Ортағасырлық Иран

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 20:59, реферат

Описание работы

Сасадиндер мемлекетінде феодалдық қатынастардың дамуынан бастап ежелгі тарих кезеңі аяқталып, феодалдыққа дейінгі және құлиеленушілік құрылыстың сарқыншағы сақталған Иранның ортағасырлық тарихы басталады. VII ғасырдың ортасына қарай жаулап алушылық соғыстардың нәтижесінде Иран «қырық жамау» болған әр түрлі ұлт пен ұлыстан құралған империя-Араб халифатының құрамына кірді. Иранның бұл бодандығы елдегі феодалдық қатынастардың жандануына тұсау салып, шаңырағы шайқала бастаған құлиеленушілік құрылыстың еңсесін қайта тіктеуіне жол қойды.

Содержание

Жоспар:
1. III-X ғғ Иранның саяси және әлеуметтік экономикалық дамуы
2. Сасадиндер дәуіріндегі Иранда феодалдық қатынастардың
қалыптасуы
3. Араб халифатының құрамындағы Иран (VII-X ғғ)
4. Ирандағы әлеуметтік қатынастар (VII – X ғғ)
5. Ирандағы феодалдық қоғам (Xғ-XIV ғ ортасы)
6. Саманидтер және Газневидтер мемлекеті
7. Селжұқтар мемлекетіндегі білім
8. Ильхандардың моңғол династиясы
9. Иран кейінгі ортағасырлық кезеңде
10. Иран Тамерлан және Тимуридтердің билігінде

Работа содержит 1 файл

6. Ортағасырлық Иран.docx

— 24.69 Кб (Скачать)

ХІ ғ Иран түріктердің (оғыздар) боданына айналды. Олардың бір ордасы Газневидтердің қалың қолын талқандап, Иран жерінде Селжұқтар мемлекетін құрды.

Селжұқтар халифтердің ізбасары болып есептелді, алайда тек рухани билікті ғана сақтап қалды. Селжұқтар  1071 – 1081 жж Арменияны түгелімен, Шығыс Грузияны, Ширванды, византиялық Кіші Азияны, Сирия мен Палестинаны жаулап алды.Алп Арсланның ұлы әрі мұрагері Сұлтан Мелих шах Мәуреннахрдың Қараханидтерін де бағындырды.

Мелих шахтың тұсында Селжұқтар  айтарлықтай саяси басымдылыққа ие болды. Алайда мемлекеттің біртұтастығы сақталмады, династия мүшелеріне иеліктер бөлініп берілді, бірте бірте олар жеке сұлтандықтарға айналды: Керман, Сирия, Рум.

Ильхандардың  моңғол династиясы

1220-1256 жж Иранды моңғолдар басып алды. ХІІІ ғасырдан бастап күллі Еуразияны дүр сілкіндірген моңғол империясының Орта Азия мен Иранды жаулап алуы хорезмшах мемлекетінің әлсіреуімен тұспа тұс келді.

1219 жылдың күзімен 1220 жылдың көктемі аралығында моңғолдар Орта Азияны түгелімен жаулап алды. Батыс Азияны жаулауды аяқтау үшін моңғол ханы Мөңке өзінің інісі Хулагуды жібереді. Ол Иран жерінде өзіне және ұрпақтарына арнап «бесінші ұлысты» құрды. Хулагу мен оның ұрпақтары ильхан деген титулға ие болды. Бұл атау «тайпа ханы» деген мағынаны білдірді.

Хулагуидтік ильхандар мемлекеті  Ауғаныстанмен қосып Иран үстіртін, Мерв оазисін, Арабтық Ирак, Әзірбайжан, Арран мен Ширван, Армения мен Күрдстан, Кіші Азияның шығыс бөлігі, Грузия, Армения және Кипр аралдық патшалығын жаулап алды.

Хулагуидтік ильхандар мемлекеті  моңғолдық ерте феодалдық көшпенді мемлекеттілік пен ирандық дамыған  феодалдық институттардың қарама қайшылыққа толы бірлестігі болды.

Иран кейінгі  ортағасырлық кезеңде

Аталмыш кезеңде жерге  деген феодалдық жеке меншік, феодалдық  иерархия, феодалдық меншік формасы дами түсті. Аталмыш кезең әсіресе моңғолдық Хулагуидтер мемлекетінен кейінгі феодалдық бытыраңқылықтың кең етек жайды.

Иран Тамерлан және Тимуридтердің билігінде

Орталық Азияда Әмір Темірдің мемлекетінің құрылуы үлкен жаулап алушылық соғыстарға алып келді. Темір  феодалдық бүліктер мен халық  қозғалыстарын басып жанши отырып қуатты мемлекет құруды көздеді. Ол сыртқы жаулап алушылық соғыстар жүргізгенде  ғана халықты жаңа жер және әскери олжамен қамтамасыз ете алатын еді. Сондықтан ол Алтын Орда мен Батыс Азияға жорықтар жасауды басты мақсат етіп қойды. Темір әскерлері Шыңғысханның жаулаған аумағына жете алмаса да, өздерінің аса қатыгездіктерімен ерекшеленді, сонымен қатар жаулаған жерлерінің бәрін талқандап отырды. Әмір Темірдің Шыңғысханнан айырмашылығы, онда нақты экономикалық жоспар болды. Ол еуропалық-азиялық керуен жолына бақылау орнатпақ болды. Ал Иран саяси географиялық орналасуы бойынша Темір жоспарының алғашқы нысанасы болды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Агаджанов С.Г. Государство Сельджукидов и Средняя Азия в XI - XII вв. М., 1991.

2. Агаджанов С.Г. Аграрная терминология Средней Азии и Ирана. Ашхабад, №4, 1965.

3. Агаев С.Л. Иран в прошлом и настоящем. М., 1981.

4. Агибалова Е.В., Донской Г.М. История средних веков. Алма-Ата, 1971.

5. Акимкина Н. и Люксембург М.  Практикум по истории стран  зарубежного Востока. /Индия, Иран, Турция/ М., 1964.

6. Ближний и Средний Восток. (Сб. ст). М., 1968.

Информация о работе Ортағасырлық Иран