Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 14:42, реферат
Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қола дәірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды.
Ежелгі грек
тарихшыларының айтуына қарағанда,
сақтар өте батыр жауынгер, «қасқа
қатал, досқа адал» халық болған.
Олар қастасқан жауын аямаған. Соғыста
өлтірген жауларының бас сүйегін
ішімдік ішетін ыдыс еткен. Жауларының
жон терісінен шылбыр жасаған. Олар батыр
жауынгерді ардақтап құрмет еткен. Жыл
сайын үлкен мерекелер жасалып, бұл мерекедегі
ортадағы ортақ ыдыстан тек жауды өлтірген
жауынгерлер ғана ішімдік іше алатын болған.
Сақ деп аталатын тайпалардың әрқайсысының
өз алдына ханы болған.
Хандардың әмірі
күшті еді. Хан қаза болса, оның өлігін
арбаға салып ел аралатқан. Ханның өлігін
көргенде бұқара қатты қайғырып, өз
құлағын қанатып, шашын жұлып, бетін
жыртып, көзін тырнаған. Сол қолын
оқпен тесетін болған. Қаза болған
хан үлкен қорғандарға жерленген, өлікпен
бірге алтын, күміс, ыдыс жабдықтарды және
сойылған аттарды бірге көмген. Тіпті
ханның ханымы мен қызметкерін де өлтіріп,
онымен бірге жерлейтін болған.
Ежелгі заман
тарихшыларының деректемелеріне қарағанда,
б. ж. с. дейінгі VII-IV ғасырларда сақ тайпалары
өз атырабындағы мәдениетті елдермен
– Ассириямен, Мидиямен қарым-қатынас
жасап отырған. Заманымызға дейінгі VI
ғасырда сол замандағы әлемге әйгілі ірі
елдердің бірі Парсымен қарым-қатынаста
болған.
Сол кездегі
ірі тарихи оқиғаларға қатынасып отырған.
Заманымызға дейінгі 529-558 жылдарда патшалық
еткен Парсы патшасы Кир сақтармен соғыс
одағын жасасқан. Ол Лидия патшасы Крезбен
соғысқанда сақтардан көмек алған. Бірақ
Кир патша бұл одақты місе тұтпай, сақ-массагеттерді
кіріптарлыққа түсіру үшін оларға шапқыншылық
жасап, жаулап алу жорығын жүргізген.
Осы сәтте сақтар
жұмыла аттанып Парсы патшасы
Кирдің шапқыншылығына қиянкескі карсылық
көрсетіп, оның жорығын жеңіліске
ұшыратқан. Осының нәтижесінде Парсы
патшасының шапқыншы әскерлері тас-талқан
болып, Кир патша соғыста өлген. Осы қиянкескі
шайқас жөнінде ежелгі грек тарихшысы
Геродот былай дейді: «Массагеттердің
әйел патшасы Томирис шайқаста парсыларды
жеңгеннең кейін, жарғақ тұлыпка қан толтырып,
оның ішіне парсы патшасы Кирдің басын
салып, «аңсағаның қан еді, іш енді соны!»
деп тұлыпты дарияға лақтырған.
Заманымызға дейінгі
521-486 жылдарда өмір сүрген парсы патшасы
Дари 1 сақ тайпаларын өзіне бағындыру
үшін үнемі жаулап алу жорығын
жасап отырған. Парсы патшасының
бұл шапқыншылығына сақ тайпалары ерлікпен
қарсы тұрып, қажырлы күрес жүргізген.
Б. ж. с. Дейінгі 981 жылы парсы патшасы Дари-1
қалың қолды
бастап сақ-массагеттерді
жаулап алуға аттанған. Сақтардың
кажырлы карсылық көрсетуі нәтижесінде
Дари-1 жеңіліске ұшыраған. Осы соғыста
туылған таңғажайып оқиғалардың бірін
ежелгі грек тарихшысы Полишен былай деп
суреттейді: Ширақ деген бір сақ өзінің
денесін пышақпен жаралап, парсыларға
қашып барып, өзін сақ бастықтарынан зорлық-қорлық
көрген етіп көрсетеді. Ширақ өзінің руластарынан
кек алатын кісі кейпіне кіріп, парсы әскерлерін
оларға бастап барамын деп алдап, адастырып
сусыз шөлге апарады.
Парсының шапқыншы
әскерлері шөлден қырылады. Ақырында
Ширақ оларға: «Мен сендерді адастырып,
қырғынға ұшыраттым, елімді аман алып
қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді қолдарыңнан
келгендеріңді істей беріңдер!» — дегенді
айтып, ерлік көрсетеді.
Б. ж. с. дейінгі
VI ғасырдың аяғы, V ғасырдың басында
болған гректер мен парсылардың
соғысында сақ тайпалары
Б. ж, с. дейінгі
IV ғасырдың 30 жылдарында македониялық
Александр (Ескендр Зұлқарнайын) бастаған
грек әскерлері парсы патшасы
Дари-111 Кодомонның әскерлерін талқандап,
Орта Азияға басып кіріп, Мараканданы
(Самарқанды) жаулап алып, Сырдария өңіріне
қарай қаптайды. Бұған сақ тайпалары қажырлы
карсылық көрсетіп, «жеңілмес жауынгер»
атанып келген Александрдың шапқыншы
әскерлерін ауыр жеңіліске жолықтырады.
«Александрдың жорығы» атты кітапта айтылуына
қарағанда, сақтар осы соғыста Александрдың
санын садақтың оғымен жаралап өлтірген.
Сақ әйелдері қоғамдық
өмірдің барлық салаларына, тіпті
соғыс шайқастарына да ерлер мен
бірдей белсене қатынасып, ерлік
көрсетіп отырған. Грек авторы Ктеси: «сақ
әйелдері ер-жүрек келеді, соғыс қаупі
төнгенде ерлеріне көмек көрсетеді» дейді.
Алимент Александр былай деп жазады: «Соғыс
ісімен ерлерден кем шүғылданбайтын сармат
әйелдерін білемін, ерлермен бірдей садақтан
оқ алатын басқа да сақ әйелдерін білемін».
Б. ж. с. дейінгі VI ғасырда сақ-массагеттердің
Томирис деген әйел патшасы болған.
Сақтар ата-бабаларының
аруақтарына, аспан жыныстарына, планеталарға,
күн көзіне табынған, оған жылқы
сойып құрбандық беретін
Сақтар өлген
адамды өте жақсы киім кигізіп
жіберген, өлікпен бірге қару-жарақ,
тамақ, тағы басқа тұрмысқа керекті
заттарды қойған. Кейде оның аты да бірге
көмілген. Мұның үстіне топырақтан яки
тастан оба үйіліп, оның төңірегіне дөңгелектеп
тас калаған. Археологиялық зерттеулер
осындай молалардан күміс ыдыс, тарақ,
тағы басқа заттарды тапқан. Бұл заттарға
аттарды ұстап тұрған көшпенді сақтардын
тұрмысын бейнелейтін суреттер салынған
екен.
Сақтар өздері
тұтынған кұралына: кару-жарақ,ыдыс-аяқ,
тағы басқа нәрселеріне малдар мен
аңдардың, қошқардың, текенің, аттын, түйенің,
қодастың, арыстанның аюдың суреттерін
салып әшекейлеген. Қанжардың сабы,
қазанның бұты, айылбас, тағы басқа нәрселер
әр түрлі хайуандарға ұқсатылып жасалған.
Сақ тайпалары
«нүктелі техника» деп аталатын суретшілік
әдісі арқылы өздері мекендеген жерлердегі
жартастарға аңшылық, малшылық тұрмысты
бейнелейтін, жабайы хайуандар мен табиғат
күштерін «кие» деп табынатын діни ұғымды
білдіретін суреттер салған. Мұндай жартас
суреттерінде қайқы мүйіз таутеке бұғы,
жылқы сияқты хайуандар жиі кездеседі.
Кейбіреулерінде садақ тартып тұрған
адам бейнесі де бар. Бұл сияқты жартас
суреттері Шинжаңның Алтай, Тянь-Шань,
Тарбағатай тауларының барлық жерінен
табылады. «
1969-1970 жылдары
Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі
Есік өзенінің сол жақ
Ол басына 200-ден
астам алтын әшекеймен
Беліне кесек
алтынмен әшекейленген қайыс белбеу
буынып, оң жағына ұзын темір семсер,
сол жағына алтынмен әдемілеп апталған
темір қанжар асынған. Бұл қабірден
30-дай ыдыс шыққан. Олардың ішіндегі күміс
зеренің сыртына 26 әріптен құралған екі
жол жазу жазылған. Бұл жазу «Есік жазуы»
деп аталған. Зерттеген ғалымдардың айтуынша,
«Есік жазуы осы уақытқа дейін ғылымға
белгісіз жазумен (таңбалармен) жазылған.
Есік жазуы ерте замандағы Қазақстан тұрғындары
бұдан 2300-2500 жыл бұрын жазу таңбаларын
жасап, оларды пайдалана білгенін көрсетеді.
1983 жылы Іле
Қазақ автономиялы облысының
Күнес ауданындағы бір моладан
шошақ төбелі тымақ киген
Есік обасынан
табылған «Есік жазуының» жұмбағы
әлі шешілген жоқ. Сақ тайпаларының
өз заманында қай тілде сөйлегені
бізге беймәлім. Олардың тілі жөнінде
нақтылы дерек жоқ. Тек ерте заманда жұңғо,
грек, парсы тарихшылары жазған деректердегі
жалқы есімдер, ру-тайпа аттары, жер аттары
және адам аттары ғана біздің заманымызға
жетіп отыр. Осындай тіл материалдарын
талдау арқылы «Қазақстан территориясын
біздің заманымыздан бұрынғы VI-IV ғасырларда
мекендеген сақ тайпаларыныңсолтүстік
тобы түркі тілдес болған да, оңтүстік
тобы иран тілінде болған» деген болжам
айтылады.
Қазіргі қазақ
тіліне араб-парсы тілінен кірген
көптеген сөздер бар. Бұлардың ішінде
араб тілінен кірген сөздерді айыра тану
оңай. Ал, парсы тілінен кірген сөздердің
көбі мүлде танылмайтын дәрежеде сіңісіп
кеткен.
Парсы тілінен
қазақ тіліне тек атау сөздер ғана
емес, бірсыпыра жұрнақтар да ауысқан.
Олар араб-парсы тілінен ауысқан сөздермен
қатар байырғы қазақ сөздеріне де жалғанып,
жаңа мағына тудыра береді. Мысалы, «нар»
(кер, гер, қар), «фар» (фаз),«нама» (дама,
деме), «хана» (қана) жұрнақтары арқылы
талапкер, жауапкер, жауынгер, қамшыгер,
айлакер, сотқар, қиқар, әсемпаз, өнерпаз,
аспаз, дауылпаз, жарнама, мазмұндама,
мәлімдеме, жатақхана, аурухана, т. б. Сөздер
жасалған. Әсіресе, түркі тілінде жоқ сөз
алды косымшаларының қазақ тіліне енуі
ерекше назар аударады. Парсы (иран) тіліндегі
сөз алды болымсыздық жұрнағы «бай» мен
«на», араб-парсы тілінен еңген кірме сөздерге
де, қазақтың төл сөздеріне де жалғана
береді.
Мысалы, бейбақ,
бейғам, бейбастық, бейшара, бейтаныс,
беймаза, бейтарап, бейсауат, намалыш,
нахақ, неғайбіл, нарау, нақұрыс, нәдүріс,
найынсап, наразы, нашар, т.б. қосымшалардың,
әсіресе қазақ тілінің заңдылығына жат
сөз алды косымшаларының ауысуы әдетте
бола бермейтін кұбылыс. Сірә, бұлар тым
ерте заманда қазақ халқының құрамына
косылған иран тілдес тайпалардың тілі
арқылы қазақ тіліне енсе керек. Тілдің
тоғысуы нәтижесінде иран тілінің сөздік
құрамындағы бірқыдыру сөздер мен кейбір
грамматикалық формалар қазақ тіліне
сіңіп, сақталып калған болуы мүмкін. Бұл
құбылыстарды жоғарыда айтылған сақ тайпаларының
тілімен байланыстыра қараған жөн сияқты.
Б. ж. с. дейінгі
II ғасырда һұндердің жасаған
Сақ тайпаларының
одағы ыдырап, әлденеше елге сіңісіп
кетті. Олардың бір бөлегі өздерінің
бұрынғы қоныстарында қалып қойды.
Бұдан соң шығыс жақтан келген
үйсіндер ұлы иозылерді талкандап,
Іле алқабы мен Жетісу өңірін жаулап
алды да, ұлы иозылерді Амудария алабына
қарай ығыстырды. Сөйтіп, сақ тайпалары
мен ұлы иозы тайпаларының бұл өңірде
қалған бөлегі үйсін бірлестігінің құрамына
қосылды.
Осы мезгілде бұрынғы
сақ тайпалары мекендеген өңірде
үш ірі тайпалық одақ, үйсіндердің,
қаңлылардың және алаңдардың тайпалық
одақтары жарыққа шықты. Бұл өңірлерде
қалған сақ тайпалары осы одақтарға қатынасып,
солардың атымен аталатын болды
1.
Қазақстанның жоңғар
шапқыншылығы қарсаңындағы
ішкі саяси жағдайы.
XVII ғасырдың
аяғында және XVIII ғасырдың басында қазақ
қоғамының өндіргіш күштері өте-мөте баяу
дамыды, өндірістік қатынастар бұрынғысынша
патриархаттық – феодалдық калпында еді.
Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы
көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне
байланысты болды. Феодалдыққа негізделген
тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек
өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала
берді.
Қазақ қоғамының
экономикалық базис-(негізі)-
XVII ғасырдың
ақыры мен XVIII ғасырдың басында
Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса
ауыр жағдайға тап болды.
1718 жылы Тауке
хан қайтыс болды.. Қазақ халқының басына
зор зобалаң бұлты төңді. Қазақтың феодал
шонжарлары арасындағы алаусыздық, хандыққа
таласқан өзара қырқысқа айналды. Таукенің
орнына отырған Болат ханның тек атағы
ғана болды. Жүздерді билеген кіші хандар
өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы
саяси жағынан бөлшектенді: Орта жүзді
Сәмеке хан мен Күшік хан биледі. Үлкен
жүзді Жолбарыс хан биледі, Кіші жүзді
Әбілхайыр хан биледі. Ең беделді деген
Әбілхайыр ханның билігі де Кіші жүзге
тұтас жүрмеді. Барақ сұлтан мен Қайып
сұлтандар өз иеліктерін жеке басқарды.
Бөлшектенген бытыраңқы хандар мен сұлтандар
жауға қарсы күш біріктіре алмады, нәтижесінде
үрдіс-ұдайы шабуыл жасап, жоңғарлар жеңіске
жетіп отырды. Жоңғарлардың жеңісінің
негізгі себеп, жоңғар әскерлерінің жауынгерлігінде
емес, қазақ хандарының өзара қырқысқан
«ала жылан, аш бақалығында» еді. Мұны
өз заманындағы тарихи жазба деректер
дәлелдейді: «1718 жылдың көктемінде Аягөз
өзенінің бойында қазақ жасақтары мен
жоңғар әскерлерінің арасында болған
үш күндік қан төгіс ұрыс, алғашқы екі
күннің ішінде қазақтар бір шама ойдағыдай
ұрысса да, соңы қазақ жасактарынның жеңілісімен
аяқталды... Орыс елшісі Бранцевтің айтуына
қарағанда, ұрыс қатты болған. Қазақтың
жеңілуіне себеп: екі ұдай болып жауласып
жүрген Әбілхайыр сұлтан мен Қайып сұлтанға
қараған жасақтардың әскер басшылары
өздерінің соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеген»
. Қазақтардың жеңіліске ұшырау себебі
қазақ хандары арасындағы феодалдық тартыстан
болып отырғаннын Орынбор экспедициясының
бастығы И.Крылов ақын айтқан. Ол: «егерде
жалпы ауыз бірліктері болса қазақтар
басқыншыларды жеңіп шыға алған болар
еді, бірақ олардың бір ханы соғысқа шығатын
болса, екіншісі соғысуды қояды. Сөйтіп,
өздерінің иеліктерін қалмақтарға жем
қылып, жұрдай болып шыға келеді» деп жазады.