып, КСРО үкіметінің соғыс қарсаңындағы коллективтік қауіпсіздік саясатын қолдамау еді. 1937 жылы қазан айының 5-і күні Чикаго қаласында сөйлеген сөзінде Ф.Рузвельт «қазіргі уақытта бүкіл әлем фашизмге қарсы күресте бірігуіміз қажет» — деді. Бейтараптық сыртқы саясат АҚШ үкіметін оқшаулауға әкелді. Бірақ та екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы АҚШ-тың сыртқы саясаты Германияны шығысқа қарай соғыс ашуға, яғни КСРО-ны күшпен жоюға итермелеп отырды.

Рузвельттің ішкі саясатта сіңірген еңбегі орасан мол болды. Ол ең бастысы  елді «Ұлы депрессиядан» алып шықты. Оның президенттікке келісімен бастаған ісі банктері уақытша жапқызып, бүкіл  федералдық банк жүйесін түбегейлі  түрде қайта құруды бастағаны  экономиканы сауықтырудағы негізгі шаралар болатын. Бұл істің артынша бүкіл елді жайлаған жұмыссыз адамдардан топтар құрып оларды ел экономикасына жұмыс істеуге жұмылдыруы, сөйтіп көптеген өмірден түңілген әлеуметтік топтарды еңбек етуге ынталандыруы оның атын тарихқа таңба басқандай етіп қалдырды. Сол кезден бастап нарықтық экономиканы мемлекеттік тұрғыдан реттеп отыру керек екендігі айқын болды.

Ф.Д.Рузвельтті американдықтар ерекше құрметтеп өздерінің ұлы президенттерінің қатарына қосады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi:

 

  1. Дуглас С. Стивенсон. Америка: халық пен ел. – Алматы: “Ғылым”, 1995.
  2. Мәшiмбаев С.М. Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихы (1918-1945 жж.).- Алматы, 2003.
  3. АҚШ. Қысқаша тарих. – Алматы: “Ғылым”, 1996.
  4. Бомье Ж. Гитлерден Труменге дейiн. - Алматы, 1952.
  5. Актуальные проблемы новейшей истории. - М.,1991.
  6. Сучков М.Е. Хрестоматия по новейшей истории. Ч. 2. - М., 1976.
  7. Хрестоматия по новейшей истории. Т. 3. - М., 1960.
  8. Конституция 16 стран мира. Алматы, 1995.
  9. Брант В. Воспоминания // Вопросы  истории. 1991. Т 1.
  10. Коваль Б.И. Революционный опыт XX века. - М., 1987.
  11. Громыко А., Кокошин. Братья Кеннеди - М., 1989
  12. Фурсенко А.А. Президенты и политика США 70-е годы. - Л., 1989.
  13. Амрекулов Н.А. Культ личности и ее разоблачение. Алма-Ата, 1981.  Хроника текущих событий. М., 1970.
  14. Очерки новой и новейшей истории. Т. 2. VI., 1960.
  15. Сивачев Н.В., Языков Е.Д. Новейшая история США. М., 1980.
  16. История рабочею движения в США (1939-1965). - М., 1971. Т. 2.
  17. Шреплер Х.А. Международные организации. - М., 1995.
  18. История новейшего времени стран Европы и Америки (1918-1945). - М., 1984.
  19. Языков В Ф. Историл стран Европы и Америки в новейшее время (1918-1945): Курс лекции. - М., 1998
  20. Кредер А.А. Новейшая история XX  века. - М , 2000.
  21. Новейшая история отечества: В 2-х томах. Т. 1, 2 - М., 1999.

 

 

 

1 Мәшiнбаев С.М. Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихы (1918-1945 жж.).- Алматы, 2003.–71.

1 История новейшего времени стран Европы и Америки (1918-1945). - М., 1984.- 59 с.

1 АҚШ. Қысқаша тарих. – Алматы: “Ғылым”, 1996.  –151 б.


Информация о работе Рузвельттин жана багыт саясаты