Рим отбасы құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 18:40, реферат

Описание работы

Тарих бойынша мемлекет пен құқықтан бұрын отбасы құрылған, содан соң отбасының мүшелерінің қатынастары алғашқы қауымдық құрылыспен басталады. Отбасының негізі үйдің иесі болатын. Латын тілінде отбасыны Familia деп атаған. Бірақ фамилияның ұғымы отбасының ұғымынан кеңдеу болатын. Өйткені, фамилияға отбасының басқа мүшелері де яғни, құлдар да, малдар да және басқа аспаптар да кірген.

Работа содержит 1 файл

РИМ.docx

— 27.11 Кб (Скачать)

                                                   РИМ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ

    Тарих бойынша мемлекет пен құқықтан бұрын отбасы құрылған, содан соң отбасының мүшелерінің қатынастары алғашқы қауымдық құрылыспен басталады. Отбасының негізі үйдің иесі болатын. Латын тілінде отбасыны Familia деп атаған. Бірақ фамилияның ұғымы отбасының ұғымынан кеңдеу болатын. Өйткені, фамилияға отбасының басқа мүшелері де яғни, құлдар да, малдар да және басқа аспаптар да кірген. Туысқан адамдардың құқықтық қатынастарын біз туысқандық дейміз. Қазіргі заманда туысқандықтың бір ғана түрі бар деп есептейміз. Туыстық-белгілі бір құқықтық салдарларды байланыстыратын адамдар арасындағы қандық байланыс. Рим құқығы туыстықтың екі түрін ажыратты-агнаттық және когнаттық. Басқа халықтардың отбасынан рим отбасының айырмашылығы агнаттық туыстықтың юридикалық маңызды болуында.Агнаттық туыстық бір отбасына тиесілі барлық тұлғаларды қамтыды,яғни агнаттық туыстық билік пен бағыныштылыққа негізделген.Сондықтан туыстар деп отбасы басшысының билігіндегілер саналады.Соған орай отбасы мүщелері отбасы басшысы және оған бағыныштылар деп бөлінеді. Отбасы басшысы барлық отбасы мүшелеріне толық билігін жүргізіп отырады. Ол сонымен қатар отбасының мүлкіне ие болады және өз қалауынша билік етті. Отбасы басшысының билігі тек қайтыс болған жағдайда немесе өзінің еркі арқылы тоқтатылады.Агнаттық туыстық ер адамнан тарады.Кейіннен отбасы  басшысының билігі шексіз бопған жоқ және отбасы мүшеперінің еркіндігіне алып келді.Осыған байланысты агнаттық туыстық уақыт өте келе когнаттық туыстықпен ығыстырылды.Когнаттық туыстық дегеніміз қандық туыстық.Когнаттық туыстықта дәреже мен туыстық тармақтары ажыратылды. Туыстық тармақтары  ата-бабасынан   тарайтын  немеме ата-бабаға дейын тарайтын  туыстық болуы мүмкін. Туыстықты сонымен қатар бір атадан тарайтын  болса қандас, аналар бір болса-жатырлас туыстар деп бөлетін. Жанама туыстық ортақ ата-бабалардан  тарайтын туыстарды біріктіреді. Туыстық дәрежесі екі туыстың арасындағы туыстық санымен анықталады. Туыстықпен қатар жекжаттық та болды.Жекжаттық жұбайлар арасындағы және басқа жұбайдың арасындағы туыстар арасында пайда болатын. Туысқан адамдардың құқықтық қатынастарын біз туысқандық дейміз. Қазіргі заманда туысқандықтың бір ғана түрі бар деп есептейміз. Ал ежелгі Римда туысқандықтың екі түрі болатын. Оларды агнаттық және когнаттық туысқандықтар деп атайды. Агнаттық туысқандық рим фамилиядағы құқықтық жағдайда шықты, сол жағдай бойынша фамилияның үйінің ішінде тұрған жұрт бәрі де агнат туысқандар деп есептеген. Ежелгі Римде жанұя патриахалдық түрде құралған. Онда жанұя мүшелері тек қана жанұя басшысына бағынған. Үй қожайыны әйеліне, балаларына, құлдарына және мүлікке билік еткен.Неке нысанының барлық түрінде күйеу балаларға билік еткен. Некеге аттастыру негіз болған. Ежелде және классикалық кезеннің басында жақтар серт беріп шартқа отырады. Содан кейін аттастыру моральдық міндеттемеге айналады. Рим құқығындағы неке институтының құқықтық жағдайларын төмендегідей көрсетуге болады:1) неке өзара ерікті түрде жасалу керек; 2) дене бітімінің келуі; 3) екеуінің келісімі; 4) отбасы құру мақсаты; 5) ерлі зайыптылардың өмір бойы бірге тұруы.

    Жұбайлардың құқықтық  сапасына қарай некелер:

  1. Дұрыс неке;
  2. Дұрыс емес неке;
  3. Азаматтық неке болып бөлінген.

Біріншісі бойынша арнайы заң нысанында  танылған,екеуінің бір құқықтық сапасына  жатқан,жеке және мүліктік құқықты  туғызатын одақ танылған. Екіншісінде  тараптардың бірі басқа азаматтықта  болуы. Үшіншісі неке рәсімін жасамай  бірге өмір сүруі танылған.

  Римдік отбасы құқында араларында  неке қиылуына жол берілмейтін  адамдар белгіленген. Неке тұруға:

  1. Кәмелетке толмағандарға;
  2. Ақыл есі кемдерге;
  3. Құлдарға жол берілмеген.

 Неке Рим құқығы бойынша  сонымен қатар бір дінді ұстаушылар арасында жасалуы керек болған. Туыстар арасында жасалынған неке жарамсыз болып есептелінген.

  Некенің тоқтауы әртүрлі  болған:

  1. Жұбайының қайтыс болуы;
  2. Ажырасу;

 Мұндағы ажырасуда еркектің  қалауымен жүргізілген. Белгілі Рим заңгері Модестин некеге осындай құқықтық анықтама берген еді. Неке – күйеу мен зайыбының одағы, құдайдың және адамдардың құқығы бойынша өмірге берілген бірлігі. Осы анықтамасы орта ғасырларға да, біздің заманымызға да жеткен сонымен қатар кітаптарға, оқулықтарға енгізілген. Бірақ та ежелгі Римда некелік жағдайы ерлермен әйелдерге әрине бірдей болған жоқ. Неке-әйел мен ер адамның арасындағы одақ. Бұл одақ өмірінің ортақтығы,адамдық құқықтар мен діни құқықтардың бірігуі. Неке: ынтымақтастық,физикалық жетілу,келісім,некелесушілердің неке одағын құруға талпынуымен сипатталады. Некеге тұрудың құқықтық алғышарты некеге тұрущыларда jus conibii-дің болуы болып табылады. Бұл термин рим некесіне тұру құқығы дегенді білдіреді.

    Рим құқығы некенің  екі түрін ажыратты. Бұл некелер әр түрлі нысанда құрылды және некедегі тұлғалардың мүліктік жағдайы,мүліктік емес жағдай және анасымен балаларының арасындағы құқықтық қатынастың әр түрлілігімен ажыратылды. Некенің алғашқы түрі-sum manu. Рим некенің көне нысандарының бірі-cum manu әйеліне күйеуінің билігін бекітті. Некеге тұрғаннан бастап әйел persona aliena juris-бөтен құқықтың иесі деп саналды. Cum manu некесінде әйелдің мүлікке қатысты ешқандай құқықтары болған жоқ. Некенің бірден бір белгісі жұбайлық ортақтастықтың үздіксіз ұзақ мерзімге жалғасуы болды. Бұл мерзім үзілуі  мүмкін,егер әйел үш түн өз үйінде түнемеген жағдайда. Сондықтан ерінің еркі тек жұбайлық билікке емес некеге бағытталды. Некенің екінші түрі –sine manu. Бұл некеде ерінің әйеліне билігі туындамады және бастапқы кезде әйел мен ер адамның арасында юридикалық байланыс болған жоқ. Әйелі некеге тұрғанға дейінгі отбасылық жағдайың сақтап қалды.Sine manu- некесі жай келісім негізінде жасалды- қалыңдықты күйеудің үйіне әкелу юридикалық қорытынды акті ретінде болды.Sine manu некесі ерлі- зайыптылардың біреуінің бір жақты өтініші бойынша бұзылды және некені бұзудың негізін көрсету қажет те емес еді. Бірақ некені бұзу еркіндігінің жағымсыз салдарлары болды. Бұл көбінесе мұрагерлікке қатысты болды. Август некені бұзудың еріктілік жағдайы некенің тұрақсыздығына әкеліп соғуына байланысты отбасы құқығына маңызды өзгерістер енгізді. Заң жұбайлық адалдық болмауына байланысты қылмыстық жауапкершілікті бекітті. Sine manu некесінен,римде орын алған конкубинатты да ажырата білуіміз қажет. Конкубинат-заңмен рұқсат етілген ер адам мен әйел адамның тұрақты бірге тұруы,яғни заңсыз неке.

   Рим құқығы некеге тұрудың  мынадай талаптарын бекітті;

- Некеге тұрушылардың келісімі;

- Неке жасына жету,ерлер үшін -14 жас, әйелдер үшін – 12 жас;

- Некеге тұрушылар басқа тоқтатылмаған  некеде тұрмаулары керек;

    Егер де туыстар некеге  тұратын болса,ол қылмыс деп  саналады. Аға мен қарындас арасындағы  некеге тұруға тиым салынатын,егер  тіпті ата-аналарының біреуі ғана  ортақ болғанның өзінде.

   Некеге тұрудың үш тәсілі  болды:

  1. Абыздар мен 10 куәгердің қатысуымен болатын діни салт бойынша құрбандық беру арқылы жасалатын неке;
  2. Құнды заттарды сатып алуға байланысты бекітілген ержелер бойынша күйеуінің болашақ әйелін,әйелінің әкесінен сатып алуы;
  3. Ешқандай тәсілді қолданбай-ақ жасала беретін sine manu некесі.

Ал,жұбайлардың  арасындағы мүлікті қатынас олардың  арасындағы некеге байланысты анықталады. Некенің cum manu  түрі бойынша әйел күйеуіне тәуелді болды. Оның барлық мүлкі күйеуінің меншігіне өтіп отырды және күйеуі ешқандай шектеусіз  мүлікке билік ету құқығын жүргізе алатын. Әйелінің мүлкі неке ажыраған жағдайдың өзінде де қайтарылмайтын.

    Некенің sine manu түрінде  олардың арасында теңдік сақталды,бірақ  бұл некеде де күйеуінің басшылығы  да орын алатын. Мысалы,sine manu некесінде  әйелі күйеуінің жағдайын ала  алатын,күйеуі қай жерде тұрса  сол жерде тұруы керек болды.  Жұбайлардың мүлкі әрқайсының  мүлкі болып саналды. Сондықтан  мүлікті жай басқарудың өзіне  әйелінің келісімі қажет болатын.  Некеге дейінгі және некеге  тұрғаннан кейін әйелінің тапқан  мүлікі әйелінікі деп саналды. Жұбайлардың мүліктік кепілінің бірі- жасау болатын. Жасау қалындық тарапынан және некеге дейінгі сый ретінде күйеуі беретін мүлік. Жасау бұл мүлік. Қалыңдыққа paterfamilias немесе үшінші тұлға тарапынан берілетін жасау күйеуіне отбасы шығындарын азайту үшін берілетін мүлік ретінде саналатын. Күйеуінің немесе оның paterfamilias-ы беретін сый некеге тұрғанға дейін берілетін.Римдік отбасы бойынша әйелдер құқы еркектермен салыстырғанда төмен сатыда болды. Әйелінің мүлкі тұтастай күйеуінің меншігі болып есептелді.

Некелік мүліктің екі түрі болды:

  1. Жасау;
  2. Некелік сыйлықтар;

Жасау – әйел тарапынан берілген материалдық сый болып есептелді. Жасау жабдықты беру некеге тұру рәсімінен басқа бөлек құжаттармен бекітілген.

Некелік сыйлықтар-бұл күйеуінің  әйеліне берген сыйлығы есептелген. Мұндай рәсім некеге отырудың алдында  жасалған.

Әке   билігі. Жоғарыда  айтқанымыздай рим  фамилиясында  тек  қана paterfamiliasтың  құқықтары  ең толық,  ең күшті  болатын, осы жағдайдан әке билігі  деген заңдық  ұғым  шықты. Римдықтар  өздері  бұл  жағдайды  тек  қана  ерекше  римның  ұлттық  заңдық ұғымы  деп  есептелінген. Әке  билігі ұлдарға ғана   емес,  әйеліне  де,  қыздарына да,  фамилияның басқа мүшелеріне де тараған.  Бірақта  ұлдардың  құқықтық  жағдайы  кеңдеу   болатын. Әке билігі-үй иесі болып есептелгендіктен отбасы мүшелерінің бәріне қатысты жүргізілген. Әкенің билігінен, билік астындағылар өздері келісім берсе эмансипациямен (emancipatio) шығатын болды. Бастапқыда көз алдаушылық түрінде баласына немесе қызына сатады олар бірден босатушы. Нәтижесінде сатылған адам дербес тұлға (persona sui iuris) болып  табылды. Жанұяда әке ғана өз еркімен жұмыс істейтін адам болған. Қыздары мен ұлдары бөтен құқықтың тұлғалары болып саналған.(pensonou alieni iunis) Сонымен бірге әке өзінің балаларының өмірі және өлімімен билік еткен. Ол жаңа туған нәрестенің лақтыруға, жасына қарамастан құлдыққа сатуға немесе өмірден қиюға құқығы болған. Бірақ уақыт өткен сайын осы құқықтық уәкілеттіліктер шектеле бастады. Билік астындағы ұлы мүлікпен мәмілелер жасауға құқылы болған, бірақ осы пайда болған пайдалар әкесінің мүлкіне түсіп отырған Шаруашылық қатынастардың және сауданың дамуына байланысты билік етушінің мүліктік құқық қабілеттілігі үлкейе бастады. Жанұяда әке ғана өз еркімен жұмыс істейтін адам болған. Қыздары мен ұлдары бөтен құқықтың тұлғалары болып саналған.(pensonou alieni iunis) Сонымен бірге әке өзінің балаларының өмірі және өлімімен билік еткен. Ол жаңа туған нәрестенің лақтыруға, жасына қарамастан құлдыққа сатуға немесе өмірден қиюға құқығы болған. Бірақ уақыт өткен сайын осы құқықтық уәкілеттіліктер шектеле бастады. Билік астындағы ұлы мүлікпен мәмілелер жасауға құқылы болған, бірақ осы пайда болған пайдалар әкесінің мүлкіне түсіп отырған Шаруашылық қатынастардың және сауданың дамуына байланысты билік етушінің мүліктік құқық қабілеттілігі үлкейе бастады.

Балаларына қатысты әкесі мынадай  құқықтарға ие болған:

  1. Баласының кәмелетке толғанға шейін өмірінің тағдырын шешу;
  2. Жаңа туған сәбиін қадағалаусыз қалдыру;
  3. Қызын не ұлын құлдыққа сату;

Балалары  мүліктік құқықтарға ие блмаған.

Рим құқығы бойынша некеге тұру шарттары

  1. Неке жасына жету;
  2. Дамып жетілу;
  3. Есі дұрыс болу;
  4. Некеге келісімі;
  5. Некеге тұру үшін еркі мен ықыласы;
  6. Некеге тұру құқының болуы.

  Некеге тұру кезінде кездесетін кедергілер

    1. Қанды туыстық;
    2. Әлеуметтік теңсіздік;
    3. Сенатор мен еркіндікке жіберілгеннің арасында;
    4. Діни айырмашылық.

   Некені тоқтату жағдайлары

    1. Қайтыс болу;
    2. Хабар ошарсыз кету;
    3. Еркінен айырылу;
    4. Азаматтығын жоғалту;
    5. Басқа да кедергілер.

 

 

 

 

 

                                                     

                                                  Жоспар 

  1. Агнаттық және когнаттық отбасының түсінігі.
  2. Рим құқығы бойынша неке.
  3. Жұбайлардың мүліктік қатынастары

Информация о работе Рим отбасы құқығы