Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 20:01, реферат
1946 жылға карай зауыттар мен фабрикалар қайта жандана бастады, өнеркәсіп орындары қайтадан іске қосылды. Ауылдар жанданып, қалалар қирандыдан тазартылды. 1945 жылы 23 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы қабылдаған демобилизация туралы Заңнан кейін миллион даған жауынгерлер бейбіт тіршілікке қайта оралды. Демобилизациямен қатар кеңес басшылығы кеңестік азаматтарды жұмысқа орналастыруға, әскери ендірісті шаруашылық мақсаттағы өнім шығаруға конверсиялау секілді күрделі жүмыстар жүргізді.
1. Республиканың индустриялық дамуы.
2. Республиканың батысында жаңа мұнай кәсіпшіліктері іске қосылды.
3. Көлік және байланыс жүйесі. Энергетика
4. Ғылыми-техникалық прогресс.
5. Экономиканы тиімді басқаруда түбірлі өзгерістердің қажеттігі.
6. Пайдаланған әдебиеттер
Қазалы
гумманитарлық-техникалық колледжі
Дайындаған:
Ниязбай Аида
Қабылдаған:
Группа:
БББ-21
2011-2012 оқу жылы
Жоспары
1. Республиканың индустриялық дамуы.
2. Республиканың батысында жаңа мұнай кәсіпшіліктері іске қосылды.
3. Көлік және байланыс жүйесі. Энергетика
4. Ғылыми-техникалық прогресс.
5. Экономиканы тиімді басқаруда түбірлі өзгерістердің қажеттігі.
6.
Пайдаланған әдебиеттер
Республиканың индустриялық
дамуы.
1946
жылға карай зауыттар мен
Соғыс
аяқталған соң басқару
Республиканың
батысында жаңа мұнай
кәсіпшіліктері іске
қосылды.
Мәселен:
Мұнайлы, Ембі бассейндерін және баска
да кәсіпшіліктерді өндіріске косу
арқылы 1950 жылы мұнай өндіруді соғыска
дейінгі деңгеймен салыстырғанда 52%-ға
арттыруға мүмкшдік туды. Осы кезеңде
жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Тамақ
өнеркәсібінде 60-жылдардың соңына қарай
40-тан астам жаңа кәсіпорын салынып, іске
қосылды. Дегенмен де тамақ өнеркәсібінің
үлесі жалпы өнеркөсіп өндірісінің 17%-ын
ғана қамтыды. Бұл сала одан әрі жетілдіре
түсуді қажет етті. 1950 жылдары қайта жабдықталған
Семейдегі май зауыты, Петропавлдағы «Комсомол»
тігін фабрикасы өнім бере бастады, Жамбыл
(қазіргі Тараз), Қызылорда, Павлодардағы
тері зауыттарының қүрылысы аякталды.
Бұл жылдары Қазақстанның өзінің қуатты
ауыр өнеркәсіп базасы қүрылды. Жүмысшылардың
ішінде ерекше кезге түскендері жоғарғы
еңбек марапаттарына ие болды. Атақты
кеншілер Т. Күзембаев, Ж. Әбдірахманов,
П. Акулов Социалистік Еңбек Ері деген
жоғары атақ алды. Елімізде экономикалық
дамудың қарқыны одан әрі артты. 1954- 1958
жылдары республикамызда 730 өнеркәсіп
орындары мен цехтар салынып, іске қосылды.
Олардың қатарында Жезқазған кен байыту,
Өскемен таукен жабдықтарын жасау зауытының,
Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының
бірінші кезектері, Ақтөбе хром қоспалары
зауыты, Шымкент гидролиз зауыты, Қарағанды,
Семей және Шымкент цемент зауыттары болды.
Осының бәрі 1958 жылы Қазакстанға өнім
шығаруда одақтас республикалар бойынша
3-орынға шығуға мүмкіндік жасады. 1960 жылдардың
ортасына қарай республиканың өнеркәсіп
әлеуеті екі есе өсті. 729 ірі өнеркәсіп
орны және 535 цех қатарга қосылды. 60- жылдардың
соңына қарай тағыда 445 ірі кәсіпорын мен
цехтар іске қосылды. Жүздеген зауыттар
мен фабрикалар қайта құрылып, озық техникамен
жарақтандырылды. Қазакстан өнеркәсібін
дамытудың негізгі бағыты етіп өндірісті
механикаландыру таңдап алынды. Қазақстандағы
экономикалық дамудың қарқыны жұмысшы
табының жаңа мамандарын даярлауды талап
етті. Еңбек резервтерінің жүйесі бір
бесжылдық ішіінде ел экономикасына аса
қажетті мамандықты меңгерген 50 мың жұмысшы
даярлады. Дегенмен мамандар даярлаудың
бұл жүйесі өсіп келе жатқан қажеттшіктерді
қанағаттандыра алмады. Жұмысшылар қатары
республикадан тыс жерлерден келгендер
есебінен толығын отырды. Бұл құбылыс
әсіресе Қарағанды көмір бассейні, Шымкент,
Жамбыл, Ақмола және Алматы өнеркәсіп
кәсіпорындарында байқалды. Республиканың
экономикалық өміріндегі өзгерістер маманданған
жұмысшылар қатарының артуына алып келді.
1945 жылы халық шаруашылығындағы жұмысшы
және қызметкерлер саны 1 044 мың адам (оның
ішінде 304 мыңы - өнеркәсіпте) болса, 1950
жылы бұл көрсеткіш тиісішпе 1 403 мың және
366 мыңға жетті. Жоғары маман жұмысшылар
үлкен қалалардағы ірі кәсіпорындарда
шоғырланды. 1951-1955 жылдары ауыр өнеркәсіп
кәсіпорындарындағы мамандар саны 1,8 есе
өсті. Нәтижесінде қала халқының саны
қарқынды түрде есіп, 1959 жылы 44%-ға жетті.
Осы жылдары Қазақстанның қартасында
15 жаңа қала және 86 қала типтес кент пайда
болды. Өнеркәсіпте, құрылыста және көлікте
жүмыс істеу үшін республикадан тыс жерлерден
жұмысшы күшін тарту көлемі артты. Күштер
мен ресурстардың ауыр өнеркәсіпте шектен
тыс шоғырлануы, адамдардың қалаға толассыз
келуі әлеуметтік саясатқа, халықтың тұрмыстық
деңгейіне елеулі әсерін тигізді. Тұрғын
үй, тұрмыс жағдайлары өте ауыр болды,
түрғын үй салу үнемі артта қалып отырды.
Мындаған жұмысшылар жатақханада, олардың
көбі вагондар мен палаткаларда тұрды.
Тұрғын үйдің, тауар, азық-түліктің жетіспеуішлігіне
қарамастан жұмысшылар белгіленген мерзімнен
тыс жұмысқа тартылды, демалыссыз жұмыс
істеді.
Көлік
және байланыс жүйесі.
Энергетика
Экономиканың
интенсивті дамуы көлік және байланыс
жүйесін қатар дамытуды талап етті. Қазақстандағы
ауыр өнеркәсіптің дамуы өз кезегінде
көлік жүйесінін кеңейе түсуіне ықпал
eттi. 1950 жылы ұзындығы 483 км Мойынты-Шу
темір жол тармағы салынды. Солтүстіктен
оңтүстікке қарай Трансқазақстан магистралін
салу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл-Шолақтау
темір жол желісімен пойыздар жүре бастады.
1960 жылы темір жол желісі 1945 жылғымен (8,2
мың км) салыстырғанда 11,47 мың км-ге жетті.
Темір жолдағы қалыпты жұмыс оның жекелеген
бөліктерінің Түркістан-Сібір, Қарағанды,
Орынбор, Ташкент, Омбы, Рязань-Орал, Томск
темір жолдарының кұрамына кіруіне байланысты
күрделене түсті. 1958 жылы республика аумағьнда
Қазак Темір жолының (қазіргі «Қазақстан
Темір жолы») кұрылуымен қиындықтар жойылды.
1951- 1955 жылдары Қазақстандағы пайдаланылатын
темір жол ұзындығы 8 407 км-ден 9 973 км-ге
дейін (яғни 1566 км-ге артық) ұзарды. 1960 жылдардың
соңында Қазақстанда темір жолдың ұзындығы
13120 км-ге жетті. Бұл Одақтык, көлемдегі
темір жолдың 9,3%-ы еді. Қазақстан темір
жолы бүкіл Одақтағы темір жолмен жүк
тасу айналымының 8,3%-ын, жолаушы тасу айналымышың
5,9%-ын қамтамасыз етті. Республикамызда
темір жол транспортымен бірге автомобиль
транспортын дамытуға зор көңіл бөлінді.
1960 жылы тас төселген автомобиль жолдарының
ұзындығы 11,2 мың км-ге жетті. Осы жылдары
барлық аудан орталықтарында телефон
орнатылды, совхоздар, ауыл және село Кеңестерінің
көпшілігі аудан орталыктарымен телефон
байланысына ие болды. 1949 жылдың көктеміне
қарай Алматыда астананы елдің 56 қаласымен
байланыстырған автоматтық телефон станциясы
жұмыс істей бастады, радио хабарын тарататын
станциялар саны 1940 жылмен салыстырғанда
екі еседей артты. Қүрылыс жұмыстарының
ауқымды көлемі, түсті және қара металлургияның,
машина жасаудың және отын өнеркәсібінің
жоғары карқынмен дамуы Қазақстандағы
энергетикалық базаның ілгері дамуының
объективті негізі болды. 1945 жылы республикада
1,15 млн квт/сағат электр куаты өндірілсе,
1960 жылы оның көлемі 10,5 млн квт/сағатка
тең болды. Қазақстанның темір кенін өндірудегі
одақтағы үлес салмағы 5,4%-ға жетті. Қарағанды
металлургия комбинаты тек республиканың
ғана емес, сондай-ак Сібір, Орал, Орта
Азияны да металмен қамтамасыз ету базасына
айналды.[1]
Ғылыми-техникалық
прогресс.
КОКП
XX съезінде қабылданған қоғамды демократияландыру
бағыты экономикалық саясаттағы кейбір
өзгерістерге қолайлы жағдай қалыптастырды.
Мемлекет басшыларының сөздерінде және
партия қүжаттарында алғашқы бесжылдық
жылдарындағы шаруашылықты жүргізу жүйесі
50-жылдардың ортасына карай ескіргені
және жаңа талаптарға жауап бермейтіні
туралы айтылды. Экономиканың экстенсивті
даму жолы мүмкіншіліктері сарқылды, жаңа
технологиялардың жетіспеушілігі байқалды.
Осы кезенде өндірісті басқаруды жетілдірудің,
ғылыми-техникалық прогресс екпінін жылдамдатудың,
ауыл шаруашылығының артта калуын жоюдың
жолдары карастырылды. Экономикалық іс-шаралардың
біраз бөлігі басқаруды жаңаша ұйымдастыруға,
одақтас республикалардың шаруашылық
қүқықтарын кеңейтуге бағытталды. Бұл
Қазақстанның қоғамдык өмірінің дамуына
қолайлы әсерін тигізді. Экономиканы экстенсивті
түрде дамытуға алынған бағыт республиканы
КСРО-ның еуропалық бөлігінін; шикізат
кезіне айналдырды. Республика аумағында
алып өнеркәсіптік кұрылыстарды жүргізген
орталық ведомстволар, одақтық министрліктер
жиі волюнтаристік шаралар қолданып, әлеуметтік
базаны дамыту мен экологиялық теңдікті
сақтауды ескермеді.
Экономиканы
тиімді басқаруда
түбірлі өзгерістердің
қажеттігі.
Сонымен
қатар әкімшілік жүйе жағдайында
экономиканы басқарудағы
Назар аударыңдар! Бұл сендердің білгірліктеріңді арттырады!
Рационализация (лат. rationalis - саналы, ratio - сана) - бір нәрсені жетілдіру, барынша жетілдірілген ұйымдарды енгізу (мысалы, өндірісте).
Волюнтаризм (лат. voluntas - ерік) - 1) ерікті болмыстың жоғарғы қағидасы ретінде қарастыратын философиялық бағыт; 2) объективті шарттарды ескермейтін, ерікті шешімдермен сипатталатын әрекет.
Түсті
металлургия - өндіретін, оларды байытатын
түсті металдар мен олардың қорытпаларын
құйып, өңдейтін ауыр өнеркәсіптің саласы.
Қаүсті металра металлургия - руда және руда емес шикізат өндіретін және байытатын, отқа төзімді материалдарды, кокс химия өнеркәсібінің өнімдерін, шойын, болат, прокат, темір қорытпаларын өндіретін ауыр өнеркәсіптің саласы.
Жоспарлау - экономикалық және әлеуметтік дамуды, сондай-ақ осы дамуды жүзеге асыруға байланысты іс-шаралар кешенін әзірлеу. КСРО-да және бірқатар басқа мемлекеттерде жүргізілген директивалы, орталықтанған жоспарлаудың («бесжылдықтар») тарихи тәжірибесі тапсырыстардың, алдын ала бөлудің, ресурстарды қаржыландырудың және т. с. с. қатал жүйесі өндірушіні дербестіктен, бастамашылықтан, дамуға ынталандырудан айыратынын, экономикалық өсудің қарқындарын бәсеңдетуге, ақыры халық шаруашылығындағы пропорңионалды емес және т. с. с. дағдарысты құбылыстарға әкеліп соғатынын көрсетті.[2]
Пайдаланған әдебиет
↑ Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ISBN 9965-36-106-1
↑ Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9