Ресей империясы құрамында

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 22:27, реферат

Описание работы

Саяси және экон. қиын жағдайда Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесi алға тартылды. Қ-дың сыртқы саяси жағдайының күрделiлiгi Әбiлқайыр ханды Кiшi жүзде Ресей протекторатын қабылдауға мәжбүр еттi. 1734 ж. Орта жүздiң бiр бөлiгi Ресейге қосылды. 19 ғ-дың 2-жартысында Ресей үкiметiнiң жоспарлы түрде жүргiзген әскери-саяси шаралары нәтижесiнде, Қазақстанды империя құрамына қосу толық аяқталды.

Работа содержит 1 файл

kz ru kuraminda.doc

— 58.00 Кб (Скачать)

Ресей империясы құрамында

Саяси және экон. қиын жағдайда Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесi алға тартылды. Қ-дың сыртқы саяси жағдайының күрделiлiгi Әбiлқайыр ханды Кiшi жүзде Ресей протекторатын қабылдауға мәжбүр еттi. 1734 ж. Орта жүздiң бiр бөлiгi Ресейге қосылды. 19 ғ-дың 2-жартысында Ресей үкiметiнiң жоспарлы түрде жүргiзген әскери-саяси шаралары нәтижесiнде, Қазақстанды империя құрамына қосу толық аяқталды.

Қ. арасында кейiнгi орта ғасырларда меншiктiң бiрнеше  түрi айқындалды: 1) мал мен мал  ш. өнiмдерiне деген меншiктiң жеке дербес отбасылық түрiндегi меншiгi; 2) жерге немесе жайылымдарға қауымдық меншiк; 3) су көздерiне меншiк; 4) қауымдар ассоциациясының қарамағындағы малшылар тобы көшiп-қонатын аймаққа қатысты экономикадан тыс меншiк, Қ-дың әлеум. ұйымдасуы адамдар арасындағы бiр-бiрiмен байланысты әр алуан қарым-қатынас түрлерiне (қандас туыстық-отбасылық, шаруашылықтық, әскери, мәдени, этн., т.б.) негiзделдi.

1824, 1867 — 68 жылдардағы  әкiмш.-саяси реформалары арқылы  Ресей үкiметi қазақтарды басқарудың  дәстүрлi жүйесiн жойды. Қазақстанның  Ресейге қосылуы арқылы халықтар арасында шаруашылық айырбас пен басқа да қарым-қатынастар үшiн қолайлы жағдай туды, капиталистiк өндiрiс қатынастары кеңiстiгiне негiз қаланды.

Ресейдiң отаршыл  саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерiлiстерi болып өттi. Оларды Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы, т.б. басқарды. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстандағы егiншiлiкпен айналысатын халықтар арасындағы қазақтардың үлес салм. 55,4%-ға жеттi. Өнеркәсiп дамуы, т. ж-дар салынуы, су жолдарының кеңiнен пайдалануы қазақ жұмысшыларының қалыптасуының экон. негiздерiн қалады.

Қазақ даласын Ресей  империясының отарлауы. Ресей патшалығы мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстар Тәуекел хан елшiлiгiнен басталды. 1594 жылдың аяғында Ресеймен достық келiсiм жасау үшiн Мәскеуге қазақ елшiсi Құлмұхаммед жiберiлдi. Тәуекел орыс патшасымен “достық пен ынтымақ” жасауға асықты. Өйткенi Бұхара ханы Абдолламен уақытша бiтiм жасап, ноғайлармен арадағы қатынас шиеленiсiп тұрған болатын. Елшiлiк мақсаты Мәскеуде аманат ретiнде ұсталып отырған ханның iнiсi Оразмұхамедтi босату және орыс патшасы Борис Годуновтан “отты қару” алу болатын. Орыс патшасы тек уәдемен шектелдi. Кейiн Ресей патшалығы мен Қазақ хандығының жақындасу қажеттiгi жоңғарлар шапқыншылығынан да туындады. Едiл өз. бойындағы қалмақтар, башқұрттар, казактар да маза бермедi. Осындай күрделi мәселелердi Ресеймен одақтасу арқылы шешуге болатын едi. Ал қазақ даласы Ресей үшiн Шығыс мемлекеттерiмен жалғастыратын көпiр iспеттi болатын. Орта Азия елдерiне, Қытайға жол ашатын қақпа деп бiлген Петр I (1682 — 1725) қазақ жерiне бiрнеше экспедиция жiбердi. 1718 ж. Семей қамалының, 1720 ж. Өскемен бекiнiсiнiң негiзi қаланды. 1730 ж. 8 қыркүйекте Уфаға Әбiлқайыр ханның Сейiтқүл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшiлiгi келдi. 1731 ж. 19 ақпанда Ресей патшайымы Анна Иоановна Әбiлқайыр ханға грамота жiбердi. 1731 ж. 30 сәуiрде Кiшi жүзге орыс тiлмашы, елшi А.И.Тевкелев бастаған елшiлiк келдi. Олармен бiрге Санкт-Петербургке жiберiлген қазақ елшiлерi де оралды. Сонымен, 1731 ж. 10 қазанда өткен қазақ құрылтайында Кiшi жүздiң Ресейге қосылуы туралы шешiм қабылданды. 1731 ж. 15 желтоқсанда Тевкелевпен келiссөз жүргiзген Орта жүз ханы Сәмеке Ресейге қосылу туралы ұсыныс жасады. Ол ұсыныс 1734 жылдан кейiн жүзеге асырыла бастады. 1734 ж. 10 маусымда Анна Иоановна Әбiлқайырға Ор өз. сағасынан бекiнiс салу қажеттiгi жөнiнде хат жолдап, қала салынатын жерге И.К. Кириллов пен А.И. Тевкелевтi жiбердi. Жайық бойына 14 қамал салынды. 1740 ж. Орынбор экспедициясы бастығы ген.-л. князь В.А. Урусов Орынборға елшiлiк басқарып келдi. 19 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Нұралы, Ерәлi сұлтандармен, Жәнiбек, Бөгенбай, Есет батырлармен, кейiнiрек Орта жүз ханы Әбiлмәмбет және Абылай сұлтанмен келiссөз жүргiздi. Оның барысында Кiшi жүз бен Орта жүздiң 399 өкiлi Ресейге қарайтындығы жөнiндегi шартқа қол қойды. Алайда осы шарттан кейiн де Ресейге Кiшi жүздiң бiраз бөлiгi, Орта жүздiң аз ғана бөлiгi қосылды. Ал Солт.-шығыс және Орт. Қазақстанның негiзгi аймақтарын Ресей өз құрамына тек 19 ғ-дың 20 — 40-жылдары әскери-саяси күш қолданып қосты. Жоңғарияда 1745 ж. Қалдан Серен өлгеннен кейiн, оның мұрагерлерi арасында таққа талас бастады. Абылай хан осы сәттi пайдаланып, қазақ жерiн азат етуге кiрiстi. Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қ-лары Әбiлмәмбет ханның қарамағына өттi. Абылай бастаған қазақ жасақтары 1750 ж. жауға жоңғар қақпасы маңында күйрете соққы бердi. 1755 ж. жоңғарлар бiрнеше ұсақ иелiктерге бөлiнiп кеттi. 1755 — 58 ж. Қытай әскерлерi жоңғар билеушiлерi арасындағы тақ таласын пайдалана отырып, оларды мүлдем жойып жiбердi.

1758 ж. Жоңғар мемлекетi құлады. Цинь империясының батыс  шекарасы қазақ жерiмен шектестi. Қытайлар қазақтарға дүркiн-дүркiн шабуыл жасап, тыным бермедi. Абылай келiсiмге келу туралы Пекинге елшiлер жiбердi. Сөйтiп, Қытаймен сауда, экон. қатынас орнай бастады. 1771 ж. Әбiлмәмбет хан өлгеннен кейiн, Түркiстанда Абылай үш жүздiң ханы (бас хан) болып сайланды. Бiр жылдан кейiн, 1772 ж. Ресей патшайымы Екатерина II-нiң жарлығымен, Абылайға арналып Есiл өз-не таяу жерде, Жаңғызтөбеде ағаш үй салынды. Абылай 1781 ж. қайтыс болды. Орнына ұлы Уәли хан сайланды. Бұл кезде Ресей үкiметi барынша күшейiп, қазақ даласымен шындап айналыса бастаған. Қазақ даласында патша үкiметiнiң отарлау саясаты үш бағытта: 1) гарнизондар мен күшейтiлген бекiнiстi әскери шептер құрылысын салу және тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сiбiр, кейiн Жетiсу) мекендерiн құру жолымен; 2) саяси әкiмш. реформалар енгiзу; 3) қазақ даласын өзiне қосу, ал Орта Азия мемлекеттерiмен сауда-саттықты кеңейту жолымен жүргiзiлдi. Отарлық билiкке қарсы қазақ халқы жиi-жиi көтерiлiстер жасап отырды. Алғашқы көтерiлiстер Ресейге алдымен бағынған Кiшi жүз жерiнде басталды. Сырым Датұлы бастаған көтерiлiс (1783 — 97). 18 ғ-дың 30-жылдары Кiшi жүз Ресейге қосылғаннан кейiн патша үкiметi қазақтарға iшкi жаққа, Жайық сыртына өтуге тыйым салды. Кiшi жүз ханы Нұралының да қысымы көп болды. 1783 ж. көктемде қазақтардың Орал бекiнiсiне шабуылы басталды; қ. Сырым Датұлы қозғалысы.

Ресей үкiметi жағдайды өзiнше шешпек оймен, хандық тәртiптi жою шарасын қолға алды. Сырым  мұны мақұлдады. 1786 ж. хандық жойылып, Нұралы хан Жайық бойындағы орыс бекiнiстерiн паналады. Сырым он екi ата байұлының аға старшыны болды. Ұзақ жылдар бойы сүйенiшi болып келген хандық билiктi жойғаны қате болғанын Ресей үкiметi кейiн түсiндi. Сөйтiп, хандық билiктi қалпына келтiруге кiрiстi. 1790 ж. Нұралы өлгеннен кейiн осы оқиғаны желеу етiп, оның iнiсi Ерәлiнi хан еттi. Халық тағы да Сырым төңiрегiне топтасты. Сырымның Бұхара, Хиуа хандықтарымен келiсiм жасауынан қауiптенген патша үкiметi қазақтарға бiрқатар жеңiлдiктер жасауға мәжбүр болды. Жайық өз-нiң оң жағында мал жаюға, Жайық пен Едiл арасындағы Үлкен және Кiшi өзендердiң (Қара өзен, Сары өзен) бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат еттi. 1794 ж. Ерәлi хан өлiп, орнына Есiм хан болды. Ұлт-азаттық көтерiлiс қайтадан өршiдi. 1797 ж. 26 — 27 наурызда Есiм хан өлтiрiлдi. Көтерiлiсшiлердi жазалау үшiн 1797 ж. күзде полковник А.Скворкин Сырымды қудалауды қолға алды. Хиуа жерiне өтiп кеткен Сырым 1802 ж. Үргенiште мерт қылды. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемiсұлы бастаған шаруалар көтерiлiсi (1836 — 38). Едiл өз-нiң Каспийге құятын аймағына 1801 жылдан бастап патша рұқсатымен Кiшi жүздiң Бөкей сұлтан басқарған 5000 қазағы коныс аударды. Iшкi Бөкей ордасы құрылды. 19 ғ-дың 30 жылдарының соңында мұнда 20 мыңдай түтiн, 80 мың адам жайлады. Бөкей баласы Жәңгiр 1824 ж. хан тағына отырған соң, патша үкiметiнiң қолдауымен ел басқаруды өзгертуге кiрiстi. Ол отырықшылықты, елдi мекендер салуды, қырда пiшен шабуды, мектеп, уч-ще, мешiт ашуды, малды асылдандыруды қолға алып, сауданы жандандырмақ болды. 1827 ж. Жәңгiр хан Нарын құмындағы Жасқұс мекенiнде тұрақты хан ордасын орнатып, елдi орталықтан басқаратын болды. Сол жылы хан кеңесi құрылды. Оның татар бөлiмi және жалпы бөлiмнен тұратын өз кеңсесi болды. Кеңсе жанында арнаулы тергеушi штат жұмыс iстедi. Наразылық жер дауынан басталды. Бiр ғана Жәңгiр хан 400 мың десятина жердi өз иелiгiне қаратқан. Жәңгiрдiң iнiсi Меңдiгерей Бөкейханұлы, би Балқы Құдайбергенұлы, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлы iрi меншiк иелерi болды. 1831 ж. Ресеймен шекаралас жерлерде сұлтандар мен Орынбор Шекара комиссиясына бағынатын әкiмшiлiктер құрылды. Ондағы әкiмдер мен старшындар жергiлiктi басқаруды өз қолдарына алды. Ал Жайық бойын иемденген Орал казак-орыстары қазақтарға Жайық өз-нен өтуге, оның жағасына көшiп-қонуға тыйым салды. Жәңгiрге наразы болған бiр топ сұлтан шаруаларды Жайықтың арғы жағына қайтадан өтуге шақырды. 1827 ж. жұт жылынан аман қалған аз малды сақтау үшiн қазақтар Саратов губерниясына көшпек болды. Көктем шығысымен Байбақты руы бiрiншi болып Жайыққа бет алды. Ресми өкiмет орындары бұл көшке қарсы едi. Мұның өзi Кiшi жүз қазақтарының үкiметке наразылығын күшейттi. Содан, 1836 ж. ақпанда, халықтың Жәңгiр ханға қарсы күресi басталды. Исатай, Махамбеттер 1837 ж. қыркүйек, қазан айларында Қарауылқожаның, Балқы бидiң, Шоқы сұлтанның ауылдарын шапты. Ханға Орынбордан подполковник Геке бастаған әскер күшi көмекке келдi. 700 казак-орыс, екi зеңбiрек, ханның 400 сарбазына Исатайдың 2000-нан астам сарбазы бетпе-бет келдi. 1837 ж. 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас басталды. Күшi басым жазалаушылар тегеурiнiне шыдай алмаған көтерiлiсшiлер топ-топқа бөлiнiп кеттi. 1838 ж. көктемде халық қозғалысы қайта күшейдi. Бұл кезде Сiбiр өңiрiнен шегiнген Кенесары әскерiнiң бiр бөлiгi Орынбор өлкесiне ауысқан-ды. Олардың Исатай тобына қосылуынан қорыққан Орынбор ген.-губернаторы В.А.Перовский көтерiлiсшiлерге қарсы қауырт күш жинады. Орск бекiнiсi жағынан құрамында Орал полкi казактары бар Баймағамбет сұлтанның жасағы, Орынбордан Геке әскерi қарсы шықты. 1838 ж. 12 шiлдеде Исатай жасағы мен подполковник Геке бастаған жазалаушы әскер Ақбұлақ деген өзеннiң бойындағы шайқаста бетпе-бет кездестi. Осы шайқаста Исатай қаза тауып, көтерiлiсшiлер талқандалды. 1846 ж. Махамбет жалдамалылардың қолынан қаза тапты; қ. Исатай Тайманұлы бастаған көтерiлiсi.

Отарлау барысында патша үкiметi қазақ жерiндегi хандық билiктi жоюға кiрiстi. 1815 ж. Орта жүзде Уәли ханның билiгiн әлсiрету мақсатымен, екiншi хан етiп Бөкейдi қойды. 1817 ж. Бөкей, 1819 ж. Уәли хан қайтыс болған соң, патша үкiметi Орта жүздi бiрнеше әкiмшiлiкке бөлдi. 1822 ж. Сiбiрдiң генерал-губернаторы М.М.Сперанскийдiң басшылығымен “Сiбiр қазақтары туралы жарғы”, 1824 ж. “Орынбор қазақтары жөнiндегi жарғы” деген құжаттармен қазақ жерiн басқару тәртiбi белгiлендi. Осы заңдар бойынша Орта жүз бен Кiшi жүз хандықтары жойылды. Кiшi жүзде (соңғы хан Шерғазы Айшуақов) хандық билiктiң орнына Ресейдегi сияқты әкiмш. басқару жүйесi қалыптасты. Ал Орта жүзде “аға сұлтан” деген басқарушы қызмет енгiзiлдi. Iшкi округтер құрылды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлiндi. Болысқа бөлу негiзiне рулық принцип алынды.

Қазақстанның Ресейге қосылуы XVIII ғасырдың 30-жылдары басталып, ұзақ және күрделі оқиғалар мен үрдістерден кейін ғана XIX ғасырдың 60-жылдары аяқталды. Қазақстанның Ресейге қосылуы үш кезеңнен тұрады:

  • XVIII ғасырдың 30-жылдарынан – XIX ғасырдың 20-жылдарына дейін. Бұл жұзжылдықтың ішінде Ресей мен Қазақ хандығының арасында протекторат қарым-қатынасы орнады. Ресей бекіністері мен шептері қазақ жерінің солтүстік шекарасын жан-жақтан қоршады. Қазақ хандарының сыртқы істеріне орыс билігі тығыз араласты және хандарды бекітіп отырды.
  • Бағыныштылық (вассалитет) кезеңі, XIX ғасырдың 60-жылдарына дейін. Оның негізгі көрінісі 1822 жылы қабылданған «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» мен 1824 жылы қабылданған «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы». Осы жарғылардың нәтижесінде хандық билік күшін жойып, Ресей бодандығындағы қазақ өлкесінде ішкі және сыртқы округтер ашылды. Округ басшылары аға сұлтандар мен сұлтан-правительдер генерал-губернаторлықтарға бағынды. Округтерде болыстықтар мен дистанциялар ашылды.
  • Таза бодандық кезеңі, 1860 жылдары басталады. Оның негізгі белгісі Қазақ жерінің тұтастай Ресей империясының құрамына енуі, облыстарға бөліну, олардың уездерге т. б. бөлінуі. Қазақтың саяси элитасы – сұлтандар мен билер биліктен біржолата шеттетілді. Қазақ шаруашылығы Ресейдің тауарлы-сауда қарым-қатынастарының шеңберіне тартыла бастады.

Информация о работе Ресей империясы құрамында