Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы, қоғамдық құрылысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 13:31, лекция

Описание работы

Қола дәуірінде жерімізді жайлаған тайпалар зергерлік өнер туындыларын да қалдырды. Олар қоладан жасалған әр түрлі әшекей бұйымдар: шығыршықтар, сақиналар, білезіктер, салпыншақ әшекейлер, сырғалар, моншақтар. Білезік, сақиналар кейде алтыннан да жасалатын болған.

Содержание

1 Мал шаруашылығы
2 Егіншілік
3 Қоныстар
4 Пайдаланылған әдебиет

Работа содержит 1 файл

сауле.docx

— 22.71 Кб (Скачать)

Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы, қоғамдық құрылысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Шортандыбұлақ қонысынан табылған заттар

Қола дәуірінде жерімізді жайлаған тайпалар зергерлік өнер туындыларын да қалдырды. Олар қоладан жасалған әр түрлі әшекей бұйымдар: шығыршықтар, сақиналар, білезіктер, салпыншақ әшекейлер, сырғалар, моншақтар. Білезік, сақиналар кейде алтыннан да жасалатын болған. Салпыншақ, бір жарым орамды алтын сырғалар көп кездеседі. Оларды самай сырға деп атайды. Әр түрлі салпыншақтардан мойынға алқа да таққан. Қола дәуірінде кейінгі қазақтың кісе белбеуіне ұқсас белбеулер де болған.

Әр түрлі жыртқыш аңдардың тісінен тізіп мойынға тұмарша да таққан. Аң тісінен балаға бойтұмар тағу кейінгі қазақтарға дейін жеткен. Андрондықтарда тас қашау өнері, сүйектен әр түрлі тұрмыстық зат жасау өнері жақсы дамыған. Тастан ұршық басын, дәнүккіш, қоладан құрал-қарулар құятын қалыптар жасаған. Сүйектен әшекей заттар, шүмек істеген.

Қола дәуірі тайпалары металдан әр түрлі заттар жасауды әбден жақсы игерген. Қола пышақтар, жебе ұштары, найза ұштары да металды өңдеу өнерінің куәсі. Қола дәуірінде ең бір өрістеген өнер түрі — көзе құмыралар жасау. Олардың тұрқының әдемілігімен қоса, бүйіріне, ернеуіне салған әшекейлері керемет өнер туындысы болып табылады. Қола дәуірі қыш ыдыстарындағы геометриялық өрнектерді кейінгі қазақтардың бау-басқұрларындағы, алашаларындағы өрнектермен салыстырсаңдар таңғаларлық ұқсастықты табасыңдар. Бұл нені көрсетеді? Жерімізді қола дәуірінде мекендеген тайпалар мен біздің мәдениетіміздің үндестігін, жалғастығын, алыс болса да, тектестігін дәлелдейді.

Көне замандағы кен өндірушілердің қонысы кенішке жақын болды. Кенді қорыту үшін өте күрделі құрылысты қазандықтар салынды. Қазандықта ауа үрлейтін көрік жұмыс істеді. Осындай қазандықтар көне кен орындарынан көптеп табылған.

Мазмұны

[жасыру]

  • 1 Мал шаруашылығы
  • 2 Егіншілік
  • 3 Қоныстар
  • 4 Пайдаланылған әдебиет

  • [өңдеу] Мал шаруашылығы
  • Сиыр
  • Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы. Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы дамуының занды кезеңі болды. Қолға үйретілген және қолда өсірілген жануарлар аңшылық сәтсіз болған күнде, әсіресе қыс кезінде, тамақ қоры болуын қамтамасыз етті. Жабайы жануарларды қолға үйрету сонау неолит дәуірінде басталды. Солтүстік Арал өңіріндегі, Қазақстанның батыс, орталық және [1]шығыс аудандарындағы неолиттік тұрақтарда жабайы жануарлардың сүйектерімен қатар қолға үйретілген сиырдың, жылкының, қойдың және ешкініңде болар, сүйектері табылды". Неолиттен кейінгі қола дәуірінде қолға үйретілген жануарлардың саны көбейді, малдың түр кұрамы да көбейді. Қола дәуірі шаруашылық нысаны ретіндегі мал шаруашылығының үздіксіз дамыған уақыты болды. Қола дәуірінің алдыңғы кезеңіндегі қоныстарда жиналған сүйек материал бұл уақытта Қазақстан аумағындағы адамның негізгі кәсібі үй маңында мал өсіру болды деуге мүмкіндік береді. Малдың көбі ірі қара болды; оны жаю үшін жайылымдағы шалғын пайдаланылды. Қой мен жылқы аз болды. Кәрі малдар мен әр жылғы төл қыска ет дайындауға арналды, ал төлдің бір бөлегі табында қалдырылды. Үй маңында мал бағу бірте-бірте жайлауда мал бағуға ұласты. Малды жайлауда бакканда бақташылар малмен бірге бір жайылымнан екінші жайылымға көшіп отырды. Табын кұрамында ұсақ малдың (қой-ешкінің) және жылқының үлесі көбейді. Мәселен, Атасу қонысынан табылған сүйектердің дені жылқының сүйегі болып шықты. Ботай қонысынан алынған материалдың көрсеткеніндей, жылқыны қолға үйрету мен оны салт мініп жүруге пайдалану энеолит дәуірінде орын алған. Дамыған кола дәуірінде жылқы неғұрлым кең көлемде: күш көлігі ретінде және салт мініп жүру үшін пайдаланылды. Мұны Степняктағы, Айдаболдағы, Тастыбұлақтағы қоныстардан табылған, сүйектен жасалған жұмсақ ауыздықтардың айшықтары дәлелдейді. Жылқыны көлік ретінде пайдалану даладағы және биік таудағы жайылымдарды игеру мүмкіншілігін молайтты. Орталық Қазақстанның далаларында жабайы түйе қолға үйретілді. Ақсу- Аюлы-2 кешендерінің бірін қазғанда ботаның сүйегі шықты. Алексеевка қонысында да түйенің кейбір сүйектері табылды. Ежелгі замандағы мал шаруашылығы экстенсивті шаруашылық болды. Жайылымдарды игеріп, көлемін кеңейту, төзімді, тебінге жарайтын (қыста қар астынан аяғымен шөп аршып алуға және ұзак жер жүруге кабілетті) жылқы, қой сияқты мал түрлерін өсіріп, өндіру малдың кебеюіне жеткізді. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылыктың негізгі саласына айналды және көшпелі мал шаруашылығына жақын түрге ие болды. Ол кезде Қазақстанның кең-байтақ аумағындағы халыктың бәрі бірдей шаруашылық жүргізудің осы жаңа түрлеріне көше қоймаған болу керек. Мәселен, соңғы қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстандағы (Трушни- ково, Мало-Красноярка), Батыс Қазақстандағы (Алексеевка) және Солтүстік Қазақстандағы (Явленко-1) қоныстарда малдың дені әлі де ірі кара болған; мүның өзі Орталық Қазақстанның тайпаларымен салыстырғанда бұл жерлерді мекендеушілердің көшіп-қонуы аз болғандығын көрсетеді. Өнімді мал шаруашылығына көшу ілгері басқан кұбылыс болды. Жаңа еңбек кұралы, өндіріс кұрал-жабдығы ретінде бақташы тайпаларға мал материалдық игіліктер өндіруде көп артықшылықтар берді. Ет-сүт өнімдерінің қоры молайды, олардың жаңа түрлері (ірімшік, сүзбе) пайда болды, үй кәсібі (теріден, жүннен бұйым жасау) ұлғайды. Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен катар неолит дәуірінен бастап егіншілік дами бастады. Қола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығында мал шаруашылығы мен егіншілік бірін-бірі толықтырып, өзара байланысты болды. Мәселен, Усть-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылтан қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Ол уақыттағы адам кездейсоқ, ұсақ егістен өзендердің жайылмаларындағы шатын алқаптарға тұрақты егін егуге көшті.
  • [өңдеу] Егіншілік
  • Егіншілік
  • Қазақстанның барлық аймақтарындағы тарихи тұрақтарда тас кетпен, тас орақ, тас дәнүккіш, мүйіз теселер, тастан жасалған түйгіштер, келі-келсаптар табылған. Бұл — қола дәуірінің басынан бастап-ақ жерімізді мекендеген тайпалар тек малшылықпен ғана емес, қарапайым кетпенді егіншілікпен де айналысқандығының дәлелі. Алғашқы егіншілік үлкен өзендердің бойында емес, ұсақ өзен-сулардың, аққан бұлақтардың, көлшіктердің жағасында да дамыды. Өйткені өзендердің биік жағасына су шығару үшін жетілген құралдар, суландырудың дамыған тәсілдері қажет. Қола дәуірінде Қазақстан аумағында ұсақ өзен-сулар маңында егіншіліктің алғашқы қарапайым түрлері дамыды. Табиғи-географиялық жағдайы қолайлы Жетісу, Оңтүстік Қазақстан аймақтарында малшылық егіншіліктен басым болғанымен, солтүстік өңірлерде егіншілік жақсы дамыған.
  • Суықбұлақ мекеніндегі қонысты жаңғырту
  • Қола дәуірінің соңына жататын қоныстарда қола және мыс орақтар кездеседі. Көкшетау маңындағы Шағалалы қонысынан қола шалғы табылған.Алдыңғы қола дәуірінің қоныстарында тастан және бұғы мүйізінен жасалған теселер табылды. Жер қопсытатын таяқтармен және мүйіз теселермен салыстырғанда тас кетпендер өнімдірек болды: бұлармен жерді жақсырақ қопсыту болатын еді. Тастан астық үгетін құралдар да: астық түйгіштер, тоқпакшалар, түйгіштер, келілер, келсаптар пайдаланылтан болса керек, ал соңғы қола дәуірінде бітімі әр түрлі қола және мыс орақтар, кола шалғылар пайдаланылды (Шағалалы конысы). Олар, сондай-ақ мал үшін қысқа пішен дайындауда, қамыс дайындауда колданылған болуы мүмкін. Неғұрлым жетілген құралдардың пайда болуына байланысты eric те біраз өсті. Негізінде бидай, қарабидай, тары егілді. Дәнді дақылдардың бұл түрлерінің бәрі қоныстарда салынған үйлер мен қора-қопсыларда айқын көрінеді. Егіншілік өзінің сипаты жағынан қарапайым болып қала берді және мал өсірумен салыстырғанда көмекші рөл атқарды, бірақ ол тамақ өнімдерін алудың манызды көзі болды.
  • [өңдеу] Қоныстар
  • Қазақстан жерінде қола дәуіріне жататын қоныстар өте көп анықталған, оның 60-тан астамында қазба жұмыстары жүргізілген. Қоныстар көбінесе өзендердің жайпақ жағасында, кең жайылымдарда, кейде көл жағалауларында орналасқан. Қоныстарда, әдетте, 5—10 үй, кейде 20 шақты үй болды. Тұрғын үйлерді екі түрге бөлуге болады. Біріншісі — жартылай жертөле үйлер де, екіншісі — жер бетіне салынған үйлер. Жартылай жертөле үйлердің қабырғасы жартылай таспен қаланып, жерге батып тұрған қабырғасы кейде қақпатаспен де шегенделетін. Төбесін жуан сырғауылмен төртжаппа етіп жауып, содан соң арасына қурай, шөп араласқан шыбықтармен шегендеп тастайтын.
  • Жер үстіне салынған үйлердің қабырғаларының әр жеріне жуан сырғауылдар орнатылып, сырғауылдың арасына шетен тоқып, оны іші-сыртынан балшықпен сылаған. Кейде тіреме бағанды құрылыс жасап алып, соған сырғауылды бірінің үстіне бірін көлденеңінен байластырып, үйдің қабырғасын жасаған.
  • Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар рулық тайпалық құрылыста өмір сүрді. Тарихи-мәдени жағынан олар ауқымы кең Андрондық тарихи-мәдени бірлестіктің бір құрамдас бөлігі болды. Андрондық тарихи-мәдени қауымдастық шығыстан батысқа қарай 3000 шақырымға, ал оңтүстіктен солтүстікке қарай 14000 шақырымға жуық аумақта өмір сүрген. Осы тарихи-мәдени бірлестік өз ғұмырында ру-тайпалық құрылыстан бастап, дамыған патриархалдық қоғам, мүлік теңсіздігі, әлеуметтік әрқилылық деңгейге дейін жетті.
  • Қола дәуірінің басында бұл тайпалар үй маңындағы бақташылық, кетпенді-теселі егіншілікпен айналысты. Күнкөрістің қосымша көзі кей жерде аңшылық, өзен-су маңайында балықшылық болды. Дегенмен қола дәуірі тайпаларының шаруашылық-мәдени тұрпатын анықтайтын кәсіп, ол —малшылық еді. Ал малшы тайпалардың ең бастапқы қоғамдық құрылысы — рулық-патриархалдық құрылыс. Мал шаруашылығының, тау-кен өндірісінің дамуына байланысты өндірісте ер адамның рөлі артты. Бұл патриархалдық қатынастардың дамуына жағдай жасады. Андронов дәуірі ескерткіштерінде кездесетін ерлізайыптыларды қатар жерлеу дәстүрі осы патриархалдық салттың көрінісі. Андрондықтардың көлемі 300 шаршы метрге дейін болатын үлкен үйлері де оларда үлкен патриархалдық отбасы тұрғандығының көрінісі.
  • Мал шаруашылығымен айналысқан, кейіннен көшпелі тұрмыс кешкен андрондықтардада, қазақ жерін одан кейінгі мекендеген басқа тайпадарда да әйел затының қоғамдағы рөлі ешқашан төмендемеген. Бұдан 2300 жыл бұрын Батыс Қазақстанды мекендеген сарматтардың әйелдері қоғамдағы орны жағынан ерлерден кем түспеген. Енисейдегі тағар мәдениетін қалдырушы тайпалар мен сарматтардың әйелдерін де қару-жарағымен жерлеу дәстүрі осыны көрсеткендей.[2]
  • [өңдеу] Пайдаланылған әдебиет
  • ↑ «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3
  • ↑ Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4

Информация о работе Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы, қоғамдық құрылысы