Патриотизм

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 16:35, доклад

Описание работы

-Жолдаудағы манызды бағыт- қазақстандық патриотизм. Жалпы, барлық құнды еңбектер, жаңалық атаулы тек отансүйгіштіктің арқасында дүниеге келеді. Негізгі, патоитизм мен намыс тамырлас, егіз ұғымдар.
Қоғамның қай саласын болмасын, ең алдымен патриотизм керек. Қазақстандық ұмтылыс, толыққанды білім мен сапалы өнімнің түкпірінде Отанға деген үлкен суйіспеншілік пен құрмет қазақы намыс жатыр.

Работа содержит 1 файл

Патриотизм.docx

— 21.07 Кб (Скачать)

Патриотизм

 -Жолдаудағы манызды бағыт- қазақстандық патриотизм. Жалпы, барлық құнды еңбектер, жаңалық атаулы тек отансүйгіштіктің арқасында дүниеге келеді. Негізгі, патоитизм мен намыс тамырлас, егіз ұғымдар.

   Қоғамның қай саласын болмасын, ең алдымен патриотизм керек. Қазақстандық ұмтылыс, толыққанды білім мен сапалы өнімнің түкпірінде Отанға деген үлкен суйіспеншілік пен құрмет қазақы намыс жатыр. Жалпы, қазақ патриотизмі туралы көп айтуға болады. Бұл – таусылмайтын тақырып. Себебі, біз қанша өмір сүрсек те, намысты қолдан бермейтін, сенімін серік еткен, жеткен биіктен әрі асуды көздейтін қайсар халықпыз. Менің ойымша, еліміздің талай қиындықты мойымай көтеруі қанға біткен тектіліктің арқасы. Мәселен, 1997 жылы кейбіреулер кмән келтірген «Қазақстан-2030» стратегиясы өз миссиясын мезгілінен бұрын орындады. Тереңнен толғанып, түсіне білген адам осының өзінен елге, жерге деген зор сүйісеншілікті аңғарады.

   Бір шаңырақтың астында ұлттар достығын жаhанға мойындату,керек десеңіз, мемлекеттік тілдің төңірегіне тұтас елді топтастыру идеясын жүзеге асыру – шын патриоттың қолынан ғана келетін іс.  Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев биіктерді бағындырудың, 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының формуласын ойлап тапты. Мемлекетшіл болудыңтағы да бір сырын ашты.

   Біздің  мақсатымыз  -  Елбасы  Жолдауын  елге насихаттап, әрбір еңбек ұжымына,  қарапйым  халыққа егжей-тегжейлі  түсіндіру. Осылай болғанда ғана мәреге жетудің, Жолдауды мүлтіксіз орындауына айқын жолы ашылады.

   -Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы -   бізге, ел  жұртшылығы  үшін  қашан да мыңызды оқиға. Себебі, ол мемлекет дамуының негізгі бағыттары мен міндеттерін анықтайтын  стратегиялық маңызды құжат болып табылады. Мемлекет басшысы Жолдауда атап өткен барлық дүние елдің көкейінде жүрген мәселелер еді. Әсіресе, ұлыттық бағыттағы, қазақ тілі, ел бірлігі халқындағы сөздері «елім» деген әрбір азаматқа ерекше рух бергені сөзсіз. Еліміз «Қазақ Мемлекеті» деп атайтын күн күн алыс емес. Ол байтақ жерімізді мекен еткен әрбір азаматқа байланысты. Бірлігіміздә ақтап, ана тіліне деген құрметімізді берік етсек, ұлыттық мудденің үстемдік етері анық. Тек, ынтымағымызға сызат түспеуі қажет.

   Әлемді аузына қаратқан елдердегі дағдарыс қазіргі күні одан әрі күделеніп, кейбір мемлекеттерде әлеуметтік қарама-қайшылықтар туындап жатқанын көріп те, естіп те жүрміз. Скептиктер ғаламды шарпыған  тұрақсыздық  Қазақстанға да келіп соғады, оның салдары болмай қалмайды деп осыдан жылдар бұрын айтқан. Бірақ, бізде қазіргі ішкі жағдайымыз басқаша түзілуде. Дағдарысқа төтеп бере алдық, қиын сындардан сүрінбей өтіп,  халқаралық маңызы бар бар жиындар мен шараларды басқаларға үлгі болатындай етіп ұйымдастырдық. Ғаламшардағы дамыған

мемлекеттер бүгінде Қазақстанның әлемдік саяси ахуалға түзету енгізе алатынына сеніп отыр. Қазақстан  халқы біртұтас бола отырып, келешекке  бағытталған міндеттерді ынтымақтаса  шешетініне сенім білдірді. Бұл жұмыстарға елде  тұратын  өз  қандастарымды  да  жұмылдыруға  күш  саламын. Себебі, мен үшін елдегі тұрақтылық, татулық,  бірлік  аса  қымбат.  Осы  құндылықтарды лайықты қастерлеп, сақтай білу – барлығымыз үшін ортық парыз. Ендеше Жолдауды жүзеге  асырудың  тетіктері де осы қоғамдық келісмінен бастау алуы керек.

 

 



      

       Баяндама

 

Такырыбы: Патриотизм

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                       Дайындаган: Алдиярова. А

 

                                                      2012-2013ж

 


Информация о работе Патриотизм