Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 10:44, доклад
Адам баласы өмірге жылап келіп, жылап кетеді. Неге? Өйткені, өткінші фәниде діттеген мақсатына қолы жете бермейді. Кейде жылдар бойы өз мақсатына қарай қадам басады да, орта жолда болдырып, күдерін үзеді. Кейде шыдамы таусылып, қолын бір-ақ сілтейді
Ораза сабырлылық пен
төзімділікке үйретеді 18:19
Адам баласы өмірге
жылап келіп, жылап кетеді. Неге? Өйткені, өткінші
фәниде
діттеген мақсатына қолы жете бермейді. Кейде
жылдар бойы өз мақсатына қарай қадам басады да, орта жолда
болдырып, күдерін үзеді. Кейде шыдамы таусылып, қолын
бір-ақ
сілтейді. Міне, ораза жүйрік пойыздай жүйткіген ғұмырда асқақ арманына асыққан адамның иығына сабырдан садақ асады.
Ай бойы аш қалып, күндіз аузын ашпауға бекініп, әбден дағдыланған адамның бойында сабырлылық пен
шыдамдылық
сезімі күшейіп, өркен
жаяды. Аштық пен құмарлық сезімге сабыр қылған, өзгеге де сабыр ете алады.
Бойдағы
ашу мен жеңілдігіне
сабыр-тізгінін салып, жанарында ойлылық пайда
бола бастайды. Бұл ғұмырда нағыз сабыр – өз нәпсісін жеңе біліп, Аллаһ Тағаланың ақ жолында жүруге бел байлау. Ақырет әлеміндегі
асқақ шыңнан
көз
айырмау. Оразаға тезе білген өзге ғибадаттарға да шыдамдылық таныта алады. Сабырлылық күшіне
ие болған
жан ғана,
діттеген мақсатына жете алады. Құранда
жетпіске жуық аятта сабыр мадақталған.
Мысалы: «Аллаһ сабыр еткендермен бірге»,
– дейді. «Асыр» сүресінде де Аллаһ Тағала: «Заманға ант етейін. Шынында адам
баласы сөзсіз қасіретте.
Бірақ
иман етіп, ізгі іс істегендер, бір-біріне
ақиқатты
айқындап,
сабырлықты
насихаттағандар
ондай күйге
душар болмайды», – деп баян етеді.
Заманының үлкен ойшылы Имам Ғазали
оразаның үш түрі бар
екендігін айтады:
Жалпыға тән ораза. Яғни, ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан
аулақ
тұру.
Аллаһ Тағаланың елден ерек құлдарына тән ораза. Бұл – көз бен құлағын, аяқ-қолы мен өзге де мүшелерін күнәдан сақтауы.
Аллаһ Тағалаға жақын адамдардың оразасы. Жүрегі мен ой-сана әлемі Аллаһ Тағаладан өзге нәрседен пәк болуы. Осылай ораза ұстағанға Аллаһ пен
ақыреттен өзге
ой келсе, оразасы бұзылады. Бірақ діннің байрағын желбіретіп, көкке қадау үшін дүниені ойласа болады. Бұл –
толық
адамның
бейнесі.
Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім
алуға
және ғылымға ұмтылыс
халық
санасының
тереңінен әрдайым
орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін,
түсініктерін
және
заңдарын
мақсатты
игерудің
нәтижесі
деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың",
"Ақыл
— тозбас киім, білім — сарқылмас булақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат".
Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен
сәйкес
кенетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойыиша ақыл-ой
тәрбиесі
деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін,
сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды
айтады. Ғылыми
педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой
еңбек
мәдениетін
дарытудағы
тәрбиешілердің мақсатты
іс-әрекетін
түсіндіруді
айтамыз.
Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуыпың қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.
Информация о работе Ораза сабырлылық пен төзімділікке үйретеді